Қайырлы күн оқытушы! Үй тапсырмасы Тапсырма №1



Дата19.04.2022
өлшемі0,76 Mb.
#31457
Байланысты:
Пед шеб


ҚАЙЫРЛЫ КҮН ОҚЫТУШЫ!

Үй тапсырмасы

Тапсырма №1

Сіілтемеде көрсетілген мақаланы оқу отырып, педагог ғалымдардаң педагогикалық шеберік ұғымына берген түсініктемесін конспекілеу, оқып танысу:


Тапсырма №2 Сіілтемедегі мақаланың ішінен төмендегі педагогтардың ұсынған технологияларын кестеге түсіріңіз.

Мақала: «Педагогикалық технологиялар»



Сілтеме: https://baribar.kz/student/15891/pedagogikalyq-tekhnologiyalar/

Е.Н.Ильин 

В.Ф.Шаталов

И.П.Волков

Қ.О.Бітібаева

Д.Б Эльконин –В.В. Давыдов,Л.В.Занков, Г.С. Альтшуллер және т.б.

Н.А.Зайцев

Е.Н.Ильин әдебиет сабағын өнер және адамгершілік–эотикалық курс ретіндегі берудің жүргізілудің біргейлі, соны концепциясын жасады, ол әрбір оқушыға адам болып қалыптасуына көмектесті.

В.Ф.Шаталов дәстүрлі класс–сабақ тәсілімен оқытудың әліде болса ашылмай жатқан орасан зор қорын көрсетіп, оқытудың итенцифтендірудің технологиясын жасап практикаға кіргізеді.

Жаңашыл–педагогтар И.П.Волков творчестволық дамытатын оқытудың технологиясын жасап жүзеге асырады, осыған сай тұлғаның творчестволық қабілеттері баланың оқудан тыс іс–әрекетін еркін таңдап алу негізінде бірізді қалыптасады.

Қ.О.Бітібаева (Усть–Каменгорск ) практика жүзінде ынтымақтастық педагогиканың жүзеге асырады. Ол үшін ынтымақтастық педагогикаы ол адамгершіліа педагогикасы. Оның көптеген оқушылары өздерінің ұстазының ізін басып отыр. Оны сүйсіне олар әдебиетіз оны Қ.О.Бітібаеваның ойлауынша даналық сабағын аттап өте алмайды.

Қазіргі білім беру технологиялары санатындағы дамытатын жетілдіретін оқу технологияларын көрсеткен жөн. (Д.Б Эльконин –В.В. Давыдов,Л.В.Занков, Г.С. Альтшуллер және т.б.) Дамытатын оқыту деп жаңа түсіндіріп иллюстративтік тип тең орысша келе жатқан белсенді іс–әрекеттенген оқыту типі.

Жаңшыл педагог Н.А.Зайцев сауаттылыққа ерте оқыту және интенсивті оқыту технологиясының авторы болады, бұл технология өте жоғары нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін сауаттылыққа оқытудағы принципиалды жаңа бағытқа негізделген

Тапсырма №3 Микроәңгіме жазу. Тақырыбы: «Мен және мамандық»

Жоспары:


  1. Мен мұғалімдік мамандықты неге таңдадым?

  2. Педагогикалық мамандыққа қалай дайындалдым?

  3. Қазір мен балаларға не берер едім?

  4. Оқу орнынан не алар едім?

Мамандық – әрбір адамның сүйіп жасайтын кәсібі. Мамандық таңдау өміріңдегі ең маңызды шешімді қабылдау. Өмірде басқа нәрседен қателессек те мамандық таңдаудан қателеспеуіміз керек. Себебі мамандық таңдау арқылы біз өз болашағымызды жасаймыз. Болашағымыздың жарқын, келешегіміздің кемел болуы біздің таңдауымызға байланысты. Мамандықты дұрыс таңдау өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Менің ойымша әрбір адам өз жүрегі қалайтын, қызығушылығын арттыратын мамандықты таңдау керек. Өзің сүйіп жасамайтын мамандықты таңдау-өмірдің қиыншылығын таңдағанмен тең. Жасөспірім шақтан үлкен өмірге аяқ басқалы тұрған жас шағымыздағы ең үлкен міндет-мамандық таңдау.

Мен таңдаған мамандық-әр баланың болашағына жол сілтеп, бойына ақыл мен білім дарытатын, қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылым жемісінің дәмін таттыратын- Ұстаз мамандығы. Бұл мамандықты мен ата-анамның қалауымен таңдадым десем де болады. Ұстаздық жол-қиын жол. Мектеп оқып жүргенде-ақ бұл мамандықтың қиыншылығын түсінгенмін. Мектеп мұғалімдерін көріп, ешқашан мұғалім болмаймын деген де ой болған. Әкем 9-дан шықсаң тек мұғалімдік саланы оқисың деді,содан мен тапсырып көре салайын деп, аяқ астынан бастауыш білім беру мамандығына түсіп кеттім.

Мен кішкентай балаларды жақсы көремін, олардың жаны таза, ойында не тұр бәрі айтып береді, егер сен оның сеніміне кіре алсаң... Балабақшаға, мектепке практикаға барғанда маған өз мамандығым ұнай бастады. Практикаға барып, біраз нәрсе түсіндім. Және мұғалімдік мамандықты жақсы көре бастадым.

Практикаға барғанда мен өз-өзімді мұғалім ретінде көре бастадым.Әр пән бойынша сабақтарға дайындалу, «оқушыларды қалай қызықтырсам екен?»деп іздену т.б сауалдарды өзіме қойып, өз-өзіммен және балалармен жұмыс істедім. Ең алдымен біз балаға тәрбие бермес бұрын, өз өзіңмен жұмыс жасау керек екен. Сен қандай болсаң, оқушыларың да сен сияқты болатынын түсініп, мен өз өзіммен жұмыс жасадым десем болады.

Егер мен болашақта мұғалім болсам, балаларға не берер едім? Өзімде не бар соның бәрін оқушыларыма берер ем. Оқушыларымды жақсы қасиеттерге баулып, олармен еркін, баламен бала болып сөйлесемін. Оқушыларға қатты қатал болмай, бірақ оларға өз махаббатымызды қатты көрсете беруге де болмайды. Оқушыларды жақсы көре отырып, талап қоя білу керек деп ойлаймын.

Мені осы мұғалімдік мамандыққа дайындап жатқан М. Мәметова атындағы педагогикалық колледжіне алғысымды білдірер едім. Оқу орнынан мен көп нәрсені білдім, әлі де аларым да білерімде көп.



Тапсырма № 4 Мұғалімнің бейнесін графикалық символдармен бейнелеу. Әртүрлі графикалық құралдарды пайдалана отырып, өзіңнің қазіргі уақыттағы педагогикалық іс –әрекетке дайындық деңгейіңді бейнеле.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет