Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет50/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   255
 
 
ә) Кәпір рухының көкке шығуы 
Сонымен қатар Пайғамбарымыз (с.а.с.) кәпір яки бұзық 
адамнан алынған рух туралы да әңгімелеген. Пайғамбар (с.а.с.): 
«Оны аспан мен жердің арасындағы әрі аспандағы әрбір 
періште лағынеттейді және оған аспан есіктері жабылады. 
Әрбір есіктің тұрғындары оның рухының өздері жаққа 
көтерілмеуіне Аллаһқа дұға қылады. (Өлім періштесі) оның 
(жанын) алады. (Жанын) алып болған соң, оны қас қағым сәтке 
болса да қолында ұстап тұрмайды. (Сосын оны басқа 
періштелер) от кебінге салады. Одан жер бетінде болмаған 
өлексенің сасық иісі шығады. Сөйтіп, оны жоғары алып 
шығады. Олар қашан бір топ періштелердің жанынан өтсе, 
ол (періштелер): «Бұл жаман рух кім?» – деп сұрайды. Олар: 
«Бұл пәленше ұлы пәленше!» – деп, дүниедегі оның ең ұнамсыз 
аттарымен таныстырады. Сөйтіп, төменгі аспанға жетіп
кіруге рұқсат сұрайды, оған (аспан) ашылмайды», – деп айтқан. 
Мұнан кейін Пайғамбар (с.а.с.): Аллаһ тағаланың: «Оларға 
көктердің есіктері ашылмайды. Және олар түйе иненің 
көзінен өткенге дейін жұмаққа кірмейді. Осылайша, 
бұзақыларды жазалаймыз»
1
, – деген аятын оқыды. 
Пайғамбар (с.а.с.) сөзін жалғастырып: «Сосын Аллаһ тағала: 
«Оның кітабын сижжинде
2
, ең төменгі жерде жазыңдар! 
Құлымды жерге қайтарыңдар! Расында, мен оларды содан 
жараттым және оған қайтарамын. Сосын одан қайта 
шығарамын!» – дейді. Сөйтіп, оның рухы аспаннан жерге 
қарай лақтырылады», – деген. Сонан соң Пайғамбар (с.а.с.): 
Аллаһ тағаланың «Кім Аллаһқа ортақ қосса, сонда ол көктен 
1
«Ағраф» сүресі, 40-аят. 
2
Бұзық амалдар жазылатын кітап. Аллаһ тағала: «Сижжиннің (төменгі 
орынның) не екенін қайдан білесің? Ол – жазулы бір кітап», – деген 
(Мутаффифин, 8-9). 


58


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет