– Бірден басты сұрағымызға көш-
сек, Лондон Олимпиадасында медаль
алуға шамамыз жете ме?
– Әлбетте, жігіттеріміздің әлеуеттері
жо ғары. Қай-қайсысы болмасын, алтын
ала алады. Тек жеребесі жеңіл түссін дейік.
Алдын ала тон пішпей-ақ қоялық. Бірақ
Тұ
манды Альбионға алтын үшін бара
жатқанымыз анық.
– Жақында федерацияның отыры-
сында Алмат Кебіспаев Лондоннан
алтын, Дархан Баяхметов қола алады
деген едіңіз...
– Командамызда бес балуан бар. Бе-
сеуі де мықты жігіттер. Біз бір атаның бала-
ла ры секілдіміз. Барлық жігіттердің мүм-
кін діктері зор. Бәрі де медаль ала алады.
Сон дықтан, ешқайсысын бөле-жара ата-
ғым келмейді.
– Ендеше, әр балуанның қасиетте-
ріне, артықшылықтарына жеке-дара
тоқталып өтсек. Тінәлиев туралы не
айтасыз? Ашылу салтанатында ту кө-
те ріп шығатынын білеміз. Ал мұның
жүгі екі есе ауыр. Нұрмаханға бұл
ауырт палық түсірмей ме? Оның үстіне,
Олимпиадада ту ұстаған спортшыла-
рымыздың көп жағдайда жолдары
бола бермейді.
– Мұның бәрі жай ғана сенімнен туған
нәрселер ғой. Спортшының психологиясы-
на байланысты. Ал Нұрмахан – нағыз нар
тұл ғалы жігіт. Өзін қалай ұстау керектігін
бі леді. Керісінше, ту ұстап шығу оған қо-
сымша күш, қосымша сенім сыйлайды деп
сенемін.
– Нұрмахан үшін шетелден арнайы
балуандар шақыртыпсыздар. Ондағы
мақсаттарыңыз не? Олар жерлесімізге
қаншалықты көмектесуде?
– Өздеріңіз білесіздер, елімізде ауыр
сал мақты балуандар өте аз. Нұрмаханға
Қазақстаннан спарринг-серіктес таба ал-
май, Грузия және Қырғызстаннан арнайы
балуандар шақырттық. Тек Нұрмахан үшін
ғана. Басқа салмақтарда мұндай проблема
жоқ. Сонымен, бүгінде Грузияның екінші
нөмірлі «классигі» Реваз Челидзе мен Қыр-
ғызстанның үздігі Мұрат Рамонов Нұрма-
ханға көмектесіп жүр. Жалпы, Нұрмахан
секілді тұлғалардың өздері азайып кетті
ғой. Ал Тінәлиев – Балуан Шолақтың ұр па-
ғы. Әкесі марқұм Анарбек ағамыз да алып
кісі болған. 160 келі тартатын. Жұмагүл
жең геміз де – ірі кісі. Міне, Нұрмаханның
алып болуының сыры осында жатыр.
– Бұрын Тінәлиев Мәскеуде жат ты-
ғып, тәжірибе жинақтаған еді. Ол тә-
жіри бе жемісін бермеді ме?
– Біз Дәулет Тұрлыхановтың Ресей күрес
федерациясының президенті Михаил Ма-
миашвилимен достық қарым-қатынасты-
ғының арқасында екі балуанымызды
Мәскеуге жіберіп, жаттықтырған едік.
Соның арқасында 96 келідегі Әсет Мәм-
бетов пен 120 келідегі Нұрмахан Тінәлиев
тәжірибе жинақтап, біраз ысылған. Бірақ
осы жолы олар жаттығуларын жабық
өткізуге шешім қабылдады. Бір жағынан
оларды да түсінуге болады. Олимпиада
қар саңында ешкім де өздерінің дайындық-
тарының құпиясын қарсыластарына жайып
салғысы келмейді. Сондықтан, өз бетімізше
жаттығуымызға тура келді. Дегенмен
грузин және қырғыз балуанының арқасын-
да Нұрмаханның дайындығы жаман емес.
Жалпы, ауыр салмақтағы мықты балуандар
Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша да
санаулы. Сол мықтылардың санатында
Тінә лиев те бар. Бәрінің де әлеуеттері ша-
ма
лас. Ал кімнің үздік екенін Лондон
Олим пиадасы анықтап береді. Егер біздің
алып алтын алса, онда барша қазақ үшін
ұлан-асыр той болмақ.
– Енді Кебіспаев туралы айтып
өтсеңіз. Қарсыластарына қарағанда
қандай артықшылықтары бар? АҚШ-
тың әйгілі газеті Алматтың мойнына
Олимпиаданың бір алтынын ілгенінен
хабардарсыздар ма?
– Алмат төрттағанда өте мықты.
Төрттағанда қолына түсіп қалған балуан
болса, құтылып шығуы өте қиын. Бұдан
бөлек те айла-амалдары көп. Күрестің кез
келген тәсілін керемет меңгерген. Оның
үстіне, жылдан-жылға Кебіспаевтың
нәтижелері жақсарып келеді. 2010 жылы
Әлем чемпионатында қолаға қол жеткізсе,
2011 жылы күміспен күптелген болатын.
Биыл – 2012 жыл. Демек, сәтін салса, Ал-
маттың нәтижесі одан да жақсаруы тиіс.
Ал АҚШ-тың атақты басылымының өзі
мойындап жатса, бұл Алматқа қосымша
сенімділік сыйлайды.
– Дархан Баяхметовтің
қандай артықшы
лық-
тарын айта аласыз?
– Дархан қарсыласымен
ұзақ ұстасып жүргенімен
жекпе-жекті бес-ақ секундта
өз пайдасына шешіп кете
алады. Сон дықтан, белдесу
кезінде қарсыластары одан
не күтерін білмейді.
– Нұрмахан, Алмат,
Дархан сынды балуан-
дардың әлеуеттерін бұ-
рыннан білеміз. Ал жаңа
есім: Асхат Ділмұ хамедов
пен Даниял Гаджиев
туралы не айтасыз?
– Екеуі де қарсыластары
үшін таңсық балуандар бол-
мақ. Олардың қаншалықты
әлеуетті екендіктерін шет-
елдік балуандар білмейді.
Бұл – Асхат пен Даниялдың
бас ты артықшылығы. Деген-
мен бұл жігіттерді біз жақсы
білеміз. Екеуі де медаль үшін
таласа алады.
– Даниял Гаджиевті
Ресейден келген легионер
деген дұрыс па, әлде өзіміздің өнім бе?
– Ресейде жаттыққанда Даниял
ұлттық құрамаға ене алмаған. Тіпті
екінші, үшінші нөмірлі балуандардың да
қатарында болмаған. Біздің елге келіп
ысылды ғой. Біздің бапкерлердің арқа-
сында аяғынан тік тұрып, осындай дең-
гейге жетті. Оның үстіне, Ресейде ол 74
келіде өнер көрсетті. Біздің жаттық тыру-
шылардың шешімім Қазақстанда 84
келі
ге ауысып, бәрін қайта басынан
бастады. Сондықтан оны өзіміздің өнім
дегеніміз дұрыс болар.
Ф
У
ТБО
Л
Қазақстан U-19 құрамасы ойыны ман-
дымай жүрген ұжым еді. Қаңтар айында
осы құраманың тізгінін қос азаматтығы
бар (Сербия және Испания) Небойша
Миличичке ұстатқанбыз. Үш тілде
сөйлейтін (серб, испан және ағылшын
тілдерінде) серб азаматы Қазақстан
жастар құрамасының ойынын түлете
алмады. Өздеріңіз білетін боларсыздар,
Қазақстан U-19 құрамасы мамыр айының
аяғында Голландияда өткен халықаралық
турнирге қатысып келген-ді. Гаага
қаласында жасөспірімдер арасында «Адо
ден Гааг» деген турнир өткен. Миличич
бастаған жастарымыз 58-рет өткен сол
турнирде «В» тобына түсіп, жеңілістен көз
ашпады. Әуелі Мексиканың 20 жасқа
дейінгі жастар арасындағы құрамасынан
0:3 есебімен оңбай ұтылды. Одан соң
«Брюгге» (Бельгия) клубының жеткіншек-
терінен 1:5 есебімен күйрей жеңілді.
«Боруссия» (Германия, Мюнхенгладбах)
клубының ізбасарлар мектебінде аяқдоп
өнерінің қыр-сырына қанығып жүрген
жастарына 0:2 есебімен есе жіберді.
Сөйтіп, өз тобында соңғы орынға табан
Жастардың жаттықтырушысын алмастырдық
алмаймыз. «Қайраттың» қосалқы құра-
мын жаттықтыратын серб маманына өз-
дері ңіз де баға бере жатарсыздар.
Ақыры Қазақстан футбол федерация-
сы Қазақстан U-19 құрамасының аға жат-
тықтырушысын ауыстыру жөнінде шешім
қабылдап, бұл қызметке Ресей маманы
Ми хаил Соловьевті тағайындапты.
Михаил Николайұлының өмірбаянына
көз жүгіртсеңіз, көңіліңіз толады. 1968
жылы 23 желтоқсанда туған. Ойыншы
ретінде Мәскеудің ЦСКА және «Торпедо»
клубтарында өнер көрсеткен. Оңтүстік
Корея мен Швецияда доп тепкен. Одан
Ресейге қайтып келіп, ортаңқол команда-
ларда біраз ойнап, бутсысын 2001 жылы
«Металлург» (Латвия) клубының сапында
жүріп шегеге ілген екен.
Халықаралық дәрежедегі спорт
шебері. 1990 жылы жастар арасындағы
Еуропа чемпионы болыпты. 1991 жылы
«Торпедо» клубының сапында КСРО-ның
қола жүлдегері болған. Сол жылы УЕФА
кубогының ширек финалына дейін
жеткен. Мәскеудің осы клубымен 1993
жылы Ресей кубогының иегері де болыпты.
1992 жылы Оңтүстік Кореяның күміс
жүлдегері атанған. 2001 жылғы Латвияның
қола жүлдегері.
2002 жылдан бастап бапкерлік қызме-
тін бастаған. 2005 жылға дейін СДЮШОР
«Торпедо-Металлург» (Мәскеу) клубында
жаттықтырушы болған. Оның арасында
(2003 жылы) «Орел» (Орел) клубының
аға жаттықтырушысы болыпты. Одан кейін
«Москва» клубының қосалқы құрамында
бас бапкер қызметін атқарған (2006-2008
жылдар). 2009 жылы осы клубтың негізгі
құрамында жаңа ойыншылар іздеу жөнін-
дегі маман болған. 2010 жылы «Торпедо»
(Мәскеу) жаттықтырушысы болса, 2011
жылдан бері Ресейдің 17 жасқа дейін гі
жасөспірімдер құрамасының аға
жаттықтырушысы қызметін атқарған (сәуір
айына дейін). Енді міне, Қазақстан жаста-
рына аға жаттықтырушы болып отыр.
Байқайық, Ресей маманының да әусе-
лесін...
Осы аптада 19 жасқа
дейінгі Қазақстан жастар
құрамасының бапкері
ауысты. Серб маманы
Небойша Миличичтің
орнына ресейлік Михаил
Соловьев тағайындалды.
ДОДА
«Ертіс» футбол клубының қақпашысы Давид Лория Түркия
чемпионатына ауысты деп естідім. Қай клубтың сапында өнер
көрсететін болады? Қай уақытқа дейін Түркияда ойнамақ?
Мейрамбек ОҢҒАРОВ, Кереку өңірі
Иә, Давид Лория клуб ауыстыр-
ды. Қазақстанның бір коман
да-
сынан екіншісіне емес, бірден Түр-
кияға аттанды. Рас, жаңа клубы
«Ри зеспор» Түркияның суперлига-
сын да емес, «Банкасия» деп атала-
тын екінші лигасында өнер
көрсететін клуб. Дегенмен, ин фра-
құ ры лымы жөнінен «Фенербахче»,
«Галатасарай», «Бешикташ», «Траб-
занспор» сынды клубтардан кейінгі
5-орынға ие. Датоның көмегімен
Түркияның жоғарғы дивизионына
жолдама алуды алдарына мақсат
етіп қойып отыр.
Айта кетейік, 30 жастағы қақ-
пашымыз «Ризеспормен» 2014
жылдың 31 мамырына дейін келі-
сімшартқа отырды. Яғни Түркия
алаңдарында екі жыл доп тебетін
болады. Ал Лория сынды тәжіри-
белі қақпашысынан айырылған
Керекудің «Ертісі» соңғы үш ойын-
да Вячеслав Котлярдың қызметіне
жүгініп жүр.
«Қара теңіз қаршығалары»
деген лақап аты бар «Ризеспор»
1953 жылы құрылған. Стадионы
«Ризе Ататүрік» 10459 көрермен
сидыра алады. Ризе қаласының
командасы. Түркия Суперлига сын-
да 13 маусым өткізген. Соңғы рет
жоғарғы топта 2007/08 жылғы
футбол маусымында өнер көр-
сетіпті. Өткен жылы Түркия «Бан ка-
сиясында» 3-орын алып, Супер-
лигаға сәл ғана жетпей қалған. Бас
бапкері – Гирей Булак.
Қазақстанның волейболшы қыздары Лондон Олимпиадасынан сырт қалды. Осыдан төрт жыл
бұрын Елена Павлова бастаған қыздарға тілеулес болып едік... Менің білгім келетіні, біздің
қыздар халықаралық турнирге қатысып жатыр екен. Сол турнирдегі ұлттық құраманың аяқ
алысы қалай?
Бағлан БЕКҚОСЫНОВА, Шу қаласы
Бұл күндері Вьетнамның Винь Пхук қаласында
волейболдан «Вьетнам телевизиясының кубогы»
жолындағы әуе доп додасы өтуде. Аталмыш халық-
ара лық додаға алты ұлттық құрама және екі клуб қа-
тысып жатыр. «А» тобына түскен Қазақстан құрамасы
алғашқы кездесуінде Тайланд қыздарын 3:0 есебімен
ұтты. Александр Гутор шәкірттері негізінен жастардан
құралған Тайланд қыздарына еш мүмкіндік берген
жоқ. Екінші топтық кездесуінде Солтүстік Корея
қыздарын да тізерлетті. Сана Жарылғасова бастаған
қыздарымыз кәрістерден 3:1 есебімен басым түсті.
Жалпы, Александр Гутор жаттықтыратын Қа зақ-
стан н ың қыздары Вьетнамдағы турнирге қатысып қа-
на қоймай, осы мемлекетте оқу-жаттығу жиында рын
өткізіп жатыр. Қазақстан волейбол федера ция сы ның
ресми сайты таратқан мәліметке сүйенсек, қыз-
дарымыз бүгін Жапониямен ойнайды. Жапон қыз дары
Азияның маңдайалды командаларының бірі болып
есептеледі. Әзірге, бірде-бір рет жеңіліп көр меген
Қазақстан және Вьетнам құрамалары жар
тылай
финалға жолдама алып қойды. Турнир жеңім па зына
8 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы табыс етілмек.
БІЗДІҢ ОЛИМПИАДАШЫЛАР
Үш ноян
Басы 1-бетте
Елімізде ұлттық ат спорты түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөлініп
отыр. Соның бір айғағы, Павлодарда ұлттық ат спорты түрлерінен
жастар мен жасөспірімдер арасындағы алғашқы Қазақстан чемпионаты
басталды.
Бұл біріншілікке еліміздің Дене тәрбиесі
және спорт істері жөніндегі агенттік мұ рын-
дық болуда. Өкініштісі, бұл чемпионатқа
төл өнерімізді дәріптейтін еліміздің жеті
аймағының ғана командалары келіпті.
Олар «Қыз қуу», «Теңге алу», «Көкпар»,
«Ау
дарыспақ» сынды ұлттық ойындар
бойын ша сынға түседі. Шығыс және Оң-
түстік Қазақстан облыстары чемпионат бағ-
дарл амасына енген спорт түрлерінің бар-
лығына өз спортшыларын әкеліп қосты.
Орал дың да командасы толыққанды. Ал
қал ған облыстардың спортшылары жоға-
рыд а аталған ұлттық спорт түрлерінің бірі-
не қатысса, біріне қатыспайды.
Осы саланың мамандары барлық кінәні
облыстық спорт басқармаларының басшы-
ларына артып отыр. Ұлттық өнерге жаны
ашыған облыстық спорт басқармаларының
басшылары ғана Керекуге команда
жасақтап жіберген. Өйткені арғымақтарды
арлы-берлі тасымалдауға қомақты қаржы
жұмсалатын көрінеді.
Әйтсе де, мамандар осындай ел бірін-
шілігінің басталғанына қуанышты. Келер
жылы да жалғасын тауып, жағдай түзеле
түсер деген үмітте.
Өкінішке қарай, көрермен қарасы да
шамалы. Себебі чемпионаттың болатыны
алдын ала хабарланбаған...
Телжан КҮДЕРОВ
Арғымақ мініп, жастар түсті жарысқа
ҰЛТ
ТЫҚ СПОР
Т
Мұратбек ҚАСЫМХАНОВ, бас бапкер:
Күні
С/д
Аты-жөні
05.08.
74 келі
Асхат Ділмұхамедов
06.08.
60 келі
Алмат Кебіспаев
06.08.
84 келі
Даниял Гаджиев
06.08.
120 келі Нұрмахан Тінәлиев
07.08
66 келі
Дархан Баяхметов
«Классиктеріміздің» Лондон
Олимпиадасындағы белдесу кестесі:
Лондон Олимпиадасында грек-рим күресінен Қазақстанның
намысын бес балуан қорғайды. Бесеуі де «сен тұр, мен атайын»
деген жігіттер. Баптары келісіп тұр, енді бақтары жанса,
әрқайсысы бір-бір медальдан алып келе алады. Тіпті алтын
алуға әлеуеті жететін саңлақтарымыз да бар. Сондықтан,
Олимпиаданың алдында осы балуандардың бас бапкері
Мұратбек Қасымхановпен сұхбаттасқан едік.
тіреп, аталмыш турнирдің соңғы күні
«Манчестер Сити» (Англия) клубымен
кездесті. Тұманды Альбионда тасы өрге
домалап тұрған клубтың ізбасарлары
Гаагадағы турнирдің «А» тобында соңғы
орынды иеленген екен. Бірақ олар да
Қазақстан U-19 құрамасына әлімжеттік
жасады. Есеп – 0:3.
Сөйтіп, голланд топырағындағы турнир-
де Миличич жетекшілік еткен жастарымыз
төрт ойын өткізіп, қарсыластарының еш-
қайсысына да төтеп бере алмай, жігерімізді
құм қылып қайтқан. Бар болғаны бір гол
соғып, өз қақпаларына 13 гол жіберіп алды.
Ал қазан айында Қазақстан U-19 құра-
масы 2013 жылғы Еуропа чемпионатының
іріктеу турниріне қатысуы керек. Қарсы-
ластары – Словакия, Норвегия, Босния мен
Герцоговина.
Голландиядағы ойындарының сиқы
анау. Миличич клубтық деңгейдегі додада
да біліктілігімен көзге түсіп жүр деп айта
Эльмир Эльдарұлы Әлімжанов
Туған жылы: 5 қазан 1986 жыл
Семсерлесу спортының түрі: шпага
Жеке бапкері: Эльдар Әлімжанов
Жетістіктері: 2006 жылғы жасөс-
пірім дер арасындағы әлем чемпионы
(ко мандалық сында). Азия чемпи о на-
тының үш дүркін күміс жүлдегері
(2008, 2011 және 2012 жылдар).
2010 жылғы Азия ойындарының кү-
міс жүлдегері (командалық сында).
2012 жылғы әлем кубогы кезеңінің
қо ла жүлдегері (Таллин). Бірнеше дүр-
кін Қазақстан чемпионы. Халықаралық
дәрежедегі спорт шебері.
Дмитрий Алексанин
Туған жылы: 21 қазан 1992 жыл
Семсерлесу спортының түрі: шпага
Жеке бапкері: Игорь Ярмолкевич
Жетістіктері: 2012 жылғы әлем кубо-
гы кезеңінің қола жүлдегері (Париж).
Жасөспірімдер арасындағы Азияның
екі дүркін чемпионы. Қазақстан чем-
пионы. Халықаралық дәрежедегі
спорт шебері.
Юлия Живица
Туған жылы: 12 сәуір 1990 жыл
Семсерлесу спортының түрі: қылыш
Жеке бапкері: Вилорий Дьяококин
Жетістіктері: Лондон Олимпиадасы-
ның Азия аймағы бойынша Жапония-
да өткен іріктеу турнирінің жеңімпазы.
Қа зақстанның бірнеше дүркін чемпио-
ны. Спорт шебері.
Соңғы рет Қазақстан нояндары Сид-
ней Олимпиадасында бақ сынаған-ды.
«Жасыл құрлыққа» бес семсершіміз бар-
ған (Игорь Цель, Андрей Колганов, Сер-
гей Шабалин, Наталья Гончарова және
Нел ля Севостьянова). Бірақ олар 35-40
орын дармен шектелген-ді. Содан семсер-
ші леріміз екі Олимпиада ойындарына
бара алмай, жер шұқыды. Бұл жолы үш
ноянымыз Лондон төрінде бақ сынау құ-
қығына ие болып отыр. Әрі үшеуінің
біреуі жүлделі орындарға сына қағуға
жарап қалған...
«Жүлдеге ілігуі мүмкін» деп үміт артып
отырған ноянымыз – Эльмир Әлімжанов.
Ол биыл аса жоғары деңгейде өнер
көрсетіп, бір жылдың ішінде бүкіләлемдік
рейтингте қарыштап жоғары көтерілді.
Өткен жылдың басында дүниежүзілік
рейтингте 64-орында тұрса, жыл соңына
қарай 25-30 орындарда тербеліп жүрген
еді. Ал қазір төртінші орында тұр. Бүкіл-
әлемдік рейтингте төртінші! Қазақстан
семсершілері бұрын-соңды мұндай
биікке көтерілген жоқ-тын. Ендеше, бұл
– отандық семсерлесу спортындағы ең
жо ғары көрсеткіш. Өздеріңіз ойлаңыздар-
шы, үлкен теннистегі төртінші орында тұр-
ған спортшыны төрткіл дүние білмей ме?!
Бүкіл әлем халқы әлемнің төртінші ракет-
касын айдаладан таниды, оның қандай
көлік мініп, қандай қызбен жүретіндігін де
жатқа соғады. Өкінішке қарай, семсерлесу
спорты ондай мәртебеге ие бола алмай
отыр. Бүкіләлемдік рейтингтегі төртінші
ноянымызды төрткіл дүние тұрмақ, туған
жеріндегі жанкүйерлер жыға танымайды.
Әлімжанов осылай бір жыл бойы аса
жоғары деңгейде тұрақты өнер көрсетіп,
шпагашы көшбасшыларымен үзеңгі қа-
ғыстырды да, өзінің ізін басып келе жат-
қан жас талантымызға жол ашты. Әлем
кубогының сегіз кезеңдік сайысына, Азия
және әлем чемпионатына қатысып, бәрін
де үздіктермен терезесі тең өнер көрсетті.
Сөйтіп, бүкіләлемдік рейтингте төртінші
орын ға жайғасты да, Лондон Олимпиа-
дасына қол жеткізді. Осылай, Әлімжанов
Лондон Олимпиадасының лицензиясын
әлемдік рейтингтен еншілеп, Алексанин
Азияға бөлінген екі жолдаманың біріне ие
болды. Әрі қазақ топырағынан шыққан
екі ноян Азия алпауыттарының небір үздік
семсершілерінің алдын орап кетіп,
көптеген елдің хас шебер шпагашылары
Лондон Олимпиадасын теледидардан
ғана көретін болды. Мәселен, жапон жі-
гіт тері «қылыштарын» тасқа ұрып, Олим-
пиадаға бара алмайтын болды.
Ал Юлия Живица Олимпиада жолда-
масына Жапонияда өткен Азияның олим-
пиадалық іріктеу турнирінде қол жеткізді.
Сәуір айында Азия аймағы бойынша
соңғы жолдамалар сарапқа салынып, сол
турнирде Живица жеңімпаз атанды. Яғни
бірінші орынға ие болып, ең соңғы
мүмкіндікті мүлт жібермей, пайдаланды.
Қазақстан нояндарының көшбасшысы
Эльмир Әлімжановты баулып, осындай
деңгейге көтерген – әкесі Эльдар Әлім-
жанов.
Мақсаттары: Үшеуі де Олимпиада
ойын дарына бірінші рет бара жатса да,
«жоғары нәтиже көрсетсек» деп жер
тарпып тұр. «Олимпиада жолдамасын ал-
дық, мұның өзі үлкен жетістік емес пе,
осы ған да шүкір» деп тоқмейілсіп жүрген
жоқ дейді елімізге танымал, білікті бапкер
Эльдар Әлімжанов.
Жалпы, бапкерлер алқасы «Әлімжанов
жүлдеге ілігіп, Алексанин мен Живица ал-
ғаш қы сегіздікке сына қақса» деп отыр.
Мақ сат – осы. Дәл қазір Эльмирдің қабі-
ле ті бұған жететіндей. Тек бағы мен бабы
қатар шапсын дейік. Ал Дима мен Юлия
алғашқы ондыққа, тіпті жиырмалыққа
іліксе де, мұны еңбектің еш болмағаны
деп есептер едік.
Мүмкіндіктері: Семсерлесу спорты
– нағыз олимпиадалық принципті спорт
түрі. Мұнда қарсыласыңды жеңдің бе,
келесі айналымға шығасың. Жеңілсең,
үйге қайтасың. Финалға дейін солай.
Әрбір сайыс «жекпе-жек» ақтық сын іс-
пет ті. Сондықтан Олимпиада ойындарын-
да бақ сынайтын 32 ноянның жүйкесі сыр
бермейтіндері ғана алысқа шабады.
Кейде аса танымал емес нояндардың
Олим пиада чемпионы болып жататын-
дығы да содан. Сондықтан бұл тұрғыда
біздің нояндарға жеңілдеу болуы керек.
Оларға «алтын алуға міндеттісің» деп
ешкім жүйкелеріне күш түсіріп жатқан
жоқ. Яғни мүмкіндік жоқ емес.
Басты қарсыластары: Бұл спорт
түрін де әрбір қарсыласың – басты бәсе-
келесің. Десек те, Эльмир үшін бірінші
айналымнан өту аса қиын болмас. Себебі
ол бірінші айналымда рейтингі төмен
ноян мен кездесу керек. «Ал екінші айна-
лымда кәріс немесе поляк жігітіне тап бо-
луы тиіс» дейді Эльдар Әлімжанов. Егер
осы сатыдан сүрінбей өтсе, онда жүлденің
ауы лы да алыс емес...
Ал Дима мен Юлия бірінші айналым-
да-ақ ең үздік нояндармен кездесетін
шығар.
Артықшылықтары мен кемшілік-
те рі: Семсерлесу спортында нояндардың
аса жоғары нәтиже көрсетіп, жоғары
жетіс тік ке қол жеткізетін кездері – 25-30
жастың аралығы. Эльмир қазір 26-ға аяқ
басты. Яғни нағыз кемеліне келіп, шебер-
лігі толысқан шағы. Нағыз көсіле сілтейтін
кезі. Енді тек бағы мен бабы қатар шапса
дейміз.
Эльмир осындай жауапты сәттерде
ешкімге білдірмегенімен, көзімен әкесін
іздейді. Соны білетін Эльдар аға да
Лондонға бара жатыр. Ұлының қасында
болмақ.
Ал Дима мен Юлия – әлі жас. Осы
жастықтары олардың артықшылықтары
да, кемшіліктері де болмақ.
Сұхбаттасқан Әзиз ЖҰМАДІЛ
Нұрғазы САСАЕВ
№125 (807)
19.07.2012 жыл,
бейсенбі
www.alashainasy.kz
8
e-mail: info@alashainasy.kz
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№125 (807)
19.07.2012 жыл,
бейсенбі
8
Сәтбаев көшесі
Абай даңғылы
Құрманғазы көшесі
Қабанбай батыр көшесі
Достық даңғылы
Луганский көшесі
Бегалин көшесі
Бегалин көшесі
«Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259
Редакцияның мекенжайы:
Алматы қаласы, Бегалин көшесі, 148/1 А
Телефон: 8(727)388-80-60,
Факс: 8(727)388-80-61
e-mail: info@alashainasy.kz
Республика
сарайы
Коккинаки көшесі
Байтасов көшесі
«АЛАШ АЙНАСЫ»
Бегалин
көшесі, 148/ 1а
Шілденің 19-ы
Алаштың атаулы күні
7 жыл бұрын (2005) Баянауыл ауданындағы Қаныш Сәтбаевтың
туған ауылы Теңдікте қазақтың алғашқы академигіне арналған
болашақ мемориалды кешеннің бірінші іргетасы қаланды.
Туған күн иелері
Ғани Қалиев
(1938) – «Ауыл» партиясының төрағасы, экономика
ғылымының докторы, профессор, академик;
Владимир Нехорошев
(1945) – қоғам қайраткері;
Дулат Сембин
(1954) – «ҚазТрансОйл» АҚ департамент директоры;
Ғалым Доскен
(1960) – «Ел» продюсерлік орталығының жетекшісі;
Алан Балфанбаев
(1964) – Су спортынан Қазақстанның еңбек
сіңірген жаттықтырушысы, спорт шебері, Халықаралық санаттағы
төреші, Достық кубогының иегері;
Қайсар Жанаханов
(1972) – «Литер» газетінің бас редакторы;
Азиз Оразбаев
(1988) – «Алаш айнасы» газетінің тілшісі.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып,
мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»
Белгілі есімнің белгісіз сыры:
ҚАЙСАР –
таза қазақи есім. Қайсарға қайратты, жігерлі, күшті,
қажырлы және батыл сөзі балама бола алады. Жаңа туған сәбиге
«алған бетінен қайтпас, рухи биік, жүрегі таза болсын» деген
пейілмен қойылады. Ел ішінде өте жиі кездесетін есім.
Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ
Газетіміздің №124 (806) санында жарияланған сканвордтың жауабы
КӨЛДЕНЕҢІНЕН:
Ангор. Ева. Райт. Трапп. Иба. Осетин. Офис. Тәулік. Ана. «Ока». Бриар. Атау. Риал. Моа. Ма. Ылди. Трос.
ТІГІНЕН:
Эндрофин. Тал. Аба. Форпост. Руми. Рапс. Әди. Езу. Арат. Петит. Лори. Бишік. «АМО». Қаған. Кайлас.
05,30
14,57
20,27
ТАРАЗЫ
Сіз бұл күнді айтарлық-
тай жаңалықсыз, тыныш
өткізесіз. Әрине, егер өзі-
ңіз алыс болашаққа жос-
пар құрып, әлек болмаса-
ңыз, барлығы да жақсы
бо лады. Алдын ала тәжіри-
беден өткізудің қажеті ша-
малы, бәрі өз уақытымен
келеді.
САРЫШАЯН
Кәсіби тапсырмаларды
сіз бүгін таңғаларлықтай
өте жылдам әрі тиімді етіп
орындайсыз. Тіпті бәсеке-
лес теріңіздің өзі мұны мо-
йындап, қарсы тұра алмас.
Бұл «байқампаздық пен іс-
кер ліктің арқасында» деп
басшылар да қолдайды.
МЕРГЕН
Өте жемісті күн. Сіздің
ойыңызға неше түрлі жақ-
сы идеялар келеді, сол
үшін шабытыңызды оятса-
ңыз болды. Бойыңыздан
өзіңіз де, басқалар да күт-
пеген жаңа талант табылады.
Жеңісіңіз бәсекелестерді қа-
русыздандырады.
ТАУЕШКІ
Кәсіби және жеке тұр-
ғыдағы көптеген мәселе-
лерді бүгін оңды шеше
аласыз. Күрделі деген кез
келген сын сізге қорқыныш-
ты емес. Барлық жерден
амал тауып шыға аласыз.
Ақшаңыз аз бола тұра, бар-
лық керектіге жеткізе аласыз.
СУҚҰЙҒЫШ
Бұл күні сіз біршама
қиын жағдайға тап бола-
сыз. Айтарлықтай қиын
шешім қабылдауға тура
келеді. Алайда сіз өзіңіз не
қалайтыныңызды білмейсіз.
Сізге жақындарыңыздың
қол дауы, қиын сәтте жаны-
ңыз дан табылатын адам ке-
рек.
БАЛЫҚТАР
Сіз бүгін өзіңізді көптен
бері мазалап жүрген сұ-
рақтардың жауабын таба-
сыз. Егер маңызды шешім
қабылдау қажет болса, сезім
мен көңіл-күйдің әсеріне
берілмей, ақыл-ойдың тара-
зысына жүгініңіз. Туысқанда-
рыңызбен көрісесіз.
ТОҚТЫ
Бұл күні кәсіби істерде
сәттілік күтеді. Алдыңыз-
да тұрған тапсырмаларды
асықпай ойланып, мәселе-
лерді шешетін дұрыс жол
табасыз. Ақылыңызға бағы-
ныңыз, ал сезімталдығыңыз
көмектеспейді. Қызықты
ұсы ныс түседі.
ТОРПАҚ
Сіз бүгін өзіңізді де,
жақындарыңызды да
босқа мазасызданудан
құтқаратын дұрыс шешім-
дер қабылдайсыз. Өзіңізге
тән жинақылық пен әдісшіл-
дігіңіздің арқасында басқа-
ларға пайымды кеңес, пара-
сатты ескерту айтып, ырза
ете сіз.
ЕГІЗДЕР
Бұл күні сіздің күш-
қуатыңыз мол іскерсіз әрі
шаршамайтын майтал-
ман сыз. Көптеген мәселе-
лердің шешімін шемішкедей
шағып, жан-жағыңыз дағы-
ларға жаға аласыз. Жұмыста
табысқа жетуге және жағ-
дай
ды жақсартуға жақсы
күн.
ШАЯН
Бір нәрсе жасамас бұ-
рын алдын ала жақсылап
ойланғаныңыз жөн. Асы-
ғыс тық кез келген істе ке дер-
гісін тигізуі мүмкін. Бүгін үй
шаруасымен айналысатын
болсаңыз, абай болыңыз.
Кешке жақсы әндер тыңдап,
музыкамен демалыңыз.
АРЫСТАН
Бұл күні өзіңізге тән
еркіндік пен тәуелсіздік
шек тен шығып кетуі мүм-
кін. Өйткені жақындары-
ңызбен жоспарыңызды бө-
ліс кіңіз келмейтіні бір бөлек,
сондай-ақ болған оқиғаны
да айтпайсыз. Нәтижесінде
ренжісуіңіз мүмкін.
БИКЕШ
Жұмысқа ыңғайлы
әрі үйлесімді күн. Әрине,
табыс пен еңбектегі жеңіс
өзінен өзі келмейді, алай-
да төккен теріңізге өз кезе гі-
ңізде әділ марапат, сыйақыға
ие боласыз. Осы күн сүйікті-
ңіз бен болашаққа жоспарлар
құруға да аса қолайлы.
Алматтың әзілдері
Немересі атасына:
– Ата, осы сіз феодализм кезінде де, социализм
дәуірінде, енді міне, капитализм тұсында да өмір
сүріп келесіз. Шыныңызды айтыңызшы, қай заман-
да өмір сүрген жақсы?
– Е-е, несін айтасың, балам, бай болсаң – феода-
лизмде, кедей болсаң – социализмде, ұры болсаң
капитализмде өмір сүрген жақсы...
***
Сот залында:
– Айыпкер, сіздің бір дүкенге үш рет ұрлыққа
түсуіңіз дің себебі неде?
– Бірінші мәрте әйеліме көйлек алдым. Одан
кейін әйелім «көйлекті ауыстырып кел, түсі ұнамай
тұр» деп екі рет жұмсады. Бітті, бар шындық – осы...
***
Даяшы мейрамхана қонағына:
– Шай ма, әлде кофе ме?
– Шай.
– Таппадыңыз, кофе!
***
Мейрамханада:
– Даяшы, менің тапсырыс бергеніме екі сағат
болды. Енді қанша күтуге болады?
– Екі сағат шыдадыңыз ғой, тағы да он минут
күтсеңіз, біз де жабыламыз...
www.alashainasy.kz
e-mail: info@alashainasy.kz
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
ДУМАН
Ке
зекшi ред
ак
тор – Алма
т ИСӘДІЛ
Республикалық
қоғамдық-саяси
ақпараттық газет
Бас редактор – Серiк ЖАНБОЛАТ
Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ
Бас ред
ак
тордың бiрiншi орынб
ас
ары
Дархан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ
Бас ред
ак
тордың орынб
ас
ары
Айдын ҚАБ
А – ж
ау
апты х
атшы
Талға
т КIРШIБ
А
ЕВ –
ж
ау
апты х
атшының орынб
ас
ары
Нұрлыб
ай ИТЕКБ
АЕВ –
те
х.ред
ак
тор
Күләш НАҚЫПОВ
А
–
аға к
оррек
тор, т
ел.:
388-80-76
Газе
т 2008 жылдың 17 қар
ашасынд
а ҚР Мәдение
т және ақпар
ат
минис
трлiгiнде тiрк
елiп, бұқар
алық ақпар
ат құр
алын есепк
е қою
тур
алы №9650-Г к
уәлiгi берiлг
ен.
Ред
акция авт
орлар мақаласы мен ж
арнама мазмұнына ж
ау
ап
бермейдi.
Авт
орлар қо
лж
азб
асы өңде
лмейдi және к
ерi қайт
арылмайды.
Көлемi екi к
омпью
терлiк бе
тт
ен (14 к
ег
ль) ас
атын ма
териалд
ар
қабылд
анб
айды.
«Алаш айнасынд
а» ж
арияланған ма
териалд
ар мен с
уре
тт
ердi
көшiрiп немесе өңдеп б
ас
у үшiн ред
акцияның ж
азб
аша рұқс
аты
алынып, г
азе
тк
е сiлт
еме ж
ас
алуы мiнде
ттi.
Құрылтайшысы және меншiк иесi
– «ТОЛҒАУ» ЖШС
Директор –
Александр Филимонович АН
Алма
ты қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС
Қалд
аяқов көшесi, 17-үй. Т
ел.:
8
(727) 273-12-04, 273-12-54
Тапсырыс – №1574
Ас
тана қаласы «А
ст
ана-По
лигр
афия»,
Бр
усиловский көшесi, 87-үй. Т
ел.:
8
(7172) 37-05-59
Тапсырыс – №1314
Бағасы к
елiсiмдi
Таралымы – 10 000 дана
Газе
т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.
«А
лаш
айнасы
» г
аз
ет
iн
е ж
азы
лу
ин
де
кс
i: 6
42
59
Ре
да
кц
ияның
м
ек
ен
жайы
:
Ал
ма
ты
қ
ал
ас
ы,05
005
1,
Б
ег
ал
ин
кө
ш
ес
і, 1
48
/1 А
e-
m
ail
:
inf
o
@
a
lashainas
y.
kz
Аймақтағы тiлшiлер:
Атыр
ау – Бақытгүл Б
АБ
АШ, т
ел.: 87015533653
Қа
ра
ға
нд
ы –
Қ
ыз
ға
лд
ақ
А
Й
ТЖ
АН
О
ВА
, т
ел.:
87014901976
Ж
амбыл – Гүлж
ан КӨШЕРОВ
А, т
ел.: 8701 7711648
Қызылж
ар – Ерб
ақыт АМАНТ
АЙ, т
ел.: 8 705 4418255
Қызылорд
а – Әділж
ан ҮМБЕ
Т, т
ел.: 8777 7054466
Өск
емен – А
зама
т ҚА
СЫМ, т
ел.: 8777 3554114
Шымк
ент – Шадияр МО
ЛДАБЕК, т
ел.: 8705 9877799
Ор
ал – Т
оқт
ар КЕНЖЕҒА
ЛИЕВ, т
ел.: 87756720806
Бөлiм редакторлары:
Құб
аш МЕҢДIҒА
ЛИЕВ – с
аяси бюро, т
ел.:
388-80-72
Берiк ӘШIМОВ – нарық, т
ел.:
388-80-69
Қалд
ар КӨМЕКБ
АЕВ – қоғам, т
ел.:
388-80-65
Алма
т ИСӘДIЛ – өрк
ение
т, т
ел.:
388-80-64
Нұрғазы СА
САЕВ – дод
а (спор
т), т
ел.:
388-80-74
Бо
ла
тбек МҰХТ
АРОВ – ж
аңалықт
ар, т
ел.:
388-80-68
Дәурен ҚҰДАЙБЕРГЕН – меншiк
тi
тiлшiлер қосыны, т
ел.:
388-80-62
Тар
ат
у қызме
тi
(бөлшек
теп с
ат
у және ж
азылу)
те
л.:
8 (727) 388-80-88
Ж
арнама бөлімі
те
л.:
8 (727) 388-81-00 8 (727) 380-41-78
e-
m
ail
:
alikulova.a@orangepoint.kz
Қабылдау бөлмесі: 8(727)388-80-60, факс: 8(727)388-80-61
Астана бюросы:
Мек
енж
айы: Сейфу
ллин көшесi, 31, офис 414«б»
Те
л.
:
8 (7172) 54-27-31
E-mail: aa_as
tana@mail.ru
Айбын ШАҒА
ЛАҚОВ –
Аста
на
б
ю
росының ж
ет
екшiсi
Салт
ан СӘКЕН – тiлшi
Қана
т Т
ОҚАБ
АЕВ – тілші
Арман А
СҚАРОВ – тілші
Ауа райы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
19
Шілде 2012
Жк
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
Дс
Сс
+30+32
о
+23+26
о
+32+37
о
+25+32
о
+33+37
о
+26+30
о
+30+32
о
+29+31
о
+30+33
о
+20+31
о
+33+37
о
+25+29
о
+32+35
о
+21+25
о
+36+40
о
+32+34
о
+36+40
о
+30+34
о
+33+37
о
+24+28
о
+31+35
о
+21+24
о
+28+32
о
+20+24
о
+28+32
о
+19+23
о
+29+33
О
+24+28
О
+28+30
о
+20+22
о
+30+33
о
+24+27
о
+28+32
О
+21+25
О
+17+29
о
+14+17
о
5
5
5
5
5
5
5
5
5
5
5
о
о
о
о
о
о
о
о
о
о
о
о
о
о
о
о
о
о
о
о
о
о
о
о
о
о
о
о
о
о
о
о
СКАНВОРД
Есепті шешу
тәсілі
Сауытсыз
тасбақа
Император
Калигуланың
сенатор
жылқысы
Құйрықты
жұлдыз
Жарылғыш
зат
Шекпен
түрі
Индонезия.
жылан
пішінді ирек
қанжары
Діни атақ
Құн,
баға
Шалбар
бөлігі
Вьетнам
ақшасы
Уәде
Үш жасар
қыран құс
Жұбайлар
анасы
Өсімдік
сөлі, бояу
Германия.
өзен
Бірлескен
адамдар тобы
Албания
Құдалар
киімі
Алтынса-
риннің
кейіпкер
баласы
«Наутилус»
капитаны
Сәкі
Ішектен
жасалған
медицина-
лық жіп
Улы
шыбын
Ұрғашы
түйе
Гольфшының
көмекшісі
Зевс пен
Леданың
сұлу қызы
Ескерткіш
түрі
Мекемелік
парақ қағаз
Қитар
Табақ,
шара
Жан
Мейірімді, рахымды Алланың
атымен бастаймын!
Барлық мақтау мен мадақ әлем-
дердің Раббысы Алла тағалаға, сан-
сыз салауатымыз сүйікті пайғамбары-
мызға (с.ғ.с.) болсын! Жыл бойы
сағына күткен қасиетті Рамазан айы-
на жеткеніміз үшін Жаратқан иемізге
сансыз шүкірлік етеміз.
Құрметті мұсылман бауырлар
мен қымбатты отандастар!
Баршаңызды мүбарак Рамазан
айының келуімен шын жүректен
құттықтаймын! Ұлы Жаратушының
пенделеріне тартқан теңдессіз сыйы
– қасиетті Рамазан – сансыз құлшы-
лық пен дұға-тілекке толы сауабы
мол ізгі амалдар үздіксіз жалғасқан,
күн мен түн де тұтастай Жасаған
иеміздің рахымы мен мейіріміне
тұнған ай. Кез келген басқа мерзім-
мен салыстырғанда жақсылықтар
мен сауаптардың сансыз еселеніп
жазылар айы да – Рамазан.
Ораза адам жанын тазартып,
жаман іс-қылықтардан сақтайды.
Құранда Алла тағала: «Ей, иман
еткендер! Күнәлардан сақтанып,
тақуалыққа жетулерің үшін сендерге
бұрынғыларға парыз етілгендей
ораза парыз етілді» («Бақара» сүресі,
183-аят), – дейді.
Аятта айтылғандай, оразаның
мақсаты – мұсылманды рухани та-
зар тып, тақуалыққа жетелеу. Тақуа-
лық – күнәдан сақтану, Алла тағала-
дан қорқу, тек соған ғана сиынып,
жалбарыну. Ендеше тақуалық – Алла
тағалаға бойұсыну, әмірлеріне құл-
дық ұрып, тыйғандарынан тыйылып,
иманды, көркем мінезді, парасатты
жан ретінде, Ұлы Жаратушының
сыйлаған сансыз нығметтерінен
айырылып қалудан сақтану. Демек,
оразаның мақсаты – жанды рухани
тазартып, көркем мінезге тәрбиелеу,
нәпсіні тізгіндеу.
Нәпсі – бойдағы пенделікке тән
құмарлық сезім. Адам баласының
адамгершілік биігіне көтерілуі мен
мінез-құлқын көркемдеуі – нәпсісіне
ие бола алуында. Ал нәпсіні тізгін-
деуде ораза зор мәнге ие. Мұның
басты шарты ораза тек Алла тағала-
ның ризашылығы үшін ұсталуы тиіс.
Бұл айда мұсылман жүрек түкпіріне
түрлі жат ойлардың ұялауына
уақытша болса да жол бермей,
нәпсімен күресте барынша жігерлілік
пен белсенділік танытқаны жөн.
Бүкіл дене мүшелеріндегі жағымсыз
қылықтар мен іс-әрекеттерге кісен
салуға тырысады. Тілі бос сөздерге
күрмеліп, небір жақұт-маржан наси-
хаттық сөздерге ағытылады. Қолы
адал нәрсені ұстап, аяғы сауап іздеп,
жақсылыққа қадам басады. Осындай
ізгі жандардың жадында Алла
елшісінің (с.ғ.с.): «Кімде-кім жалған
сөйлеуін қоймаса, жағымсыз қылық-
тарынан тыйылмаса, Алла тағала
ондай адамның тек ауыз бекіткеніне
мұқтаж емес», – деген салмақты ес-
кер туі жаңғырып тұрары хақ. Расында
да, ораза – мұсылман үшін үлкен
сабыр мектебі. Пенде өз білуінше,
денсаулығын көздеп ашығумен
діттеген мақсатына жете алмасы хақ.
Себебі ораза – тек Алла тағаланың
разылығы үшін жасалатын зор
құлшылық мұсылманның парызы.
Қасиетті хадисте Алла тағала: «Аузы
берік адам ішіп-жеуін мен үшін
доғарды. Ораза – мені мен құлым-
ның арасындағы ғибадат. Оған
берілетін сыйды мен ғана өлшеп,
мен беремін. Аузы берік құлымның
аштық пен шөліркегеннен шыққан
ауыз иісі мен үшін мисктен де артық»,
– дейді.
Сонымен қатар, бұл қасиетті айда
тек қана ішіп-жеуден ғана емес,
өсек-ғайбат сынды т.б. да пендеге
тән жағымсыз жаман әдет-қылық-
тардан барынша іргені аулақ салған
абзал. Өйткені ораза тек ішіп-жеуден
тыйылу үшін ғана емес, сондай-ақ
құлақ, көз, тіл күнәларынан да сақта-
ну үшін ұсталады. Сол үшін құлшылық
амалдарымызды арттырып, неғұр-
лым Алланы көбірек еске алып,
қайта-қайта Құран оқумен қатар,
мешіттердегі әр кешкі тарауих нама-
зына да қатысқан жөн. Рамазанда
мың айдан да қайырлы Қадір түнінің
қасиеті мен жасалар ғибадат-құлшы-
лықтың сауабын да санап тауысу
мүмкін емес. Құран кәрімде: «Біз оны
(Құранды) Қадір түні түсірдік. Қадір
түнінің не екенін сен білесің бе? Қадір
түні мың айдан да қайырлы. Ол түнде
Раббысының рұқсатымен періштелер
және Рух (Жәбірейіл ғ.с.) әрбір іске
(жерге) түседі. Ол түн тыныштыққа
толы. Бұл таң атқанша (жалғасады)»
(«Қадыр» сүресі, 15-аят), – делінген.
Ал Алла елшісі (с.ғ.с.) болса, осы
рамазан айы туралы: «Рамазан
келгенде жәннат есіктері ашылып,
тозақ есіктері жабылады, шайтандар
кісенделеді», сондай-ақ, «Шынында
жәннатта бір есік бар, ол Раййан деп
аталады. Ол есіктен тек ораза
ұстаушылар ғана кіреді», – деген.
Құрметті мұсылман бауырлар!
Ұстаған оразаларыңыз қабыл бол-
ғай! Алла тағала баршамызды шы-
найы ықыласпен ораза ұстаушылар
санатына қосып, жәннаттың Раййан
есігінен кіруімізді нәсіп еткей!
Қасиетті Рамазан құтты болсын!
Мейірімді, рахымды Алланың атымен!
РАМАЗАН – МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСI
«Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы,
бекем тұтынатын жолбасшы ретiнде Құран түсiрiле бастаған ай. Рамазан
айы туғанын көрген адам бiрден ораза ұстайтын болсын. Егер бiреулер
ауру болып, әйтпесе жолсапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесiн.
Алла сендерге жеңiлдiк болуын қалайды, ауырлық түсiргiсi келмейдi.»
(«Бақара» сүресi, 185-аят)
(Алматы уақыты бойынша) 2012 жыл – хижраша 1433 жыл
Рамазан
айының
ретi
Апта
күндерi
Шілде
және
тамыз айы
Таң
намазы
Күннiң
шығуы
Бесiн
намазы
Екiнтi
намазы
Ақшам
намазы
(ауыз
ашар)
Құптан
намазы
1
Жұма
20.07.2012
3:25
5:30
13:01
18:13
20:35
21:59
2
Сенбi
21.07.2012
3:28
5:32
13:01
18:12
20:34
21:58
3
Жексенбi 22.07.2012
3:30
5:33
13:01
18:12
20:33
21:57
4
Дүйсенбi 23.07.2012
3:31
5:34
13:01
18:11
20:32
21:56
5
Сейсенбi 24.07.2012
3:33
5:35
13:01
18:11
20:31
21:55
6
Сәрсенбi 25.07.2012
3:35
5:36
13:01
18:10
20:30
21:54
7
Бейсенбi 26.07.2012
3:36
5:37
13:01
18:10
20:29
21:53
8
Жұма
27.07.2012
3:38
5:38
13:01
18:09
20:28
21:52
9
Сенбi
28.07.2012
3:40
5:39
13:01
18:08
20:27
21:51
10
Жексенбi 29.07.2012
3:42
5:40
13:01
18:08
20:26
21:50
11
Дүйсенбi 30.07.2012
3:43
5:41
13:01
18:07
20:25
21:49
12
Сейсенбi 31.07.2012
3:45
5:42
13:01
18:06
20:23
21:47
13
Сәрсенбi 01.08.2012
3:47
5:43
13:01
18:06
20:22
21:46
14
Бейсенбi 02.08.2012
3:49
5:44
13:01
18:05
20:21
21:45
15
Жұма
03.08.2012
3:50
5:45
13:00
18:04
20:20
21:44
16
Сенбi
04.08.2012
3:52
5:46
13:00
18:03
20:19
21:43
17
Жексенбi 05.08.2012
3:54
5:47
13:00
18:03
20:17
21:41
18
Дүйсенбi 06.08.2012
3:56
5:48
13:00
18:02
20:16
21:40
19
Сейсенбi 07.08.2012
3:57
5:50
13:00
18:01
20:15
21:39
20
Сәрсенбi 08.08.2012
3:59
5:51
13:00
18:00
20:13
21:37
21
Бейсенбi 09.08.2012
4:01
5:52
13:00
17:59
20:12
21:36
22
Жұма
10.08.2012
4:02
5:53
13:00
17:58
20:11
21:35
23
Сенбi
11.08.2012
4:02
5:53
13:00
17:58
20:11
21:35
24
Жексенбi 12.08.2012
4:06
5:55
12:59
17:56
20:08
21:32
25
Дүйсенбi 13.08.2012
4:08
5:56
12:59
17:55
20:06
21:30
26
Сейсенбi 14.08.2012
4:09
5:57
12:59
17:54
20:05
21:29
27
Сәрсенбi 15.08.2012
4:11
5:58
12:59
17:53
20:04
21:28
28
Бейсенбi 16.08.2012
4:13
5:59
12:59
17:52
20:02
21:26
29
Жұма
17.08.2012
4:14
6:00
12:58
17:51
20:00
21:24
30
Сенбі
18.08.2012
4:16
6:02
12:58
17:50
19:59
21:23
ҚАСИЕТТI РАМАЗАН АЙЫНДАҒЫ ОРАЗА
ҰСТАУ МЕН НАМАЗ ОҚУ УАҚЫТЫНЫҢ КЕСТЕСI
ЕСКЕРТУ:
Биыл, яғни 2012 жылы мұсылмандық ай күнтізбесі бойынша
қасиетті Рамазан айы – 30 күн.
1.Тамыздың 14-інен 15-іне қараған түн – Ләйләтул-Қадр, яғни
қасиеттi Қадiр түнi.
2.Сәресi iшу таң намазының кіруіне 10 минут қалғанда тоқтатылады.
3.Ауызды ақшам намазының уақыты болысымен құрмамен немесе
сумен және т.б. жеміспен де ашуға болады.
4.Тарауих намазы Құптан намазынан кейiн оқылады, ал Үтiр-Уәжiп
намазы ең соңынан жамағатпен оқылады.
5.Пiтiр-садақаны Рамазан айының басынан айт намазына дейiн
беруге болады. Пітір Алматы бойынша – 100 теңге.
6.19 тамыз (жексенбі) күнi Ораза айт мейрамы басталады. Айт
намазы Алматыда сағат 7.00-де оқылады.
7.Оразаға ниет: Алла тағала үшін мүбарак рамазан айының
оразасын ұстауға таңнан күн батқанға дейін ниет еттім.
8.Ауыз ашар дұғасы:
«Жаратқан ием, Сен үшін ораза ұстадым,
Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризық
несібеңмен ауыз аштым. Иә, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және
соңғы күнә-кемшіліктерімді кешіре гөр!»
Құрметтi мұсылман бауырлар!
Алла тағала бәрiңiзге мықты денсаулық, зор күш-қуат берсiн,
жасаған ғибадаттарыңызды қабыл етсiн!
2012 ЖЫЛДЫҢ 20 ШІЛДЕСІ – ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫНЫҢ БІРІНШІ КҮНІ
Қасиетті Рамазан құтты болсын!
Шейх Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, бас мүфти: