«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



Дата13.03.2023
өлшемі140,61 Kb.
#73576
Байланысты:
« аза тілі мен дебиеті» п нінен 3-то сан бойынша жиынты ба ал


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау – мәдениет
Музыка. Қазақтың киелі домбырасы
Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі
Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!


Тыңдалым
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.


Күй - қазақ халқының ұлттық өнері, олар қуаныш пен қайғыны күй арқылы жеткізген. Күй – қазақ халқының ең басты рухани байлығы. Күйді қазақтың екінші тілі десе де болады. Күй – махаббат, азаттықтың, еркіндіктің жаршысы.
Құрманғазы Сағырбайұлы – күй атасы, қазақтың күйші, композиторы, домбырашы, халықтың аспаптық күй өнерінің классигі. Ол Орал облысында туған. Құрманғазының алғашқы ұстазы – Ұзақ болған. Ұзақпен бірге ел аралап, домбырашылық өнерін жетілдірген, өнер сайысына түскен. Құрманғазының алғашқы күйлерінің бірі – «Кішкентай». Одан кейін «Ақ бай», «Ақсақ киік», «Көбік шашқан», «Адай», т. б. күйлерін шығарған.
Күй анасы - Дина. Атақты күйші, композитор Дина Нүрпейісова да Орал облысы, Бекетай құмында, қарапайым шаруаның отбасында туған. Әкесі Кенже Динаны бала кезінен еркін өсірген. Ол 7-8 жасында қолына домбыра ұстайды. Тоғыз жасында ұстазы Құрманғазымен танысады. Дина өз заманының белгілі күйшілерімен кездеседі. Олар: Ұзақ, Түркеш, Көкбала және т. б. Осы күйшілердің шығармаларымен танысады. 1888 жылы Құрманғазы Динаға: «Менің күйлерімді кейінгі ұрпаққа жеткіз», - деп өз домбырасын ұсынған. Дина ұстазының өсиетін орындады. Динаның кең тараған күйлері: «Әсем қоңыр», «Той бастар», «Жеңіс», «Ана бұйрығы», «Бұлбұл», т. б. (167 сөз)

1. Мәтін не туралы?



  1. күй құдіреті

  2. атақты күйшілер

  3. танымал күйлер

  4. Дина Нүрпейісова

[1]

2. Сөйлемді өз сөзіңізбен жалғастырыңыз. Ойды қорытындылаңыз.


Күй - қазақ халқының ұлттық өнері. ____________________________________________________
[1]

3. Ақпараттардыңдұрыс/бұрыстығын анықтаңыз.





  1. Дина 5-6 жасында қолына домбыра ұстайды.




дұрыс



  1. Құрманғазының алғашқы ұстазы – Ұзақ.

бұрыс



[2]
4. Мәтін бойынша мәліметтерді толықтырыңыз.
Құрманғазының күйлері....
[1]


Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, оқылым тапсырмаларын орындаңыз.

«Жас ғалымдар» мектебінің директоры


Ләйла Қадірқызына

Құрметті Ләйла Қадірқызы


Сізді ұлыстың ұлы күні, халықтық мереке – Наурызмейрамымен құттықтаймыз!
Наурыз —қайырымдылық пен имандылықтың, бірлік пен достықтың ұлы мерекесі.Ол баршамызға жақсылық, ырыс, отбасыңызға баянды бақыт пен кұт-береке ала келсін.

Шынайы тілекпен,


Кәсіпкерлер палатасының жетекшісі
О.С. Мейрамова



  1. Мәтіннің жанрын анықтаңыз.

  1. Өтініш

  2. Құттықтау хат

  3. Түйіндеме

  4. Нұсқаулық

[1]

2. Құттықтаушы кім?



  1. О.С. Мейрамова

  2. Ләйла Қадірқызы

  3. Кәсіпкерлер палатасы

  4. Жас ғалымдар

[1]

3. Құттықтау хатқа тән 2 сөз қолданысты көрсетіңіз.



  1. Құрметті

  2. Хабарлаймыз

  3. Құттықтаймыз

  4. Өтінеміз

[2]

4. Құттықтау кімге арналған?



  1. Ләйла Қадірқызына

  2. М.С. Мейрамоваға

  3. Кәсіпкерлер палатасына

  4. Жас ғалымдарға

[1]


Жазылым
Берілген жағдаяттардың бірін таңдап құттықтау хат жазыңыз.



  1. Домбыра күніне орай домырашы досыңызға ресми түрде құттықтау хат жолдаңыз.




  1. Наурыз мерекесіне орай сыныптың атынан сынып жетекшісіне ресми түрде құттықтау хат жолдаңыз.

[10]


Айтылым
Берілген шартты суреттер нені меңзейді? Бірін таңдап, жұпта диалог құрастырыңыз (әр оқушыға 2 минут).

[10]




1)



2)



3)



4)




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет