Қайролла мұҚанов



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата02.01.2017
өлшемі1,19 Mb.
#964
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
алдымызда  өткізілгелі  отырған  оның  100-жылдық 
мерейтойына қарсы біраз деректер шығуы мүмкін. 
Сондықтан  облыс  педагогтары  мен  ағарту 
саласының қызметкерлері ізденіп, ұлы ақын туралы 
әрбір жаңа деректі мұқият оқып танысулары керек. 
 
 
 
МАҒЖАН ҚЫЗЫЛЖАРДА 

 
69 
 
Бiздiң атақты жерлесiмiз, ақиық ақын Мағжан 
Жұмабаев  өзiнiң  қысқа  өмiрiнде  бiрсыпыра 
қалаларда  болды.  Дегенмен  Қызылжар  қаласында 
ол  бәрiнен  де  көбiрек  болды,  шығармаларының 
көбiн  осы  қалада  жазды.  Оның  махаббаты  да  осы 
қалада тұтанып, лаулады. 
Ең  алғаш  1905  жылғы  күзде  12  жасар 
Мағжанды әкесi Бекен Қызылжардағы «шалақазақ» 
медресесiне оқуға бередi. Бұл медресе ол кезде осы 
күнгi  «Восход»  қонақүйiнiң  орнында  болған.  Ал 
осы  күнгi  облыстық  Кеңес  тұрған  ғимараттың 
орнында  Қуанышев,  Жалтыров  сияқты  қала 
байлары  салдырған  мешiт  болған.  Медреседе 
Стамбул университетiн бiтiрiп келген Мұхаметжан 
Бекiшев  және  оның  туысы  Ғазиз  Бекiшев  сабақ 
берген. Мұнда дiни сабақтармен қатар араб, парсы, 
түрiк  тiлдерiне,  шығыс  елдерiнiң  әдебиетi  мен 
тарихына  көп  көңiл  бөлiнген.  Мағжан  бұл 
медреседе  бес  жыл  оқып,  оны  1910  жылы  үздiк 
бағамен бiтiрiп шыққаны белгiлi. 
Медреседе  оқып  жүрген  жас  Мағжан  шығыс 
әдебиетiнен, әсiресе поэзиясынан еркiн сусындаған. 
Сонымен  бiрге  ол  сол  кезде  ел  арасында  қазақ 
тiлiнде  көп  тараған  өлең-жырларды,  қиссалар  мен 
батырлар жырын, ертегiлер мен әңгiмелердi тыңдап 
оқып жүрген. 
Оның  үстiне  1909  жылы  Уфа  мен  Петербург 
баспаханаларынан  шыққан  Абайдың  өлеңдер 

 
70 
жинағын, 
Ахмет 
Байтұрсыновтың 
«
Қырық 
мысалын»,  Мiржақып  Дулатовтың  «Оян,  қазағын» 
оқып, ой өрнегiнен өткiзген. 
Мiне,  осының  бәрi  талантты  жас  Мағжанды 
толғандырмай  қойған  жоқ.  Мағжан  да  өлең  жаза 
бастады.  Оның  алғашқы  өлеңдерi  өзiнiң  туған 
жерiне,  оның  тамаша  табиғатына,  даласы  мен 
қаласына арналады. 
Жас ақынның алғашқы өлеңдерiнiң бiрi «Айда 
атыңды,  Сәрсенбай».  Мұнда  ол  1910  жылғы 
көктемде  медресенi  бiтiрiп  қаладан  ауылына  бара 
жатқандағы  көңiл  күйiн  суреттейдi,  қала  мен 
ауылдың айырмашылығын көрсетедi. Қазақтың кең 
даласында саф ауасын жұтып еркiн өскен жас өскiн 
қаланың  қапас  ауасынан,  ызыңдаған  у-шуынан 
қашады, сағынған ауылына асығады: 
Шу-шу-шу… 
Әттең ғана бiр оқу! 
Келмес едiм қалаға. 
Қарашы кейiн бұрылып: 
Таудай болып созылып 
Қала бiр жатқан дәу перi 
Айналасы – тұман, түн, 
Демалысы – от, түтiн 
Жарқ-жұрқ етер көздерi 
Сөзi у-шу, ыңда-жың, 
Сасық иiс ауыр тым 
Тұншықтым ғой, құдай-ай! 
Кейiн қарап нетемiз? 

 
71 
Ауылға қашан жетемiз? 
Айда атыңды, Сәрсенбай! 
Немере 
iнiсi 
Ғадiлша 
Қаһармановтың 
айтуынша,  Мағжан  1910  жылы  жазда  Медресе 
Ғалияға оқуға түсу алдында Қызылжардың қалалық 
кiтапханасында  күнiмен  дайындалып,  өзi  тұрған 
Хаһiм нағашысының үйiне кешке бiрақ келедi екен. 
Сол  жылғы  күзде  Мағжан  өзiмен  бiрге 
«
шалақазақ»  медресесiн  бiтiрген  Бекмұхамбет 
Серкебаевпен    бiрге  (белгiлi  халық  артисi  Ермек 
Серкебаевтың  әкесi)  Уфа  қаласындағы  «Ғалия» 
медресесiне  оқуға  түседi.  Бiрақ  Мағжанның  бiлiм 
деңгейiнiң  тереңдiгiн  байқаған  татардың  атақты 
жазушысы Ғалымжан Ибрагимов оған бұдан басқа 
жерден  оқуға  кеңес  бередi.  Сөйтiп  Мағжан  сол 
жылғы қараша айында елiне қайтып келедi. 
Бұл  кезде  өзiнiң  «Оян,  қазақ!»  атты  кiтабы 
үшiн  патша  өкiметiнiң  қуғынынан  қашып  жүрген 
Мiржақып  Дулатов  Қызылжарға  келiп  паналаған 
едi.  1910  жылдың  аяғы  мен  1911  жылдың 
басындағы  қыста  Мағжан  сол  Мiржақып 
Дулатовтан орыс тiлi мен әдебиетiнен дәрiс алады. 
Сол  кезде  қазақ  қауымына  белгiлi  ақын, 
публицист,  қоғам  қайраткерi  Мiржақып  Дулатов 
жас  Мағжанның  ақындығын  жоғары  бағалайды 
және  оның  өмiрге,  қоғамға  көзқарасының  дұрыс 
бағытта  екенiне  көзi  жетедi.  Оны  Мiржақыптың 
өзiнiң  ағасы  Асқарға  жазған  хатынан  байқаймыз. 
«…
Осы  қалаға  келгелi  орысша  оқытып  жүрген 

 
72 
шәкiртiм  Мағжан  Жұмабаев  сынды  ақыным  бар. 
Оның  менен  жасы  кiшi,  жазған  өлеңдерi  тамаша, 
ақындығы  күштi,  өте  дарынды  жiгiт.  Екеумiздiң 
өмiрге  деген  көзқарасымызда  айырмашылық  жоқ 
десемде болады, сырласып, достасып кеттiк». 
1912  жылы  Мағжанның  бiр  топ  өлеңдерi 
«
Шолпан»  деген  атпен  Қазан  қаласында  басылып 
шығады.  Бұл  жинаққа  кiрген  өлеңдердiң  басым 
көпшiлiгi  әрине  Қызылжарда  жазылды.  Мұндағы 
өлеңдердiң  көпшiлiгi  туған  жер  табиғатын 
суреттейдi,  ақынның  туған  халқының  жағдайын 
көрiп,  оған  жаны  ашитынын  көрсетедi.  Ақын 
халқын  надандықтан  арылып  оқу  оқып,  өнер-
бiлiмдi меңгеруге шақырады. 
1910-
1913  жылдары  Мағжан  қазақтың  сол 
кездегi  белгiлi  қайраткерлерi  Ахмет  Байтұрсынов 
пен  Мiржақып  Дулатовтан  көп  үлгi  алады.  Осы 
үлкен  дарынды  адамдардың  ықпалымен  Мағжан 
орыс  тiлiн  жете  үйренуге,  еуропалық  бiлiм  алуға 
ұмтылады,  сөйтiп  ол  1913  жылы  Омбы 
қаласындағы мұғалiмдiк семинарияға оқуға түседi. 
Оны 1917 жылы үздiк бағамен бiтiрiп шығады. 
Әрине,  Мағжан  жазғы  демалыс  айларында 
Қызылжарға соғып тұрған. Ал 1920-1922 жылдары 
ол  Қызылжарда  орнығып  қызмет  жасаған.  Бұл 
жылдары  Мағжан  өмiрiнде  қиыншылықтар  көп 
болды.  Бiр  кезде  Мағжанның  «Алаш»  үкiметiнiң 
мүшесi болғаны белгiлi (орталығы Омбыда болған). 
1919  жылғы  4  сәуiрде  Бүкiлроссиялық  атқару 

 
73 
комитетi  (ВЦИК)  «Алашорда»  партиясының 
басшыларына кешiрiм жасады. 
Мағжан  1920  жылы  Омбыдан  Қызылжарға 
көшiп  келген  мұғалiмдер  даярлайтын  курста  әрi 
директор,  әрi  қазақ  тiлi  мен  әдебиеттен  және 
педагогикадан  сабақ  беретiн  мұғалiм  болып 
iстеген.  Кейiнiрек  ол  «Бостандық  туы»  газетiнiң 
қызметкерi болып тағайындалады. 
Мағжан  жаңа  өмiрге  белсене  араласады.  Ол 
өлең-жырмен  ғана  шектелiп  қалмай,  өмiрдiң  әр 
саласын  қамтитын  мақалалар  жазады.  1921  жылы 
«
Бостандық  туы»  газетiнде  оның  «Бiрiншi  Май 
мейрамы»,  «Сайлау»,  «Жазылашақ  оқу  құралдары 
һәм мектебiмiз», т.б. мақалалары жарық көредi. 
Сонымен  қатар  сол  кезде  Қызылжарда  қазақ-
татар  жастарына  арналған  «Қазақ-татар  мәдени 
клубы» 
жұмыс 
iстейдi. 
Оны 
ұйымдастырушылардың  бiрi  Мағжан  болады.  Бұл 
клуб  осы  күнгi  Совет  көшесiнде  Мемлекеттiк 
банктың  жанында  Сақау  Баймағамбет  деген 
байдың  сол  кезде  конфискаланған  бiр  қабатты 
қызыл  кiрпiштен  салынған  үйiнде  жұмыс  iстеген. 
Клуб  жұмысына  жазушы  Мәжит  Дәулетбаев, 
Оспан  Қашағанов,  Тауфик  Бердiғожин,  Жәмшит 
Нұрмұхамбетов және қыз-келiншектерден  Қадиша 
Жаналдинова, 
Зылиха 
Серкебаева 
(Ермек 
Серкебаевтың шешесi), Әмина Қуанышева, Жамал 
Тастемiрова, 
Гүлшира 
және 
Әшишарап 
Жалтыровалар,  Зылиха  Құрманбаева  (Мағжанның 

 
74 
болашақ  әйелi),  т.б.  белсене  қатысады.  Бұлармен 
бiрге татар жастарынан Хабсалямов Вали, Рахимов 
Шарифолла, Богданов Саид белсене қатысқан. 
Әрине, Мағжан бұл кезде әлi де большевиктер 
партиясының  жалаң  үгiтiне  ермей,  халықты  тапқа 
бөлмей  жалпы  қазақ  қауымының  жағдайы  туралы 
жазды,  «қазақ-татар  мәдени  клубында»  да  осы 
тектес өлеңдерi мен поэмаларын оқыды. Қазақтың 
сол  кездегi  тұрмысына  көңлi  толмай,  оның  өткен 
тарихына көз салып, жастардың санасына қазақтың 
өткен  хандары  мен  батырларын,  бұрынғы  еркiн 
тұрмысын  кiргiзгiсi  келдi.  Бiрақ  бұл  кезде  бұлар 
туралы ашық жазуға болмайтын едi. Сондықтан ол 
өзiнiң  атақты  Кенесарының  баласы  Сыздық  батыр 
туралы  поэмасын  «Ертегi»  деген  атпен  шығарған. 
Бұл  поэмасын  ол  әуелi  «Қазақ-татар  мәдени 
клубында»  оқып,  кейiнiрек  «Бостандық  туы» 
газетiнде басып шығарған. 
«
Ертегiнiң»  бастапқы  жолдарынан-ақ  бiз 
Мағжанның сол кездегi аяулы да ауыр жағдайдағы 
көңiл күйiн көремiз: 
 
Бүгiн жаным өртке оранған жанға ұсап, 
Бүгiн жаным тым аңсады от құшақ, 
Жынды жүрек тығылады аузыма, 
Тiлiм-тiлiм тiлсе келiп у пышақ. 
Күңiренiп күрсiн де, алаш, тыңдай бер, 
Ертегi айтады дерттi балаң Жәжекең… 

 
75 
Ақынның  көңiл-күйiнiң  мұндай  болуының 
себебi  мол  едi.  Кеңес  үкiметi  «Алаш  орда» 
мүшелерiн  кешiргенмен  жергiлiктi  жерде  Мағжан 
шығармашылыққа  еркiн  берiле  алмады.  Оның  әр 
сөзiне,  әр  өлеңiне  сол  кездегi  тапшыл  ақын, 
жазушылар  мен  саяси  қайраткерлер  күдiктене 
қарады,  оны  алашордашыл,  байшыл,  ұлтшыл, 
үкiметке қарсы адам деп көзге шұқып отырды. Оны 
мұғалiмдер  даярлайтын  курстан  аластады.  Мiне, 
осының бәрi нәзiк жанды сезiмтал ақынға өте ауыр 
тидi.  Сондықтан  оның  осы  кезде  жазған  өлеңдерi 
уайымшыл болды. 
Мәселен,  «Алдамшы  өмiр»  деген  өлеңiнде 
ақын: 
Алдамшы өмiр ылғи ғана у бередi, 
Өмiр шiркiн шамдай ақырын сөнедi. 
Қара қайғы қалыңдады тым бүгiн, 
Мөлт-мөлт етiп көзiме жас келедi… 
 
Өмiр шiркiн бықсып ақырын сөнедi 
Үмiт шiркiн тотығады, өледi. 
Өлдi үмiт, менде ұзамай өлемiн, 
Соққы жеген сорлы жүрек бiледi – дейдi. 
Осы  сарында  Мағжан  бұл  кезде  «Жан  сөзi», 
«
Ой»,  «Күздi  күнi»,  «Менi  де,  өлiм,  әлдиле», 
«
Болса  гүлсiз»  сияқты  өлеңдерiн  жазған.  Мысалы, 
«
Ой» деген өлеңiнде ақын: 
Ой улады – жаным ессiз, жаным мас, 
Ой улады – жүректе зар, көзде жас. 

 
76 
Ой улады – көмiр болды жүрегiм, 
Ой  улады  –  сарғаямын,  сөнемiн  –  деп 
қайғырады. 
Бiрақ  бұл  айтқандардан  Мағжан  өне  бойы 
осындай  сары  уайымда  ғана  болды,  оның  сол 
кездегi  өмiрiнде  ешқандай  қуаныш,  ешқандай 
жарық  сәуле  болмады  десек  зор  қателесер  едiк. 
Осы  20-шы  жылдардың  басында  оның  шабытын 
жандандырып,  ақын  жүрегiмен  тамаша  махаббат 
жырларын тудырған уақиғалар да болды. 
1920  жылдың  көктемiнде  Гүлсiм  Камалова 
деген  жас  келiншек  сонау  Башқұртстаннан 
Қызылжарға  көшiп  келедi.  Ол  Мағжан  басқарған 
мұғалiмдер  курсiне  математикадан  сабақ  беретiн 
мұғалiм болып орналасады. Мiне, осы кезде Гүлсiм 
мен  Мағжан  арасында  махаббат  оты  лаулайды. 
Мағжан  Гүлсiмге  арнап  «Гүлсiм  ханымға», 
«
Гүлсiмге», «Г-ге», «Сүй, жан сәулем», «Тiрiлдiм», 
«
Айрылғанда»  деген  махаббаттық  лиризмге  толы 
тамаша өлеңдерiн жазады. 
Мәселен,  Гүлсiмге  арналған  ең  бiрiншi 
«
Гүлсiм ханымға» атты өлеңi: 
Бота көз, сиқырлы сөз, Гүлсiм ханым, 
Әр жерде өткiзсек те өмiр таңын 
Кей уақыт көзiңiзге көзiм түссе, 
Ойнайды  аласұрып  неге  жаным?!  –  деп 
басталады. 

 
77 
«
Тiрiлдiм»  деген  өлеңiнде  ақын  қиын  кезеңде 
сары уайымда     жүргенде махаббат күшiмен қайта 
тiрiлгенiн сөз етедi: 
Сансыз күндер ой астына көмiлдiм, 
Қор болып ем 
Жаспен жасып, оймен азып-тозып ем
Өлiп едiм, бүгiн тағы тiрiлдiм… 
«
Сүй,  жан  сәулем»  деген  өлеңiндегi  мына 
жолдар  махаббаттық  лириканың  биiк  шыңы  десек 
қателеспеспiз: 
Шашың қара, денең – ақ бұлт, жүзiң – ай, 
Тiсiң меруерт, көзiң, сәулем, құралай. 
Ләззат, рахат, бақыт – бәрi қойныңда, 
Сұрамаймын ендi ұжмақ – жақсы жай! 
Мағжан  осы  20-жылдың  басында  бұлардан 
басқп  да  жүрегiн  жарып  шыққан  махаббатты 
жырлаған өлеңдер жазды. Мысалы: «Жәмила», «З-
ға»,  «Р-ға»,  «Махаббат  не?»,  «Төгiлген  шашы», 
«
Хор сипатты қарындас», «Сүйгенiм анық», «Күмiс 
нұрлы сен сұлу», т.б. 
Мағжан  Зылиха  Құрманбайқызымен  алғаш 
«
шалақазақ» 
медресесiнде 
оқып 
жүргенде 
танысады.  Одан  кейiн  де  кездесiп  жүредi.  Ақыры 
1920-
1921  жылдары  бұлар  бiрiн-бiрi  түсiнiп 
ғашықтық  оты  қайта  қозғалады.  Бiрақ  қосылып 
семья 
құруына 
Қызылжарда 
мүмкiндiк 
болмағандықтан  бұлар  1922  жылғы  күзде  Челябi 
арқылы  Орынборға  барып  семья  құрып,  одан 

 
78 
Ташкентке  барып  орнығады.  Бұл  туралы  Ғадiлша 
Қаһарманов толық жазған болатын. 
Мағжанның  орыс  ақын,  жазушыларының 
шығармаларын  көп  оқығаны  белгiлi.  Ол  әсiресе 
Пушкиндi,  Лермонтовты,,  Феттi,  Блокты  ұнатып 
оқыған.  1921  жылы  Блок  қайтыс  болғанда 
Қызылжар  қаласында  Мағжан  «Александр  Блок» 
атты өлең жазған. 
Мағжан  1911-1922  жылдары  орысшадан  және 
арабшадан 15 шақты өлеңдер аударыпты. Менiңше, 
олардың көпшiлiгiн ақын осы Қызылжар қаласында 
аударған. 
Бұлардың 
iшiнде 
Лермонтовтан, 
Кольцовтан,  Гетеден,  Гейнеден  аударған  өлеңдер 
бар. 
1922 жылы Орынбор қаласында жарық көрген 
Мағжанның  әрi  оқулық,  әрi  методикалық  сипатты 
«
Педагогика»  кiтабы  де  Қызылжарда  жазылған. 
Бұл туралы осы кiтаптың алғы сөзiнде автордың өзi 
былай  дейдi:  «Бұл  кiтап  2-3  жыл  бұрын  қысқа 
уақыттық 
мұғалiмдер 
курсында 
оқылған 
дәрiстерден түзiлген едi. Бұл күнге шейiн басылып 
шығып, жарық көре алмады. Бұл айып менiкi емес, 
бүлiнген замандiкi». 
192
7  жылы  Мәскеудегi  В.Брюсов  басқарған 
көркем әдебиет институтын бiтiрген Мағжан туған 
елiне қайта оралады. Сол жылғы күзден бастап ол 
Қызылжардағы  Ақмола  губерниялық  партия-совет 
мектебiнде  және  қазақ  педтехникумында  қазақ 
және орыс тiлi мен әдебиетiнен сабақ бередi. 

 
79 
Көп  жыл  бойы  облысымызда  партия,  совет 
және шаруашылық органдарында қызмет атқарған, 
қазiргi  кезде  Көкшетау  қаласында  тұратын  дербес 
зейнеткер  Ыбыраев  Өмiрбайдың  айтуынша  1927-
1929  жылдары  ол  осы  мектепте  Мағжан 
Жұмабаевтан  дәрiс  алған.  Бұл  мектеп  осы  күнгi 
облыстық аурухананың жаңа корпусының орнында 
соңғы  кезге  дейiн  болған  ауыл  шаруашылығын 
механикаландыру 
техникумының 
үйiнде 
орналасқан  екен.  «Мағжанның  сабағын  бiз  ұйып 
тыңдайтын  едiк,  -  дейдi  Өмекең,  -  Мағжан  екi 
сөзiнiң  бiрiнде:  жiгiттер,  сiздер  кiтапты  көп 
оқыңыздар,  көп  оқысаңыздар,  көп  бiлесiздер, 
халыққа  пайдаларыңыз  тиедi  дейтiн.  Мағжан  өте 
көркем,  сал  жiгiт  едi.  Киiмi  өте  таза  болатын. 
Басынан  жазда  шляпа,  қыста  бөрiк  түспейтiн. 
Қолына  сәндiкке  әдемi  асатаяқ  (тросточка)  ұстап 
жүретiн». 
Мұсылманов Қайыр – көкшетаулық. Көп жыл 
Көкшетау  аудандық.  Қарағанды  облыстық  оқу 
бөлiмдерiн  басқарған.  Осы  кiсi  1990  жылы  86 
жасында  жазған  естелiгiнде  былай  дейдi:  «Мен 
Мағжаннан  оқыған  кезiмде  ол  маған  алыптай 
көрiнетiн,  ал  мен  оның  қасында  жай  бiр  мегежiн 
сияқты  көрiнетiнмiн.  Сол  кезде  оған  қызығып, 
шiркiн  Мағжандай  болар  ма  едiм  деген  сезiм 
болатын. 
Мен  сол  совпартшколаға  түсерде  Мағжан 
кiшкентай ғана диктант жазғызды. Әлi есiмде: «Ор 

 
80 
айнала  үрiп  жүрген  иттi  көрдiм,  үрiп  едi,  ұрып 
жiбердiм»,  -  деп  жаздырды.  Сол  кездегi  емле 
бойынша: ор, ер, ұр, үр деген сөздердi бiр сөйлемге 
сыйғызған екен. Осыдан бiрiншi әсер алдым. Бұдан 
кейiн  «Жыл  құсы»  журналына  жазылған  оның 
өлеңдерiн  үзбей  оқу,  кейбiреулерiн  жаттап  алу 
әдетiме айналған едi». 
Осы  совпартшколаны  жерлес  ақынымыз 
Ғалым  Малдыбаев  1927  жылы  бiтiрiп,  одан  кейiн 
бiраз 
жыл 
«
Бостандық 
туы» 
газетiнiң 
редакциясында  қызмет  iстептi.  Мағжаннан  тiкелей 
өқымаса да, онымен бiр қалада тұрғандықтан және 
екеуi  де  ақын  болғандықтан  олар  сол  кезде  жиi 
кездесiп  әңгiмелесiп  жүргендерi  хақ.  Әттең  не 
керек, Ғалекең де бұл дүниеден өтiп кеттi! Мағжан 
туралы ол кiсiнiң құнды естелiктерiн бiз ести алмай 
қалдық! 
Ал  қазақ  педтехникумына  келсек,  1927-1929 
жылдары  Мағжан  Жұмабаев  сабақ  берген  кезде 
оның  директоры  Уфадағы  «Ғалия»  медресесiнiң 
түлегi  Бейiмбет  Майлинмен,  Сайфи  Құдашпен 
бiрге  оқыған  Жиенғали  Төлепбергенов  едi. 
Сондықтан Мағжан мен Жиенғалидың ой бөлiсетiн 
ортақ әңгiмелерi болғаны сөзсiз. 
Мағжанның  алдынан  осы  кезде  16  жасар 
Зағипа  Садуақасқызы  Тiналина  оқыған.  Ол 
Мағжанға  ғашық  болған.  Бұл  туралы  Ғадiлша 
Қаһарманов  толық  жазған  болатын 

Ленин  туы», 6 
қазан, 1992ж.). 

 
81 
Осы кезде Мағжан көп ойланып, көп толғанып 
партияның  тапқа  бөлу  әдiсiн  қабылдап,  осы 
тұрғыдан  өлеңдер  жазады.  Тiптi  сол  1927  жылы 
республикалық  «Еңбекшi  қазақ»  газетiнiң  17-шi 
тамыздағы санында «Тоқсанның тобы» атты шағын 
поэмасын  бастырып  шығарады.  Бұған  дейiн 
Мағжан  өлеңдерiнде  қазақты  тапқа  бөлу 
болмайтын.  Ол  өлеңдерiнде  барлық  қазақ  ұлтына 
жаны  ашып,  барлық  қазақты  отаршылыққа  қарсы 
күреске  шақыратын.  Мәскеуде  үш  жарым  жыл 
болып  келген  Мағжан  Кеңес  үкiметiнiң  ыңғайына 
көшiп  халықтың  көпшiлiгiн  құрайтын  кедейлер 
жағын  қолдайтынын  бiлдiредi.  Бұл  поэмасында 
Мағжан оларды «Тоқсан» деп азынаулық байларды 
«
оңға» теңейдi. 
Жырладым елдi жалпылап, 
Жасырман жүздi жақтадым. 
Тоқсанға ендi тоқтадым, 
Толғанып, ойлап, талқылап… 
Тоқсаннан сонау он аулақ 
Сонау оннан мен аулақ, 
Мен тоқсанмен бiргемiн. 
Поэмасындағы  осындай  сөздермен  Мағжан 
саяси  бетiн  түзеп  өз  творчествосының  жаңа  бетiн 
ашты. Бiрақ тағдыр бұл беталысымен қалам тартуға 
жазбады.  Ел  басын  сталинизмнiң  қара  бұлты 
торлай  бастады.  Оның  көлеңкесi  алдымен 
халқымыздың  Мағжан  сынды  боздақтарына  түстi. 
1929 
жылғы 
шiлденiң 
басында 
Мағжан 

 
82 
Қызылжардағы  үйiнде  тұтқынға  алынды.  Ол 
Қызылжардан Алматыға, одан Мәскеудегi Бутырка 
түрмесiне,  одан  он  жылға  концлагерге  кесiлiп 
Карелия ормандарына айдалады. 
1936 жылы жазда А.М.Горькийдiң және оның 
әйелi 
Е.П.Пешкованың 
көмегiмен 
Мағжан 
айдаудан  мезгiлiнен  бұрын  босанып  шығып 
Қызылжарға келедi. 1936-1937 оқу жылынан бастап 
ол  қаладағы  №  5  Пушкин  атындағы  орталау 
мектепте орыс тiлi мен әдебиетiнен сабақ бередi. 
Бұл  кезде  ақын  шын  көңiлден  «Социалистiк 
еңбек  елiне»  қызмет  етпек  болады.  Осы  ниетте ол 
не  күн  туса  да  айнымаймын  деп  «Қаламыма», 
«
Жамбылға»  деген  өлеңдер  жазады.  Мысалы, 
«
Қаламыма» деген өлеңiнде ақын: 
 
Осы бетiм – ақ ниетiм, келдiм бастап, 
Жанымнан бар жараны сылып тастап. 
Еңбекшi ел, ашуы – ұшан, мейiрiмi мол, 
Жанымды  тарттым  саған  жалаңаштап,  -  деп 
ағынан жарылады. Бiрақ ақынның бұл толғанысын 
кеңес үкiметiнiң өкiлдерi тыңдамайды. Жазушылар 
одағы да оны қабылдамайды. Оның есесiне НКВД 
қайта-қайта  тексерiп  маза  бермейдi.  Ақыры  1937 
жылғы  қаңтардың  аяғында  оны  мектепте  iстеп 
жүрген  қызметiнен  босатып  шығарып  жiбередi. 
Жұмыссыз  қалған  Мағжан  Алматыға  кетуге 
мәжбүр  болады.  Бiрақ  оған  Алматыда  жұмыс 
берiлмейдi,  берiлген  күнде  де  ұзатпай  шығарып 

 
83 
жiбередi.  Ақырында  сол  1937  жылдың  30 
желтоқсанында  ол  тұтқындалады,  1938  жылғы  19 
мартта  атылады.  Бұдан  кейiн  «халық  жауы»  деп 
танылған  ақынның  есiмiн  де,  шығармаларын  да 
атауға  тыйым  салынды.  1960  жылы  Мағжан 
ақталса  да,  оның  шығармаларын  жарыққа 
шығаруға  рұқсат  берiлмедi.  Тек  1988  жылдың 
аяғында  ғана  Мағжан  шығармаларын  жарыққа 
шығаруға,  оларды  оқуға  рұқсат  берiлдi.  Содан 
кейiн ғана Мағжан елiне қайта оралды. 
Республикамыздың  барлық  халқы  сияқты 
Қызылжар  жұрты  да  ұлы  жерлесiнiң  елге  қайта 
оралуын  зор  қуанышпен  қарсы  алды.  Қызылжар 
қаласындағы  өзi  бұрын  қызмет  атқарған  бұрынғы 
«
Бостандық туы» – «Ленин туы» (қазiр «Солтүстiк 
Қазақстан») газетiнiң редакциясының қабырғасына 
Мағжанға  ескерткiш  тақта  орнатылды.  Қаладағы 
бұрын  1-шi  және  2-шi  Коммунистическая  деп 
аталатын  көшелердi  бiрiктiрiп,  осы  ұзын  көшеге 
Мағжан  Жұмабаев  аты  берiлдi.  Осы  көше  мен 
Интернационал  көшесiнiң  қиылысындағы  үлкен 
алаңға  Мағжан  алаңы  деген  ат  берiлдi.  Осы  алаң 
туралы  жергiлiктi  ақын  Зейнолла  Әкiмжанов 
«
Мағжан  алаңы»  деген  өлең  жазып  шығарды 

Ленин  туы»,  22.09.1990ж.).
 
Онда  мынадай  тамаша 
жолдар бар: 
 

Жарасады-ау бұл алаң ұлы адамға, 
Ендi Мағжан бейнесi тұрады онда: 

 
84 
Жүрегiнде толқындап ақық өлең, 
Дана Мағжан жүргендей бұл алаңда. 

Ұлы Мағжан оралды Алашына, 
Жаңғырумен жүрегi, жүзiнде өлең. 
Қазақ асыл – Мағжандай данасымен, 
Мағжан асыл-аяулы Алашымен. 
 
Ғасырларда мәңгiлiк аты қалар 
Армандағы Алаштың баласымен. 

Қызылжарда алаң бар, Алаш ұлы 
Аялаған Мағжанның атындағы! 
Мағжанның  100  жылдық  мерейтойы  кезiнде 
осы  алаңның  қақ  ортасында  ақынның  ескерткiшi 
ашылды. 
 
МАҒЖАН ОМБЫ ҚАЛАСЫНДА 
(“
Солтүстiк Қазақстан” 7.06.2006) 
 
Мағжан 
Жұмабаев 
Қызылжардағы 
Мұхамеджан Бегішев басқарған медресені бітірген 
соң  Уфа  қаласындағы  әйгілі  «Ғалия»  медресесіне 
оқуға  түседі.  Сонда  оқып  жүріп  1910  жылы 
демалысқа  елге  келгенде  Қызылжарда  сот 
кеңсесінде  тілмаштық  қызмет  істеп  жүрген 
Міржақып 
Дулатовпен 
кездеседі. 
Бұл 
Міржақыптың  атақты  «Оян,  қазақ!»  өлеңдер 
жинағын шығарғаннан кейін патша тыңшыларынан 
бой  тасалап,  осы  қалаға  келген  кезі  болатын. 
Міржақып Мағжанның өлеңдерімен танысып, оның 

 
85 
дарынды ақын болғалы тұрғанына көзі жетеді және 
оның  Шығыс  поэзиясын  жақсы  меңгергенін 
байқайды.  Дегенмен  енді  оның  европалық  білім 
алуына  кеңес  береді.  Өзі  оған  орыс  тілінен  дәріс 
беріп,  Пушкиннің,  Лермонтовтың,  Крыловтың 
шығармаларымен таныстырады. 
Медресенің 
оқытушысы, 
белгілі 
татар 
жазушысы  Ғалымжан  Ибрагимов  та:  «Мағжан, 
сенің  біліміңмен  бұл  медреседе  оқудың  қажеті 
шамалы, сондықтан сен басқа оқу ізде», - деп ақыл 
қосады. Осындай екі бірдей білімпаздың кеңесінен 
кейін  Мағжан  Европа  мәдениетімен  жақынырақ 
танысып,  білімін  көтеру  үшін  1913  жылғы  күзде 
Омбы  қаласындағы  мұғалімдер  семинариясына 
оқуға  түседі.  Бұл  семинария  осы  қаладағы  баяғы 
Шоқан  оқыған  кадет  корпусынан  кейінгі  екінші 
әйгілі  оқу  орыны  болатын.  Мұнда  ол  кезде  А.П. 
Васильев,  И.В.  Волков,  А.И.  Покровский,  А.В. 
Россихин,  А.Н.  Седельников  сияқты  білімді 
ұстаздар  сабақ  беретін  еді.  Мысалы,  география 
пәнiнiң 
оқытушысы 
Александр 
Никитич 
Седельников  сол  кездiң  өзiнде  оңтүстiк-сiбiр 
қазақтарының өмiрi мен тұрмысын зерттеп жүрген 
белгiлi  ғалым,  орыс  география  қоғамының  мүшесi 
болатын. 
Семинарияда  Мағжан  мен  бірге  әр  класта 
Сәкен  Сейфуллин,  Нығмет  Нұрмақов,  Әбдірахман 
Байділдин,  Таутан  Арыстанбеков,  Бекмұхамбет 

 
86 
Серкебаев  (Халық  әртісі  Ермек  Серкебаевтың 
әкесі), т.б. қазақ жастары оқиды.  
Семнария  қабырғасында  Мағжан  қазақтың 
тұңғыш  ғалымы  Шоқан  Уәлихановтың  досы  Г.Н. 
Потанинмен  кездеседі.  Алғашқы  кездесулерден-ақ 
ол  Мағжанның  біліміне,  алғырлығына  сүйсініп, 
оны  «Болашақ  Шоқан»  деп  атайды.  Оның  бұл 
болжамы  келді  де.  Мағжан  семинарияда  үздік 
оқып,  Потанин  атындағы  арнайы  стипендия  алып 
тұрды.  Соңынан  әйгілі  ақын,  түркітанушы, 
әдебиетші,  тарихшы,  лингвист,  ұстаз  болды.  1917 
жылғы  жазда  семинарияны  алтын  медальмен 
бітірді. 
Мағжан  семинарияда  оқып  жүріп,  туған 
халқын  ағартуға,  мәдениетін  көтеруге  бағытталған 
істерге  белсене  қатысты.  Ол  1914  жылы  құрылған 
Омбыдағы  қазақ  жастарының  «Бірлік»  атты 
ұйымының  белсенді  мүшелерінің  бірі  болды.  Ол 
ұйым  мүшелерінің  қатарында  Омбының  әр  түрлі 
оқу  орындарының  оқушылары:  Сәкен  Сейфуллин, 
Нығмет  Нұрмақов,  Әбдірахман  Байділдин,  Таутан 
Арыстанбеков,  Асылбек  Сейітов,  Мұсылманбек 
Сейітов,  Қошке  Кемеңгеров,  Смағұл  Сәдуақасов, 
Ғаббас  Тоғжанов,  Ахмет  Баржақсин,  т.б.  болды. 
«Бірліктің» басқарушысы Шәймерден Әлжанов еді. 
Бұл  ұйым  өзінің  алдына  мәдениетін,  өнерін, 
әдебиетін  көтеру  арқылы  қазақ  халқының  ұлттық 
санасы  мен  сезімін  оятуды  мақсат  етті.  Осы 
мақсатқа жету үшін ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, 

 
87 
оларды  бастырып  шығаруды,  ауыл  мектептерін 
оқулықтармен қамтамасыз етуді, қаражатқа мұқтаж 
оқушыларға  көмек  ұйымдастыруды  қолға  алды. 
1916  жылы  «Балапан»  атты  қолжазба  журнал 
шығарып  тұрды.  Оның  редакторы  Қошке 
Кемеңгеров  болды.  Осы  журналдың  шығуына 
арнап  Мағжан  «Балапан  қанат  қақты»  атты 
аллегориялық  туындысын  жазды.  Қара  сөзбен 
жазылған бұл өлеңінде ақын көзі қарақты оқушыға 
«Балапанмен»  бірге  жаңа  европалық  бағыттағы 
әдебиеттің туғанын айтуды мақсат еткен. 
«Балапан»  заманында  ауызға  ілініп,  жастарға 
көрсеткен  оның  қызметі  көп  болды»,  -  деп  жазды 
«Бірліктің»  белсенді  мүшелерінің  бірі  –  Смағұл 
Сәдуақасов.  Өкінішке  орай,  бұл  журналдың  бірде-
бір саны әлі табылған жоқ. 
Мағжан өстіп әрі оқуын оқып, әрі өлең жазып, 
түрлі қызмет атқарып жүргенде, 1917 жылғы ақпан 
төңкерісі  келіп  жетті.  Сол  тұстағы  қазақтың  бір 
шоғыр  демократ,  ағартушы  зиялы  өкілдерімен 
бірге Мағжан да бостандық туды, халқымның бағы 
ашылды  деп    қуанышқа  бөленді.  Ол  Омбы 
қаласында 1917 жылғы сәуірдің 25-інен мамырдың 
7-
сі  аралығында  өткен  Ақмола  облыстық  қазақ 
съезіне  қатысты.  Бұл  съезге  Омбы  облысына  (ол 
кезде  Ақмола  облысы  деп  аталатын)  қарайтын 
Ақмола,  Атбасар,  Көкшетау,  Омбы,  Петропавл 
уездерінен 250 делегат қатысты. Оған Орынбордан 
арнайы келген Міржақып Дулатов қатысты. Съезде 

 
88 
Қазақстанның 
барлық 
аймақтарында 
қазақ 
комитеттерін 
құрып, 
билікті 
қолға 
алу, 
жалпықазақтық  съезд  өткізу,  жалпыресейлік 
мұсылмандар  съезіне  делегаттар  сайлау,  т.б. 
мәселелер  қаралды.  Онда  он  адамнан  Ақмола 
облыстық қазақ комитеті құрылды. Олардың ішінде 
Мағжан  да  бар.  Съездің  соңғы  мәжілістерінде 
Мағжан  болған  жоқ,  өйткені  ол  1-11  мамыр 
аралығында  өтетін  Бүкілресейлік  мұсылмандар 
съезіне  қатысуға  Ақмола  облысының  делегаты 
ретінде Мәскеуге жүріп кеткен болатын. 
Мағжан  Орынбор  қаласында  шілде  айында 
өткен  1-ші  Бүкілқазақтық  съезге  және  желтоқсан 
айында өткен 2-ші Бүкілқазақтық съезге қатысады. 
Осы кезде ол Бүкілресейлік құрылтай жиналысына 
депутаттыққа  кандидат  болып  және  алашорда 
үкіметінің  оқу  комиссиясының  мүшесі  болып 
сайланады. «Алаш» партиясына кіреді. 
Осылай  ол    «Алаш»  партиясының  белсенді 
мүшесі  болып  жүргенде  елде  көптеген  өзгерістер 
болады.  Қазан  төңкерісінен  кейін  біресе  чехтар 
көтерілісі,  біресе  Колчак  әскері,  біресе  Совдеп 
билік  құрып  тұрған  кезде  «Алаш»  пен  «Үш  жүз» 
партияларының  айтысы  басталады.  Осы  кезде 
Мағжан «Алаш» партиясының мүшесі ретінде 1917 
жылдың  қазан  айы  мен  1918  жылдың  мамыр 
айының 
аралығында 
Омбының 
түрмесінде 
отырады.  Түрмеде зарығып отырған ақын бірнеше 
мұңды  өлеңдер  шығарады:  «Түс»,  «Жан  жарымды 

 
89 
бір  көрейін  түсімде»,  «Ғазизаға»,  «Сарғайдым», 
«
Сағындым», т.б. 
Соңғы  аталған  өлеңнiң  бастапқы  шумағы 
мынадай: 
Абақтыда айдан, күннен жаңылдым, 
Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым. 

Қарашығым, құлыным!” – деп зарлаған 
Алыстағы сорлы анамды сағындым. 
Бiрақ  ақын  мүлде  мойымайды,  қайта  асқан 
жiгер көрсетiп, былай дейдi: 
Не көрсем де алаш үшiн көргенiм, 
Маған атақ ұлтым үшiн өлгенiм! 
Мен өлсем де, алаш өлмес, көркейер, 
Iстей берсiн қолдарынан келгенiн! 
 
Қалың елiм, қалын қара ағашым, 
Қайраты мол айбынды ер алашым! 
Өзi-ақ құлар, сырың берме, сабыр қыл, 
Ақымақтар байқамаған шамасын. 
1917-
1918  жылдары  Мағжандардан  кейінгі 
қазақ  жастары  да  халық  азаттығы  үшін  қызмет 
атқаруға  тырысып  Қазақстанның  әр  жерінде 
өздерінің  ұйымдарын  құрып  жатты.  Мысалы,  
Қызылжар  қаласында  «Талап»  атты  қазақ 
жастарының ұйымы құрылады. Бірақ, 20-дан астам 
осы  ұйымдардың  әрқайсысы  өз  бетімен  жұмыс 
жасап  жатты.  Сол  жастар  ұйымдарын  біріктіріп, 
біртұтас  мықты  күшке  айналдыру  мақсатымен 
«
Бірлік»  ұйымының  мүшелері  1918  жылдың  5-13 

 
90 
мамыр  күндері  Омбы  қаласында  жалпы  қазақ 
жастарының 
1-ші 
құрылтайын 
өткізеді. 
Құрылтайдың  шешімі  бойынша,  қазақ  жерінде  бір 
ғана  жастар  ұйымы  болу  керек  деп  ұсынылды. 
Ұйымның атын құрылтайшылар «Жас азамат» деп 
қойды.  Ұйымның  төрағалығына  Ғазиз  Мурзин, 
басқарма  мүшелігіне  Асылбек  Сейітов,  Гулия 
Досымбекова,  Әбдірахман  Байділдіин  бекітілді. 
Смағұл  Сәдуақасов  ұйымның  хатшылығына 
сайланды.  Ұйымның  «Жас  азамат»  атты  газетінің 
редакторы 
болып 
Қошке 
Кемеңгерұлы 
тағайындалды. Газеттің бірінші саны 1918 жылдың 
30-
шілдесінде Қызылжар қаласында жарық көрді. 
Қазақтың  ұлттық  баспасөзінің  тарихында 
елеулі  орыны  бар  «Жас  азамат»  газеті  ұлт 
тәуелсіздігін  жақтап,  отаршылдық  езгіге  қарсы 
тұрған  қазақ  жастарының  тұңғыш  қоғамдық-саяси 
газеті  болды.  Газеттің  алғашқы  саны  «Жас  тілек» 
деген  басмақаламен  ашылды.  Онда  мынадай 
тамаша сөздер келтірілген: «Жас азаматтың» алтын 
идеалы,  әулие  мақсұты,  негізгі  жолы  –  ұлт 
бостандығы,  ұлт  теңдігі».  Газеттің  осы  санында 
«
Алаш»  партиясы  атынан  «Алаш  азаматтарына!» 
деген  ашық  хат  жарияланған.  Онда  Алаш 
партиясының  басшылары  жастарға  үндеу  тастап: 
«
Алаш  орда»  тігілді,  ақ  ту  көтерілді.  Енді  әркім 
шамасына  қарай  ұлтына  қызмет  қылуы  тиіс»  деп 
тарихи міндет қояды. 

 
91 
Осы  санда  Мағжан  «Мен  жастарға  сенемін» 
деген өлеңін бастырады. Бұл өлең сол кездегі қазақ 
жастарының  ел-жұрт  алдындағы  тарихи  міндетін 
көрсетіп  берген  бағдарлама  іспетті.  Өлеңнiң 
беташары ретiнде ақын мынадай сөздер келтiрiптi: 

Жастар!  Алда  жүрген  Алаш  жолына  аянбай 
қызмет  қылған  адал  жүрек  ағалардан  үлгi,  өрнек 
алыңдар.  Елдiктен,  ерлiктен  айырылып,  екi  жүз 
жылдай  еңсесi  түскен  елдi  ойлаңдар!  Күндi-түнi, 
жақынды-жат,  пайданы-зиян  деп  жүрген,  толық 
саяси  хұқықтарын  iздеп  алуға  ер  жетiп,  есi  кiрген 
елдi  ойлаңдар!”  –  дейдi  де  өзiнiң  атақты  “Мен 
жастарға  сенемiн!”  деген  өлеңiн  бередi.  Осы 
өлеңнiң кейбiр шумақтарын келтiрейiк: 
Арыстандай айбатты, 
Жолбарыстай қайратты. 
Қырандай күштi қанатты, 
Мен жастарға сенемiн! 
 

Алаш” – айбынды ұраны 
Қасиеттi құраны. 
Алаштың олар құрбаны, 
Мен жастарға сенемiн! 
 
Тау суындай гүлдерден, 
Айбынды Алаш елiм дер 
Алтын арқа жерiм дер 
Мен жастарға сенемiн! 
 

 
92 
Мен сенемiн жастарға! 
Алаш атын аспанға 
Шығарар бiр таңда! 
Мен жастарға сенемiн! 
Осы  жолдарды  жазған  Мағжанның  өзi  де  әлi 
25-
ақ  жаста  болатын.  Үлкен  тебiренiспен  жан 
толқынының қуатынан туған бұл жолдар қазiр де өз 
құндылығын жойған жоқ. 
Мағжан  1918  жылдың  күзінен  1919  жылдың 
көктеміне 
дейін 
Омбы 
қаласында 
қазақ 
мектептеріне  мұғалімдер  даярлайтын  екі  жылдық 
курс  ашып,  өзі  соның  директоры  болды  әрі  қазақ 
тілінен,  орыс  тілінен,  әдебиеттен,  тарихтан  сабақ 
берді. Осы курста оның алдынан Сәбит Мұқанов та 
оқыған. 
Мағжан үшін 1919 жыл ауыр жыл болды. Осы 
жылғы 10-шы ақпанда сүйген жары Зейнеп баладан 
қайтыс болды. Тоғыз айдан кейін одан туып қалған 
Граждан  есімді  ұлы  шетінеді.  Міне,  осы  кездері 
ақын  көңілі  құлазып  мұңды,  қайғылы  өлеңдер 
жазады.  «З-ға»  («Зейнепке»),  «Баланың  қабір 
тасына», «Мені де, өлім әлдиле» деген өлеңдер осы 
тұста  жазылады.  Осындай  жағдайда  оның  үстіне 
Кеңес 
өкіметінің 
алашордалықтарға 
қарсы 
жүргізген саясаты жігерін жасытып, ақынды саяси-
әлеуметтік ынтасыздыққа, депрессияға соқтырды. 
Алайда  Мағжан  ақын  ой  мен  сезімнің  адамы 
еді.  Сондықтан  ол  өз  тұсындағы  қазақ  қоғамына, 
замандастарының  қалпына  бейжай  қарай  алмады. 

 
93 
Ол  аз  уақыт  құлазыған  көңілін  қайта  көтеріп, 
азаматтық  белсенділігін  танытты.  1919  жылдың 
соңында  Кеңес  үкіметінің  мықтап  орныққаны 
белгілі 
болғанда, 
Мағжан 
өзге 
зиялы 
замандастарымен 
бірге 
елдікті, 
ұлттықты 
сақтаудың  жаңа  тәсілдерін  іздестіреді.  Ол  енді 
Кеңес өкіметіне қызмет етуге бет бұрады. 
Мағжан 
1920-1922 
жылдары 
Омбы, 
Қызылжарда  жүріп,  Сібір  төңкеріс  комитеті  мен 
Қазақ  АССР  өкілдігінің  газеті  -  «Кедей  сөзі»  мен 
Ақмола  губерниялық  партия  комитетінің  газеті 
«
Бостандық туымен» тығыз байланыста болып осы 
басылымдарда қызмет жасады. 
Архив деректеріне қарағанда, 1920 жылы Сібір 
төңкерісі  комитеті  мен  Қазақ  Республикасындағы 
болып  жатқан  өзгерістерді  халыққа  кеңінен 
насихаттау  үшін  құрамына  М.  Жұмабаев,  Ғ. 
Тоғжанов,  Т.  Телжанов,  Б.  Айбасов,  Б.  Серкебаев, 
Қ. Кемеңгеров, М. Сейітов, Қ. Кәкенов, Қ. Фазылов 
кірген «Кедей сөзінің» әдеби алқасын құрған. 
Осы «Кедей сөзі» газетінде Мағжан өз пікірін 
білдіріп, бірнеше көкейкесті мақалалар жариялаған. 
Солардың ішінде құнды мақаланың біреуі газеттің 
1921  жылғы  12  қаңтардағы  №3  (37)  санында 
шыққан  «Автономия  кімдікі?»  деген  мақала.  Бұл 
мақалада  Мағжан  бұрынғы  «Алаш»  автономиясын 
құрғандардың  жаңа  совет  автономиясына  селсоқ 
қарап,  бұл  біздікі  емес,  «жолдастікі»  деуін  де, 
большевиктердің  бұл  өзгелердікі  емес,  біздің 

 
94 
автономия  деп  қорғаштауын  да  дұрыс  саясат  деп 
есептемейді,  екі  жақты  да  түсінуге,  бірлікке 
шақырады.  Сөйтіп,  ол  газет  арқылы  халыққа  сөз 
тастап,  қазақтың  осы  мемлекеттік  құрылымын 
нығайтуға бірлесіп ат салысуға шақырады. 
«
Автономия  кімдікі?»  деген  сұраққа  Мағжан 
өзі  былай  деп  жауап  берді:  «Алаш  елінің 
бостандығы  ешбір  уақыт  алаш  мырзасының,  яки 
бірлі-жарым 
жолдастың 
бостандығы 
емес. 
Бостандық  елдікі!  Автономия  елдікі!  Аязды  күні 
айналған,  Бұлтты  күні  толғанған,  Құрығын 
найзадай  таянған,  Қу  толағай  жастанған,  Ер 
қазақтың автономиясы бұл!». Елдің әр азаматының 
өзінің  бар  күшін,  қабілетін  қазақ  мемлкеттігін 
нығайтуға  жұмсауы  қажеттігін  жан-жүрегімен 
сезінген  нағыз  отансүйгіш  патриот  қана  осылай 
жаза алады. 
1921  жылғы  7  наурыздан  бастап  «Кедей  сөзі» 
енді  «Бостандық  туы»  деген  атпен  Омбыда  шыға 
бастады.  Қазақстан  Республикасының  Орталық 
мемлкеттік  архивінде  1921  жылы  21  наурызда 
жазылған №727 анықтама-куәлік сақталыпты. Онда 
Мағжан  Жұмабаевтың  «Бостандық  туы»  газетінің 
редакция  алқасының  мүшесі  екендігі  айтылған  (З. 
Тайшыбай.  «Кешегі  шешек  жарған  қазақ  гүлі»-
«
Солтүстік  Қазақстан»,  5  мамыр,  2003ж.)  Ресей 
Федерациясынан  бөлініп,  Қазақстан  құрамында 
Ақмола  губерниясы  құрылып,  оның  орталығы 
Петропавл  болғаннан  кейін  «Бостандық  туы»  осы 

 
95 
қалаға  көшкенде  де  Мағжан  оның  редакция 
алқасының  мүшесі  болып  істей  береді  және  1921-
1922  жылдар  аралығында  бұл  газетте  де  көптеген 
проблемалы мақалалар жариялайды. 
1920  жылы  Мағжан  ұстаздық  және  халық 
ағарту  жұмыстарымен  де  айналысқан.  Омбының 
губерниялық  оқу  бөлімі  (губоно)  1920  жылғы  15 
қаңтардан бастап жұмыс істей бастаған екен. Оның 
қарамағында  Омбы,  Ақмола,  Атбасар,  Көкшетау, 
Петропавл  уездік  оқу  бөлімдері    болыпты 

Солтүстік  Қазақстан  облыстық  мемлекеттік 
архиві.  254-қор,  1-тізім,  2-іс.  Омбы  Губерниялық 
оқу  бөлімі  мәжілісхаттарының  көшірмелері  және 
оның 1920-1921 жылдардағы есептері (отчеты)»). 
Ал  Омбы  облыстық  мемелкеттік  архивіндегі 
Омбы оқу бөлімінің құжаттарында Мағжан туралы 
мынадай мәліметтер кездеседі: «Магжан Бекенович 
Жумабаев,  1893г.р.,  инструктор  татаро-киргизской 
секции подотдела нацменьшинств Омского губоно 
распоряжением  от  10  мая  1920г.  за  №  4552 
откомандирован 
в 
г.Петропавловск 
для 
организации  трехмесячных  курсов  по  подготовке 
учителей  казахских  школ».  (ООГА,  фонд  р-318, 
оп.1, д.73). Бұл құжаттан байқайтынымыз: Мағжан 
Омбы  губерниялық  оқу  бөлімінде  қызмет  істеген. 
Ал  Қызылжар  қаласына  сол  оқу  бөлімінің 
бұйрығымен  келіп  «Қызыл  мұғалімдер»  курсын 
жүргізген. 
Тамыз 
айында 
курс 
жұмысы 
аяқталғаннан 
кейін 
қайтадан 
сол 
Омбы 

 
96 
губерниялық  оқу  бөліміндегі  өз  орнына  барып 
жұмысын  жалғасырады.  Осында  жұмыс  істеп 
жүргенде  оның  қызмет  дәрежесі  өседі.  Егер  1920 
жылғы  10  мамырдағы  құжатта  ол  татар-қырғыз 
(қазақ– Қ.М.) секциясының қатардағы инструкторы 
болса,  сол  оқу  бөлімінің  1920  жылғы  қазан 
айындағы  мәліметінде:  «Заведующий  школьной 
подсекцией  татаро-киргизской  секции  подотдела 
нацменьшинств губоно тов. Жумабаев М. в течение 
октября – декабря в распоряжении Губстатбюро на 
работах  по  переписи.  Зав.  губоно  А.  Рассолев»,  - 
делінген. 
1921  жылғы  қаңтар  айындағы  аз  ұлттар 
бөлімінің  тізімінде  былай  көрсетіліпті:  «Зав. 
подотделом  нацменьшинств  –  Арсланов  Махмут, 
зав. школьной подсекцией кир-татарской секции – 
Жумабаев  Магжан,  разъездной  инструктор  – 
Айтхожин Сабыр». Ал ақпан айындағы мәліметте: 
«
Жумабаев  М.  выбыл  в  Сибстаткомиссию»  десе, 
наурыз  айында:  «Выбыл  в  Петропавловск»  - 
делінеді.  (Сонда).  Яғни  Мағжан  1921  жылғы 
наурыз  айынан  бастап  біржола  Қызылжарға 
көшкен. 
Мағжанның  өмірінің  Омбы  кезеңінде  (1913-
1921 жылдары) бірсыпыра өлеңдер жазып «Айқап» 
журналы (1915 жылға дейін) мен «Қазақ» газетінде 
(1913-
1918)  жариялап  тұрды.  Ақындық  жолдың 
осы  кезеңінде  Мағжан  Жұмабаев  өзінің  бетін 
әжептәуір  айқындаған,  алдыңғы  дәстүрді  игере 

 
97 
келе,  өз  үнін  де  сездіре  бастаған  суреткер  ретінде 
танылады. 
Мағжан 
поэзиясының 
осылай 
ерте 
қанаттануына  орыс  әдебиетінің  де  үлесі  мол. 
А.Пушкин,  М.Лермонтов,  В.Фет,  К.Бальмонт, 
А.Блок – қазақ ақынының соншалық сүйіп, ғибрат 
алып  оқыған  ақындары.  Мағжан  орыс  әдебиеті 
арқылы  Шекспир,  Гете,  Гейне  сынды  дүниежүзі 
классикасы  тудырған  әдебиетпен  де  мейірі  қана 
сусындады. 
Қазақтың  ақиық  ақыны,  жерлесіміз  Мағжан 
Жұмабаевтың  Омбы  қаласында  болған  кезеңі 
(1913-
1921) осындай қуанышы да, қайғысы да мол 
әрқилы  жағдайда  өткен.  Бірақ,  бұл  жылдар 
Мағжанның 
білімін 
толықтырады, 
оның 
шығармашылығын бір саты жоғары көтереді. Оның 
еліне, халқына жасаған қызметі де өсе түсті. 
 
ҰЛЫ АҚЫН ТАШКЕНТТЕ 
 
1922  жылдың  қараша  айында  ұлы  ақын 
Мағжан  Жұмабаев  Түркістан  Республикасының 
Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  төрағасы  Тұрар 
Рысқұлов  пен  Түркістан  Компартиясы  Орталық 
Комитетінің  хатшысы  Сұлтанбек  Қожановтың 
шақыруымен Қызылжардан Ташкентке келді. 1920 
жылы  Ресей  Федерациясының  құрамында  Қазақ 
автономиялы республикасы құрылғанда (орталығы 
Орынбор  қаласы)  қазақ  жері  оның  қарамағына 

 
98 
түгел  кірмеген  еді.  Сырдария,  Жетісу  облыстары 
Түркістан  Республикасының  (орталығы  Ташкент) 
құрамында  қалып  қойған  болатын.  Орынбор 
билігінен  пана  таппаған  қазақ  зиялылары,  әсіресе, 
бұрынғы 
"Алаш" 
партиясының 
мүшелері 
Ташкентке  жиналды.  Түркістан  Республикасы 
басшылығының  демократтығын,  ұлт  мүддесіне 
тілектестігін  пайдаланып  Ахмет  Байтұрсынов, 
Міржақып  Дулатов,  Жүсіпбек  Аймауытов,  Халел 
Досмұхамедов,  Хайретдин  Болғанбаев,  Мырзағазы 
Есболов сияқты Алашорда көсемдері осында келді. 
Ташкент  демократтық  бағытта  шығармашылығын 
жалғастырған  Кеңес  үкіметінің  жеңілдіктерін  ұлт 
мүддесіне 
пайдалануға 
тырысқан 
қазақ 
зиялыларының орталығына айналды.  
Мағжан  келісімен  осы  қаладағы  қазақ-қырғыз 
ағарту  институтына  оқытушы  болыл  орналасты. 
Сонымен қатар, ол осында шығып тұрған "Ақ жол" 
газетінің 
және 
"Шолпан", 
"Сана" 
атты 
журналдардың  жұмысына  белсене  қатысты.  Бұл 
басылымдарда 
ақын 
өзінің 
шығармаларын 
жариялады.  Осында  Мағжан  өзінің  "Түркістан" 
және  "Сырдария"  өлеңдер  топтамасын  жазды. 
Оларда ақын бұрынғы өткен заманда барлық түрік 
халықтарының 
тату-тәтті 
өмір 
сүргенін, 
Түркістанның  ертеде  Тұран  деп  аталып,  бүкіл 
түріктерді 
біріктірген 
орталық 
болғанын 
жырлайды. Бұған дәлел ақынның "Түркістан" атты 
өлеңіндегі мына шумақтар: 

 
99 
Түркістан екі дүние есігі ғой,  
Түркістан ер түріктің бесігі ғой.  
Тамаша Түркістандай жерде туған 
Түріктің тәңір берген несібі ғой. 
 
Ертеде Түркістанды Тұран дескен, 
Тұранда ер түрігім туып-өскен.  
Тұранның тағдыры бар толқымалы,  
Басынан көп тамаша күндер кешкен. 
Осы  өлеңде  Мағжан  Тұранның  жері  мен 
ержүрек  ерлерін  былайша  суреттеп  асқақтата 
жырлаған: 
Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе? 
Түрікке адамзатта ел жеткен бе? 
Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял - 
Тұранның ерлеріне ер жеткен бе? 
Аталған  Түркістан  топтамасына  ақынның 
"Түркістан",  "Ескі  Түркістан",  "Ақсақ  Темір  сөзі", 
"Алыстағы  бауырыма",  “Тұранның  бір  бауында”, 
т.б.  өлеңдері  жатады.  Мағжанның  бұл  өлеңдері 
тұнып  тұрған  сурет.  Мысалы,  оның  "Ескі 
Түркістан"  топтамасындағы  "Ескі  шаһар"  деген 
өлеңін  оқығанда  "Қаланың  қалың  мазарын,  мазар 
сайын сопылары саулатып тұрған ғазалын, мөлиген 
мешіт  ажарын  ондағы  молдалардың  аңыратып 
салған 
азанын, 
ыңғыл-жыңғыл 
базарын, 
бүлкілдетіп  әр  жерде  қайнатып  жатқан  қазанын" 
көреміз. 

 
100 
Мағжан  Жұмабаевтың  түрік  аламандығын 
жырлаған тағы бір шағын туындысы "Ақсақ Темір 
сөзі". Мұнда Әмір Темірдің "Көкте - тәңір, жерде - 
мен"  деген  ой-толғанысы  дәйектелген.  Осылай 
жиһан жүзін қаймықтырған билеушінің "тұқымы  - 
түрік,  заты  -  от  еді",  -  дейді  ақын.  Мағжанның 
Ақсақ Темір тұлғасына оралудағы мақсаты, әрине, 
түріктерде  осындай  билеушілер  болған  деп  түрік 
рухын көтеру екені сөзсіз. 
Мағжан Ташкентте жүргенде өзін бостандықта 
сезініп,  зор  шабытпен  махаббат  тақырыбында 
лирикалық  өлеңдер  де  жазды.  Солардың  бірі  1923 
жылғы  қаңтар  айында  "Сана"  журналында 
жарияланған  "Жұлдызды  -  жүзік,  Айды  алқа  ғып 
берейін"  атты  өлеңі.  Осы  өлеңнің  екі  шумағын 
келтіре кетейін: 
Келші, көзім, күн бетіңді көрейін,  
Сүйші, сәулем, тұншығып мен өлейін.  
Кел жұлдызым, жылжып қана жібектей,  
Жұлдызды - жүзік, Айды алқа ғып берейін. 
 
Сөзің - сиқыр, есті тұман басқандай,  
Ессіз жүрек дария болып тасқандай.  
Күлкің, күнім, күндей күміс табаққа  
Мінсіз сұлу меруертті шашқандай. 
Туған  халқын  бақытты  өмірге  жеткізудің 
жолын  таба  алмаған  Мағжан  өзінің  бірсыпыра 
шығармаларында 
өткен 
күндерге, 
ертедегі 
аңыздардың  сюжеттеріне  сүйенеді.  Соның  бірі  - 

 
101 
"Қойлыбайдың қобызы" атты поэмасы. Поэмадағы 
оқиғаның  Шоқан  Уәлихановтың  "Тәңірі"  деген 
(Ш.Ш.  Уәлиханов  5  томдық  шығармалар  жинағы, 
1-
ші  том.  Алма-Ата,  1984)  мақаласындағы 
Қойлыбай 
бақсы 
жөніндегі 
мәліметтермен 
ұқсастығын  байқауға  болады.  Шоқан  Қойлыбайды 
барлық бақсылардың атасы десе, Мағжан да: 
Қалың Найман ішінде Бағаналы  
Қазақта  бақсы  асқан  жоқ  Қойлыбайдан,  - 
дейді.  Шоқан бір  тойда  Қойлыбайдың  өз  қобызын 
бәйгеге  қосқанын  айтса,  Мағжан  поэмасының 
негізгі оқиғасы да осы бәйге. Бұдан біз Мағжанның 
Шоқанның  1904  жылы  Петербургте  шыққан  бір 
томдық  шығармалар  жинағымен  таныс  болғанын 
көреміз.  Бұл  поэманың  біз  үшін  құндылығы, 
әсіресе, оның мына соңғы жолдары: 
Ертеде ел бар екен қалың Найман,  
Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан.  
Найманның арыстаны батыр Барақ,  
Өмірінде жан ба Барақ жаудан тайған?  
Жарасқан бай мен биі, батыр, бақсы,  
Алыста елестейсің заман қайран!  
Айрылдық балпаң басқан батырлардан, 
Аузынан уыз төгілген маңғаз байдан.  
Құдай-ау, албастының ойнағындай  
Мынау сұм заманға кез қылдың қайдан?  
Шіркін-ай, кер заманды күл қылар ем,  
Бата алсам Бағаналы Қойлыбайдан. 

 
102 
"Қорқыт"  поэмасында  өмір  мен  өлім 
арпалысы, мәңгілік үшін күрес, өнердің өлместікке 
апарар киелі қасиеті жырланған. 
Мағжанның  Ташкентте  жазып  жариялаған 
поэмаларының  ең  күрделісі,  көркемдік  тұтастығы 
жағынан  да,  сюжет  желісі  мен  сұлулығы  жағынан 
да ерекше асып тұрғаны - "Батыр Баян". Шығарма 
халық  аузында  айтылып  жүрген  аңыздардың 
негізінде  туған,  поэманың  басты  кейіпкерлері 
Абылай  хан  да,  Батыр  Баян  да  өмірде  болған 
адамдар.  Баянның  Абылай  ханның  сүйікті  батыры 
болғаны да рас. Мағжанның бұл поэманы жазуына 
Шоқанның  әсері  болғаны  да  байқалады.  Өйткені, 
Шоқанның  "Исторические  предания  о  батырах 
ХҮІІІ века" деген шығармасындағы (Ч. Валиханов. 
Собр. соч. в 5-ти томах. Том 1. Алма-Ата. 1984, с. 
216)  Абылай  мен  Баянға  байланысты  айтылған 
жайлардың  көпшілігі  поэманың  өне  бойынан 
көрініп отырады. 
Поэманың  тақырыптық  арқауы  елін  қорғаған 
Абылайдай  ел  данасының  тірегі  болған  халықтың 
біртуар  ұлдарының  бірі  -  Баян  жайлы.  Поэмада 
Мағжан  батыр  тұлғасын  дәріптеп,  бар  шындық 
болмысын,  батырдың  жан  күйзелісін  шебер 
келтірген.  Поэмадағы  оқиға  Баян  батыр  мен  оның 
айналасы, Абылай хан Ноян, қалмақ қызы арқылы 
өрбиді. Ақын Баян батырдың соғыс өртіндегі сәтін 
суреттегенде  батыр  рухының  биіктігін  барлық 
құндылықтан  жоғары  қояды.  Баян  үшін  елдің 

 
103 
мүддесі  бәрінен  де  қымбат.  Халқының  тағдыры 
жау  табанында  басылмауы  үшін  жан  аямай 
күрескен  Баян  батыр  ерліктің,  отаншылдықтың 
үлгісі. 
Поэмадағы  ерекше  шабытпен  жырланған 
эпизод  Баянның  қалмақтармен  соңғы  айқасы. 
Алапат  атыс-шабыс  суреті,  батырдың  сол 
айқастағы  қимылы  ешкімді  бейжай  қалдырмайды. 
Осындай жан алысып, жан беріскен алапат айқаста 
Баян  бастаған  жүз  кісіден  құралған  шағын 
жасақтың  қалмақтың  мыңдаған  жауынгерлерімен 
ерлік шайқасын ақын былай суреттейді: 
Аз қазақ көп қалмаққа салды тойды, 
Көк аспан қара түнек шаңға толды. 
Алдаспан ажалменен бәсеке боп 
Қанішер қайқы қара қанға тойды. 
Қалың қол ортасында батыр Баян 
Баянның батырлығы Алашқа аян. 
Екі көз екі қызыл шоқ боп кеткен 
Аузында көбік болып бұрқырап қан. 
Оң-солға алдаспанды сілтегенде 
Бұлақтай қалмақ қанын бұрқыратқан. 
Поэманың  соңғы  жолдарын  оқып  отырып, 
жүрегіңді  дір  еткізер,  мұңға  толтырар  Мағжан 
жырының әуеніне елітесің. Сөйтіп, от та, су да, шөл 
де,  жел  де,  сел  де,  дала  да  ер  Баянын  жоқтап 
тұрғандай  әсерге  бөленесің.  Иә,  бұл  поэманы 
бейжай оқи алмайсың. 
Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан 

 
104 
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас. 
Арқаның селі, желі, шөлі, белі, 
Ерлерді  ұмытпаса,  елде  ұмытпас"  –  деп 
Мағжан поэмасын аяқтайды. "Батыр Баян" поэмасы 
болашақ жас ұрпақты елі мен жерін сүюге, ұлттық 
рухын  ұштауға  тәрбиелейтін  тамаша  тағылымдық 
шығарма.  
Ташкентте  болған  кезінде  Мағжан  әңгіме 
жазуға  да  шебер  екендігін  көрсетті.  "Шолпан" 
журналының  1923  жылғы  4-8  сандарында  оның 
"Шолпанның  күнәсі"  атты  әңгімесі  жарық  көрді. 
Бұл әңгімесінде қаламгер сол кездегі қазақ әйелінің 
трагедиялық ауыр халін көрсеткен. 
Мағжан Ташкентте ғылыми-зерттеу мақалалар 
да жазды. Олар - Ақан сері, Базар жырау, Әбубәкір 
Диваев туралы ғылыми еңбектері. Ақан сері туралы 
материалды 
Мағжан 
Қызылжарда 
Ақмола 
губерниялық  аштарға  көмектесу  комитетінің 
төрағасының  орынбасары  болып  істеп  жүрген 
кезінде  1922  жылдың  жазында  Көкшетау  уезінде 
бір  ай  іссапарда  болғанда  жинаған.  Ташкентке 
келгесін  сол  материалдарды  сұрыптап,  Ақан  сері 
туралы  көлемді  ғылыми-зерттеу  мақаласын 
"Сана"журналында жариялайды. 
Мағжан  Ташкентте  XIX  ғасырдың  екінші 
жартысы  -  XX  ғасырдың  басында  өмір  сүрген 
көрнекті  суырып  салма  ақын  Базар  жыраудың 
еңбектерін 
жинап, 
зерттейді. 
Нәтижесінде, 
жыраудың  өмірі  мен  шығармашылығы  жөнінде 

 
105 
мақала жазып "Ақ жол" газетінің 1923 жылғы 374-
ші санында жарыққа шығарады. 
Халықтың әдеби мұрасын жинауға атсалысқан 
Мағжан 
сол 
ұлттық 
рухани 
дүниелерді 
жинаушыларды  да  кеңінен  насихаттаған.  Ол 
әсіресе,  сол  кездегі  Орта  Азия  Мемлекеттік 
университетінің 
қазақ 
фольклоры 
мен 
этнографиясының 
оқытушысы, 
профессор 
Әбубәкір 
Ахметжанұлы 
Диваевтың 
шығармашылығына  көп  көңіл  бөлді.  Әбубәкір 
Диваевтың  фольклоршылық  жұмысы  қазақ 
халқының  этнографиясын  зерттеуімен  тығыз 
байланысты.  Оның  1915  жылы  жарияланған 
"Этнографиялық  материалдар"  атты  еңбегі  күні 
бүгінге дейін құндылығын жойған жоқ. Ол 45 жыл 
бойы  қазақ  ауыз  әдебиетінің  үлгілерін  жинаған. 
1923  жылғы  22  наурызда  Ташкент  жұртшылығы 
қазақ  ауыз  әдебиетінің  атасы  Әбубәкір  Диваевтың 
қоғамдық қызметінің 40 жылдығын атап өтті. Осы 
тойдан  кейін  Мағжан  Жұмабаев  Әбубәкір  Диваев 
жинаған  ауыз  әдебиетінің  үлгілерін  құрастырып, 
"Тарту" деген атпен жеке кітап етіп шығарды және 
осы  жинаққа  "Әбубәкір  ақсақал  Диваев"  деген 
тақырыпта  алғы  сөз  жазды.  Онда  мынадай  сөздер 
бар:  
"Елге  еңбегін  сіңірген  ер  қымбат.  Ердің  елге 
бағасы  қаны  бір  болуда  емес  (Ә.  Диваевтың  ұлты 
башқұрт  -  Қ.М.),  жаны  бір  болуда,  қуаныш-
қайғысы  ортақ  болуда.  Ердің  бағасы  елге  еткен 

 
106 
еңбегінің  зор  яки  кішілігінде  емес,  ел  деген 
жүрегінің  таза  болуында;  тілегінің  елмен  ортақ 
болуында; ер өмірінің өрі мен көрі ел өмірінің өрі - 
көрімен  бір  болуында.  Әбубәкір  ақсақал  –  қазақ  - 
қырғыз  елімен  қаны  дәл  бір  болмаса  да,  шамасы 
келгенше  еңбек  қылған  адам.  Қырық  жыл  бойына 
арымай  жапанда  жатқан  қазақ-қырғыз  елін  шет 
жұртқа  танытқан  адам;  қырық  жыл  қазақ-қырғыз 
елімен қуаныш-қайғысын ортақ қылған адам". Бұл 
кітап Ташкентте 1924 жылы баспадан шықты. 
Мағжан  Ташкентте  қоғам  жұмысына  да 
белсене  қатысты.  Жоғарыда  өзі  көрсеткендей,  ол 
Түркістан  халық  ағарту  комиссариаты  жанындағы 
қазақ-қырғыз білім комиссиясының мүшесі болды. 
19
22 жылғы 4 желтоқсанда Ташкентте "Талап" 
атты  қазақ-қырғыз  мәдениетін  көркейтушілер 
қауымы  дүниеге  келді.  Бұл  қауым  -  мақсаты 
жөнінен  бүкіл  Кеңестік  Орта  Азиядағы  тұңғыш 
ұйым  еді.  Қоғамның  жарғысын  Түркістан 
Мемлекеттік Халық ағарту комиссариаты бекіткен. 
Қауымның төрағасы болып белгілі дәрігер, педагог, 
ғалым,  журналист,  қоғам  қайраткері,  бұрынғы 
"Алаш орда" басшыларының бірі, профессор Халел 
Досмұхамедов  сайланған.  Қоғамның  жұмысына 
Мұхаметжан  Тынышбаевпен,  Мұхтар    Әуезовпен,  
Әбубәкір Диваевпен, Мырзағазы Есболовпен бірге 
Мағжан Жұмабаев та белсене қатысады. 
"Талап"  қоғамы  өзінің  жұмысын  тарихи 
маңызы  бар  лекциялар  оқудан  бастайды.  1923 

 
107 
жылдың  23  наурызында  "Ақ  жол"  газеті  "Талап 
төңірегінде" деген редакциялық мақаласында: 
"Талап" қауымында соңғы өткен екі жұмада екі 
лекция  болып  өтті.  Бұның  бірі  Мырзағазының 
баяндамасы  -  "Алтынсариннің  өмірі  һәм  істеген 
істерінің  жайынан",  екінші  лекция  -  Мағжандікі  - 
"Абай өлеңдері туралы". Баяндамашылардың екеуі 
де  алған  мәселелерін  жете  тексеріп,  толық 
мағлұмат  жинағандықтан,  жиылған  жұртқа  ескі 
қазақ заманының екі ардақты адамы – Алтынсарин 
мен  Абай  жайында  бірталай  жаңа  сөздерді  айтып 
берді... Мағжан баяндамасы бұл күнге шейін Абай 
жайынан  сөйленіп  жүрген  сөздердің  ең  толығы 
болды", - деп жазды. 
Мағжан Жұмабаев Ташкентте бір жылдай ғана 

1922  жылғы  қарашадан  1923  жылғы  қыркүйекке 
дейін тұрды. Осы аз уақытта ол ерекше шабытпен 
көптеген  аса  көркем  өлеңдер,  бірнеше  поэма, 
әңгіме,  ғылыми-әдеби  зерттеулер  мен  мақалалар 
жазды.  Бұл  кезді  ақын  шығармашылығының 
шарықтау  кезі,  Пушкиннің  Болдин  күзі  секілді 
Мағжанның Ташкент жылы деуге болады. 
Ақынның 
Ташкенттегі 
шығармашылық 
өмірінің  қорытындысы  -  1923  жылы  Сұлтанбек 
Қожановтың алғы сөзімен шыққан өлеңдер жинағы 
болды. 
"Мағжан өлеңдері туралы бір-екі ауыз сөз" деп 
атаған алғы сөзінде Сұлтанбек Қожанов былай деп 
жазған болатын: 

 
108 
"М.Жұмабайұлының  өлеңдерімен  оқушылар 
бұрыннан таныс. Әдебиеті жаңа аяқтанып, әдебиет 
тілі  енді  жасалып  келе  жатқан  жұртта  Мағжандай 
ақындардың қызметі зор екені анық. 
Осы  күнге  дейін  Түркістанда  қойшылар  тілі 
саналып  келген,  ресми  қағаздар  жазуға,  кітаптар 
жазуға  жарамсыз  делініп  келген  қазақ-қырғыз  тілі 
іске асуы былай тұрсын өнерге асатын бай, жатық, 
таза,  өткір,  әдемі  тіл  екенін  Мағжан  өлеңдері 
көрсете алады. Сондықтан, біз Мағжан өлеңдерінің 
саяси  мәнісінен  гөрі  әдеби  мәнісін  көбірек  көзде 
тұттық. Сол жақтарын ескеріп, Мағжан өлеңдерінің 
ішінде  кез  келетін  марксизм  дүниетануына 
ұйқаспайтын  жерлерін  оқушылар  көре  салып 
үрікпей,  көркемдік  жағына,  сыршылдық  жағына, 
суреттеу  жағына  көбірек  көз  салынуы  керек, 
тарихи  мәнісіне  жете  түсінуі  керек" 
(Мағжан 
Жұмабаев. Шығармалар. 3 томдық. 2-3 т. Алматы. "Білім". 
1996, 364-
бет)

1923 
жылдың 
күзінде 
Түркістан 
Республикасының  Мемлекеттік  Ғылыми  кеңесінің 
шешімімен ұлы ақын Мағжан Жұмабаев Мәскеуге 
орыстың  көрнекті  ақыны  В.Я.Брюсов  басқарып 
отырған  Әдебиет-көркем  өнер  институтына  оқуға 
аттанады. 
 
МӘСКЕУДЕГІ ЖЫЛДАР 
 
Қазақ елi, бiр ауыз сөзiм саған: 
Болғайсың сыншы болсаң, әдiл сыншы 

 
109 
Кiнәнi жүрекке қой, қойма маған. 
Мағжан Жұмабаев 
 
1923  жылдың  қараша  айында  Мағжан 
Ташкенттегі 
Түркістан 
республикасының 
мемлекеттік  білім  комиссиясының  жолдауымен 
Мәскеудегі 
Жоғары 
әдеби-көркемөнер 
институтына  оқуға  түседі.  Институтқа  түскеннен 
кейін  Мағжан  сол  1923  жылдың  12-ші 
желтоқсанында  "Личный  листок  студента"  деген 
құжатты  толтырып,  ондағы  сұрақтарға  жауап 
береді. 
"Жоғары  оқу  орнына  кім  жіберген?"  деген 
сұраққа:  "Түркістан  халық  ағарту  комиссариаты", 
деп  жауап  берген.  Оқуға  түскенге  дейінгі 
мамандығы  -  мектеп  қызметкері  және  газет 
редакторы.  Семья  жағдайы  -  үйленген,  қарауымда 
әйелім  бар  деп  көрсеткен.  1918  жылдан  халық 
ағарту  қызметкерлері  кәсіподағының  мүшесі. 
Мәскеудегі тұрған үй адресі: Новая лесная көшесі, 
үй № 44, бөлме 5. 
Бұл  институт  1921  жылы  орыстың  көрнекті 
ақыны  В.Я.Брюсовтың  бастамасымен  ашылған 
болатын.  Валерий  Брюсов  ректор  ретінде 
институтта  сабақ  беруге  сол  кездегі  білікті  де 
білімді оқытушыларды жинақтаған, өзі де оқытқан. 
Институт  студенттерінің  алдында  Н.И.Бухарин, 
А.В.Луначарский де дәріс оқыған. Мағжан аталған 
институтта  оқумен  қатар,  РСФСР  Ағарту  халық 
комиссары  А.В.Луначарскийдің  тапсыруымен 

 
110 
Мәскеудегі Күншығыс еңбекшілерінің коммунистік 
университетінде сабақ береді әрі сол кездегі белгілі 
мемлекет  қайраткері  Нәзір  Төреқұлов  басқарып 
отырған  Күншығыс  баспасында  редактор  болып 
қызмет істейді. 
Болашақ  әдебиетшілерге  кәсіптік  білім  беруге 
В.Я.Брюсов көп еңбек сіңірді. Көптеген студенттер, 
тіпті, оның үйіне де барып жүріпті. Ол Мағжанды 
да жылы қарсы алып, бірнеше мәрте әңгімелескен, 
оның  шығармашылығын  өте  жоғары  бағалап, 
"Шығыстың Пушкині" деген. 
Мағжан 
бұрын 
медреседе, 
мұғалімдер 
семинариясында  оқығанда  Шығыс  халықтары 
тарихы  мен  әдебиетіне  де,  Батыс  елдері  мен  орыс 
әдебиетіне  де  көп  көңіл  бөлген.  Мәскеуде  болған 
үш  жарым  жылда  Мағжан  орыс  және  Батыс 
әдебиетін бұрынғыдан да терең зерттеп оқиды. Ол 
ертеректе өткен Бердяев, Соловьев секілді орыстың 
қиялшыл 
философтарының 
көзқарастарымен 
танысып, өзінің ойлау шеңберін кеңейтіп, шеберлік 
жолындағы ізденістерін нығайта түседі. 
Мағжан  поэзиясының  серпінді  қанаттануында 
орыс әдебиетінің үлесі мол. А.Пушкин, М.Лермон-
тов,  А.Фет,  К.Бальмонт,  А.Блок,  Н.Гумилев, 
А.Ахматова, М.Цветаева, Д.Мережковский – қазақ 
ақынының  сүйіп,  ғибрат  алып  оқыған  ақын-
жазушылары.  Ұлы  орыс  әдебиеті  арқылы  Мағжан 
Шекспир,  Гейне,  Гете  сынды  дүние  жүзі 
саңлақтарының  шығармаларымен  мейірі  қана 

 
111 
сусындады.  Сөйтіп,  оның  өрісі  кеңейе  берді. 
Мағжан  олардан  тағылым  ала  отырып,  өз 
шығармаларын  жазды.  Ол  мұң  мен  сырдан  мөп-
мөлдір жауһар жыр жасап шығарды. 
"Мағжан  творчествосын  қалай  әңгімелесек  те, 
орыс 
ақындарының, 
символистердің, 
декаденттердің,  романтиктердің  әсерін  алып 
тастауға  болмайды.  М.Жұмабаевтың  орыс,  Еуропа 
әдебиеттерімен  қарым-қатынасын  айтсақ,  одан 
Мағжан  биігі  биіктемесе,  төмендемейді",  -  деп 
дұрыс  жазды  әдебиетші  ғалым  Өтеген  Күмісбаев 
(Ө.Күмісбаев, "Ақын және әлем әдебиеті", "Егемен 
Қазақстан", 24. 06. 2003). 
Мәскеу  кезеңі  Мағжан  өміріндегі  күрделі 
белестердің  бірі  болды.  Дәл  сол  кезеңде  оның 
шығармаларына деген сенімсіздік туа бастаған еді. 
Кейбіреулердің  Мағжанға  ұлтшыл,  түрікшіл, 
байшыл, өзімшіл деген таңба баса бастаған уақыты 
да осы кез. Әсіресе, 1923 жылы Ташкентте өлеңдер 
жинағының  шығуы  көптеген  талас-тартыстар 
туғызды,  ақынға  әр  түрлі  саяси  айыптар  тағыла 
бастады.  Мағжанды  көре  алмаушылар  оны 
Мәскеуде  де  тыныш  қоймады.  1924  жылы 
қарашаның  24-інде  Күншығыс  еңбекшілері 
коммунистік  университетінің  қасында  ашылған 
"Жерлестік" атты студенттер ұйымының жиналысы 
Мағжан  Жұмабаевтың  1923  жылы  Ташкентте 
басылып  шыққан  өлеңдер  жинағын  талқылайды. 
Оған 
жинақтың 
авторы 
шақырылмайды. 

 
112 
Жиналысқа  университет  студенттерімен  қатар 
рабфакта  және  басқа  да  оқу  орындарында  оқитын 
жастар  да  қатысады.  Барлығы  алпыстай  адам 
жиналған.  Мағжан  өлеңдері  туралы  Күншығыс 
баспасының  директоры  Нәзір  Төреқұлов  баяндама 
жасайды.  Баяндамада  Мағжан  өлеңдерінің  көбінде 
өткенді  көксейді,  ескілікті  іздейді,  ұлтшылдықты 
жырлайды,  өзімшілдікті,  менмендікті  дәріптейді 
деген  сындар  айтылады.  Баяндамашы  сөзін 
"Мағжан - ақын, бірақ қазақ ақыны емес, қазақтың 
тұрмысынан айрылған ақын", деп аяқтайды. 
Баяндамадан  кейін  өздерінің  пікірлерін  айтып 
20-
шақты  жас  оқырман  сөйлейді.  Олардың  көбі 
Нәзірдің  баяндамасын  қуаттап,  толықтырады. 
Сөйлеушілердің ішінде  Нәзір баяндамасына  қарсы 
шығып,  Мағжан  өлеңдеріне  өзінше  баға  берген 
Жәкен  Сәрсенбин  болды.  Ол  "Мағжанның  өлеңін 
тексеріп,  сын  беретін  болсақ,  көбінесе  әдебиет 
жағынан  сынауымыз  керек.  Қай  ақын  болса  да, 
өзінің заманымен ақын. Абай өз заманының ақыны 
болды,  қазақтың  азып-тоза  бастағанын  көріп 
қамықты.  Пушкин  бай  баласы  болды.  Көбінесе 
байлардың  тұрмысын  жырлады.  Ол  да  өз 
заманының  ақыны  еді.  Біз  Маркс  жолымен 
сынасақ,  Мағжанды  да  өз  заманы  ақыны  қылып, 
заманның  ыңғайымен  кетіп  отыр  деуіміз  керек. 
Мағжанды  мінегенде  тегіс  міней  алмаймыз, 
мінейтін жерін мінеу керек. Рас, оның түпкі идеясы 
кәмунеске 
қосылмайды, 
бірақ  пайдалысын 

 
113 
пайдаланып, пайдасызын алып тастауымыз керек", 
-
деді. 
Жәкеннің  сөзі  талас  тудырды.  Бірсыпыра 
сөйлеушілер  оның  сөзіне  қарсы  шықты. 
Қорытынды  сөзінде  Нәзір  Төреқұлов  Жәкен  сөзін 
қате 
деп 
көрсетті. 
Осылайша, 
баяндама 
талқыланғаннан  кейін,  Мағжан  өлеңдері  бұдан 
былай  газет  беттерінде  басылмасын"  деген  қаулы 
қабылданды.  Жиналыс  туралы  хабар  және  оның 
қаулысы "Еңбекші қазақ" газетінің 1925 жылғы 14 
қаңтарында жарияланды. Осыдан бастап 1925 жыл 
бойы  "Еңбекші  қазақ"  бетінде  Мағжанға  қарсы 
материалдар  жарияланып  тұрды.  Осы  кезден 
ҚазАПП  басшылары  Мағжанға  қарсы  ұйымдасқан 
түрде  шабуыл  бастайды.  Құлаш-құлаш  мақалалар 
жазылып, 
оған 
ұлтшылсың, 
түрікшілсің, 
байшылсың,  өзімшілсің  -  деген  айыптар  тағыла 
берді. 
Алашордашыларды  саяси  жағынан  талқандау 
үшін  оның  аса  көрнекті  өкілінің  бірі  Мағжан 
Жұмабаевты  қарсыластары  осындай  негізгі 
соққының  астында  қалдырған  қиын-қыстау  кезде 
Жүсіпбек  Аймауытов  "Мағжанның  ақындығы 
туралы"  атты  көлемді  мақала  жазып,  "Лениншіл 
жас"  журналының  1923  жылғы  №5  санында 
жариялады.  Бұл  мақала  Мағжан  Жұмабаевтың 
қазақ поэзиясындағы Абайдан кейінгі аса ірі тұлға 
екендігін  әдеби,  ғылыми  тұрғыдан  дәлелдеп 
көрсетті.  Бір  кездерде  қазақ  әдебиеті  Мағжанмен 

 
114 
мақтанатын  болады  деген  Жүсіпбектің  көріпкел 
пікірі бүгінгі күндері шындыққа айналып отыр. 
Көркем  әдебиет  туралы  пікірлесулер  қызып 
келе  жатқанда,  1925  жылы  маусымның  18-і  күні 
РКП(б)  Орталық  Комитетінің  "Көркем  әдебиет 
саласындағы  партия  саясаты  туралы"  арнаулы 
қаулысы  шықты.  Онда  әдебиет  саласында  да 
түбірлі  өзгерістер  жасау  партия  ұйымдарының 
алдына  міндет  етіп  қойылды.  Енді  төңкерісшілдер 
осы  қаулыға  орай  көркем  әдебиеттен  таптық 
принципті  қатал  талап  етті.  Қаулы  бойынша  жер-
жерлерде 
пролетариат 
жазушыларының 
ассоциациялары  құрыла  бастады.  Қазақстанда 
ҚазАПП  құрылды.  Міне,  осыдан  бастап  қазақ 
әдебиетінде  таптық  көзқарас  үстем  болып,  қазақ 
қоғамын  бай  мен  кедейге  бөліп,  кедейді  жаңа 
заманның қаһарманы етіп бейнелеп, оған қарсылар 
мен  ауқаттыларды  тап  дұшпандары  етіп  суреттеу 
орын алды. Қазақтың тұтастығын көздеген оқыған 
зиялылар да төңкеріс дұшпаны саналды. 
Осындай қиын жағдайда ұлтжанды жазушылар 
да  қарап  жатпады.  Олар  да ортақ  мақсат  үшін бас 
біріктіріп,  бірлесе  әрекет  жасаудың  жолын 
ойластыра  бастады.  Олар  "Алқа"  атты  жазушылар 
ұйымын 
құруға 
кірісті. 
"Алқаның" 
өзі 
"Табалдырық"  деп  атаған  бағдарламасын  Мағжан 
Жұмабаев жасайды. Бұл бағдарлама - қазақ тілінде 
рухани, таза әдебиет мәселелері жөнінде жазылған 
тұңғыш  еңбек.  Амал  нешік,  ол  небары  17  дана 

 
115 
көлемінде  ғана  қолжазба  күйінде  көбейтілген. 
Соның  16  данасын  пікір  алысу  үшін  Әлихан 
Бөкейханов,  Ахмет  Байтұрсынов,  Жүсіпбек 
Аймауытов,  Мұхтар  Әуезов,  Смағұл  Садуақасов, 
Елдес  Омаров,  т.б.  сияқты  сол  кездегі  көрнекті 
қаламгерлерге  таратқан.  Бірақ,  сол  кездегі  билік 
органдары  "Алқаның"  құрылып,  жұмыс  істеуіне 
жол бермеді, керісінше, қуғынды күшейте түсті. 
Мағжан 
әрі 
жоғары 
көркем-әдебиет 
институтында  оқып,  әрі  Күншығыс  баспасында 
қызмет  істеуімен  қатар  Күншығыс  еңбекшілерінің 
коммунистік  университетінде  сабақ  берді.  Бұл 
Мағжанның  көп  нәрсеге  көзін  ашты.  Ол  өз 
шығармашылығын  жаңа  арнаға  түсіруге  тырысты. 
1929  жылғы  14  шілдеде  тергеушіге  берген 
жауабында  Мағжан:  "Мәскеуге  көшіп  келгеннен 
кейінгі  жерде  менің  дүниетанымым  өзгере 
бастады",  -  дейді.  Бұл  оның  жүрек-жарды  шыны 
еді.  Мағжан  осы  ретте  1924  жылы  үлкен  рәміздік 
мәні  бар  "Қызыл  жалау"  атты  өлеңін жариялайды. 
Рәміздік  мәні  болатыны  -  бұл  өлең  ақын 
дүниетанымының  әжептәуір  өзгеріске  түскенін 
байқатады.  Ол  енді  ағынға  қарсы  жүзбек  емес, 
қызыл  жалау  түбіне  жиналған  халыққа  қосылуға 
бар. 

Өртенген жалау кімдікі? 

Кім өртеніп гүлдемей, 
Кім толғанған, кім кедей,  
Өртенген жалау соныкі, -  

 
116 
Ендеше, қазақ, сенікі! 
 

Азаттық жалау кімдікі? 

Көре алмаса кім теңдік,  
Тепкі көрсе, кім кемдік,  
Азаттық жалау соныкі, - 
Ендеше, қазақ, сенікі!  
 
"Жерлестер  ұйымының  қаулысынан  кейін  де 
Мағжан  шығармашылығын  тоқтатқан  жоқ.  Ол 
Мәскеуде  болған  1923-1927  жылдары  бірсыпыра 
жаңа  өлеңдер  шығарды.  Ақынның  Мәскеудегі 
үлкен  олжалары  –  «Жүсіп  хан»,  «Өтірік  ертек», 
«Толғау»,  "Тоқсанның  тобы"  поэмалары.  Бұларда 
оның  жаңа  үкіметке  ниеттестігі  айқын  байқалады. 
Бұлардан  басқа,  Мәскеуде  ақын  "Шын  ертек", 
"Қаныш 
бай 
хиссасы", 
"Жылқышы", 
"Қарындастар",  т.б.  өлеңдерін  баспасөз  бетінде 
жариялады. Мағжанның балаларға арналған бір топ 
өлеңдері ("Абай", "Ақ қала", "Жұбату", "Ата-баба", 
"Жылқышының 
үйінде", 
"Сұр 
құлын", 
"Сылдырмақ",  т.б.)  "Жаңа  мектеп"  журналында 
басылды.  Сондай-ақ,  Мағжан  Нәзір  Төреқұловтың 
басқаруымен 
шығып 
тұрған 
"Темірқазық" 
журналының  жұмысына  белсене  қатысты  және 
онда да өз шығармаларын жариялап тұрды. 
Осы  жерде  айта  кететін  мәселе  -  Нәзір 
Төреқұлов  "Жерлестер"  ұйымының  жиналысында 
жасаған  баяндамасында  Мағжан  өлеңдерін  қатты 

 
117 
сынағанмен,  Мағжанды  жек  көрмеген.  Оның 
ақындығын 
мойындаған, 
оған 
көмектесуге 
тырысқан. Шындығында, Нәзір Төреқұлов Мағжан 
өлеңдерін  партия  органдарының  тапсыруымен 
сынаса  керек.  Мұны  "Жұлдыз"  журналының  1996 
жылғы  №  10  санында  жарияланған  "Нәзір 
Төреқұлұлы. Өмірбаяндық суреттеме" атты көлемді 
материалында  жазушы  Жолтай  Әлмешұлы  да 
растайды. Ол былай деп жазады: 
"...Шын  мәнінде,  Нәзір  Мағжанды  аса 
қадірлеген.  Поэзиясына  бас  ұрған.  Ақын  ретінде 
мойындаған.  Тіпті,  мүмкіндігіне  орай  қасында 
ұстауға,  қамқор  қолын  ұсынуға  бейім  болған. 
Олардың  достығын  нығыздай  түсетін  бір  мысал 
бар. Нәзір Төреқұлұлы 1925жылы оқытушылардың 
Бүкілодақтық  бірінші  басқосуында  "Ұлт  мәселесі 
және  мектеп"  деген  тақырыпта  баяндама  жасады. 
Баяндама  орыс  тілінде  оқылды.  Еңбек  кейінірек 
жеке  жинақ  болып  басылды.  Ал  оны  қазақ  тіліне 
тәржімалаған Мағжан еді". 
Мағжан  Мәскеуде  тұрған  кезінде  аударма 
жұмысымен де көп айналысты. Жаңа өмір сырына 
қанығу үшін ол Лениннің шығармаларын аударуға 
кіріседі.  1924-1927  жылдар  аралығында  ол 
Лениннің  "1905  жыл",  "Қара  шаруа  туралы", 
"Париж  коммунасы",  "Февральдан  октябрьге  бет 
алдық", т.б. еңбектерін қазақ тіліне аударып, жеке-
жеке  кітапша  түрінде  бастырып  шығарды. 
Сонымен  қатар,  кеңес  үкіметінің  саясатын 

 
118 
түсіндіретін  марксизм-ленинизм  классиктерінің 
еңбектерін насихаттайтын бірсыпыра саяси әдебиет 
құралдарын  қазақшалап,  кітап  шығарды.  Олар: 
Г.Верещагин,  "СССР  -  социалшыл  кеңес 
республикасының  одағы";  Б.Горев  "Маркс  пен 
Ленин";  И.Конюков  "Еңбекші  қара  шаруаның 
артельдері".  Бұлардан  басқа  ол  М.Горькийдің 
"Сұңқар  жырын",  "Ана  туралы  әңгімелерін" 
аударып,  жеке  кітапша  етіп  жариялады.  Всеволод 
Ивановтың  төрт  әңгімесін,  Мамин  -  Сибиряктің 
"Ақбоз  атын"  аударды.  Кеңес  құрылысының 
алғашқы жылдары әлі аударма өнері тәжірибесі аз, 
тіпті, жоқ кезде қазақ тіліне көркем аударманы да, 
саяси тәржіманы да алғаш рет өндіре бастап берген 
Мағжан Жұмабаев болды. 
Мағжан  Мәскеуде  болған  кезінде  халқының 
сауатын  ашу  ісіне  де  көңіл  бөліп,  оқулықтар  да 
жазып  шығарды.  Мысалы,  1925  жылы  "Бастауыш 
мектепте  ана  тілін  оқыту  жөні"  атты  оқулық 
шығарса, 1926 жылы  "Сауатты  бол"  (Ересектердің 
сауатты  болуына  қолғабыс  қылатын  кітап)  атты 
кітап бастырып шығарды. 
Мәскеудегі  оқуын  аяқтар  кезінде  Мағжан  көп 
ойланып-толғанады,  қоғамды  таптық  тұрғыдан 
қарай  бастайды.  Өзінің  өлеңдерін  де  осы 
принциппен  жазды.  1927  жылғы  17  тамызда 
"Еңбекші қазақ" газетінде оның "Тоқсанның тобы" 
атты  поэмасы  басылып  шықты.  Онда  ақын  жаңа 
өмірді қуанышпен қарсы алып, оған шын көңілмен 

 
119 
ден  қойғанын  білдіреді.  Бүкіл  халықтың  жаңа 
тұрмыс  құруға  бет  алғанын  қоштап,  өзі  де  оған 
қосылатынын,  "Тоқсан" деп көпшілікті айтады. 
Жырладым елді жалпылап, 
Жасырмай жүзді жақтадым, 
Тоқсанға енді тоқтадым. 
Толғанып, ойлап, талқылап, 
Сөздің тоқтар түйіні - 
Бұл тоқсанның жиыны 
Осы армансыз білгенім. 
Тоқсаннан сонау он аулақ, 
Сонау оннан мен аулақ 
Мен тоқсанмен біргемін! 
Өкінішке  орай,  ақынның  бұл  жаңа  ұстанған 
жолын  республика  басшылығы  түсінбеді,  не 
түсінгісі  келмеді.  Казкрайкомның  сол  кездегі 
бірінші  хатшысы  Ф.И.Голощекиннің  Қазақстан 
өлкелік ҮІ-партконференциясында Мағжанның бұл 
поэмасына қарсы сөйлеген сөзі (1927 ж. қарашада) 
ақынға 
деген 
пролетарлық 
бағыттағы 
жазушылардың  сынын,  тіпті,  үдетіп  жіберді. 
Осыдан кейін Мағжанды қудалау күшейе берді. 
Дегенмен,  Мәскеуде  болған  үш  жарым  жыл 
Мағжан үшін шығармашылық өсу жылдары болды. 
Бұл жылдары ол өзінің білімін көтеріп, көзқарасын 
кеңейтті,  әрі  бірқатар  жаңа  өлеңдер,  поэмалар 
шығарды, көптеген аудармалар жасады, оқулықтар 
жазды. Сөйтіп, туған халқына өзінің бірқатар жаңа 

 
120 
еңбегін  ұсынды.  1927  жылғы  көктемде  ақын 
Мәскеудегі оқуын тамамдап, туған еліне оралды. 
 
АҚИЫҚ АҚЫННЫҢ ҰСТАЗДЫҒЫ 
 
Қазақ әдебиетінің XX ғасыр басындағы жарық 
жұлдыздарының бірі- Мағжан Бекенұлы Жұмабаев. 
Өмірімен  өлеңі  аңызға  айналған  ақынның  есімі 
жарты  ғасыр  бойы  аталмайтын,  айтылмайтын 
болып  кеткен  еді.  Ақын  бір  кездегі  ақты  қара, 
қараны  ақ  деп  түсіндірген  зорлық-зомбылық 
дәуірдің  құрбаны  болған  еді.  1938  жылдың 
наурызында "халық жауы", "жапон шпионы" деген 
жалған  айыппен  атылып  кеткен.  Мағжан 
шындығында  өз  халқының  қамын  жеген,  оның 
жарқын болашағы үшін күрескен азамат ақын еді. 
Ол  өзінің

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет