Ақырып: 12. Қоғам және мәдениет. Тапсырма: Қоғамдық сана феномені: тарихи формалары, құрылымы, мәні


 XXI ғасырды қазақ қоғамының қоғамдық санасын жаңғырту мәні



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата31.12.2021
өлшемі106,08 Kb.
#23419
1   2   3
Байланысты:
Тапсырма о амды сана феномені тарихи формалары, рылымы, м

 

2. XXI ғасырды қазақ қоғамының қоғамдық санасын жаңғырту мәні. 

 

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 

қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті проблемаларын анықтап берді. Бұл мақала Қазақстан 

қоғамы үшін тағдырлық маңызға ие. XXI ғасырда жаhандану дәуірі жағдайында қазіргі 

қоғамның барлық салаларында үлкен өзгерістер пайда болып, рухани кризистер туындады. 

Осындай өзгерістер біздің қоғамда көрініс бере бастады. Сондықтан, бұл мақаланың маңызы 

ерекше. Азаматтық қоғам – өте күрделі жүйе, оның дамуына, қалыптасуына субъективті және 

объективті факторлар әсер етеді. Субъективті бөлігін сана, рух сферасы құраса, ал, объективті 




бөлігі қоғамның материалдық сферасы болып табылады. XXI ғасырда экономикалық дамудың 

нәтижесінде адамдар ыңғайлы және жақсы өмір сүре бастағанымен, олар өздерін бақытты 

және рухани дамыған қалыпта сезіне алмады. Сондықтан, біз XXI ғасырдың басты проблемасы 

– рухани дағдарыс, руханият және рухсыздық туралы айтқымыз келіп отыр. Адамзат 

баласының рухани тәжірибесі – адамзат баласының оңтайлы тарихындағы өзінің қолымен 

жасаған мәдениеті болып табылады. Мәдениетті сақтау – адамзатты сақтаудың кепілі, ал, 

адамзат мәдениеті – бұл дүниежүзі халықтары мәдениетінің жиынтығы, сондықтан, әрбір 

халық мәдениетін сақтай отырып, өзін де сақтайды. Елбасы өз мақаласында қоғамның 

назарын – қоғам рухын көтеру мәселелері, оны шешу мен қойылған мақсаттарға жету 

жолдарын көрсеткен. Ол ең алдымен қоғамдық сананы өзгерту қажеттілігін атап, «кең 

көлемде жүргізіліп жатырған өзгерістер» қоғамдық сананың озықтығымен жүргізілуі тиіс. 

Сонда қоғамдық сана саяси және экономикалық өзгерістерді жай ғана толтырушы болмай 

олардың өзегіне айналады. Өз мәдениетін сақтау, ұлттық мәдени тамырымызды діңгек ету, 

тарих, ұлттық әдет-ғұрыптар – қоғамды рухани жаhандандырудың негізгі талаптары екенін 

Елбасы атай отырып, бүгінгі қалыптасқан жағдайды ескеріп, әрбір қазақстандыққа қоғамдық 

сананы жаңғыртудың маңызды бағыттарын көрсетті. Бұл дегеніміз әрбір адамның, ұлттың, 

жалпы алғанда, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі. Бәсекеге қабілеттіліктің негізгі 

құрамаларынан басқа, оны қамтамасыз ететін бөлімдері білім, компьютерлік сауаттылық, 

тілдерді игеру және мәдени ашықтық болып табылады. Қоғамдық сананы дамытудың 

маңызды бағыттары ретінде Елбасы өз мақаласында прагматизм деп көрсетті. Прагматизм 

дегеніміз бүгінгі қоғамда қалыптасқан нақты жағдайды ескере отырып, әрбір адам және 

барлық ұлт, барша халық өздерінің мүмкіншіліктерін және жетістіктерін бағалай отырып, 

шынайы мақсаттар аясында топтасуын айтады. Қоғам санасын жаhандандыруда ұлттық 

біртектілікті, ұлттық код, ұлттық мәдениетті сақтау маңызды бағыттар болып айқындалады. 

Елбасы сонымен бірге, «Өзіміздің ұлттық әдет-ғұрыптарымыз тілімізбен, музыкамыз, үйлену 

салт-дәстүріміз – бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бізбен мәңгі бірге болуы тиіс» деп атап 

көрсетті. Қоғамдық сананы жаңғыртудың тағы бір маңызды аспектісі – білімді ту ету болып 

табылады. Білімді адам – мәдениетті адам деп айтатынымыз да сондықтан. Қоғамның негізгі 

басымдықтары – білім, білімге деген құштарлық, жоғары деңгейлі білімділік болуы тиіс

себебі, бұл қоғам дамуының кепілі, сондықтан, құндылықтар ішінде білімділік – басты 

құндылық болса, онда сол ұлтты жетістіктер күтіп тұр деп, Елбасы атап көрсетті. Қоғамдық 

сананың көкжиегін кеңейтуде қоғамның ашықтығы, бүгінгі әлемнің жетістіктерін сезіну мен 

қабылдай алу бағытындағы үндестік пен өзгенің тәжірибесін ала отырып әлемдік жаhандану 

процесіне кірігу қажеттілігі айқын. Өз кезегінде осы бағыттардағы қоғамдық сананы жаңғырту 

біздің қоғамның қалай дамуына байланысты екенін Елбасымыз тағы да атап өтті. Бұл даму 

революциялық емес, эволюциялық мазмұнда болуы керек, себебі біздің еліміз өз тарихында 

қасіреті мол болған талай төңкерістер дәуірін бастан өткізген. Бүгінгі дәуірде әлемнің 

аймақтарындағы төңкерістердің немен және қалай аяқталғандығын көріп жүрміз. Қоғамның 

эволюциялық дамуы бұл табиғи процесс. Сондықтан, біз Қазақстанның осы жолмен дамуын 

таңдағанымыз дұрыс. Қазақстандықтардың қоғамдық санасын жаңғыртудың нақты 

мәселелерін Елбасы анықтап берді. Бұл негізінен біздің халқымыздың рухани қайта түлеуін 

қалыптастыру еді және бірінші кезекте 2025 жылға дейін қазақ тілін кезең-кезеңмен латын 

ғәрпіне көшіру мақсатын қойып, бұның қоғам үшін қаншалықты маңызы барын көрсетті. 

Қазіргі таңда қоғамда бұл жұмыс басталып кетті, латын ғәрпі негізінде қазақ тілінің жаңа 

алфавиті анықталып қолданысқа енді. 

 

 



 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет