Соңы 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата31.03.2017
өлшемі3,87 Mb.
#10710
  1   2   3   4   5   6

Баспасөз — 2017

Үкімет сағаты



(Соңы 5-бетте)

(Соңы 3-бетте)

Ақпарат


Бүгінгінің бас тақырыбы

АҢДАТПА

4-бет

3-бет

№114 (2892) 14 қазан 2016

www.zanmedіa.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@maіl.ru

Құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида» 

басылым дарына жазылу басталғанын 

естеріңізге салғымыз келеді. 

Төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!

жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:



Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері, 

«Қазпресс» ЖШС дүң гір шек тері 

және Алматы қаласын дағы 

«Дауыс» жүйесі ар қы лы 

жазы лу ла ры ңызға болады.

ҮЛКЕН ҚЫЛМЫСТАР 

ҰСЫҚ-ТҮЙЕКТЕН БАСТАЛАДЫ

Сәті түскен сұхбат

«МЕКТЕП 


БАҚЫТ МЕКЕНІ 

БОЛУЫ КЕРЕК»

Бүгінде 187 га жайылымдық жер еш кәдеге жара-

май, бос жатыр. Есесіне, 27 млн гектар осындай 

алқап әбден тозып, деградацияға ұшыраған. Қол да­

ныстағы 80 млн га жайылымдықтардың да жағдайы 

мәз емес. Мал басына шаққанда 2­3 гектар, кейбір 

аймақтарда бұдан да аз болып отырған бұл алқаптар 

уақытында ауыстырылып, тыңайтылмағандықтан 

тақырланып, құнарынан айырылып барады. Бұл 

жөнінде Парламент мінберінде жиі айтылып келеді. 

Депутаттар тарапынан елдегі жайылымдық жайын 

діттеген арнаулы заңның қабылдануы қажеттігі де 

соңғы үш­төрт жылда тұрақты көтеріліп келген мә­

се   ле. Құзырлы орын тарапынан бұған ынта табыл  ма­

ған соң қалаулыларымыз бұл істі өз қол да рына алып­

ты. Жексенбай Дүйсебаев бастаған бір топ депутат 

бастамашы болып, «Жайылымдық туралы» және 



Мал  шаруашылығы  үшін  табиғи  жайылымның  маңызы  зор  болса,  еліміз  бұл 

ресурстан кенде емес. Алтайдан Атырауға дейінгі алқапты алған кең байтақ Қазақ-

станның қай өңірінде болсын ішсең сусын, жесең ет, кисең киім болатын төрт түлік 

малды  бағып,  бабын  келтіруге  қолайлы  алқап  жеткілікті.  Қазақстандағы  ауыл 

 шаруашылығына тиесілі жердің 70 пайызы жайылымдықтар екен. Өкінішке қарай, 

өзге жұрт табиғи мүмкіндік деп тамсанып отырған осы байлықтың игілігін толыққанды 

көре алмай отырмыз.

Елімізде  шетелден  тартылып  жатқан  инвестиция  көлемі  жылдан-жылға  артып 

келеді. Мәселен, Елбасының әлемнің негізгі елдері — Италия, ҚХР, Ұлыбритания, Иран, 

Түркия секілді мемлекеттеріне жасаған сапарлары Қазақстанға 42 млрд 800 млн 

доллар әкелді. Жыл басынан бергі алты ай ішінде бұл көрсеткіштің тағы да елеулі 

артқаны байқалып отыр. Мәселен, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 

сырттан келген қаржы көлемі бес есеге өсіп, 5,7 млрд долларға жетіпті. Бұл 

жөнінде өткен дүйсенбіде Парламент Мәжілісінде «Экономикалық дипломатия —

Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыты» тақырыбында өткен Үкімет 

сағатында белгілі болды.

оның ілеспе заң жобасын жазып шық қан екен. Жаңа 

құжат осы аптада өткен Мәжілістің жалпы отыры-

сында қаралып, бірінші оқылымда мақұлданды.

Жиында жаңа құжаттарды қорғаған Жексенбай 

Дүйсебаевтың айтуына қарағанда, депутаттар 

жайылым дықтың жайын барынша зерделеп, зертте-

ген сияқты. Жалпы белгіленген өлшем бойынша мал 

басына шаққандағы жайылымдық көлемі бес гектар-

дан кем болмауы қажет болса, біздегі қор оның 

деңгейін жиырма гектарға дейін жеткізуге мүмкіндік 

береді екен Алайда, осынша ресурстың тиімді пай-

даланылмай жатқанының бір себебі алқаптардың 

суландырылмай отырғандығы, яғни, қолайлы инфра­

құрылымның жоқтығынан.

ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІНІҢ 

КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Үстіміздегі жылғы қазан айының 12 жұл­

дызында Қазақстан Республикасы Жоғары 

сот кеңесінің төрағасы А.С.Смолиннің бас­

шылығымен Қазақстан Республикасы Жоғары 

сот кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

Отырысқа Заңгерлер одағының, сондай­

ақ, Жоғарғы Соттың жанындағы Сот төрелігі 

академиясының өкілдері қатысты.

Отырыста Жоғарғы Сот төрағасының кей­

бір төрағалар мен судьяларды қызметінен 

босату жөніндегі ұсыныстары, зейнеткерлік 

жасқа толған судьялардың қызметте болу 

мерзімін ұзартуына келісім беру туралы 

мәселелер қаралды.

Сонымен қатар, отырыста аудандық және 

оған теңестірілген соттардың төрағалары мен 

судья ларының, облыстық және оған теңесті­

рілген соттардың судьяларының, Жоғарғы 

Сот судьясының бос орындарына орналасуға 

Кеңеспен бұрын жарияланған конкурстың 

қорытындылары жасалды.

Отырыстың қорытындылары бойынша 

кеңес тарапынан тиісті шешімдер мен ұсы­

ным дар қабылданды.

Қазақстан Республикасы  

Жоғары сот кеңесінің аппараты

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ 

ГАРНИЗОНДАРДЫҢ 

ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Таяуда ағымдағы жыл бойынша әскерлер­

дің қорытынды тексерісі шеңберінде ҚР 

Қорғаныс министрі генерал­полковник Сәкен 

Жасұзақов Гвардейск және Сарыөзек гарни­

зондарына тексеріс жүргізуге келді.

Жұмыс  сапары  барысында  қорғаныс 

ведомствосының басшысы ағымдағы жағдай 

мен қорытынды тексерістің жүргізілу барысы 

туралы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 

әскерлері  қолбасшысының  міндеттерін 

уақытша атқарушы және Аэроұтқыр әскерлері 

қолбасшысының баяндамаларын тыңдады.

Тексеріс кезінде министр №01098 әскери 

бөлімі 2­ші танк батальонының іс­қимыл да­

рын, роталық­такти  калық оқу­жаттығу лардың 

өткізілу барысын, ЖӘЖМ­2 мен Т­72­ден 

мотоатқыш, танкті взводтардың оқ атуларды 

орындауын тексерді.

Әскерлердің қорытынды тексерісі бары­

сында тактикалық буын, яғни, взвод, рота, 

батальонның  жауынгерлік  әзірлігі  мен 

оқытылуы жай­күйіне ерекше назар аудары­

латынын айта кеткен жөн.

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 

бақылау сабақтарының нәтижелері бойынша 

әрбір әскери қызметшіге баға қойылып, 

сондай­ақ, тапсырмаларды орындауға бөлім­

шелердің дайындығының егжей­тегжейлі 

талдауы жүргізіледі.



Bak.kz

ЭКОНОМИКАМЫЗҒА ҚҰЙЫЛҒАН 



ҚАРЖЫ ҚОМАҚТЫ

Берік АСУБАЕВ, 

география ғылымының 

кандидаты, 

Назарбаев зияткерлік 

мектептері Педагогикалық 

шеберлік орталығының 

Алматы қаласындағы 

филиалының директоры:

(Соңы 3-бетте)

ЖОЛАҚЫ 200 ТЕҢГЕ БОЛСА, 

ЖҰРТ «ЖАЯУ МҰСАҒА» АЙНАЛМАЙ МА?!

ЖАҢА ҚҰЖАТ АУЫЛДАҒЫ ЕЛДІҢ 



ҚАЖЕТТІЛІГІН ДӨП БАСЫП ОТЫР

Педагогикалық шеберлік орталығы 

2012 жылы Назарбаев зияткерлік мек-

тептері дербес білім беру ұйымының 

ішінен құрылды. Содан бергі бес жыл-

да орталық 68 бағдарлама жасады 

және олар Білім және ғылым, соны-

мен қатар, Әділет министрліктерінде 

бекітілді. Осы бағдарламалар мен 

аталған орталықтың мақсат-міндеті 

жайлы Алматы қаласын дағы филиал 

директоры Берік Асубаевпен 

сұхбаттасқан едік.

zanreklama@maіl.ru

Жиында баяндама жасаған еліміздің Сыртқы 

істер министрі Ерлан Ыдырысовтың айтуына қара­

ғанда, «экономикалық дипломатияға» бәсекеге 

қабілетті елдер қатарына қосылудың тиімді мүмкін­

дігі ретінде маңыз беріліп отыр. Қазіргі таңда Мем-

лекет басшысының экономикалық бастамалары 

екіжақты деңгейде және көпжақты құрылымдарда 

(ЕАЭО, ШЫҰ, АСШӨК, ЭЫДҰ, ИЫҰ) белсенді 

жүзеге асырылып жатыр.

Мәселен, Еуропаның Азияға бағыттары бойынша 

түйіскен жетекші елдердің ірі жобаларын Қазақ­

станның «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасымен 

үйлестіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл «Батыс 

Қытай – Батыс Еуропа» дәлізі мен «Казақстан­Түрік­

менстан­Иран­Парсы бұғазы» темір жолда рының 

Жібек жолы бағыттарының әлеуетті бөлік теріне ай-

налуынан үміттендіреді. Сол секілді, «ЭКСПО­2017» 

арқылы  да  экономикаға  сырттан  біраз  қаржы 

құйылатынына сенім зор. Қазіргі таңда әлемдік 

көрмеге 103 ел мен 17 халықаралық ұйым өздерінің 

қатысатындарын ресми түрде растады.

Бұдан бөлек, министр Орталық Азия мемлекет-

терімен өзара тиімді қарым­қатынастардың қолайлы 

үлгісі іздестіріліп жатқанын атап көрсетті. Биылғы 

қыркүйек айында Мемлекет басшысының Самар­

қандқа жасаған сапары Өзбекстанмен сауда­экономи-

ка саласында бірқатар тың мүмкіндіктерді ашты. Сол 

секілді Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасында 

көпсалалы қатынастар қарқын алуда. Таяуда ғана 

Президент В.Путин Астанаға ресми сапармен келіп, 

осы кездесу шеңберінде Қазақстан мен Ресейдің 

өңіраралық ынтымақтастығының ХІІІ форумы өтті.

Қытай елі өндірістік қуатты көшіру және Жібек 

жолы экономикалық белдеуі аясында миллиардтаған 

теңгені құрайтын құралды инвестициялауға дайын 

тұр. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемле-

кеттер және Қытай халық республикасымен сауда­

экономикалық әріптестік бойынша шарт жасасу тура-

лы келісімдер басталды. 


2

№114 (2892) 

14 қазан 2016

zangazet@mail.ru

құқық

Кеңес


Рейтинг

Келімсектер ел заңнамасын 

белден басуда

Алқалы жиында «Көші-қон 

туралы» заңнаманың орындалуы, 

заңсыз көші-қонның алдын алу 

мәселесі көтерілді. Облыстық 

Ішкі істер департаментінің бас-

шылары, Сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы іс-қимыл ұлттық бюро-

сының Алматы облысы бойын-

ша  департаментінің  басшысы 

Сергей Потанин, облыс әкімінің 

орынбасары Серікжан Бескем-

піров қатысқан жиынды облыс 

прокуроры Ғабит Миразов ашып, 

жүргізіп отырды.

Баяндама жасаған облыстық 

прокуратураның 1-басқарма бас-

шысы  Сәбит  Чембековтің  ай-

туынша, облыс аймағында заңсыз 

жүрген мигранттар аз емес.  Биыл 

облыс аумағына тіркелген 160 

мыңға жуық еңбек мигрантының 

134 мыңы көршілес Өзбекстан-

нан келіпті. Қазақстан шекара-

сынан өтіп, еңбек етіп, қаржы 

табу үшін өткен өзбектердің 31 

мың 800-і ғана заңды тіркеуден 

өтіп, мемлекет бюджетіне 500 

миллион теңге салық төлеген. 

Ал, қалғандары салық төлемек 

түгілі, еліміздің қаржысын шет 

мемлекетке заңсыз жолмен шыға-

рып келген. Заңды белінен басып 

жүрген еңбек мигранттарының 

13 мыңнан астамы соңғы 8 ай-

дың ішінде әкімшілік жауапкер-

шілікке тартылса, 500-ден астамы 

еліміздің аумағынан шығарылған. 

«Бақсам  бақа  екен»  демекші, 

шекарадан өтерде Қазақстанға 

келу мақсатын «жеке шаруамен» 

деп көрсеткен келімсектер базар-

ларда сауда жасап, шағын және 

орта  кәсіпкерлік  нысандарын 

ашып, ел азаматтарын жұмысқа 

алып «пысықтық» танытып жүр. 

Мәселен, Талдықорғандағы ор-

талық базарда жеміс-жидек са-

тумен айналысқан   20-дан астам 

өзбек азаматының үшеуінде ғана 

тұрғылықты жерде тұруға беріл-

ген ықтиярхаты болған. Мұндай 

заңсыздықтар Қарасай ауданына 

қарасты «Алтын Орда», «Бар-

лық»,  «Зам-за»  базарларында 

да  орын  алған.  Ондағы  өзбек 

азаматтарына берілген көші-қон 

карточкасында Қазақстанға келу 

мақсаты «жеке шаруамен» деп 

жазылған және олардың еңбек 

ету  мерзімін  ұзарту  толассыз 

жүргізіле берген.

Баяндамашы биылғы жылдың 

8 айы ішінде 31 710 адамға Қа-

зақстандағы кәсібін жүргізу үшін 

рұқсат мерзімі созылғанын айтты. 

Бұл шетелдіктердің емін-еркін 

тайраңдауына мүмкіндік берген. 

Өкініштісі сол, елімізге жұмыс 

істеу үшін келгендердің көпшілігі 

тіркелген мекенжайда мүлде бол-

маған немесе тұрмайды екен. Мы-

салы, Ұзынағашта жұмыс істеуге 

рұқсат берілген 4 шетелдік азамат 

Жамбыл ауылында тұрып, жұмыс 

істесе, Талғар, Қарасай, Көксу 

және Райымбек аудандарының 

азаматтары өз үйлеріне тіркелген 

шетелдіктерді мүлде көрмегенін 

айтқан. Қаскелең қаласының Са-

ламатов көшесіндегі №5 үйге тір-

келген  Өзбекстанның 4 азаматын 

тексермек болып барған прокура-

тура мамандары бұл мекенжайда 

тіптен үй салынбағанын көріп, 

қайран қалыпты. Сондай-ақ, Іле 

ауданында 7 шетелдік мүлде жоқ 

мекенжайға тіркелсе, Талғар ау-

данында 28 шетелдіктің тұрып, 

жұмыс істейтіндігі жазылған 4 

мекенжайдың тіптен болмаған-

дығы  анықталған.  Бұл  жерде 

жең ұшынан жалғасқан жемқор-

лықтың исі бұрқырап тұр. Демек, 

кез келген мекенжайға сырттай 

тіркеліп, ықтиярхат алатындарға 

көші-қон полициясының қызмет-

керлері қолдау көрсетіп отырғаны 

айдан анық. Заң жүзінде, заңсыз-

дықтар жасағаны үшін шетелдік-

тер жауапкершілікке тартылуы 

тиіс. Алайда, «жауырды жаба 

тоқыған» көші-қон полициясы 

бұған көз жұма қараған. Есесіне, 

бақылаусыз, тексерусіз жүрген 

шетелдіктер түрлі қылмыс пен 

заңбұзушылыққа баруда.

Облыс прокуроры Ғабит Ми-

разов облыстық көші-қон поли-

циясы басқармасының басшысын 

мінберге шақырды. Үйлестіру 

кеңесінің  отырысына  басшы-

сы келмей, оның  орынбасары, 

полиция подполковнигі Қанат 

Еселбаев келген болатын. Орын-

басар айтылған мәліметтер мен 

келтірілген деректерге көші-қон 

полициясының қатысы жоқтығын 

айтып  ақталды.  Жіберген  қа-

телікті мойындаудың орнына ат 

тонын ала қашқан лауазымды 

қызметкерге мұндай жауапсыз-

дықтың жазасы ауыр болатыны 

ескертілді. Өз ісіне немқұрайды 

қарап, көші-қон полициясының 

қателігінен сабақ алудың орнына 

«Біз барлық шетелдіктердің қыл-

мыстылығын тексеруге қақымыз 

жоқ», – деген басқарма басшысы 

орынбасарының сөзіне Үйлестіру 

кеңесінің  мүшелері  бастарын 

шайқап, таңдайын қақты. Апыр-

ай, сырттан келетін арзан жұмыс 

күшінің сотты болмағандығын 

анықтау, сонда  қай органға ти-

есілі?  


Елімізде қылмыс жасап, ұзақ 

мерзімге кесілетін шетелдіктер 

жазасын толық өтегенше оның 

барлық қажеттілігі ел бюджетінен 

өтеледі. Яғни, түзеу колония-

сындағылардың шығынына ше-

телдіктер де үлес қосады. Он-

дай  қылмыскерлердің  ішінде 

көршілес Қырғызстан, Өзбек-

Зерттеу  авторлары  ұлт-

тық бәсекеге қабілеттілік көр-

сеткіштері жоғары елдер өз 

азаматтарының әл-ауқатын 

жақсартудың  жоғары  дең-

гейін қамтамасыз ете алады 

деп  есептейді.  Бұл  индекс 

эко номикалық даму мен бәсе-

кеге қабілеттілік жолындағы 

кедергілерді жоюға талпынған 

мемлекеттер  мен  олардың 

экономикалық саясатындағы 

өзекті мәселелерді сұрыптау 

үшін пайдаланылады.

Дүниежүзілік экономика-

лық форумның өкілдері ұлт-

тық экономиканың бәсекеге 

қабілеттілігі көптеген және әр 

тарапты факторларға тәуелді 

екенін көрсеткен. Мысалы, 

экономиканың  жағдайына 

мемлекет  қаржысын  тиім-

сіз басқару мен жоғары ин-

фляция кері әсерін тигізсе, ал, 

зияткерлік меншік құқығын 

қорғау,  дамыған  сот  жүйе-

сі  және  басқа  шаралар  оң 

әсер береді. Институционал-

дық  факторлармен  бірге, 

білім  беру  мен  жұмысшы 

кү шінің біліктілігін арттыру, 

жаңа ілім мен технологияға 

тұрақты түрде қол жеткізу 

де маңызды. Сонымен, Дү-

ниежүзілік  экономикалық 

форумның қорытындысына 

сәйкес, олардың арасындағы 

өзара байланыс пен фактор-

ларды  есепке  ала  отырып, 

барлық тарапты қамтитын са-

ясат жүргізе алатын елдердің 

экономикасы бәсекеге төтеп 

бере алады.

Дүниежүзілік  экономи-

калық форумның 2015-2016 

жылдардағы жаһандық бәсе-

кеге қабілеттілік индексі бо-

йынша бәсекеге түскен ел-

дердің саны 140 болса, соның 

ішінде Қазақстан 42 орын-

ды  иеленді.  Ал,  рейтингке 

қатысқан  ТМД  елдері  ара-

сында  Қазақстан  Әзірбай-

жан республикасынан кейінгі 

2-орынға тұрақтады. Осылай-

ша, рейтинг қорытындысына 

сәйкес, Қазақстан 4.49 орта 

баллмен 42-орынды иеленіп, 

былтырғымен салыстырғанда 

көрсеткіштерін 8 тармаққа 

жақсартты. ЖБҚИ рейтингі 

шамамен 80-120 қазақстандық 

орта және ірі компаниялар 

басшыларына сұрау салу не-

гізінде құрылады.

  

Алмасхан ӘБЕУОВ,

Алматы қаласы Әділет 

департаментінің 

Медеу аудандық филиалы 

өңірлік бөлімінің

 аға сот орындаушысы

Ү

ржар  аудандық  сотының 

ұйымдастыруымен  жақын-

да  Мақаншы  ауылдық  округінің 

әкімшілігі  ғимаратында  «Ашық 

есік» күні өтті. Шара барысында 

медиация  кабинетіне  жиналған 

кәсіпқой емес медиаторлар мен 

Мақаншы ауылдық округінің тұр­

ғындарына әдістемелік және тә­

жірибелік көмек көрсетілді.

«Ашық есік» күніне жиналғандар алдын-

да сөз сөйлеген Үржар аудандық сотының 

төрағасы К.Конкаев: «Медиация – жанжал 

нәтижесіне мүдделі емес тараптың қаты-

суымен өтетін дау ларды реттеудің балама 

түрі. Ол даудың немесе сотта қаралатын іске 

қатысушылардың белгілі бір келісімге келуі-

не көмектеседі, сонымен қатар, тараптардың 

дауды реттеуі мен оны шешуінің шарттары 

жөнінде шешім қабылдау үдерісін толығымен 

бақылап отырады. Медиацияның басты мақ-

саты – қос тарапты бірдей қанағаттандыратын 

және дауласу деңгейін төмендететін өзара 

тиімді бейбіт келісімге қол жеткізу» – деп 

медиацияның  тиімді  тұстарын  атап  өтті. 

Сот төрағасы қойылған сауалдарға заңнама 

тұрғысынан жауап берді. Сонымен қатар, 

медиация тәртібін қолдануға қатысты кеңес-

тер берілді.

Сөз  соңында  сот  төрағасы  К.Конкаев 

«Ашық есік» күнін өткізудегі негізгі мақсат 

сот жүйесінің ашықтығы мен мөлдірлігін 

нығайту, халықтың сенімін арттыру және 

қолжетімділігіне  мүмкіндік  беру  екенін 

жұртшылыққа түсіндірді



Зәуреш КАКИМОВА,

Үржар аудандық №2 

сотының жетекші маманы

ШыҒыС ҚАЗАҚСТАн ОБлыСы

Осы аралықта үш  бос лауазымды орынға 12 үміткерден өтініш келіп түскен болатын. Конкур-

стың ашық өтуі үшін сынаққа «нұр-Отан» партиясының Қостанай филиалының және ҚР Мем-

лекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілдері 

шақырылды. Үміткерлер кезек бойынша оқыту сыныбына кіріп комиссияға өздерін таныстырды, 

қойылған сұрақтарға жауап берді.

Қазақстанда мемлекеттік қызметке жұмысқа қабылдау кезінде әңгімелесуден өту маңызды 

бөлімдердің бірі болып табылады. Бұл мемлекеттік қызметкерлер қатарына білімі жетік емес 

кадрлардың өтуіне мүмкіндік бермейді. Әңгімелесуден өту – үлкен сынақ. Мұнда үміткердің 

тәжірибелік білімін тексерумен бірге, оның мемлекеттік қызметкер мәртебесіне психологиялық 

лайық болуы таразыланады. Сондықтан, жеткілікті деңгейде білім мен біліктілікті игермеген кез 

келген адамның тек кездейсоқ сәттілікке сеніп мемлекеттік мекемеге қызметке тұруы мүмкін 

емес. 


Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы жетілдірудің басты мақсаты мемлекеттік қызметкер-

лердің кәсіби біліктілігін көтеру болып табылады. Себебі, мұндай мәртебелі лауазымға тек кәсіби 

мамандар іріктелуі міндетті.

                                                               

 Қостанай облысының ТЖД кадр жұмысы бөлімі



Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері сан реформаны 

бастан кешіп келеді. Соның барлығының өзегінде халыққа 

адал қызмет ету міндетінің жатқаны анық. Осы аралықта 

адам ресурстарын басқару сапасына айрықша назар ауда-

рылып, ашықтық пен тазалыққа, мемлекеттік қызметтегі 

этика мен адалдыққа мән берілді. Қолға алынған шаралар-

дың нәтижесінде халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып, 

мәдени­рухани әлемі жандануда. Дегенмен, қоғам кемшілік-

тен толық арылып кетті деп тағы айта алмаймыз. Жақын-

да прокуратура органы біраз жағымсыз мәліметтерді 

ақпарат құралдарына мәлім етті. Мұндағы басты мақсат, 

ауруды жасырмай, ашық көрсету арқылы қоғамды кеселден 

тазалау болып отыр. 

Тұрақты даму — 

бәсекелестіктің басты шарты

Ашық есік күні

қос тарапты риза ету 



медиатор қолында

Байқау


Дүниежүзілік экономикалық форум әлем елдерінің ұлттық бәсекеге қа-

білеттілігін, елдің және оның институттарының орта мерзімдегі эконо-

микалық тұрақты өсу қарқынын бағалайды. 

Қостанай облы-

сының Төтенше 

жағдайлар де-

партаментінде 

«Б» корпусының 

бос мемлекеттік 

лауазымды орын-

дарына орналасуға 

үмітті жандармен 

әңгімелесу өтті. 

Конкурстық ко-

миссия отырысы 

департамент 

бастығының орын-

басары, полковник 

Виктор Шиллердің 

төрағалығымен 

жүргізілді. 

Үміткерлер сыннан өтті

стан, Тәжікстан, Ресей секілді 

елдерден келетіндер бар. Тамыз 

айында Ұлттық қауіпсіздік ко-

митетінің мамандары еліміздің 

екі азаматын лаңкестік әрекет 

жасауға дайындаған қырғызстан-

дықты құрықтағаны белгілі. Әлгі 

қырғызстандық  2009  жылдан 

бері елімізге 20-дан астам рет 

кіріп, шығыпты. Оның ішінде 

тек 7 рет қана уақытша тіркеу-

ге тұрып, 4 рет тіркеу мерзімін 

кешіктірген. Алайда, осындай 

әрекеттері үшін бірде-бір жауап-

кершілікке тартылмаған. Сонда 

ел іргесінің бүтіндігін, мемлекет-

тің тыныштығын, азаматтардың 

қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 

міндетті көші-қон полициясы ше-

карадан өтетін қылмыскерлерді 

осылай емін-еркін тайраңдатып 

қоя ма?! Бұл сұраққа да құзырлы 

орын өкілінен жауап болмады.

Алайда, көршілес Қытай Ха-

лық Республикасынан атажұр-

ты – Қазақстанға келушілерден 

сотталмағанын растайтын құжат 

сұрайтын көші-қон полициясына 

көбіне оралмандар шағымданып 

жүр. Олардың айтуынша, Қы-

тайда сотталған адамға сыртқа 

шығатын паспорт бермейді екен. 

Ал, шетелге шығу үшін берілетін 

төлқұжат әрбір адамның қыл-

мысты болмағандығының кепі-

лі. Осыны ұғынғысы келмейтін 

көші-қон полициясындағылар 

қандастарымыздан сотталмаған-

дығы туралы анықтама сұрап, 

зар қақсатады. Ақыры болмаған 

соң ата-бабасының кіндік қаны 

тамған жерге аяқ басқысы ке-

летіндер Қазақстанда уақытша 

тұруға ықтиярхат алу үшін кез 

келген қадамға баруда. Онда да 

ертерек келген оралмандардың 

пысықтары көші-қон полиция-

сындағы таныстарын араға са-

лып, делдалдың рөлін ойнап жүр.

Үйлестіру кеңесінің отыры-

сынан кейін жауапты орган өкіл-

деріне бұқаралық ақпарат құрал-

дарына сұхбат беруді тапсырған 

облыс прокуроры Ғабит Миразов:



– Еліміздің заңнамалық ак-

тілерінде көрсетілген міндеттер 

толық орындалуы үшін бәріміз 

бір  кісідей  жұмылып  жұмыс 

істеуіміз керек. Әйтпесе, мем-

лекетіміздің бүтіндігіне, ынты-

мағы мен береке-бірлігіне нұқсан 

келтіретін жағымсыз әдеттер 

кеңінен тарала береді. Ондай 

жағымсыз әрекеттердің алдын 

алу бүгінгі күннің басты тала-

бы, – деп заңдылықты, қоғамдық 

тәртіпті қамтамасыз ету және 

қылмыспен күрес жөніндегі об-

лыстық Үйлестіру кеңесінің оты-

рысын қорытындылады.

Алқалы жиында есірткі және 

психотроптық заттардың заңсыз 

айналымының алдын алу, есірт-

кіқұмарлықты  жою  бойынша 

2015-2016 жылдары атқарылған 

жұмыстар  және  құқық  қорғау 

органдарында тіркелген айғақтық 

заттарды есепке алу, сақтау, өзге 

құзырлы органдарға өткізу, жою 

кезіндегі заңдылықтың сақталуы 

сынды мәселелер қаралды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет