Қай заманда болмасын адамның өмір сүруіне қажетті игілігінің қайнар көзі -еңбек. Еңбек-адам баласының өмірден өз жолын тауып, қалыптасуында шешуші рөл атқаратын күш



Дата14.10.2023
өлшемі14,23 Kb.
#113861

Қай заманда болмасын адамның өмір сүруіне қажетті игілігінің қайнар көзі -еңбек. Еңбек-адам баласының өмірден өз жолын тауып, қалыптасуында шешуші рөл атқаратын күш.
Білімнің негізі –тұлғаны дамыту десек осы пән арқылы жеке тұлғаны өмірге дайындап, кәсіби мамандық игеруге бағыттап қалыптасуына жол ашамыз студенттерімізді еңбексүйгіштікке тәрбиелеп, қызығушылығын оятып, ынталандырып, өмірден өз орнын табуға жетелеу біздің басты міндет.
көркем еңбек пәні мұғалімі ретінде студенттермен ұлттық құндылықтарды ұлықтап, болмысымызды өзгелерге насихаттау мақсатында оқушылардың шығармашылығын дамыту жолында жұмыс жасаймын. Мұндағы басты мақсат бүгінгі ұрпақтың кешегі ата-бабадан жалғасып келе жатқан ұлттық салт-сана, әдеп-ғұрып, дәстүрдің тамаша үлгісін келешекке жеткізуіне дәнекерлік жасау. Көркем еңбек пәнінде көздеген мақсатқа жету үшін біршама міндеттер қарастырамыз. Құр теориямен ешқашанда табысты нәтижеге жетпесі анық. Сол себепті көркем еңбек сабағында колледжімізде мүмкіндіктер мен жағдайға сәйкес матамен , теріден, түрлі табиғи материалдармен қалдық материалдардан жұмыс жасап, студенттердің өзіндік қабілеттері мен қызығушылықтарын жетілдіре білуіне қолайлы жағдай туғызамыз. Пәнге деген қызығушылығын танытып, айырықша шығармашылық қабілетін байқата білетін студенттерімізде баршылық. студенттердін сол ынтасын жігерлендіріп, адал еңбек жасап дағдылану арқылы абыройға жетулдіруіне, болашақта кәсіптің көзін ашып, өз өмірінің бағдарын сол кәсіптен табуға үйретудеміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет