Дəулеталиев Т. Н., Абаева Қ. Т



жүктеу 54.4 Kb.

Дата15.03.2017
өлшемі54.4 Kb.

110 

 

УДК 639.1  



 

Дəулеталиев Т.Н.,  Абаева Қ.Т. 

 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті 

 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ КӨКТЕРЕК ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК  

МЕКЕМЕСІ АУМАҒЫНДАҒЫ АҢШЫЛЫҚ ФАУНАСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖƏНЕ ОЛАРДЫ 

ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ 

 

Аңдатпа 

  

Мақалада  Жамбыл  облысы  Көктерек  орман  шаруашылығы  мемлекеттік  мекемесі 



аймағындағы  аңшылық  фаунасының  түрлері  жəне  оларды  тиімді  пайдалану  мəселелері 

қарастырылған. 



Кілт сөздер: 

Көктерек орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі, жануарлар дүниесі, 

аңшылық фаунасы. 

 

Кіріспе 

          ХХI  ғасырдың 90-жылдарынан  бері  Жамбыл  облысының  Шу  өзені  жағалауында 

орналасқан  Көктерек  орман  шаруашылығы  мемлекеттік  мекемесі  аймағындағы  аңшылық 

фаунасының  түрлері  толық  зерттелмеген.  Сондықтанда  жабайы  жануарлар  (сүтқоректілер 

мен құстар) фаунасының қазіргі жағдайын анықтаудың маңызы зор.  

           Қазақстан  Республикасы  биологиялық  əртүрлілікті  жəне  аңшылық  фаунасының 

түрлерін  сақтау  мен  орнықты  пайдалануға  қатысты  бірқатар  халықаралық  келісімдердің, 

оның ішінде биологиялық əртүрлілік туралы конвенцияның (1994 ж.), Жойылып кету қаупі 

төнген жабайы фауна мен флора түрлері мен халықаралық сауда жөніндегі конвенцияның 

(1999 ж.), Жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерін сақтау туралы конвенцияның 

(2005  ж.),  Негізінен  суда  жүзетін  құстардың  мекендеу  орындары  ретінде  халықаралық 

маңызы  бар  сулы-батпақты  алқаптар  туралы  конвенцияның (2007 ж.),  Биологиялық 

əртүрлілік туралы конвенцияға, Биоқауіпсіздік жөніндегі Картохен хаттамасының (2008 ж.) 

қатысушысы болып табылады [1]. 

Биологиялық  əртүрлілікті  сақтау  жəне  оны  ұтымды  пайдалану  проблемасы  басты 

дүниежүзілік  басымдықтарының  біріне  айналды,  мұның  өзі  биосфераның  ғаламдық 

антропогендік дағдарысының шиеленісуіне байланысты адамзаттың өмір сүруі мен одан əрі 

дамуын қамтамасыз етуі үшін биологиялық əртүрлілікті сақтау қажеттігінен туды.  

Осы  дағдарыстың  аса  қауіпті  көріністерінің  бірі - биологиялық  əртүрлілік  пен 

экожүйелердің орны толмайтындай дəрежеде қысқару үрдісі  болып  табылады.  Мұның  өзі 

биосфераның тұрақтылығын қайта қалпына келмейтін дəрежеде бұзылуына, орта сапасының 

төмендеуіне жəне тірі табиғаттың гендік қорының сарқылуына душар етуі мүмкін.  

ХХI  ғасырда  адамзат  алдында  тұрған  басты  проблемалардың  бірі – жануарлар  мен 

өсімдіктер  əлемін  сақтай  отырып,  экожүйенің  бұзылмауын  қадағалау  мен  оны  қалпына 

келтіру  болып  табылады.  Биологиялық  əртүрлілік  дегеніміз – жабайы  табиғат  екендігі 

баршаға мəлім. Адамзат оны уақыт өткен сайын қарқынды игеріп келеді. Адам тіршілігінің 

іздерінен  басқа  ешнəрсе  қалмаған,  табиғи  өсімдік  пен  жануар  əлемінен  жұрдай  аймақтар 

көбеюде [1]. 

Табиғи өсімдік пен жануар əлемін сақтау жəне көбейту мақсатымен əртүрлі қорықтар 

мен  орман  шаруашылығы    мекемелері  құрылуда.  Осындай  орман  шаруашылығы 

мекемелерінің бірі – Көктерек орман шаруашылығы. Республикада  ормандар  тек 3,8%-ын 

алып жатыр. Сонымен   қатар   орманның  жартысы  -  сексеуілдер,  бұларсыз ормандар  1,7%   

құрайды.  Орманды жерлердің 10% - Шығыс Қазақстанда, Алматы жəне Оңтүстік Қазақстан 

облыстарында.  



111 

 

           Көктерек  орман  шаруашылығы 1961 жылы 15 наурызда  Қазақ  КСР  Министрлер 



Кеңесінің  №16  өкімімен  ұйымдастырылған. 2008 жылы  Көктерек  орман  шаруашылығы 

мемлекеттік  мекемесіне  Мойынқұм  орман  шаруашылығы  мемлекеттік  мекемесінің 

Керегетас орманшылығы жəне 2011 жылы Аңдасай зоологиялық қорықшасы берілді. Орман 

қоры  жерінің  жалпы  көлемі – 470509 гектар,  оның  орман  алқабы – 252989 гектар.  Екі 

орманшылықтан  (лесничество)  жəне 16 айналымнан  (обход)  тұрады.  Көктерек 

орманшылығы – 159773 гектар, 7 айналым;  Алмалы  орманшылығы – 310736 гектар, 9 

айналым.  Қалған  жерлері  жазық дала, тақыр жерлер сораң мен жартылай еспе құмдықтар   

болып  келеді. Сол құмды алқаптар мен  құмдақ  жерлерде  қара  сексеуіл  мен  қатар  жүзген, 

тораңғы,  жыңғыл    ағаштары    жəне    көптеген    түрлі  шөптер  əседі.  Қызыл    кітапқа    енген 

құлан,  қарақұйрық,  безгелдек,  дуадақ,  қарабауыр  бұлдырык,  қарақұс,  ителгі    мекендейді. 

Орман шаруашылығының  аса  маңызды  міндеттерінің бірі жабайы  аңдар  мен  құстарды  

сақтау,  олардың  өсуіне,  көбейуіне  тыныш    жағдай жасау болып табылады. Қорықшылар 

жануарлар дүниесінің есебін бекітілген жоспар бойынша жүргізіп, жиі-жиі рейдтерге шығып 

отырады [5]. 

 

 

Мекеменің негізгі міндеттері: 



-

 

ЕҚТА-да  орман  жəне  аң  шаруашылығын  дамытатын  аудандық  жəне  басқада 



бағдарламаларды  құрастыру жəне жүзеге асыру; 

-

 



мекеменің қызметіне қатысты нормативті-құқықтық актілерді дайындауға қатысады; 

-

 



орман  ресурстарын  жəне  жануарлар  дүниесін  пайдалану  бойынша  басқарушылық 

қызмет атқарады;  

-

 

өсімдік  жəне  жануарлар  дүниесін  қорғау  бойынша    шараларды  құрастырады  жəне 



жүзеге асырады; 

-

 



орман жəне аң шаруашылығын жүргізуді, орман қорының жəне жануарлар дүниесінің 

мемлекеттік  тіркеуді,  орман  мониторингін  жүргізуді,  мемлекеттік  орман,  жануарлар, 

өсімдіктер кадастрын жүргізуді қамтамасыз етеді, жалпылайды, сараптайды жəне басқа да 

статистикалық мəліметтерді жинақтайды;  

-

 

мекемелерді зерттеу жəне ғылыми жобалық жұмыстарды атқаруға шақырады. 



Көктерек  орман  шаруашылығының  орман  қоры  жері  Шу  өзенің  оң  жағасында 

орналасқан.  Бұл  аумақ  солтүстік  құмды  шөлінің  басқа  жерлерінен  гидрологиялылық 

қолайлығымен  ерекшеленеді.  Құмды  қырлардың  арасында  жерасты  сулары  жер  бетіне 

шығып, олардың айналасында қияқты, қамысты шалғындар өседі. Орманмен көмкерілмеген 

жерлердің  қалғаны  жайылымға  ыңғайлы  жазық  дала,  тақырлар,  сораң  мен  жартылай  еспе 

құмдықтар болып келеді [3]. 

Бұл  аймақта  жалаңаштанған  құм  төбелер  сирек  ұшырасады.  Құмдауыт  беткейлердің 

басым  бөлігіне  шөп  өскен.  Ал  дөңес-қырқа  құмды  жерлерде  сексеуіл,  жүзгін  өседі,  дəнді 

дақылдар  да  бар.  Сондай-ақ,  мұндағы  сазды-құмды  жазық  жерлерде  бұталы  шөптер  мол. 

Атап  айтқанда,  Селин,  псамофит,  Сібірдің  еркек  шөбі,  жусан,  теріскен,  сораң  мол  өседі. 

Құмды қырат пен сазды-құмдақ жерлерде аралық алқаптарында қара сексеуіл қанат жайған 

[4]. 


Аймақтың климаты қатал, ол континенталды сипатта. Мұнда қысы қатал əрі қысқа, ал 

жазы ұзақ, бірақ қапырықты, барынша құрғақ. Ал бұл ауа-райы шөл-шөлейіт аймаққа тəн 

сипат.  Бірақта  жылдың  жылы  кезеңдерінде  күн  сəулесі  мол  болады.  Бұл  ауаны  күштірек 

бусандырып  тұрады.  Осыдан  ауаның  тəуліктік  жəне  жылдық  жалпы  температурасы 

бірқалыпты  болмай,  өзгеріп  отырады.  Қыс  айларында  жекелеген  жағдайда  өте  қатты  аяз 

болады,  ол  тіпті 40-50°С - дейін  барады.  Ал  жаз  айларында  жекелеген  күндері  ауаның 

температурасы аса ыстық шақта 45°С-дейін жетеді. Бұл аймақта жауын-шашынның орташа 

жылдық мөлшері 165-175 мм. Ал қар жамылғысының қалыңдығы 6-7 см. Қар қабаты берік, 

тығыз. Ауаның жылылық температурасы 0-градустан жоғары көтерілуіне қарай қар тез ериді. 

Аймақ  жерінде  жауын-шашынның  анағұрлым  көп  бөлігі,  яғни  жауын-шашынның 

жалпы жылдық мөлшерінің 40 пайызға жуығы қыс кезінде болады [3]. 


112 

 

Аймақтың  ауа-райының  сипаттамасын  айқын  анықтау  мақсатында  Мойынқұм 



метеорологиялық стансасының зерттеу мəліметтері пайдаланылды. 

Аталмыш өңірде қар қабатының ерімей, тұрақты түрде жататын кезеңінің ұзақтығы 70 

күн.Қыста қар қабатының орташа ең қалың мөлшері 7 см. Ал жекелеген жылдары (10 жыл 

ішінде 1-3 мəрте) қар жамылғысының тығыздала тұрақты түрде жатуы сирек кездеседі. 

Орман қоры аумағында аң-құстардың түрлері көп емес. 2012 жылғы жүргізілген санақ 

бойынша арқар-50, құлан-19, қарақұйрық-45, сібір елігі-51, жабайы шошқа -32, борсық-32, 

қасқыр – 155, шиебөрі- 60, түлкі- 95, су тышқаны- 1404, қоян -298, қырғауыл-623, дуадақ-91, 

безгелдек-273, қаз-1803, үйрек-13772, қасқалдақ -1404 бар [5]. 

Мойынқұм  ауданының  прокуратурасымен  «Жамбыл  облысы  əкімдігінің  табиғи 

ресурстар жəне табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Мойынқұм ормандарды жəне 

жануарлар  дүниесін  қорғау  жөніндегі  мекемесі»  КММ-нің  жəне  «Жамбыл  облысы 

əкімдігінің  табиғи  ресурстар  жəне  табиғат  пайдалануды  реттеу  басқармасының  Көктерек 

ормандарды  жəне  жануарлар  дүниесін  қорғау  жөніндегі  мекемесі»  КММ-нің 2013 жылы 

жəне ағымдағы жылдың өткен мерзімінде атқарған қызметтерінде орман, мемлекеттік сатып 

алу, бюджеттік заңнамалардың сақталуына, сондай-ақ бюджеттік қаражаттың жұмсалуының 

заңдылығына  тексеру  жүргізілді.  Тексеру  барысында,  заң  талаптарының  тиісті  деңгейде 

сақталмайтындығы  анықталды,  атапайтқанда  бюджеттік  қаражатты  пайдалану,  жұмсау, 

қызметкерлерге заңсыз еңбек ақы жəне жəрдем ақы төлеу. Мемлекет пайдасына қайтарылуға 

жататын 7 882 845 теңге  бюджеттікқаражат  оның  ішінде  Мойынқұм  орман 

шаруашылығымен 5 530 956 теңге, Көктерек орман шаруашылығымен 2 351 889 теңге заңсыз 

жұмсалған [3]. 

Жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің биологиялық əртүрлілігін, аңшылық фаунасын, 

қауымдастықтар  мен  экожүйелерді  сақтау - осы  заманның  аса  өзекті  міндеті.Орман 

шаруашылығы аумағында жабайы жануарлармен сүтқоректілердің біршама түрі мекендейді. 

Олардың барлық түрлері əлі толық зерттелмеген жəне анықталмаған. Олардың сандық есебін 

жүргізу  жəне  сақтау  бойынша  іс-шараларды  жүргізу  Көктерек  орман  шаруашылығының 

басты міндеті болып табылады. 

 

Əдебиеттер 

 

1. Талбесік (Жамбыл облысының өсімдіктер жəне жануарлар дүниесі).- Алматы, 

«Ғалым» баспасы, 2013. – 128 бет. 

2. Красная книга Казахстана. – Алматы: Конжик, 1996, т. 1, ч. 1. – 325 с.  

3. Основные положения ведения лесного хозяйства в Жамбылской области Республики 

Казахстан.  Алматы: Казлеспроект, 2007. с, 12-15. 

4. Млекопитающие Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1969 – 1985, т. I-IV. 

5. Бекенов А., Есжанов Б., Махмутов С.М. Қазақстан сүтқоректілері. - Алматы: 

Ғылым, 1995. 

 

Даулеталиев Т.Н.,  Абаева Қ.Т. 



 

ВИДЫ ОХОТНИЧЬНОЙ ФАУНЫ И РАЦОНАЛЬНОЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ В 

ГОСУДАРСТВЕННОЙ УЧЕРЕЖДЕНИЙ ЛЕСНОГО ХОЗЯЙСТВА «КОКТЕРЕК» В 

ДЖАМБУЛЬСКОЙ ОБЛАСТИ 



 

В  данной  статье  были  рассмотрены  виды  охотничьей  фауны  и  проблемы  его 

рационального  использования  в  зоне    республиканского  предприятия  лесного  хозяйства 

Коктерек  в Жамбылской области. 



Ключевые  слова:  Коктерек  республиканское  предприятие  лесного  хозяйства,  мир 

животных, охотничья фаунa. 

 


113 

 

Dauletaliev T.N.,  Abayeva K.T. 



 

 

TYPESOFHUNTING AND PROBLEMS OF HIS RATIONAL USE IN THE ZONE OF 

REPUBLICAN ENTERPRISE OF FORESTRY OF KOKTEREK IN THE ZHAMBYL AREA 

         

 In this article there wereconsidered types of hunting fauna and problems of his rational use in 

the zone  of republican enterprise of forestry of Кокterek  in the Zhambylarea. 

Keywords: Кокtеrек republican enterprise of forestry, the world of animals, hunting fauna. 

 

 

ƏОЖ 630907.12:630.6 

 

Егембердиев Н., Адилбаева Ж. 

 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті 

 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, БАЙЗАҚ АУДАНЫ «БАЙЗАҚ» ОРМАНДАРЫ МЕН 



ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕ ТЕРЕК 

ПЛАНТАЦИЯЛАРЫН ӨСІРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ  

 

Аңдатпа

  

Мақалада  Жамбыл  облысы,  Байзақ  ауданы  «Байзақ»  ормандары  мен  жануарлар 



дүниесін  қорғау  мемлекеттік  мекемесінде  терек  плантацияларын  өсіруді  ұйымдастырудың 

пайдасы жайында айтылады.  



Кілт сөздер:

 Терек плантациялары, жануарлар дүниесі, орман шаруашылығы. 



 

Кіріспе 

Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы ормандар көбінесе топырақ жəне егін қорғау, 

климат  реттеу,  су  қорғау,  санитарлы-гигиеналық,  рекреациялық  жəне  басқа  да  маңызды 

қорғаныштық-əлеуметтік функцияларды атқарады. Өзінің  өсуіне  қолайлы климаттық жəне 

топырақ жағдайларында терек тез  өсетін ағаш түрі ретінде арнайы күтуді талап етеді. Терек 

ағаштарының  тез  өсіп,  пісіп  жетілгендігі  айқын  көрсетілген  болғандықтан  күту,  кесу 

жұмыстарын  дұрыс  ұйымдастырғанда  əрбір  ағаштың  қоректенуге  қажетті  ауданы  көлемі 

артады.  Орман  қорының  аздығы  орман  шаруашылығы  қызметкерлерінің  алдына  осындай 

мəселелерді  шешу  міндеті  тұр.  Бұл  міндеттерді  орындау  үшін  орман  шаруашылық 

мамандары  орман  өсімдіктерінің  өсіп-дамуын,  табиғи  жаңаруын  зерттей  отырып,  ағаш 

екпелерін отырғызу арқылы оның көлемін арттыру, тиімді пайдалану жəне қорғау бағытында 

жұмыстар  ұйымдастыруы  қажет.  Сонымен  қатар,  ағаш  екпелерін  отырғызу  арқылы 

егістіктерді  қорғау,  ылғалдылығы  мол  топырақты  жерлерді  мелиорациялау  топырақты  су 

жəне жел эрозиясынан қорғау, қалалар мен елді-мекенді көгалдандыру шараларын жүргізуге 

міндетті. Осы міндеттерді шешудің бір жолы жаңадан құрылған орман алқаптарына өзен су 

қоймалары,  тоғандар,  жолдар  бойына,  құмдауыт  жерлермен  шұңқырлар,  сайларды,  елді-

мекенді  жерлерді  көгалдандыруға  қарқынды  өсетін  ағаш  тұқымдары  екпелерін  отырғызу. 

Кесілген ағаштардың орнын толықтыру мəселесін жүйелі, жоспарлы түрде жүргізіп  отыру 

[1]. 

Қазіргі уақытта Республикамыздың халық шаруашылығы қарқынды дамып өркендеуде 



əсіресе құрылыстар көлемінің ұлғаюы, ағаш материалына деген сұраныстың артуына себеп 

болып отыр. Сүрекдіңге деген сұранысты шешудің бір жолы, тез өсетін ағаштар екпелерін 

отырғызу. 

Тез өсетін ағаш тұқымдарынан алынған сүрекдіңді халық шаруашылығының көптеген 

салаларында:  химия  өнеркəсібінде-целлюлоза,  жасанды  жібек  өндіруге,  қағаз,  сіріңке 

өндіруге, жиһаз жасауға, қопарғыш заттар өндіруге, ауыл шаруашылығы өнімдерін салатын 






©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал