Аймаќтаєы білім ўйымдарыныѕ дамуын басќару бјсекеге ќабілетті білім ўйымдарын ќалыптастырудыѕ негізі



бет3/5
Дата04.04.2023
өлшемі97 Kb.
#79038
1   2   3   4   5
Байланысты:
даму баскару

Бағдарламаның талаптары:


(бағдарламаның сапалық көрсеткіштері)
1. Көкейкестілік (актуальдығы) – бұл көрсеткіш бағдарламаның білім ұйымының дамуын жүзеге асыруға, оның болашағына оң әсер етуге бағдарланған;
2. Болжаушылық – бағдарламаның өзінің мақсаты мен жоспарланған іс-әрекетінде, тек бүгінгі күннің ғана емес, оның болашақтың, яғни өзгермелі өмірдің талаптары мен жағдайларына сай келу қабілеті;
3. Рационалдық – бұл бағдарламаның сапалы нәтижеге жетуге мүмкін беретін мақсат пен оған жетудің жолын анықтайтын қасиеті;
4. Реалистік – бағдарламаның көзделген мақсат пен оны жүзеге асыру құралының сәйкестік, мүмкіндік қасиеті;
5. Жүйелілік – бағдарламаның белгіленген мақсатқа жетудегі қажетті толық іс-әрекеті және бағдарламаға енгізілген байланыстардың үйлесімділігі;
6. Бақылаушылық – бағдарламаның соңғы және аралық нәтижелерді мақсатты анықтау қасиеті;
7. Өзгеріске бейімділігі, төтеп беруі – бұл бағдарламаның қойылған мақсатқа жетуге қатер төндіретін ауытқуларды уақытылы анықтау қасиеті (аралық нәтижелерді анықтаудың арақашықтары жақын).
3. Бағдарламаны құру технологиясы:
1. Білім ұйымы жайлы ақпараттық анықтама дайындау;
2. Білім ұйымы жағдайы бойынша проблемалық талдау;
3. Жаңа ұйым, жаңа жағдай, жаңа деңгей концепциясын жасау;
4. Оған өтудің стратегиясы мен міндеттерін анықтау ;
5. Оны құрудың бірінші кезеңінің мақсатын аяықтау;
6. Соған байланысты іс-әрекет жоспарын жасау;
7. Бағдарламаны сараптау;


3.1. Білім ұйымының ақпараттық анықтамасы:

  • Аудандық білім басқармасының оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудағы мақсаты мен міндеттері, құрылымы және оның жүзеге асырылуы ;

  • аудан деңгейінде сапалы білім беру;

  • мемлекеттік тілдің дамуы;

  • аудандағы тәрбие жұмысының жүйесі және оның ұйымдастырылуы;

  • білім ұйымдарында салауатты өмір салтын қалыптастырудың бағыттары;

  • жеке тұлғаны қалыптастыруда аудандық білім басқармасының мектептен тыс мекемелердің жұмысын үйлестіруі;

  • бүгінгі күн талабына сай педагогтардың біліктілігін қалыптастырудың тиімді жолдары;

  • оқушылар саны;

  • контингенттің мінездемесі (жынысы, жанұяның әлеуметтік құрамы, ұлты, денсаулығы, білім алудағы жетістігі т.с.с. бағдарламаға қажетті көрсеткіштер);

  • аусым саны, ондағы сыныптар;

  • саты бойынша сыныптар саны;

  • материалдық-техникалық база;

  • ұйымның тарихы, дәстүрі туралы мәлімет;

  • социумның мінездемесі (ұйымды қоршаған орта, ата-аналар, ұйымның даму бағдарламасын жасауда міндетті түрде ескерілетін мәдени, спорттық, денсаулық т.б. ұйымдар);

  • ғалымдармен, ғылыми орталықтар, жоғары оқу орындары, БАИ-мен шығармашылық байланыс;

  • соңғы жылдағы білім беру үрдісінің қорытындысы, соңғы бірнеше жылдардағы нәтиженің динамикасы және оқу-тәрбие үрдісінің басқа да мәліметтері мен нәтижелері;

  • ұйымның күшті жақтары мен жетістіктері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет