Айғожина Арайлы бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделуі



бет2/2
Дата06.12.2022
өлшемі22,83 Kb.
#55389
1   2
Біріншісі, мектептің жаңа күн тәртібі – ерте ұйқыдан тұру, тыныш отыру, сабақтан қалуға болмайды, дер кезінде сабақты орындау және тб. Мұндай дағдылар балада бұрын қалыптаспағандықтан олар шамадан тыс шаршайды, сабақтан қалығысы келіп тұрады , мазасызданады және тб. Көбіне алты-жеті жастағы балаларда өзіндік әдетердің қалыптасуының алғышарттары қалыптаса бастағандықтан кейбір жаңа құбылыстарға бейімделу қиынға соғады. Ең бастысы мұғалім мен ата-ана осы жағдайларды дұрыс ескергендері маңызды.
Екіншісі, баланың мектеп мұғалімімен, құрбыларымен және отбасымен өзара қатынасына байланысты туындаған мінез-құлықтар. Жай ғана мейірімділіктен мұғалім өзінің авторитарлық стилі талап етушілік, қаталдық, мінез құлықта қажетті әрекеттердің орындаулуын талап етуші болып көрінеді. Ол үнемі баланың жұмысын бағалап отырады. Кей жағдайда бала өзін құл ретінде сезуге дейін барады. Нәтижесінде кейбір балалар жасқаншақ, ал біреулері үйде бас ал мектепте мүлдем басқаша қылық көрсетеді. Ейбір оқушылар жаңа ортада өздерін дұрыс меңгере алмай, басқа балалармен танысуы бірден болмағадықтан, өзін жалғыз сезінеді. Тәжірибелі мұғалім барлық балаларға бірдей талап қояды, бірақ әр баланы жеке-жеке қадағалайды. Бала мектепке келгеннен соң оның үйдегі орны да өзгереді. Оның міндеттері де және құқықтары да жаңаша құрылады. Мысалы оның сабақ орындауына ерекше, бөлек уақыт қажет болғадықтан үлкендер оның күн тәртібімен санасады.
Үшінші түріне бірінші сынып оқушылары оқу жылының ортасына қарай сезінеді. Олар басында мектепке бірден жүгіріп, уақытынан ерте баратын болса, кейіннен ересектердің ықпалымен ғана барады. Өздерінің әрбір алған бағасына қуанып, сабақты қызығушылықпен орындаса осы кезеңде ол төмендейді және бәрібірлікке ауысады.
Қорытындылай келе біз мейірбан адамдар болып, балаларды қаз - қалпында сүюге тиіспіз, шолжаңды да, тіл алғышты да, ақылдыны да, жалқауды да бірдей жақсы көруіміз қажет. Өзіміздің жан - шуағымызды балаларға алаламай тең үлестіруіміз керек. Балаға деген мейрімділігіміз бен махаббатымыз педагогикалық қызметіміздің ең басты дәлелі болуы тиіс. Балаларға деген сүйіспеншілік пен мейірім олармен дөрекі сөйлесуге, олардың жеке басымен намысына тиюге, ұрсып, қорқытуға жол бермейді.
Біз ұлт болашағын, еліміздің келешегі - жас ұрпақты тәрбиелеп отырғанымызды әсте ұмытпаған жөн. Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Біз сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және азаматтық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуіміз қажет.
Біздің жастар елімізді, жерімізді, тілімізді бүкіл әлемге паш етсін десек, жаңа заманға лайық етіп тәрбиелейік. Шәкірттеріміз көзге ғана емес, көңілге де қуаныш сыйлап, өміріміздің гүліне, мәні мен сәніне айналсын. Біз тәрбиелеген ұрпақ тәрбиелі де тәртіпті, ақылды да өнегелі, рухани адамгершілігі мол Қазақстанның беделді азаматы болады деп сенемін!

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Венгер Л.А., Венгер А.Л. Готов ли ваш ребенок к школе? - М.: Знание, 1994.
2. Зимняя И.А.Педагогическая психология. Учебник для вузов. Изд. Второе, доп., испр. И перераб. - М.: издательская корпорация «Логос», 1999.
3. Воликова Т. В. Учитель и семья. - Москва, 1987.
4. Гребенщиков И. В. Школа и семья. - Москва, 1985.
5. Диагностика школьной дезадаптации: Для школьных психологов и учителей начальных классов системы компенсирующего обучения. - М.: Редакционно-издательский цент Консорциума "Социальное здоровье России", 1995.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет