Айдын байыс қҰланиек сәт сапар



бет22/23
Дата29.08.2022
өлшемі106,89 Kb.
#38301
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
КҮЗГІ КЕШ
(Николай Рубцовтан)

Қара суық. Кешқұрым.


Сезем күздің салқынын,
Мая жақтан естідім,
Қарғалардың қарқылын.

Жел де мұңын таңға ұзақ,


Үйеңкіге айтады.
Суат жақтан жалғыз ат,
Изектеліп қайтады.

Не қыласың қымсынып?


Құйсаң-құйшы, бүркіп өт.
Майда жаңбыр сұп-суық
Сіркіреп тұр, сіркіреп...

***
(Анатолий Жигулиннен)

Жастық дейсің, мастық дейсің арбаған,


Махаббатты өртегендей бұл сөзің.
Жан баласы еш түсініп болмаған,
Жай отындай жарқ етті ғой бір сезім.

Сол бір сезім көшіп алған көңілге,


Жанарымды жан-жағыма бұрғызбай.
Алқаракөк анау аспан төрінде,
Сығырайып жанып-өшкен жұлдыздай.

Мейлі-мейлі, болар-болмас білініп,


Сөніп күлге айналса да, сенем мен.
Шексіздіктің шекесіне ілініп,
Жалғыз жұлдыз жарқырап ед, дегенмен.

***
(Анатолий Жигулиннен)
Шық тұнатын жусанының бүріне,
Туған жерді тағы ойладым тымықта.
Тоңып шығар жұлдыздары түнімен,
Қонып шығып қына басқан құдыққа.

Көлеңкелі тоғайына тығылсам,


Бетім жуып тастұманың суына.
Бәрін-бәрін ұмыттырар, ұғынсаң,
Құлақ түріп теректердің шуына.

Өзен жақта жел ойнайды су атып,


Балалығым сол өзендей мөлдір шақ.
Қозғалмаса дейсің сонда уақыт,
Мәңгі осылай тұрса дейсің сол бір сәт.

***
(Владимир Соколовтан)

Дәл осынау өлеңімнің жолдары


Көзден ұшып, сөзден қашып, сайран сап,
Айналса ғой аспан, шатыр, желге әрі,
Нөсер кешкен ақ қайыңға айналса!

Құстар ән сап қанса құлақ құрышы,


Мың бояулы өмір болып өзінше,
Ашық тұрған терезенің тынысы,
Ашық жатқан кітабымнан сезілсе.


***
(Анатолий Передреевтен)

Жол бойымен асықпай,


Көлік өтті, түн іші.
Естіледі қашықтан,
Дөңгелектің дыбысы.

Түнгі оттардың жалыны


Тереземе түседі.
Ұйқы бермес жарығы,
Бұл қаланың тұсы еді.

Құмығады көңіл, қош,


Түнгі самал шақтарды-ай.
Дәл тұсымнан өмір-көш,
Өтіп бара жатқандай.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет