Айнасы ақпан-наурыз 2016



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата09.03.2017
өлшемі2,32 Mb.
#8647
  1   2   3   4   5   6

ОҚУШЫЛАР, АТА-АНАЛАР, ҰСТАЗДАР ГАЗЕТІ.

Білім


АЙНАСЫ

АҚПАН-НАУРЫЗ  2016

2016  жылдың  20  наурызында  Қазақстан

Республикасы  Мәжілісі  мен  жергілікті  мәслихат

сайлауы  өтті.  Биылғы  жылғы  ең  маңызды  саяси

науқанға алты саяси партия атынан үміткерлер түсті.

«Нұр  Отан  партиясы»,  «Қазақстанның  Ақ  Жол

демократиялық партиясы», «Қазақстан коммунистік

халық  партиясы»,  «Бірлік  саяси  партиясы»,

«Жалпыұлттық  социал-демократиялық  партия»,

«Ауыл  Халықтық  –  демократиялық  патриоттық

партиясы»  сынды  саяси  партияларға  дауыс  беру

негізінде  82  пайызбен  «Нұр  Отан  партиясы»

республика  қөлемінде    оза  шауып    нағыз  халықтық

партияға айналғанын тағы бір рет дәлелдеді... Жанқожа

батыр №5 мекен жайында орналасқан №3 мектеп  –

лицей  № 200 сайлау участогы болып табылады. Осы

сайлау учаскесінен облыстық маслихатқа үш, қалалық

маслихатқа  үш  үміткер  түсті.  «Нұр  Отан  партиясы»

атынан  сайлауға қатысқан  үміткерлер де жергілікті,

облыстық сайлауларда жеңіске жетті.Саяси партиялық

тізім 

бойынша 


Қазақстан 

Республикасы

Парламентінің  Мәжілісіне  де  үміткерлер  сайланды.

«Қазақстанның  Ақ  Жол  демократиялық  партиясы»,

«Қазақстан коммунистік халық партиясы» атынан да

Мәжіліске депутаттар сайланды.   «Демократияныңда

кемшілігі  бар,  алайда  адамзат  одан  жоғары  саяси

құрылым  ойлап  тапқан  жоқ»-  деп  кезінде  Черчилль

айтқандай  сайлау  ашық  саяси  басекеде  бірақ

мемлекеттік мүддені бәрінен жоғары қойып өтуге тиіс.

Сайлаушылар  тарапынан  саяси  белсенділік  жоғары

болды. Себебі Қазақ елінің тәуелсіз ел болғанына биыл

Саяси белсенді болу азаматтық парызымыз

алғаш  рет  ширек  ғасыр  толғалы  отыр.  Бір  аға  буын

ұрпақ  ауысты.  КСРО-ның  іргесі  сөгілгендегі

35жастағы  азаматымыз  60  жасқа  келсе,  1991  жылы

мектеп бітіргендер 42 жасқа келді. Сондықтан Қазақ

елінің қазіргі даму әлеуметі жоғары. «Мемлекет маған

не береді деп емес, мен мемлекет үшін не бере аламын»-

деген  қағидаға  сүйеніп  осы  маңызды  саяси  оқиғаға

белсене қатысқан  барлық  сайлаушыларға  мың рахмет.

№200  сайлау  участогында  2109  сайлаушы  тіркелген

еді.  Алғаш  рет  сайлауға  дауыс  беретін  18  жасқа

толғандар  саны    4,  үйден  дауыс  беретіндер  саны    35

болды.    Сайлау  таңғы  7.00  –  сағаттан,  кешкі  20.00-

сағатқа дейін болды. Әрбір  сайлаушы тек өзіне ғана

дауыс берді. Міндетті түрде жеке куәлігімен  сайлауға

бір  кісідей  қатысты.  Қазақ  атамыз  «  Тойдың

болғанынан , болатыны   қызық» деп айтқандай  біз

үшін    биліктің  үш  тармағының  бірі    заң  шығарушы

орган    Парламенттің  еліміздегі  әлеументтік-

экономикалық  дамуы мен  білім, ғылым, өнер  және

саяси    дамуындағы    табысты  алға  басуларды  жүзеге

асыратын  заңдар  қабылдайтындығына сенім артамыз.

Қалалық,облыстық    мәслихат  депутаттары  да

жергілікті  тұрғындардың    алдымен    әлеуметтік

мұқтаждықтан  туындайтын    жол  құрылысы,  су,

газдандыру,  аяқ  су,  жұмыспен  қамту    бәрінен  де

маңыздысы    сүйікті  қаламызды    ыстық  сумен

қамтамасыз етуге ықпал  жасалады.



Директордың  орынбасары:

Есімов Аманғали Жақсатұлы

А й н а с ы

 2

Білім

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні

ҰЛЫСқа мерей сыйлаған ҰЛЫ КҮН

22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күні  көктемгі күн тоғысы

наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түні болады. Бұл

күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-

жануар  да  түлейдi,  жаңарады.  Ал  тал-теректер  бүршiк

жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам

баласына 

құт-береке, 

бақ-дәулет 

сыйлайды.

Самарқанның  көк  тасы  ерiп,  қасиеттi  қара  жер,  қара

топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар

құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем

төселедi.

Халық  наурыз  мерекесіне  алдын  -  ала  дайындалады.

Дәстүр  бойынша  үйге  қос  шырақ  жағылады,  ыдыстар

ернеуіне  дейін  айранмен,  сүтпен  немесе  бұлақ  суымен

толтырылады. Бұл - тоқшылықтың белгісі.     Бұл мереке

табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді.  Табиғатпен

байланыс күн Анаға деген тағзымнан көрінеді. Сондықтан

да  бұл  күні  адамдар  бұлақтың  көзін  ашып,    тал  еккен.

«Бұлақ көрсең, көзін аш!», «Бір тал кессең, он тал ек!»,

деген сөз осыдан шыққан болу керек.

Бір 

кезде  ұмыт 



болған  Наурыз 

мейрамы


Тәуелсіздігіміздің  арқасында  жаңа  Қазақстан  үшін  де

орны бөлек мерекеге айналды. Бүгінде Наурыз Көпұлтты

халқымыздың  сүйікті  мейрамы.  Елдегі  бірлік  пен

ынтымақтастықтың  нышаны  деуге  болады.  Адамзатқа

ортақ құндылықтар мен тіршіліктің заңына негізделген,

дін мен ұлтқа бөлінуді білмейтін бұл мереке бар халықты

біте  қайнастырған,  шынайы  және  жалпы  халықтық

қуаныш.  Наурыздың  ізгі  мұраты  мен  бейбіт  болмысы

әлемдік  дәрежеге  танылды.    Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев

сөзімен  айтсақ,  «Ұлыстың  Ұлы  күні  –  барлығының

көңілінде  кірбің  қалмай,  қуаныштың,  түсіністік  пен

табыстың күні».  Расында, бұл күні барша жұрт өкпе мен

Шабыт-ескек, сүйреген қарқын-кемем,

Сезімде ала бермес әркім белең.

Жүрегімнен жалынды жыр ақтарып.

Құттықтаймын 8-ші мартыңменен!!!

Осынау  ұлық мерекеде барша қала ұстаздары жылы лебізге

бөленіп, 

мерекелік 

концертке

қанықты. 7 наурыз күні қалалық білім

бөлімінің  ұйымдастыруымен  Нартай

Бекежанов атындағы қазақ музыкалық

драмма театрында ауқымды шара өтті.

Бұл  күні  қалалық  білім  бөлімінің

басшысы 


Есжанов 

Асқарбек


Темірбекұлы барша қала мектептерінің

ұстаздарын 

нәзік 

жандылар


мерекесімен  құттықтады.  Үздіктерін

марапаттады. Бұл күні барша мектептің

ерлер  қауымы  қолдан  келгенше  бар

өнерін паш етті. Би де, ән де, арнау да, көңілді әзілдер де

бәрі  бәрі  аналарымыздың,  ару  қыз  келіншектердің

құрметіне  арналды.  Сонымен  қатар  №3  мектеп-лицей

ұжымының  ерлері  де  қалыс  қалмай  мектебіміздің  ару

аналарымздың  құрметіне  концерттік  бағдарламасын

ұсынды. Бірі ән айтты, бірі әзілмен ұстаздардың көңілін

«Әйел – тіршілік тірегі»

көтерсе,  енді  бірі  қызықты  ойындармен  кеш  көрігін

қыздырды.  Әрине  жер  дүниені  жылылыққа  орап,

төңірекке  шуақ  шашқан  нұр  көктеммен  бірге  келетін

8 наурыз  Халықаралық  әйелдер күні – адамзаттың ең

ұлы мерекесі, барлық мерекелердің мерекесі. Бір отбасы

ғана  емес,  бүкіл  әлемді  аялы

алақанымен  тербеткен  аналар

еліміздегі  бейбіт  тірлік  пен

бірліктің, жарқын болашаққа деген

сенімнің, 

ізгілік 

пен


мейірімділіктің 

ұйытқысы.

Осынау қаншама төрелі сөздер тең

келмейтін  аналарымыздың,  апа,

қарындастарымыздың  мерейлі

мерекесімен  №3  мектеп-лицей

ұжымының  ерлер  қауымы  шын

жүректен құттықтайды.

Ана – шаттық, ана – бақыт, ана – гүл,

Жүректерде жырланатын ана жыр.

Бесігінде данышпандар тербелген,

Әлемдегі киелім ғой Ана бұл!



Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 Қанат Әбдіқадіров

ренішті  ұмытып,  өзіне  де,  өзгеге  де  жақсылық  тілеп,

ағайынмен  табысады.    Дастарқан  басында  жастар

үлкендердің  батасын  алады.  Бата  -  үлкендердің  өзінен

жасы  кішілерге  беретін  ықыласты  тілегі.  Ақсақалдар:

«Ұлыс  оң  болсын!  Ақ  мол  болсын,  қайда  барса  жол

болсын!» - деп бата берген. Халқымызды осы пейілінен

айырмасын. Наурыз жылдан жылға әр әулеттегі берекеге

демеу, ынтымаққа тірек бола берсін.

Биылғы әз-Наурыз, Ұлыстың Ұлы күні  қос тойың қабат,

өмірің  абат  болсын  деген  қазақы  тілек  орындалған

ақжолтай күн деп те айтуға болады. Себебі, осы мерекемен

қатар келген саяси маңызы бар  шара елді бір серпілтіп

тастады. Қазақы жыл басын тойлағалы жатқан жұртшылық

жаңа  жыл  жағымды  жаңалықтарын  ала  келді  деген

сенімде.  Кеше  өткен  Парламент  мәжілісі  мен  барлық

деңгейдегі  маслихаттар  депуттатары  сайлауында

халқымыз Елбасы бастаған «Нұр Отан» партиясына сенім

артып, елдік таңдау жасады. Барша қазақстандықтармен

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ


3

А й н а с ы

Білім

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ

қоса біздің мектеп ұжымымыз да  Елбасы

төңірегіне топтасып, қарқынды даму мен

экономикаға қолдау білдірді.

Біздің  №3  мектеп-лицейінде  де

Наурыз  мерекесін  қарсы  алу  дәстүрге

айналған.  «Ұлыстың  Ұлы  күніне»

арналған мереке ерекше қуанышты өтті.

Жас 

жеткіншектерімізге 



Наурыз

мерекесі жайлы түсінік беру мақсатында

жыл  сайын  әр  сыныпта  іс-шаралар

өткізіледі.  Оқушылардың  барлығы

ұлттық киімдер киіп, сынып іші  мерекеге

арналып  шарлармен  безендіріліп,

тақырыпқа  сай  нақыл  сөздер  ілінді.

Балаларды    Наурыз  мерекесінің  басты

ерекшелігі  –Наурыз  көженің  жасалу

жолымен  таныстырып, дастарханнан дәм

татылып, бата беріледі. Сонымен қатар

қазақтың ұлттық ойындары «Арқан тартыс», «Қол күрес»

ойындары  балалар мен ата-аналардың қатысуымен өтілді.

Ұлттық мерекеміздің үлкен-кішіге берер тағылымы мол.

Іс-шара барысында оқушылар Наурыз мерекесі жайлы көп

мағлұмат  алады.      Күллі  мұсылман  халықтарына  жаңа

жылдың бастауы саналатын «Наурыз» мерекесін мектеп

ұжымы да зор қуанышпен тойлайды. Тай қазанға наурыз

көже  дайындалып,  ауызбіршілікпен  барлық  ұжым  ақ

дастархан басына жиналып, «Наурыз көжені тойып ішу

керек,  сонда  жыл  бойы  тоқшылық  болады!»  деген

сеніммен,    дастарқанның  басты  асы  –Наурыз  көжеден

ауыз тиді. Ынтымағы жарасқан ұжымымыздың осы бiрлiгі

артта берсін!  Саяси өмірімізде Наурызбен бірге келген

жасару мен жаңару елімізді жаңа биіктерге бастағай. Біз

үшін тәуелсіздіктен  асқан мұрат, Мәңгілік  елден асқан

мақсат  жоқ.  Осынау  биік  жолда  еңбек  етіп,  тер  төгіп

жүрген № 3 мектеп-лицей  ұжымына шаңырақтарыңызға

береке мен  жайлы жағдай орнап, жаңа жылымыздың берер

жақсылығы,  қуанышы,  ырыс-берекесі  мол  болсын  деп

тілеймін! Ұлыстың Ұлы күні барлық тілектеріңіз қабыл

болып,  Қорқыт  атамыз  қолдап,  жерімізде  тыныштық,

елімізде молшылық болғай! Ақ мол болсын, құт қонсын,

Қыдыр бақ дарысын!



Кітапханашы Есдаулетова Камила Шәкібекқызы

Наурыз –жыл басы. «Наурыз» сөзі  - біріншіден «жаңа

күн» , дегенді  білдіреді, екіншіден, күн мен түн теңеледі,

сондықтан  жаңа  жыл  ретінде  тойланатын  думанды

халықтық мейрам, үшіншіден, ай аты.

    Қазақ халқы атадан аманат болып қалған салты мен

дәстүріне ешқашан қиянат жасамаған. Санасына сақтап,

берік  ұстаған.  Екінші  буынға  аманат  етіп  жеткізген.

Наурыз  - көнеден келе жатқан  мейрам. Күні бүгінге дейін

жер  шарындағы  көптеген  халықтардың  дәстүрлі

мейрамына  айналған.

      Барлық бастама, ұлы істі ырымдап халық осы күні

бастаған. Сол себепті бұл күнді «Ұлы істің ұлы күні , яғни

Ұлыстың  ұлы  күні»  деп  атаған.  Наурыз-бақыттың

бастамасы, халық қастерлейтін күн.

   Халықтың түсінігі бойынша 21 наурыз

түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні

қазақ  елі  үшін  әрқашан  қасиетті,  киелі

саналған.Ауылдың  ер  адамдары  бір-

бірімен  қос  қолдасып,  төсқағыстырды,

әйелдер  құшақтасып,  бір-біріне  игі

тілектер  айтады.  Бірін-бірі  мерекеге

арнап,  дайындалған  наурызкөже  ішуге

шақырады.  Дастарқанның  басты  асы-

наурызкөже  болған.  Наурызкөже  жеті

түрлі 


тағамнан 

дайындалады.

«Наурызкөжені  тойып  ішу  керек,  сонда

жыл бойы тоқшылық болады!» деген сенім

бар.Дастарқан 

басында 


жастар

үлкендердің  батасын  алған.  Бата-

үлкендердің  өзінен  жасы  кішілерге

беретін  ықыласты  тілегі.  Ақсақалдар:  «

Ұлыс  оң  болсын!  Ақ  мол  болсын,  қайда

барса, жол болсын!» -деп бата береді.

   Қазақ халқының салт-дәстүрлері наурыз мерекесінде

көрініс  табады.  Соның  ішінде  қазақ  халқының  ұлттық

ойындары  ойналады  және  салт-  дәстүрлер  көрсетіледі.

Мысалы:  «Алтыбақан»,  «Қыз  қуу»  ,  «Аударыспақ»,

«Көкпар»  т.б  ойындары,  «Беташар»,  «Бесікке  салу»,

«Тұсау кесу»  т.б салт-дәстүрлері көрсетіліп, ән салып, би

билеумен, ақындар айтысымен мереке жалғасын табады.

      «Ұлыстың  Ұлы  күніне»  арналған  мереке  ерекше

қуанышты өтеді. Жүректер жылуын таратқан көктемнің

бақыт сыйы Наурыз көп ұлтты еліміздің бірлесе тойлайтын

– Достық мерекесі.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Мырзағұлова Гауһар Абылқызы

№ 3 мектеп-лицейінің 1 «Б» сыныбында 18 наурыз

күні  «Наурыз  -  думан»  тақырыбында  тәрбие  сағаты

болып  өтті.  Тәрбие  сағаты  Ұлы  Наурыз  мерекесінің

қазақ  халқының  тұрмыс-тіршілігіндегі  маңызын

көрсету мақсатында өтті. Тәрбие сағатына  оқушылар

мен ата-аналар ұлттық киімдерімен қатысты.

Сынып бөлмесі мерекеге сай безендіріліп, түрлі-

түсті шарлар ілінді. Қыс бойы ұйқыда жатқан табиғат

оянып,  жерге  алғаш  көктің  шығуы,  күн  мен  түннің

теңелуі,  Самарқанның  көк  тасының  еруі  сияқты

құбылыстар адам жанына ерекше жылулық сыйлайды.

Сынып  оқушыларының  бірі  Наурыз  туралы

тақпақтар  айтса,  бірі  мың  бұрала  би  билеп,  бірі

шырқата ән салды. Балаларының өнерін тамашалаған

ата-аналар  мерекелік  көңіл-күймен  Наурыз

дастарханында  бас  қосты.  Қыс  бойы  сақталып,

сүрленген  еттен,  жеті  түрлі  дәмнен  дайындалған

Наурыз көжеден ауыз тиді. Наурыз батасымен тәрбие

сағаты қорытындыланды.



Бастауыш сынып  мұғалімі

Шайманова  Үміт

А й н а с ы

 4

Білім

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ

Аузымызды  аққа  толтырған,  бір  төлімізді  екеу,

қорамызды малға, төрімізді

жанға толтырған құт әкелер,

берекенің  бастауы  болған

айтулы  мерекені  мемлеке-

тімізде  ресми  түрде  1988

жылдан  бері  тойланып

келеді.

Наурыз мерекесі әлемнің



ең көне мерекелерінің бірі.

Орта  Азия  халықтарында

бес  мың жыл  бойы  аталып

өтілуде.  «Наурыз»  сөзі

парсы  тілінен  аударғанда

«Жаңа күн» деген мағынаны

береді.

Ежелгі жыл санағы бойынша, 22 наурызда күн мен түн



теңеседі. Наурыз  –  жылдың  бірінші  күні,  жыл  басы,

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Наурыз мемлекеттік

деңгейде 

барлық 


қалаларда, 

облыс, 


аудан

орталықтарында,  ауылдарда

бүкілхалықтық мереке ретінде

тойланып келе жатыр. 

  Наурыз  мерекесі  күні  -

қасиетті  күн.  Данышпан  ата-

бабаларымыз 

бұл 


күнді

табиғаттың 

айрықша

белгілерін  ескере  отырып



белгілеген.  Наурыз  айын

ерекше қасиеті бар ай ретінде

бағалаған. 

 Күн мен түн теңелетін күн,

төрт  түлік  мал  төлдейтін  ай,

табиғаттағы барлық жәндіктер

мен өсімдіктерге жан бітетін ай. Қыстың соңы, көктемнің

басы жыл құстары келе бастайды. 

 Самарқанның көк тасы жібитін күн. Сол себептен де

табиғаттың  тылсымы  мен  ғалам  ғажайыптарын  терең

ұғына білген ата-бабаларымыз бұл күнді Жыл басы деп

есептеген. 

  Наурыз  шығыс  елдері  үшін  бірліктің,  татулықтың,

еңбектің,  ізгіліктің,   бақыттың  мерекесі  ретінде

тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын,

қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған. 

 Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау,

табысу  сияқты  адамгершілік  қасиеттер  көрініс  тауып,

кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған. . 

  Наурыз  мерекесіне  тән  -  көпшілікке  наурыз  көже

даярланады, ол тағам жеті түрлі дәмнен даярлануы шарт.

Халықта наурыз көжені тойып ішкен адам келесі жылға

дейін  ішім-жемнен тарлық көрмейді деген ұғым бар. 

Үй иесі үлкен кісілерден наурыз көжеге бата сұрайды.

Наурыз  -  шығыс  елдерінің  бүкілхалықтық  мейрамы,

«Наурыз  -  бірліктің,  татулықтың,

еңбектің,  ізгіліктің  мерекесі

Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл

басы  мерекесі  ретінде  тойланып,  ерекше  күн  ретінде

аталып  өтіледі.  Қазақ

халқы да Наурыз мерекесін

айрықша бағалап, оны жыл

сайын  тойлап  отыруды

салт-дәстүрге 

айлан-

дырған. 


№  3  мектеп-лицей

оқушылары    Наурыз

мерекесін 

жоғары


деңгейде  өткізді.  2  «Ә»

сыныбында Ұлыстың ұлы

күні  Наурыз  мерекесіне

арналған  сынып  сағаты

өтілді.  Сынып  сағатқа

барлық  оқушылар  және  ата-аналар  қатысты.  Сынып

оқушылары қазақ халқының ұлттық киімдерін киіп,өз

өнерлерін  көрсетті.  Сыныптың  мың  бұралған  биші

қыздары  мен  ұлдары  «Қара  жорға»  биін  билеп,  мәз-

мейрам болды. Балалар өз өнерлерін көрсеткеннен кейін

наурыз көжеден дәм татты. Өздерінің білетіндерін ортаға

салып,ойларымен бөлісті. Қазақтың ұлттық ойындары

қол  күрес,  асық  ойыны,  тауық  күрес    т.б.  ойындары

ойналды. Сынып сағаты соңында Абдуманап Алишердің

әжесі  балаларға  бата  берді.  Сынып  сағаты  барысында

балалардың Наурыз мерекесін асыға күтенінін, мерекеге

ерекше даярланатыны байқалды.

Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік,

сән-салтанаттық,  мәрт-жомарттық,  қадір-қасиеттілік

нышан белгілері мен таным  ұғымдарының үлгі түрлері

өте көп. Сондықтан  жыл сайын келетін Ұлыстың ұлы

күнін жоғары деңгейде тойлайық.



Бастауыш  сынып мұғалімі

Айтхожаева Маржан  Бисенқарақызы

көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесін қазақ халқы

«Армысың, 

 

Әз



Наурыз»,  «Әз  болмай,

мәз болмас» деп қарсы

алған. Қазақ  халқы  да

Наурыз 


мерекесін

айрықша бағалап, оны

жыл  сайын  тойлап

отыруды салт-дәстүрге

айландырған. 

Наурыз  мейрамы  –

діни  мереке  емес.  Бұл

қалың  қыстан  аман-

есен 

шығып, 


күн

нұрына  бөленіп,  жаңа

жылды  қарсы  алу

мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін

құшақ  жая  қарсы  алып,  игі  тілектер  айтады.  Дәстүр

Дәстүр жалғастығы



5

А й н а с ы

Білім

М е к т е п   м а қ т а н ы ш ы

бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне

дейін аққа толтырылады. Бұл - тоқшылықтың белгісі. Бұл

күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызылған. «Бұлақ

көрсең, көзін аш!», «Бір тал кессең, он тал ек!», деген сөз

осыдан шыққан болу керек.

Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың

ұлы күні адамдар бір-бірін деген ренішін ұмытып өзіне

де, өзгеге де жақсылық тілеген. Дастарқанның басты асы

наурыз  көже  болған.  Наурыз  көже  жеті  түрлі  тағамнан

жасалған. «Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл

бойы тоқшылық болады!» деген сенім бар. Қазақ халқы

бұл күні дүниеге келген қыз балаларға Наурыз, Наурызгүл,

Наурызжан,  ер  балаларға  Наурызбай,  Наурызбек,

Наурызхан деген есім берген. Әз Наурызда қазақ даласы

қайта жаңғырып, жаңа күйге енеді. Дана көз қариялардың

батасымен,  пейілінің  арқасында  бұл  мереке  ұрпақтан-

ұрпаққа сақталып келе жатқан құтты мереке.

Жүрекке  жылыуын  таратқан  көктемнің  бақыт  сыйы

Наурыз көп ұлтты еліміздің бірлесе тойлайтын - Достық

мерекесі деп атасақ та артық емес.

Наурыз мерекесін жыл сайын тойлау біздің мектепте де

дәстүрге айналған.Әр сыныптарда сынып сағаттары өтіп,

оқушылар  наурыз  көжеден  дәм  татады.Мерекеге

байланысты 2 «А» сыныбында «Армысың , Әз Наурыз»

атты  сынып  сағаты  болды.  Оқушылар  мерекенің

тарихымен  және  оның  ерекшеліктерімен  танысты.  Әр

түрлі  ұлттық  ойын  түрлері  ұйымдастырылып,  соңында

наурыз көже ішілді. Оқушылар  бір-біріне тілектер тілеп,

ата-аналар наурыз дастарқанына баталарын берді.



2«А» сынып жетекшісі

Тапалова Зияда Қараманқызы

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ

«Ғылым  жолы-ауыр  жол»

демекші,  жылда  «Дарын»

ғылыми 


жоба 

қорғау


орталығының  ұйымдасты-

руымен  барлық  мектептерде

оқушыларды  ғылымға  баулу

мақсатында 

жарыстар

ұйымдастырылады.  Биылғы

оқу 

жылында 


биология

пәнінен  төрт  оқушым  жоба

қорғауға  қатысып,  жүлделі

орындар иемденді. Соның бірі-

өзімнің  11  «Б»  сыныбымда

оқитын  Қалила  Дінмұхаммед.

Былтырғы  оқу  жылында  ғылыми  жоба  тақырыбын  алу

мақсатында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік

университетінің  оқу  ғимаратына  барып,  биология

ғылымдарының  докторы  Ибадуллаева  Салтанат

Жарылқасынқызымен жолықтық. Барлық тақырыптарды

қарай  отырып,  қазіргі  кездегі  ең  өзекті  деген  «Ешкі

сүтіндегі  ксантиноксидаза  ферментінің  белсенділігі»

тақырыбын  берді.  Жоба  тақырыбын  алған  күні

Дінмұхаммед  екеуіміз  қалалық,  облыстық  әмбебап

кітапханаларға  барып,  материалдар  жинай  бастадық.

Интернет  желісін  пайдаланып,  тақырыпқа  сай  келетін

мәліметтерді жинадық. Тақырыпты толығымен дайындап

болғаннан  кейін,  мектеп  ішінде  өткен  жарыста  тың

идеясымен  келесі  турға  өтсе,  Облыс  көлемінде  өзінің

ғылыми жобасын өте жоғары деңгейде қорғап, жүлделі ІІ

орын  иемденді.  Келесі  туры  наурыз  айының  1-8

аралығында Оңтүстік Кореядағы, Тэджон қаласында «Жас

ғалым»  атты  Халықаралық  ғылыми  жоба  қорғау

жарысында  өзінің  жұмысын  ағылшын  тілінде  қорғап,

жүлделі  ІІ  орын  мен  «SOLBRIDGE»  университетіне

сертификат  берілді.  Негізі  бұл  ғылыми  жарысқа

облысымыздан 5 оқушы барған болатын және Қазақстан

бойынша 142 оқушы қатысып, соның 63 оқушысы жүлделі

орындарды иемденді. Жоба қорғауға көбінесе биология

пәнін таңдаған оқушылар қатысқан, жұмысты бағалауға

басшылық  жасап,  әділ  қазылар  алқасында  Америка

Құрама  Штатының  өкілдері  болған.  Қойылған

сұрақтардың барлығына ағылшын тілінде жауап беріп,

өзінің  білімін  толық  дәлелдегендіктен  жүлделі

орындардың бірін иемденді.

              Дінмұхаммедтің  берілген  тапсырманы  ерінбей  өз

деңгейінде орындауы осындай дәрежеге жетуіне септігін

тигізгені анық Үнемі жолың ақ болып, келешекте де ата-

анаң мен ұстаздарыңды осындай жеңістеріңмен қуанта

бер және бұл сенің қолыңнан келеді!!!

       Және де айтарым: арманыңа жетіп, ақ халатты абзал

жан болып, халқыңа адал қызмет ететін жақсы дәрігер

болуыңа  шын  жүректен  тілектеспін.  Біз  11  «Б»  сынып

оқушылары саған сенеміз!!!



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет