9 сабақ. Өмір және өлім философиясы. Эвтаназия және суицид мәселелеріне қазіргі заманғы және дәстүрлі көзқарас



Дата17.04.2023
өлшемі20,91 Kb.
#83565
түріСабақ
Байланысты:
9 ñàáà?. ?ì³ð æ?íå ?ë³ì ôèëîñîôèÿñû. Ýâòàíàçèÿ æ?íå ñóèöèä ì?ñåë


Орындаған:Бижигит Шолпан
Тобы:ТФП21-033
Пән мұғалімі: Бекмұрат Шойбек
9 сабақ. Өмір және өлім философиясы. Эвтаназия және суицид мәселелеріне қазіргі заманғы және дәстүрлі көзқарас.


 Өмірдің мәні, өмір мен өлім мәселесін қарастырған ойшылдардың еңбектеріне шолу жасау.

Адамның жан дүниесін терең зерттеген психолог ғалымдар мынадай анық ақиқатты байқаған. Жас адам саналы ғұмырын бастамай жатып ауыр трагедияға ұрынып, оның бағалы тағдыры қайғы мен қасіретке айналғанда түпкі себебі біреу деген. Жап-жас өрімдей жігіт немесе қыз баласы өзінің өмірге не үшін келіп, не үшін өмір сүру керек екенін ұмытып, ақылы шатасқанда оның тағдыры қайғы мен мұңға тола бастайды. Сондықтан кез келген қоғамдық дерттен жас ұрпақты аман алып қалу үшін оларға өмірдің мәні мен тіршіліктің ақиқат тірегі туралы шындықтарды анықтап беру ең маңызды шаруа. Күндердің күнінде белгілі бір өткелге жеткен кезде кез келген адам баласын «Адам не үшін өмір сүреді?» деген сұрақ мазалайды. Бұл сұрақ кез-келген екі аяқты ақылды пенденің отыз жастың орта шеніне келгенде сүрінетін сауалы. 
Психология ғылымының ғұламалар былай дейді. Кез-келген істі атқарып, оны соңына дейін жеткізіп жасағанда оның мәні мен мағынасы адамның жүрегіне айқын сезіліп тұрмаса пенде ол істен міндетті түрде жалығады. Адамның басқа мақұлықтардан айырмашылығы сонда мәні кеткен, мағынасы жоғалған жұмыстарды жасаудан жалығып, ақырында мезі болып, ол істен түбегейлі бас тартады. Мән мен мағынаны тауып, сезу жолында тазалық пен әділдік міндетті түрде болуы шарт. Адам жанының қалауы сол. Адамның өміріне лас заттар көп араласа беретін болса, адамның денесіндегі таза, пәк жан жаман күнәләрға белшеден бата беруден бас тартып қашады. Орыстың психолог ғалымы Леоньтев «ащы кәмпит феномені» деп аталатын тәжірбие жасаған. Мектеп жасына толмаған сәбиге екі түрлі міндет жүктейді. Бала бұл жұмыстарды бір орында қаққан қазықтай қозғалмай, шағын шеңбердің аясында орындауы шарт. Бірақ бұл мүлде мүмкін емес еді. Бала тапсырманы бір жерден екінші бір жерге қозғалғанда ғана орындай алады. Егер бала тапсырылған міндетті бір орында бұлжытпай орындаса, ақысына тәтті кәмпит алады. Бірақ бала әрі ойланып бері ойланып, тапсырма тек қозғалған жағдайда ғана толық бітетінін түсінеді. Енді тәжірибе жасаушы ғалым бөлмеге сәбиді жалғыз қалдырып, өзі сырттан бақыламақ болады да бір сылтау айтып бөлмеден шығып кетеді. Осы сәтті пайдаланған сәби шартты бұзып, жылжып барып айтқан тапсырманы орындайды. Артынша ғалым бөлмеге кіріп, ештеме байқамаған кісіше, тапсырманы тексереді де, риза болған кейіпте уәде бойынша балаға тәтті кәмпитті ұсынады. Ең қызығы жаңа ғана өте маңызды болып көрінген тәтті кәмпиттің табан астында сәби үшін мәні жоғалады. Ол арам жолмен табылып тұрған тәтті кәмпитті жеуден түбегейлі бас тартады. Мұндай сәтте кейбір жаны нәзік сәбилер жылап та жіберуі мүмкін. Әлі дүние кірімен былғанбаған баланың таза жаны әділетсіз жолмен келген тәтті кәмпитті ала алмай қатты қиналады.
Өмірдің мәнін анықтау үшін сенің өмірің бітіп, аяқталып қалса да мәңгі жалғаса беретін түпсіз нәрсемен анықталуы тиіс дейді ғалымдар. Олай болса өзін ұлы тұлға сезінетін адамдар тәкәппарлықтан тыйылуға тура келеді. Әр адам «Мен жерді тіреп тұрған негізгі ұстын не болмаса күллі ғаламның кіндігі емеспін. Сондықтан менен де маңызды, менен де қадірлі нәрсе болуы тиіс. Менің найзағайдай жалт еткен шолақ ғұмырым ұшы қиыры жоқ мәңгіге созылып жатқан бітпес бір ғұмырдың титімдей бөлшегі деп ойлансын». Осы бір өте елеусіз көрінетін бір адамның ғұмыры әлемдегі өз орнын дұрыс анықтап, қоғамдағы «кетігін» тауып қаланғанда ғана мәні ашылады. Ал ол адам өмірде өз орнын табу үшін өзге адамдардың өз орындарын табуына кесірін тигізбеуі керек. (Өкінішке орай барлық жерде, ұжымда, жұмыста, қызметте адамдар керісінше әрекет еткісі келіп тұрады) Міне, осылайша гармония, сыйластық, барлық адамға деген игі тілек, жақсы ниет дүниеге келеді. Осы мақсаттарға жету жолында көп адамның айнымас темірқазығы ретінде жармасатын құнды заты — Құдай. 
Ерте замандарда адамдар сауаты саяз, ілім-білім болмаған кезде «өмірдің мәні не?» деген сұраққа онша терең бойлай алмаған. Ол кезде оларға мағына туралы емес, «өзіңнің Жаратушы алдындағы міндетің туралы ойлан», деп үйрететін. Яғни «Құдай сені о баста жаратып, маңдайыңа тағдырыңды қашап жазып берген. Сен сол соқпақпен жүре бер», дейтін. Келе-келе адамзаттың сана-сезімі өсіп, жерге жол көрсетуші киелі кітаптар түсіп, пайғамбарлар дүниеден озып, қоғамда сауатты, саналы адамдар көбейген кезде Құдай «мені не үшін жаратты?» «Тағдырымның мәні не?»-деген сұрақтармен басы қата бастады. Осылайша «өмірдің мәні» деген ұлы философия алдыңғы орынға шықты. Бұл сұраққа Ү-ІҮ ғасырларда қайсыбір ойшылдар «өмірдің мағынасы барынша рахат көру», деп жауап берді. Қолыңнан келсе, қонышыңнан бас. Амалын тапсаң азаптан қаш та, жеңіл жолмен бұл өмірдің ләззатын сорып жата бер. Бұл көзқарасты ғылымда «гедонизм» деп атайды. Гректің «хедоне» «рақат, ләззат» деген сөзінен шыққан. Ең қызығы бұл көзқарас өте өміршең болып шықты. Күні қазіргіге дейін өмірдің мәнін осылай кері түсіндіретін саяз адамдар қоғамда жетіп артылады. 
Христиандар Жаратушы Құдайдың әмірлерін бұлжытпай орындау арқылы жандарын мәңгі азаптан құтқаруы тиіс деп есептеді. Діннің алғашқы заңы деп Мұса пайғамбарға түскен он өсиетті айтады. Бұл өсиеттер өте қарапайым әрі кез келген адамға түсінікті. Бұл моральдық он өсиетті мұсылмандар да сөзсіз мойындап, оларды бұлжытпай орындауға тырысады. Осы қатаң талаптар мен бұйрықтарды бұлжытпай орындап, жанды таза сақтап, мәңгі азаптан аман алып қалу өмірдің мәні болып саналады. 
Шыны керек, бұл Ұлы Сұрақтың жауабын көп іздеп, еңбектенген, сол арқылы қоғамға жаңалық әкелген данышпан — Лев Толстой болды. Толстой атамыздың жанайқайы бүкіл Орыс елі тұрмақ, еуропа жұртын да дүр сілкіндірді. Орыс әулиесі «өмірдің мәні адам рухының үздіксіз дамып, бойындағы Құдай сипаттарын барынша ашу. Құдай рухын нәпсі қалауының қара балшығынан аршып алып, күллі жаратылысқа деген махаббатын ояту» деп түйді. Ақылман Толстой жас жеткіншектерге арнап жазған «Өздеріңе сеніңдер» деген өсиетінде, «Балалықпен қоштасқан соң саналарыңды «Мен кіммін? Мен бұл өмірде не істеп жүрмін?-деген сұрақтар мазалағанда, бұл сұрақтардың жауабын таба алатындарыңа сенімді болыңдар. Сұрақтарға жауап іздегенде данышпан, даналар ұсынған жауаптар саналарыңда, туыстарың айтқан пікірлермен сәйкес келмесе қорқып, шошымаңдар. Пікір қайшылығынан әсте де қорқуға болмайды. Керісінше, пікір қайшылығының ұлғайуы сенің Құдай сипаттас рухыңның ояна бастағанының айқын белгісі. Дәл осы екі жауаптың бір-біріне сәйкес келмеуінің астарында өмірдің шын мағынасы көміліп жатыр. Он бес жасымда осы сұрақтар алғаш рет мені де мазалап бастағанда өз бетімше жауап беруден қаймыққам. Айналамдағы адамдардың тынымсыз қайталай беретін қате пікірін мен де еріксіз қабылдағам. Осы қате қадамның азабын өте ұзақ тарттым. Ия, сонымен аса құрметті өскелең ұрпақ бөтен адамдардың өздері түсінбесе де таңып сөйлейтін пікірлеріне мән берместен, шынайы түрде өмірлеріңнің мәнін ашып, түсініп алуға тырысыңдар. Сендердің бұл талпыныстарың жас адамның бойындағы жәй ғана орындалмайтын арман, құлшыныс қой деп бейпіл сөйлейтін адамдардың сөзіне әсте құлақ аспаңдар. Жан дүниелеріңде алғаш рет Құдай сипаттас сезімдерің ояна бастағанда оның қаншалықты маңызды екенін барынша терең сезініп, бұл ең Ұлы сезімнің әлсіз жалынын сөндіруге жол бермеңдер. Керісінше жастық шақтың барлық күш қуатын пайдаланып бұл шоқтың өршеленіп жануына бар күш жігерлеріңді салыңдар. Дәл осы рух сәулесінің күш алып, алаулап жануына барлық адамның ең ұлы қуанышы мен бақыты байланған». 

Алайда ХХ ғасырдың 40-50 жылдарында өмірдің мәні деген мәселе басқа қырынан қайта қаралды. Себебі, жаңа ғасырдың басындағы жұмыссыздық салдары адам санасына соққы боп тиіп, көп адам қайғы-қасіретке ұшырайды. Ең қызығы мемлекет жұмыссыз халыққа аштан өлмейтін ас-су беріп отырса да, құр босқа ішіп-жеп жата беруден жалыққан адамдар өмірінің мәнін жоғалтып, ақыл естерінен айрылады. Екінші дүние жүзілік соғыстан соң өндіріс индустриясын жақсы жолға қоя білген Еуропа мен АҚШ адам өмірін айтарлықтай жақсартты. Алайда бұл проблемалар олардың ішкі рухани әлемінде болатын күйреу сезімін шешіп бере алмайды. Осы құбылысты дәл байқаған Американдық псхологтар «жексенбілік невроз» деген жаңа диагноз қояды. Психолог мамандарға келіп шағымданған менеджерлер демалыс күндері жан дүниелерінің құлазып тұратыны туралы айта бастайды. Жағдайлары жақсы болса да жүрегінде үңірейіп тұрған бос апанды әйел, бала-шағасы толтыра алмайтындарын айтады. Осындай проблемалардан құтыла алмаған көптеген менеджерлер ақырында ақыл-есінен айрылып қаңғып кеткен. Адамдaрдың өмір мәнін табуға ұмтылатын талпынысын жан-жақты зерттеген психолог ғалымдардың тағы біреуі — Виктор Франкл еді. Ол «адамдарды талпындырып тұратын күш-өзінің өмір сүруінің түпкі мағынасын тапсам деген ой. Көптеген адамдар өзін-өзі өлтірудің, жынданып кетудің, араққа салынып кетудің, наркотикке ұрынудың негізгі себебі осы сұрақтың жауабын таба алмай шатасуда деп пікір түйген. Виктор Франкл екінші дүние жүзілік соғыстың қарсаңында Австрияда тұрып жатты. Фашистік Германия Австрияны басып алған соң ұлты еврей Франклдің жағдайы мүшкіл болады. Ол сол кездің өзінде хәм атақты психолог, ғалым болғандықтан АҚШ оны қуана-қуана шақырады. Бірақ Франкл қартайған ата-анасын жау қолына қалдырып кетуге дәті бармай отбасында қалады. Көп ұзамай фашистер оны тұтқындап, лагерге әке-шешесімен бірге тоғытады. Лагерде ата-анасы ұлдарының қолында қайтыс болады. Адам жанының құпия сырларын зерттеп үйренген ғалым лагерде де тұтқын жандардың тіршілігін жіті бақылап зерттей береді. Тұтқындарды мал секілді қорлай беретін фашистер түрмедегі кез келген бейшараны әр түрлі сылтаумен өлтіріп тастауға ұмтылып тұратын. Концлагерге алғаш келіп кіргенде көбінің ойы мынадай болатын. Бұл жерден денсаулығы темірдей жастар мен мығым денелі азаматтар ғана тірі шығатын шығар. Біз секілді жасы келіп, шау тартқандар мына азапқа бір апта да шыдамас деп қайғырады. Арада үш жыл өткенде жағдай мүлде басқаша болып өзгереді. Осы арада кітаптан үзінді келтіре кететін мынадай қызықты фактілер бар. «Өзін өзі өлтіру туралы ой біздің әр қайсымызды да мазалайтын. Айналаңда адамдар топырлап өліп, ажал қаупі әр күн, әр сағат сайын төбеңде төніп тұрған соң еріксіз өлу туралы ойлап кетесің. Мен түрмеге түскен күні кешке өзіме өзім «сымға барып асылмаймын» деп серт бердім. Бұл фраза тұтқындар арасында жиі қолданылатын. Ауыр азап пен ит қорлыққа шыдай алмаған кейбір бауырлар өте жоғары кернеудегі тоғы бар сым тартылған қоршауға барып асылып қалатын». Осылайша Франкл әу бастан ақ миынан өзін өлтіру туралы ойларды аластап қуып шығады. 
Өмірдің мағынасын іздеу деген ұмтылыс кез келген адамға туа бітетін мінез. Осы талпыныстың шынайылығы мен тұрақтылығы пенденің бүкіл өмірінің қай арнаға ауатынын анықтап тұрады. Уақытша қызыққа алданып, өмірінің мағынасын жоғалтып алған адам бейне бір ауасыз бос кеңістікке шығып кетіп, қалқып жүргендей жағымсыз сезімге шырмалады. Бұл өмірде табан тірейтін тиянақты ештеме таппаған ғаріп жандар небір бақытсыздықты бастан өткереді. Оны психолог ғалымдар «экзистенциалды вакуум» деп атаған. Дәл осы «тіршілік вакуумы» адам тағдырында кездесетін күллі қасірет пен қайғының қайнар бұлағы деп санайды. Ең қызығы Франкл «өмірдің мәні рақат пен қызық» деп есептейтін философтарға үзілді кесілді қарсы шығады. Керісінше дәл осы қызық қуалайтын құмарлық адам өмірінің мәнін жояды. Сондықтан адамдар қиындықпен ізденіп, осы әлемге жасырылған өмір сырын тапсын деп қорытындылай келе бөтен адамды жақсы көріп, арланбай оның қызметін қылып, әжетіне риясыз жарағанда адамның өзі де тұлға ретінде қалыптаса бастайды. Неғұрлым ол қасындағы серігіне, жолдасына, әріптесіне көмектесіп, соның көңілін тауып шаруасына жегілсе соғұрлым оның адамгершілік қасиеттері шыңдалып, ешкімге тәуелсіз тұлғаға айналады деп түйіндейді. Осылайша Освенцумдағы тозақи түрмеден тірі шыққан Виктор Франкл 1997 жылы 92 жасында дүниеден көшті. Франклдың «адамзатқа пайдам тисе» деген игі арманы оны өмірдің ең қиын белестерінен аман-есен алып өтіп, ақыл есі алжымаған айқын қалпында о дүниеге салтанатпен шығарып салды.
Сөз соңында оқушыларға мынадай ақиқаттарды бірнеше мәрте қайталап айтып, саналарына сіңіруге тырысу керек. Балалар сендер бұл дүниеге қасыңдағы жолдасыңды, сабақ беретін ұстаздарыңды күн сайын қуантып, оларға шаттық силау үшін ғана келдіңдер. Бозбала кезіңнен қартайып шау тартқанша сенің міндетің, адамдық борышың - адам ұрпағына қуаныш пен шаттық силау. Кез келген адамның баласына жаның ашып, оның нәсіліне, ұлтына, түріне, дініне, тіліне қарамастан оларға адал қызмет етіп, еткен қызметіңе мақтау, бодау, ақы күтпестен бақытты сезімде жүру өмірдің негізгі мәні болып табылмақ! 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет