дегенде, Сүлеймен ибн Абдул-Мәлик көңілі босап, дауыстап
жылап жібереді. Сосын әлгі табиғиннен: «Маған өсиет айт!» –
деп сұранады. Сонда Әбу Хазим: «Аллаһ тағаланың тыйым
салған істерін жасаушылардан емес, бұйырғанын істейтіндерден
бол!» – депті.
55
III БӨЛІМ
ҚАБІР ӨМІРІ
Бөлімде рухтың көкке көтерілуі, қабір өмірі, қабірдің
қараңғылығы мен қысымы, қабір азабына қатысты дәлелдер,
қабірдегі жағдайлар, қабір азабына себеп болатын істер, қабір
азабынан құтқаратын іс-амалдар, өлімнен, қабірден қорқудың
пайдасы және бұрынғы өткен ізгілердің өлім жайлы айтқан
ғибрат алар сөздері жайында баяндалады.
Рухтың көкке көтерілуі
Пенде жантәсілім еткен соң, оның рухының аспан әлеміне
саяхаты басталады. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын)
Пайғамбарымыздың (с.а.с.):
«Мүміннің рухы шықса
1
, оны екі періште алып көкке
көтеріледі»
2
, – дегенін риуаят еткен.
Енді осы рухтың көкке көтерілуі жайлы әңгімеге кірісейік. Бұл
жай екі түрлі көріністе жүзеге асады. Яғни мүмін рухының көкке
көтерілуі және кәпір рухының көкке көтерілуі.
а) Мүмін рухының көкке көтерілуі
Көкте болатын бұл жағдайды Пайғамбарымыз (с.а.с.)
сахабаларына бүге-шігесіне дейін сипаттап: «Егер (мүміннің)
рухы (тәнін тастап) шықса, оған аспан мен жердің арасындағы
әрбір періште және аспандағы әрбір періште игілік тілейді.
Ол үшін аспан есіктері ашылып, оған әрбір есіктің
тұрғындары дұға қылады. Егер оны (өлім періштесі) алса, оны
қас қағым сәтке де (басқа періштелер) алғанша қолынан
1
Оны өлім періштесі шығарады.
2
Муслим.
|