Мағжан өлеңдерiндегі сөзбен өрілген сырлы
суреттер оқушының көңіл көкжиегін от боп, сәуле
боп серпілтіп, жарқыратып аша түседі. Ақын өзінің
таным-талғамы бедерлі сөз, көрмек оймен, тіл
өнерінің, мейлінше айқын бояуларымен жеткізіп,
сезім пернелерін дөп басады, шын мәнісіндегі өлең
құдіретін еріксіз мойындатады.
Кешкі ескен жібек жылы жел сұлу,
Хош иісті түрлі-түсті гүл сұлу.
Әдемі аспан – төбедегі көк шатыр,
Асқар тауы, дариясымен жер сұлу.
Сылқ-сылқ күліп сылдыр қаққан су сұлу,
Қөлге қонып қаңқылдаған қу сұлу
52
Бейне айнадай жарқыраған айдыннан
Күн шығарда көтерілген бу сұлу.
Осы өлеңде ақынның айналасына ессіз ғашық,
саф алтындай таза да пәк жан сұлулығы мен көркем
ойда кестеленген табиғат сұлулығы iштей тоғысып
жатқан жоқ па?! Сондықтан да болса керек, ақын
жүрегіне шабыт нұрын құйып, нәзік те сырлы
дүниеге іңкәр еткен жар сұлулығына:
Толып жатыр түрлі сұлу дүниеде,
Бәрінен де маған, сәулем, сен сұлу, – деген
соңғы жолдардың шынайылығына тәнті боласыз.
Хор сипатты қарындас,
Оттан сұлу, ыстық жас.
Жалт-жұлт жалынымен, ойнаған оттай әсер
ететін көрiкті бойжеткен көзге елестеп, көңіл
төрінен орын тебетін жолдар емес пе?
Ақын қазақ жерін, табиғатын, өзенің, көлін
суреттеуге өте шебер, «Еділде» атты өлеңінің
бірінші шумағына зер салайықшы:
Бүктетілiп жатқан бел
Сүтке тойған марқадай
Бұйра қою қарағай –
Белге біткен шалқалай.
Су жеп қойған жұмыр тас –
Түйір-түйiр малтадай
Арнада өзен қылықты –
Қылмаңдаған қалқадай.
Тайызға біткен құба тал –
Мойындағы алқадай.
53
Жер еркесі жер мынау,
Шер қалар ма тарқамай.
Мұндағы ақынның қолданған эпитеттері мен
салыстырулары сондай, егер «осы өлеңді қай
халықтың, қай ұлттың ақыны жазған?.» - деген
сауал қойсақ, көзi қарақты, көңілі сергек
оқырманның кез келгені – қазақ ақынының сөзі –
деуі хақ.
Теңеулердің небір ұшқырларын Мағжанның
«Батыр Баян» дастанынан ұшыратамыз:
Найзасын нажағайдай ойнататын
Жас барыс Бәсентиін Сарымалай.
Екі жол бойында ердің портреті! Нажағай -
бетін қайтаруға келмейтін қаһар. Сарымалайдың
найзасы да нажағаймен бірдей екен. Ендеше кесек
мінезді кеуделі батыр Сарымалай жау үшін
албасты алапат күш! Оқырман зердесінде өшпестей
бейне қалады. Әрі мақтаныш сезімін тудырады.
Екiншi бір батыр да осал емес:
Майданда от шашқандай оқ шашатын
Сырттаны Бәсентиін ер Сырымбет.
Ірі қайрат ажары деген осы гой!
Қарсыласкандарын қарша бораған немесе топан-
тасқындай қаптаған жебепің астында қалдыратын
батыр қайтіп осал болсын? Ұтымды. теңеулер,
тапқыр орамдар.
Мағжан жеке өлеңдер шығарумен ғана
шектелмей, бір тақырыпқа бірнеше өлеңдер
54
шығарып, өлеңдер топтамасын, яғни цикл өлеңдер
жазған, жәие бір цикл емес, бірнеше цикл.
«Алатауда» атты циклдың (1924 ж.) бірінші
кымбаттылығы – қазақ поээиясындағы халықтар
достығына арналған алғашқы цикл екендігі.
Циклдың екінші құндылығы – қырғыз табиғатына
тән, қырғыз болмысына тән, бауырлас халықтың
жан-жүрегіне тән басып, сипаттарды дөп басып,
табуы, тап басып тануы:
Ай шырайлы аяшың
Күн болып, күйіп солмасын.
Бозаға толып шанашың,
Күн болып, күйіп аяшын,
Семетей мен Манасың
Қысыр бір қисса болмасын.
Ай шөректей аяшың
Күн болып, күйіп солмасын.
Өлеңнің лексикалық кұрылымының өзі-ақ
қырғыз болмысын көңiліне ұялатқандай. Аяш,
шанаш, Семетей мен Манас, Айшөрек – бәрі де
қандастарымыздың халықтық өшпес белгісіндей.
Туыстық, тілектестік қандай риясыз, шын жүректен
айтылған.
«Ескі Түркістан» циклы (1924ж.) діндар
шаһардың ежелгі үйреншікті өмірін әр қырынан
өрнектейді. Осы циклдегі «Әйел» деген өлеңде:
Пәренжі үсте - бітеу қап,
Бетінде перде - шiмбетi.
Шiмбетінің астында
55
Гүл шырайлы шын бетi.
Желпіне алмай, жамылып,
Быршып тұрған тер беті.
Шаңырақ сырға құлақта,
Мөлт-мөлт еткен меруерті... деген жолдар бар.
Осындағы
басқа
теңеулерді
айтпай-ақ
«Шаңырақ сырға құлақта» - дегенді ғана
алайықшы. Құлаққа тағылар дүниеліктің ең үлкенін
бұдан артық суреттеуге бола ма?! Бұл әсірелеудің
асқан түрі емес пе?!
М. Әуезов 1929 жылы сыршыл ақынды
Біріккен саяси Бас басқарма (ОГПУ) тергеушілері
ұстап абақытыға жауып басын істі етіп жатқанда
былай жазыпты:
«Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің
келісімімен күншілдігіне қарағанда, бұл бір
заманның тегінен асқандай, сезімі жетілмеген
Қазақ қауымынан ертерек шыққандай, бірақ
түбiнде
әдебиет
таратушылары
газетпен
қосақталып күндегі өмірінің тереңін терген ақын
болмайды, заманнан басы озып, ілгерілеп кеткен
ақын болады... Сондықтан бүгінгі күннің бар
жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы
күнге анық қалуға жарайтын сөз - Мағжанның сөзі.
Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз
деп білемін».
Мұхтар Әуезовтың сол кездегі асқан
көрегендікпен айтқан болжамының өміршендігі
бүгіндері дәлелденіп отырған жоқ па?!
56
МАҒЖАН-ПЕДАГОГ
Халқымыздың ұлы ақыны, біздің даңқты
жерлесiміз Мағжан Жұмабаев өмір жолынан
байқағандарыңыздай өз заманының ең білiмдар
адамдарының бірі болған. Осы білімін де ақындық
талантын да ол туған халқына қызмет етуге
жұмсаған. Ол өз халқының сол кездегі тұрмысы
мен мәдениетінің орыстармен, басқа да европалық
елдермен салыстырғанда көп артта қалғанын көрді.
Көріп қана қойған жоқ, қазақ халқын басқа жұрттан
қалмай ілгері басуға шақырды. Ал, сол ілгерi
басудың дұрыс жолы оқу, білім деп білді.
Сондықтан да ол ақындық сапарының алғашқы
қадамдарынан-ақ ағартушылық дүниетанымының
аясында толғанды.
Мағжанның 1912 жылы Қазан қаласында
шыққан бірінші өлеңдер жинағы «Шолпанда»
ақынның сол кездегі ағартушылық сарындағы
өлеңдері басылды. («Жазғы таң», «Сорлы қазақ»,
«Өнер - білім қайтсе табылар», «Ләззат қайда?»,
«Қазағым» т. б).
Мысалы «Ләззат қайда?» деген өлеңде ақын
жас жанына тыншу берер әуестіктің бәрін тізіп
келіп, ойын-сауық, жүйрік ат, алғыр тазы, сұлу
қызбен қызойнақтың ешбірінен де тиянақ таппай,
тек кітап сөзінен ғана ләззаттанғанын айтады. Өлең
былайша аяқталады:
57
Айтар сөзім мінекей,
Аласұрған көңілге:
Оқу оқы, өнер қу
Басқалардан түңіл де!
Жұрттың қамын көп ойла,
Уайым-қайғы жеп ойла!
Артта қалған сорлы жұрт
Алға бассын деп ойла.
XX
ғасырдың басында Мағжан ауылына ең
жақын Қызылжар мен Омбыға темір жол келуімен
бірге Европа ғылымының, жаңалықтары да ел
тірлігіне ене бастап еді. Техниканы еркін меңгеріп,
өмiр білімнің пайдасын көрген озық елдермен
салыстыра келіп, өз елінің тым аянышты халін
көрген ақын жаны ширыға түседі. Бұл ширығу
Мағжанның әсіресе «Жатыр» атты өлеңінде шегіне
жеткен:
Басқа жұрт аспан – көкке асып жатыр,
Кiлтін де өнер-білім ашып жатыр.
Бірі ай, бірі жүлдыз, бірі күн боп,
Жалтылдап көктем нұрын шашып жатыр.
Таласып өнер-білім алып жатыр,
Күнбе-күн алға карай барып жатыр.
От жегіп, көкте ұшып, суда жүзіп,
Тәңірінің рахыметіне жарып жатыр, - деп
Ыбырай Алтынсариннiң «Өнер-білім бар жүрттар»
өлеңімен сарындас бастаған жырында қыр
қазағының бар тегіс, надан қылығын түйрей
сынап, еліне жәрдемге дәрменсіз, тек төре болып
58
шен алғанына мәз қазақтың окыған азаматтарын да
түйреп өтедi:
Біреулер оқып төре болып жатыр,
Шен алып, бақыт құсы қонып жатыр.
Ұмытып өзін-өзі бұл сабаздар
Жүртына қарсы таяқ соғып жатыр.
Өлеңнің аяғында сөз семсерін ақын тағы да
сол дәрменсіз, халқына жаны ашымайтын оқыған
азаматтарға сілтейді.
Сезiнбей өзгенікін, өзiнiкін
Аты өшкір оқығандар нетіп жатыр?
Осыған ұқсас келесі өлеңін ақын «Сорлы
қазақ» деп атапты.
Мұнда ол қазақтың қаранғылығы мен
надандығын айта келіп, оны оқуға, білімге
шақырады:
Қозғал, қазақ, білім iздер кез келдi,
Қылыш алып «надандық» саған кезенді.
Шетке лақтыр, тымақтай алып, елден қу,
Ертелі кеш басыңа мініп езгенді.
Кітап әпер, оқысын балаң қолына
Малды аяма оқу-білім жолына
Өнер алып басқалармен қатар бол,
Қосыл бірдей адамзаттың тобына!
«Өнер-білім қайтсе табылар» атты өлеңінде
Мағжан жастарды оқуға жұмылдыру мақсатымен
өнер-білімге барар жол сілтейді, ақылын айтады.
«Жақын, туған бауыр» - деп ауылға айналмай,
59
жастарға қалаға барып, оқып, білім алғанын
қуаттайды.
Ойын-сауық
өсекшілік
пен
менмендіктің өрге бастырмасын ұғындыра келіп
жалықпай талпынып іздеген адамға «өнер-білім
жер астында болса да табылады», - деп ағалық
ақылын айтады. «Қазағым» деген өлеңінде
Мағжан:
Жетті енді қам жер мезгіл, жатпа бекер,
Ойламау келешекте түпке жетер
Надандық қоршап алған тұс-тұс жақтан,
Жан қорқып, дене тітіркеп есің кетер, - дей
келіп, одан әрі:
Кел, қазақ, қолдағыдан құр қалмайык,
Отырайық жиылып, оңдалайық.
Мың жылғы өткен қумай ата заңды,
Өнерден кеш қалмайық, ойланайық, - деп
жалпы қазаққа үндеу тастайды.
Тіпті жылдың бір мезгіліне арналған «Күз»
деген өлеңінің өзінде де Мағжан күздің
көріністерін суреттеумен қатар тағы да туған
халқының қараңғылығы мен надандығын, оқуға
ынтасыздығын айтып реніш білдіреді»:
Баласын оқытумен жоқ жұмысы
Ел бұзу, малын шашу—барлық. ісі.
Ойлаған бір күн бұрын таңдағы істі
Япырым-ау, айтыңдаршы, бар ма кісі? – деп
назаланады.
“
Осы күнгі күй” деген өлеңінде ақын өнер-
білімнен кенже қалған елдің күйін:
60
Ортаға қамап алып қырып жатыр
Қара жүрек надандық қолмен сансыз, - деп
шебер бейнелей келіп:
Қазағым, арыстаным, қайратты ерім,
Тұрдың ба қару қылмай құр амалсыз.
Білімсіз ит надандық жеңгені ме?
Буының қалтырайды болып әлсіз, – деп бүкіл
қазақтардың намысына тигізе, батыра сынайды.
Мағжан Жұмабаевтың шығармасын, әсіресе,
ағартушылық шығармасын әңгімелегенде оның
балалар әдебиетін жасауға ерекше көңіл бөлгенін,
өнер-білімді осы жастардан күткенін айтуымыз
керек. М.Жұмабаев балаларға арнап көп еңбегін
сарп еткен, сындарлы, жүйелі жұмыс істеп,
көптеген кітаптар шығарған. Балаларға арлалған
өлеңдері өз алдына бір төбе. «Шолпан» жинағында
ақынның «Балалық шақ», «Қарағым», «Мен сорлы»
(Шәкірт зары) атты өлеңдері жарияланған. Бұлар
Ыбырай Алтынсариннiң «Кел балалар оқылық»
атты өлеңімен орайлас.
Ауылдағы
ойын
балаларына
арналған
«Балалық шақ» деген тамаша өлеңінде Мағжан
оларға осы балалық шағынан бастап оқу-білімге
көңіл бөлуге, бойға тек асылды ғана сіңіруге кеңес
береді.
Жастық – алтын,
Құрып қал салтын
Салты оның – үйрену!
Өнер қуып,
61
Бел бекем буып,
Надандықтан жирену!
Тұрма, қарғам, ұмтыл!
Аты өшкірден құтыл! –
«Аты өшкірден құтыл» дегені – надандықтан
құтыл деп отыр. Баланың құлағына жағымды
«қарағымды» қолдана отырып, ақын өз ойын сәби
санасына ұялатады. Ақынның бұл сияқты өлеңдері
қазіргі кезде де өз мәнін жоғалтқан жоқ.
Осы өлеңге ұқсас «Қарағым» деген өлеңінде
Мағжан:
Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!
Ойынға, құр қаларсың, көңіл бөлме.
Оқымай, ойын қуған балаларға
Жолама, шақырса да қасына ерме
Кідірме, аялдама, алға ұмтыл,
Алам деп көктен жұлдыз қолың серме, - деп
жас жеткіншектерді оқуға білімге шақырады.
«Ақ қала» өлеңі ойынға құрылса да елеулі
тақырыпты тамаша жеткізген. Қардан төрт бұрыш
жасап, терезе қойып мәре-сәре болады. Беттері
бұлдіргендей қызарып, күліп, таласып жүріп,
аққала салып ойнайды.
Қарды соғып төрт бұрыш,
Төрт бұрышты қып кірпіш,
Үй іргесін қаласты,
«Мен оям!» - деп біреуі,
«Мен қоям!» - деп біреуі
Терезеге таласты,
62
Терезелер ойылды,
Қардан құрсау қойылды.
Шаттықтың енді шегі жоқ.
Беттері болды бүлдірген,
Сар даланы күлдірген.
Күлкілері меруерт...
«Әже» атты өлеңінде ақын ертегіге елтіген
Кенжебай деген баланы суреттейді.. Бұл әже мен
немересі арасындағы мерейлі, нәзік, қымбат сезімді
мадақтайтын өлең. Әжесі сұрмерген туралы ертек
айта бастағандағы немересінің жайын ақын былай
көрсетеді:
Қоя қойды Кенжебай,
Жылаған жаңа нан сұрап,
Тыңдап отыр тентектер,
Алма беті албырап,
Ауыздары аңқиып,
Сілекейі салбырап
Қандай ғажайып көрініс! Әттең осы күні
немерелеріне ертек айтып отыратын мұндай әжелер
азайып кетті ғой!
Осыған ұқсас Мағжанның тағы бір өлеңі
«Немере мен әжесі» деп аталады. Мұнда немересі
әжесінен: «Көк деген не, жұлдыз не, жер не, теңіз,
шөл, тау дегендер не деп көптеген сұрақтар қояды.
Әжесі бұл сұрақтарға анық жауап бере алмай,
мектепке оқуға бар, сонда бәрін білесің деп ақыл
береді. Бар әңгіме Мағжанға тән жеңіл де көркем
тілмен әзіл жүреді. Осы сияқты «Қойшы бала мен
63
күшік» деген өлеңінде де ақын мектептен қандай
білім алуға болатынын насихаттайды.
Қазақтың мал десе ішкен асын жерге қоятыны
ежелден белгілі. Мал бағу оның қанына сіңген
кәсібі. Міне, осы ата кәсібіне баулуға арналған
Мағжанның «Бөбектің тілегі» атты өлеңінің орны
бөлек.
Тоқтышағым, тоғыз тап,
Саулық қойым, сегіз тап,
Сегізін де семіз тап,
Құла бием, құлын тап,
Кұлын таппа, құнан тап,
Құнан тапсаң, егіз тап, - деп кете бередi.
Әр төл үшін көркем де мерейлі сөз табады.
Өлеңнің әр жолы өзінен өзі жатталып, дауыстап
айтуға қызықтырады. Тоқырау жылдары еліміздегі
жастардың көбі малды бағаламауға айналғаны
көрініп қалды. Нәтижесінде тіпті ауылды жердің
өзінде мал басы азайып кетті. Рас соңғы 3-4 жылда
малдың бағасы қайта көтеріліп келеді. Жас
бөбектерді малды бағалап, оны күтуге баулуға
Мағжанның осындай өлеңдерінiң ролі зор. Бұл
өлеңдерді барлық мектептерде төменгі класс
балаларына, тіпті балабақшалардағы бөбектерге
оқып жаттатсақ нұр үстіне нұр болмақ.
Балаларға арналған ақынның мына бір
жолдарын да айта кетпеске болмайды.
64
Сал-сал Бiлек, сал Бiлек,
Балдан тәтті бал Білек,
Мектепке бар бір мезгіл.
Әжеңнің тілін ал, Білек.
Сал-сал Білек, сал Білек,
Сабағыңа бар, Бiлек
Қыдыра берме қалтиып,
Етегіңмен қар күреп.
Сал-сал Білек, сал Білек,
Сұлу таңдай тал Бiлек,
Оқып-оқып бір асқан
Ғалым болып қал, Білек.
Жас бөбекті оқуға үгіттеген осы шағын
өлеңнің тілге жеңiл, оқуға, жаттауға ыңғайлы, әрі
сондай көркем жазылғандығына танданбасқа
болмайды!
Мағжан шығармаларындағы ағартушылық
бағыт оқу-білімге үндеумен ғана шектеліп
қалмайды. Мысалы, «Әдемi қыз» өлеңінде ауыл
бойжеткеніне моральдык тазалықты сақтай білу
қажеттігін ұғындырса, «Жас келін» атты өлеңінде
ұлттық ізгі дәстүрлердің бәрі сақталып, әдеп пен
инабаттылық аяқасты болмауына шақырады.
Бұл текті жырларының қайсысынан болсын
Мағжанның биік парасаты, кемеңгер ойы мен
шалқар білімінің лебi еседі.
65
Өзінің «От» атты өлеңінде ол:
Жарқырап от боп туғаннан,
Белiмді бекем буғаннан,
Қараңғылық – дұшпаным.
Сол жауызды жоюға,
Соқыр көзiн оюға
Талай заулап ұшқанмын, - деп өзінің
қараңғылыққа, надандыққа қарсы күрескер
позициясын білдіреді.
Мағжан Жұмабаев ағарту ісіне үндеуші
ретiнде ғана қатыспай, педагогикалық қызметті
қайраткерлік тірегінің негізгі саласы етіп қалап
алған.
1917
жылы
Омбының
мұғалімдік
семинариясын
бітірген
Мағжан
1918-1919
жылдары осы қалада қазақ жастары үшін қазақ
тілінде ашылған мұғалімдер курсында алғаш
мұғалімдік сапарын бастап, тарих және әдебиет
пәндерінен сабақ береді; әрі сол курсты басқарады.
Осы курста Мағжаннан сабақ алған шәкіртердің
бірі – өзіміздің жерлесіміз академик Сәбит
Мұқанов. Ондағы оқығаны туралы Сәбең «Өмір
мектебінің» екінші кітабында жазған болатын.
1920
жылы Мағжан Омбыдан Қызылжарға
көшіп келген мұғалімдер курсын басқарады. Әрі
осы курста педагогикадан және қазақ тілі мен
әдебиетінен сабақ береді. Сонымен қатар сол кезде
Қызылжарда
жұмыс
i
стеген
«Қазақ-татар
клубында» жастарға өз өлеңдерін оқиды.
66
Губерниялық «Бостандық туы» газетінде қызмет
iстеп жүріп өмірге белсене араласады. Әсіресе оқу-
ағарту iсіне ден қояды. 1921 жылғы «Бостандық
туы» газетінің 5-санында Мағжан «Жазылашақ оқу
құралдары һәм мектебіміз» атты мақаласын
жариялады. Онда мынадай ғажайып сөздер бар:
«Әр ел келешегіне негізді балаларын
тәрбиелейтіп, даярлайтын мектебін де салмақ...
Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да
мектебінің қандай негізге құрылуына барып
тіреледі. Мектебiмізді таза, сау, берік һәм өз
жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра
білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге
болады. Сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз
күңгiрт».
1921-
1926 жылдары Мағжан Республика
көлемінде мектептердің жұмысын жолға қоюға ат
салысады. 1922 жылы Орынборда оның
«Педагогика» атты кітабы шығады. Сол жылдары
«Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жолы», «Бала
тәрбиелеу жолдары», «Сауатты бол» сияқты
оқулықтары мен методикалық құралдары шығады.
1922 жылы Ташкентке келіп онда қазақ
қырғыз студенттеріне сабақ бергенін, әрі қазақ-
қырғыз білім комиссиясының мүшесі ретінде
қыруар іс бітіргенін, одан кейін 1923-27 жылдары
Москвада әдеби-көркем институтында оқи жүріп,
сондағы
Күншығыс
еңбекшілерінің
университетінде сабақ бергенің жоғарыда айттық.
67
1927 жылы Москвадан Қызылжарға қайтып
келген Мағжан әуелі Бурабайдағы орман
шаруашылығы техникумында орыс тілі мен
әдебиетінен
сабақ
береді.
Келесі
жылы
Қызылжардағы педагогикалық техникум мен
кеңес-партия мектебінде сабақ береді.
1936 жылы Карелия лагерінен айдаудан келген
Мағжан алдымен жазды күнгі облыстық
мұғалімдер курсында орыс әдебиетінен дәрiс
оқиды. Содан кейін Қызылжардағы № 5-ші
Пушкин атындағы орталау мектепте орыс тiлi мен
әдебиетінен сабақ береді. Ол туралы жоғарыда
айттық. Бұл оның ең соңғы педагогтік қызметі еді.
Сөйтiп, қазақ әдебиетінің классигі, ұлы ақын,
ардақты азамат, білімді педагог Мағжан Жұмабаев
өзінің қысқа да қысталаң өмірін туған халқының
қараңғылықтан, надандықтан арылып, алдыңғы
қатарлы елдер санатына қосылуы жолындағы
күреске бағыштады. Ол өзінің өлеңдерінде оқу-
білімді, өнерді насихаттады. Өзі де әрдайым
ізденіп, оқып сол кездегі ең білімді адамдардың
қатарында болды. Және өз білімімен кейінгі
толқын жастармен бөлістi. Ол ақындығымен қатар
ағарту, педагогика саласында қызмет жасады,
ғылыми еңбектер жазды. Оның бұл еңбектері осы
күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ. Олар
қазіргі ұстаздар мен ағарту саласында істеп жүрген
барлық қызметкерлерге өз пайдасын тигізуде.
Оның шығармалары жас ұрпақты тәрбиелеу
68
жолында қазақ қауымына әлі талай еңбек етері
сөзсіз.
Өкiнішке орай, ұлы ақынның шығармалары
біздің қолымызға әлі түгел тиген жоқ. Әзірше
қолда бары 1989 жылы «Жазушы» баспасынан
шыққан ақын шығармаларының бір томдығы мен
1992ж.
«Ғылым»
баспасынан
шыққан
«Таңдамалысы» ғана.
Ақынның «Педагогика» атты кітабы алдында
«Жұлдыз»,
“Балабақша
және
үйелмен”
журналдарында жарияланып еді. Енді ол осы
“Таңдамалыға” кіріпті, биыл «Ана тілі» баспасынан
М.Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығы жеке кітап
болып шықпақшы. Және ол кітап жоғары, арнаулы
орта және кәсіптік-техникалық оқу орындарында
халық педагогикасының негізінде өтілетін болады.
Бұл да бір жақсылық нышаны. Мағжан туралы
оның өмір жолы мен шығармашылығы туралы әр
қилы мақалалар мен зерттеулер қазақ газет
журналдарында 1989 жылдан бері басылып келеді.
Бірақ Мағжан туралы әлі де білмейтініміз көп. Енді
Достарыңызбен бөлісу: |