Білім ұйымдарын дамытудың жаңа тенденциялары
Өткені. Қазіргісі
|
Қазіргісі. Болашағы
|
1
|
2
|
Оқытушы-оқу үрдісінің режиссері
|
Режиссерлік оқыту негізіне алынған материалдың қүрамына кіреді
|
Оқытушы жауапкершілікті өз мойнына алады
|
Жауапкершілікті оқушы, студент өз мойнына алады
|
Жетектеумен жұмыс істеу іскерлігін жүзеге асырады
|
Дербес өзі жүмыс істеу іскерлігін жүзеге асырады
|
Оқытушының белсенділігі оқушының белсенділігінен артық
|
Оқушының белсенділігі оқытушының белсенділігінен артық
|
1. Бағдарламаның мәні
Бағдарлама - бұл үжымның немесе бір топ адамдардың бірлескен іс- әрекетінің нормативті үлгісі, оның негізінде төмендегідей жағдайлар анықталады:
а) жүйенің осы шақтағы жағдайы;
ө) жүйенің болашақтағы күтетін жағдайы;
б) осы шақтан болашакқа өту іс-әрекетінің мазмұны, құрылымы, жолы.
Білім ұйымдарының даму стратегиясының түрлері
Бірінші стратегия - локальды өзгеріс, мұнда білім ұйымының белгілі бір бөліктерінің өзгеруі, жаңаруы көзделеді. Бұл өзгерістер бір-бірінен бөлек, жеке жоспарлар бойынша нәтижеге жетуде жүзеге асырылады, соның арқасында білім ұйымы алдыға адым жасайды, яғни жылжиды, дамиды.
Екінші стратегия — модульдік өзгеріс, мұнда бірнеше кешенді өзгеріс, жаңару көзделеді. Олардың да бір-бірімен байланысы болмауы мүмкін, бірақ, модульдің ішінде барлық оған қатысушылардың үйлесімділігі сакталуы қажет.
Үшінші стратегия - жүйелі өзгеріс. Мұнда білім ұйымының толық өзгерісі көзделеді, онда оның іс-әрекетінің барлық компоненттері: мақсаты, мазмұны, ұйымдастырылуы, технология, қүрылымы, байланысы, деңгейлері, бөлімдері қамтылады. Бұл стратегия білім ұйымының бір денгейден екінші деңгейге өтуін немесе оның бұрынғы статусынан жаңа білім ұйымына өтуін жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |