Ќай халыќтыњ болса да ауыз ѕдебиетінде маќал мен мѕтел кљлемі шаѓын, мазмђны бай, тілі кљркем жанрѓа жатады



бет6/6
Дата28.03.2023
өлшемі36,6 Kb.
#76822
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
аралық хаә

Қорытынды бөлім.
Мақал-мәтелдер – халық мұрасы, халық
даналығы, рухани қазына.

Сөзбен – тілмен жасалған өнер ішінде мақал-мәтелдердің алатын орны ерекше. Соған лайық сөз өнерін жетік игерген адамдар сирек дарын иесі ретінде бағаланған, қай заманда, қай қоғамда болмасын құрмет-сыйға бөленген.


Мақал-мәтелдер – халық мұрасы, халық даналығы. Бірақ мұндағы халық деген кең ұғым; оның ішінде қара да, төре де, жарлы да, бай да болған. Таптық қоғамда шыққан халық шығармасында қанаушы, үстем таптың мүддесін қорғап, әрекетін ақтайтын, көзқарасын бейнелеп, жырын жырлайтын сөздер де жоқ емес. Бірақ ондай таптық жағынан бізге жат шығармалар онша көп те емес, өте сирек кездеседі. Оның себебі- қоғамдық құрылысының артта қалғандығына, халықтың жаппай дерлік сауатсыздығына қарамастан қазақтың бұқаралық дәстүрі мен фольклордың жасалу, сақталу, ерекшеліктері тілмен, үнмен жасалған рухани қазынаны халықтың “қолында ұстауына”, үнемі қадағалап, бақылап отыруына мүмкіндік берген.
Мақал-мәтелдер – халықтың моральдік кодексі, тәрбие қағидасы, атаның артындағы ізбасарына қалдырған өнегелі өсиеті. “Адамға өткен дәуір бәрі – сабақ”. Заманалар тәжірибесінен сұрыпталған тұжырымдар кейінгі ұрпаққа кітап сөзіндей аса қымбат болғаны да, болатыны да осыдан. Өнегелі дәстүрде тәрбиелеудің орны бөлек. “Жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары”. Әйтпесе, әкесінің көзі тірі бала ең кем дегенде жеті буынның өткен-кеткенін, өшпес жолын, елдікке қосқан ерлігін, озбырға көнбеген өрлілігін, ата-бабасының артқыға қалдырған асыл өсиеттей айтулы сөздерін, қай сайды қыстап, қай тауды жайлағанын білу парыз.
“Мақал – сөздің мұнарасы”. Біздің халық ауыз әдебиетінің асыл бір жанрына осындай баға берген. Мұнара биіктікке, асқарлыққа, парасат асқарына мегзейді. Мақал-мәтелдердің артықшылығы – ойының сығымдап, нақышты, әрі санаулы сөзбен әрі өткір, әсерлі айтып суреттеуінде. Халық өзінің тәлімгерлік ойларын мақалдар мен мәтелдерге шебер сыйғыза білген. Бір естігеннен жадыңда қалады, тәлімгерлердің де, тәрбиеленушілердің де жаттауына оңтайлы, жеңіл. Және бір ғажабы өмірдің өзі секілді желісі үзілмей, өркен жайып, жыл артқан сайын жемісін елге ұсынатын даналық көзі – мақал-мәтелдер толығып отырады. Жаңа дәуір талабына сай жаңаша туындайтын мақалдар иесі – қарапайым халық. Тек сол жаңадан туындаған, көнеден сақталып келе жатқан, сұрыптала, сұлулана түскен асыларды теріп алу керек.
Қорыта айтқанда, мақал-мәтелдер қаншама мазмұнды ды көркем болғанмен көлемі тым шағын, мағынасы жалпы келетіндіктен үлкен оқиғаны, кесек ойды бере алмайды, келте қайырылады, белгілі бір затты, кейіпкерді көзге елестеткендей бейнелей алмайды; әдетте аңыз әңгімелермен, көркем шығармалармен жалғасып өмір сүреді, оларға мазмұндық нәр, көркемдік әр береді, айтылар ойды анықтайды, толықтырады, оған сенімді күшейтеді.
Асыл маржан ару мойнына, алмас қылыш ер қолына жарасатыны сияқты сөз асылы да өз орнында құнды. Теңіз тербеп тереңінде шайқаған інжу-маржандай ғасырлар бойы халық жадында сақталып, жұпталып, көптің көкейіне орнаған, халық талғамын өтеген мақал-мәтелдер ақындардың өлең-жырларында, шешендердің даналық сөздерінде айқындалады, ал ақындар мен шешендер әлденеше ұрпақтың сана-сезімін аралап, көптің көкейіне қонақтаған ойлы, сырлы сөздерді жаттап, жадында сақтайды; керекті кезінде жаңартып, жасартып кәдеге жаратады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі


1.ИсаевС. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар.Алматы «Рауан» 1992 жыл
2.Исабаева Ә.Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. Алматы «Қазақ ұлттық университеті» 1993 жыл
3.Қазақ тілі мен әдебиеті , 2005 жыл
4.Қараев М.Ә Қазақ тілі . Алматы «Ана тілі» 1993 жыл
5.Рахметова «Қазіргі қазақ тілі» Алматы 1991 жыл 6.Турдалиева «Қазіргі қазақ тілі әдістемесі»
7.ИсаевС.М Қазіргі қазақ тілі Алматы. «Қайнар» 1993 жыл
8. Қазақ тілі мен әдебиеті 2006 жыл
9.Қойшыбаева А. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы 1996 жыл
10.Ұлықбаев И.Қ Қазақ тілі методикасының мәселелері Алматы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет