«Бекітемін» «Келісемін»
Мектеп директоры: Директордың тәрбие ісі
А.Х.Чамакаева жөніндегі орынбасары
_________________ А.Т.Разханова
_________________
«....»...................2023ж «....»...................2023ж
«Қ.Қайсенов кентінің орта мектебі КММ» 2023-2024 оқу жылының жылдық тәрбие жоспары 10 «А» сыныбы Сынып жетекшісі: А.Е.Конакбаева
2023 – 2024 оқу жылының тәрбие жоспары Сыныптағы тәрбие жұмысының тақырыбы: Тұлғаға бағдарланған жалпы адамзаттық құндылықтарды шығармашылық және ынтымақтастық үрдісі барысында дамыту
Мақсаты: Ізгілікті бағдарланған, әсемділікпен, ұлттық игіліктер мен мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып, әлеуметтік өмірге бейімделген өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапта шешімдер қабылдауға қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
Міндеттері: 1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасуына, балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.
2. Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
3. Тұлғаның жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
4. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық- педагогикалық құзіреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.
5. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту.
6. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруына ықпал ету.
7. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.