«Айман-Шолпан» жыры



Дата12.04.2023
өлшемі469,07 Kb.
#81801

«Еңлік-Кебек« дастаны

Дайындаған:Бағдат Дилянара

Жоспар

  • Кіріспе
  • •«Еңлік-Кебек» дастанына жалпы сипаттама
  • Негізгі бөлім
  • •«Еңлік-Кебек» дастанының зерттелуі
  • •Жырдың сюжеті
  • •Компазициялық құрылысы
  • •Жырдағы кейіпкерлер
  • •Жырдың тілі(көркемдегіш құралдар)
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

«Еңлік-Кебек» дастанына жалпы сипаттама

  • Еңлік-Кебек - екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма.Екі жастың махаббаты жайлы XVIII ғасырдан бастап ел арасына кең тараған. болған.Шығармада адам тағдыры, адал махаббат жолындағы күрес, рушылдық құрбаны болған екі жастың қайғылы тағдыры баяндалады.Кебек – Тобықтының батыры. Ал Еңлік-Матай елінің аруы.Шығармаға өмірде шын болған ғашықтар Еңлік пен Кебектің трагедиялық тағдыры арқау болған.

Жырдың зерттелуі


Мағауия Абайұлы
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Мұхтар Әуезов

Жырдың сюжеті

Композициялық құрылысы

  • Оқиғаның басталуы. Кебектің Нысан абызға бал аштыруы.
  • Оқиғаның байланысуы. Кебектің аңға шығып, адасып, Еңліктің үйіне түсуі
  • Оқиғаның дамуы. Кебек пен Еңліктің бір-біріне деген махаббаты
  • Оқиғаның шиеленісуі. Еңлік пен Кебектің елден қашып кетіп,тауды паналауы
  • Оқиғаның шарықтау шегі. Екі ғашықты өлім жазасына кесу туралы ру басыларының үкімі
  • Оқиғаның шешімі. Еңлік пен Кебекті ат құйрығына байлап өлтіруі.Иесіз қалған сәби.

Кейіпкерлері

  • Кебек –бас кейіпкер Тобықтының батыры,уәдеге берік, ержүрек батыр.
  • Еңлік –Матай руынан, бай Сыбанның ынжық баласына айттырылған,батыл қыз.
  • Нысан абыз –балгер.
  • Тоқтамыс-Тобықты руының басшысы,Кебектің ағасы.
  • Кеңгірбай –Тобықтының биі, ақылды,дала заңына бағынып, қатал үкім шығарушы.
  • Көбей – Қабекең мен елдің арасындағы сөзді алып жүретін, пысық, жүйрік би.
  • Матақ, Кембай – Көбейден соңғы елдің басты адамдары.
  • Есен – Найманның батыры.
  • Жомарт, Еспембет – Найманның елшілері.
  • Жәуетей – Кебектің жолдасы

Жырдың тілі


Аллитерация
Ассонанс
Анафора
Жаман айтсам жабығып қала көрме,
Жынның сөзін жасырып қала алмаймын.
Ер Кебек тыным алып үйде жатпай,
Еңлікке келіп жүрді дамыл таппай.
Кейбіреуі таспенен атпақ болды,
Кейбіреуі дарға да аспақ болды.

Жырдың тілі


Ұйқас
Диалог
Таң жарығы түскен соң шаңыраққа,
Кебек тұрды арқандап ат қоймаққа.
Еңлік үйден арқанды ала шығып,
Құшақтасып жөнелді жартас жаққа.
Түлкіні бір Матайдың көзі шалды,
«Мынаны кім берген» деп қолына алды.
Шал айтты: «Мұны берген – бір Тобықты,
Атын ұмыттым, бір қонып кетіп қалды».
Қойшы айтты: «Оның аты Кебек еді,
Сонан соң да осында келмеп пе еді?
Ұмытпасам, соны Еңлік аттандырып,
«Хош, аман бол, келіп жүр, Кебек» деді».

Қорытынды

  • Еңлік-Кебек оқиғасы екі ғасырдан астам уақыт бойы сөз болып келеді.Еңлік-Кебек” – адал махаббатты, ескі заманның әділетсіздігін баяндайтын белгілі қазақ поэмасы. Бұл шығарма қазақ әдебиетінің жанры түрлерінің қалыптаса түсуіне әсер етіп, көркемдік сезім жетіле түсуіне септігін тигізді.

Пайдаланылған әдебиеттер

•Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік –Кебек» поэмасы


•Мәлік Ғабдуллин "Қазақ халқының ауыз әдебиеті»
•https://adebiportal.kz/kz/characters/view/190
Назарларыңызға рақымет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет