Ќай халыќтыњ болса да ауыз ѕдебиетінде маќал мен мѕтел кљлемі шаѓын, мазмђны бай, тілі кљркем жанрѓа жатады


Мақал-мәтелдердің жасалуы мен қалыптасуы



бет5/6
Дата28.03.2023
өлшемі36,6 Kb.
#76822
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
аралық хаә

1.4. Мақал-мәтелдердің жасалуы мен қалыптасуы.

Мақал-мәтел - әдеби жанр, әрқайсысы өз алдына дербес мағына беретін көркем шығарма. Тілдің кіші мағыналы бірлігі – сөз болса, халық шығармасының кіші бірлігі – мақал мен мәтел.


Қазақтың халық мақал-мәтелдері көлемі жағынан кемі екі сөзді бір сөйлемнен құралады, көбісі екі сөйлемді – егіз тармақты, асса төрт сөйлемді – төрт тармақты, бір шумақты болып келеді. Кейбір шумақтарда бес, алты тармақтысы да кездеседі. Шындығынды, олар – мақал-мәтел емес, нақыл сөздер немесе өлеңдер.
Мақал-мәтел бірден туа қалмайды. Әуел баста әлдеқалай айтыла салған ойлы, бірақ құрылысы олпы-солпы сөйлемдер бірнеше ұрпақтың өңдеп-өзгертуімен бірте-бірте жетіледі, артық сөздері қысқарып, тілі ұстарып, үлгілі сөзге айналады, мақал яки мәтел болып қалыптасады. Мәселен, қазіргі «Асыққан жетпес, бұйырған кетпес» дейтін мақал А.В.Васильев Торғай қазақтарынан жаздырып алып Орынборда 1892 жылы жариялаған жинақта: «Жүргелең алмас, бұйырған алар» деп жазылған. Демек, ұзақ жылдық іріктелу-сұрыпталу нәтижесінде мақалдағы негізгі ой бұйрық(жазмыш) сақталып, екі рет қайталанып, әрі ұйқассыз алмас, алар сөздері кейін ұйқасты жетпес, кетпес сөздерімен ауыстырылған.
Келтірілген мысалдан байқалатын тағы бір нәрсе – мақалдар мен мәтелдер сөйлемдегі артық сөздерді қысқарту не мағыналы, көркем сөздермен ауыстыру жолымен ғана емес, қажетсіз жалғау, жұрнақтарды қысқартып, ықшамдау тәсілімен де ұстартатынын көреміз. Демек әр мақалдың өзіндік шығу, даму, қалыптасу тарихы бар.
Үнемі ауырдан жеңілге, қиыннан оңайға қарай ұстарып отыратын жалпы тіл заңына лайық мақал мен мәтелдер де қысқарумен, ықшамдалумен жетіледі. Сонымен қатар мақал-мәтелдер сөздері сұрыпталып, буын-бунақтары бір ізге салынып, жолдары, тармақтары бейне бір өлең сияқты өлшемге келіп үндесу, ұйқасу жолымен де ұстарады, жақсарады.
Сайып келгенде, мақал-мәтел халық тұрмысымен, тұрмыста болған оқиғалармен байланысты туады, бірақ бірден пішіні көркем, мағынасы терең қалыпқа келе қалмайды, біреуден-біреуге көшіп жүріп өңделеді, өзгереді, жүре түзеледі. Артық сөздері түсіп қалып, кем сөздері толықтырылады, орынсыз сөздері ауыстырылады. Анықталған шындық көркем шығарма ретінде қабылданып, тұлғасы қалыптасқаннан кейін де халық санасының өсуімен, дүниетанымымен, көзқарасының өзгеруімен байланысты толысып, өңделіп отырады. Негізінде тұлғасы қалыптасқан тұрақты жанр болғанмен, кейбір мақалдар мен мәтелдер ескіріп, қолданудан шығып қалса, өмірге, тұрмысқа кірген жаңалықтармен бірге қайсыбіреулері жаңадан, тыңнан жасалып жатады.
Қазақтың мақал-мәтелдері поэтикалық құрылысына қарай қара сөзді және өлең сөзді болып екіге бөлінеді.
Сөйлемдері бірыңғай көркем сөзден құралса, қара сөзді мақал деп аталады. Мәселен, «Жақсы ат жанға серік»; «Өлік шыққан үйдің табалдырығында жолбарыс жатады».
Қара сөзді мақал-мәтел кемі екі сөзден құралады. Екі сөзден құралған мақалдардың бастауышы, әдетте етіс сөздерден жасалады. Оның себебі есім сөздерге қарағанда етістердің мағынасы әлдеқайда кең келеді. «Жұтқан жұтамас» деген мақалдағы “жұтқан” дейтін бір сөзді есімшеден болған бастауыш “ас жеген адам” деген үш сөздің мағынасын береді.
Аз сөзден құралған мақал-мәтелдердің әр сөзінің мәнділігіне, мағынасының дәлдігіне және сөздерінің өзара үндесіп келуіне үлкен мән беріледі. «Ел құлағы елу»; «Жер құлағы жетеу». Бұл мақалдардың құрамындағы сөздер мағыналық байланысынан басқа үндестігімен де өзара жалғасып, жарасып тұрады.
Қара сөзді мақалдар – құрылысына қарай жай сөйлем пішінді болғанмен өзара үйлес сөздерден құралған ырғақты, іштей ұйқасты көркем сөз.
Мақал-мәтел - поэтикалық жанр. Әсіресе қазақтың мақалдары мен мәтелдерінің өлең сөзден құралған десек артық айтқандық болмас.
Мақал-мәтелдердің әсерлі болуы айтылу мәні мен дауыс ырғағына да байланысты болады. Көбінесе мақал-мәтелдер бейтарап мағынада айтылады. Ұнаса аларсың, ұнамаса алмассың дегендей емеуірінмен ишарат жасалады. Қазақтың халық мақал-мәтелдерінде ауыстыру және мәнерлеу секілді әдеби-көркем тәсідерінің барлық түрлері бар. Сондықтан да ол – көркем сөз, поэтикалық жанр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет