Арыстанбаб кесенесі — көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғ. шамасында салынған. Мазар 14 ғасырда қайта жөнделген. Арыстан баб кесенесі 20 ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауданы 35x12 м, биіктігі 12 м, бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып, Солтүстік жағы кесене, Оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жәнделді. Дәліз-қақпа маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне һижра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген.
Арыстан баб кесенесі Арыстан баб кесенесі — көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғ. шамасында салынған. Мазар 14 ғасырда қайта жөнделген. Арыстан баб кесенесі 20 ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауданы 35x12 м, биіктігі 12 м, бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып, Солтүстік жағы кесене, Оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жәнделді. Дәліз-қақпа маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне һижра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген.
XXI ғасырдағы Арыстан баб кесенесі
Әлемге танымал “Арыстан баб” кесенесінің құрылысы екі жыл бұрын жаңа архитектуралық кешен тұрғысында басталған. Авторы – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, инженер-ғалым, танымал меценат Асқар Құлыбаев болып табылады. Бір кездері Асқар Алтынбекұлы халық игілігі үшін рухани құндылық орнатуды армандаған. Бүгінде Асқар Құлыбаевтың және оның ұлдарының Қазақстанның жан азығы байлығын еселей түсу мақсатындағы сіңірген үлесі зор екендігін айту қажет. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзі бастама көтеріп, бүкіл мемлекеттік деңгейде жүзеге “Мәдени мұра” бағдарламасы асырылып жатыр

Құрылымы
Арыстан баб кесенесі - ғасырлар бойы түрлі өндеу-жөндеуді басынан кешірген құрылыс. Кейде Арыстан бабтың ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүргенін тілге тиек ете отырып, оның кесенесі Арыстан баб дүние салған соң іле-шала тұрғызылған деген жорамал айтылады. Алайда бізге жеткен қазіргі кесенеде ХІІ ғасырдың белгілері жоқ. Бұл арада біз ислам дінінің алғашқы кезде қабір үстіне төбесі жабық құрылыс тұрғызуға тыйым салғанын есте ұстағанымыз жөн. Осы тұрғыдан қарағанда, ХІІ ғасырда Арыстан баб ғимаратының болмауы да мүмкін. А.Черкасовтың жазбаларында Арыстан баб кесенесі әулие және шәкірттері жатқан екі бөлмеден, сондай-ақ алдындағы бастырмадан тұрғанын жоғарыда айтқан болатынбыз. Бұлардың жобасы ХІV ғасырдың құрылысына сай келеді. Осымен қатар бастырмадағы ұстындар да ХІV ғасырдың аяғы мен ХV ғасырдың басында жасалған деген тұжырымды мамандар айтқан болатын. Яғни қазіргі Арыстан баб құрылыс кешеніндегі қабірханалар бөлігі ең көнесі, әуелгісі болып табылады. Бұған қоса халық арасында кең тараған мынадай аңыз бар: «Қожа Ахмет кесенесінің қабырғалары қаланып болған түні алып жасыл өгіз көтерілген дуалдарды мүйізімен соғып, құлатады. Ғимарат қабырғалары қайта тұрғызылып, күмбездері қалана бастағанда бұл оқиға тағы да қайталанып, бәрі үйелген төбеге айналады. Бұл жайт Әмір Темірді көп ойландырады. Түсінде бір шал келіп, аян береді, ол Қожа Ахметтің ең алғашқы ұстазы, Арыстан баб моласының үстіне мазар көтеруге әмір ететінін жеткізеді. Бұл талап орындалған соң ғана Әмір Темір Түркістандағы құрылысын ойдағыдай аяқтайды». Арыстан баб қабірханасының едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Тігінен көтерілген қабырғалары бір биіктікте сәулет өнерінде «желкен» деп аталатын өріммен иіліп барым күмбезге ұласады. Күмбез ауқымы кең һәм биік етіп тұрғызылған. Қабірхананың есігі күнбатысқа, дәлірек айтсақ, Меккеге бағышталған. Бұл қасиетті қабірлерге тағзым етудің мұсылмандық ережелерінен туындайды: зиярат етушінің беті сағанаға, арқасы құбылаға қарауға тиіс болған. Оның ұзындығы 3 м. 90 см., ені 1 м. 30 см., биіктігі 1 м. 20 см. Қабаттас, көлемі 5,4м х 5,4 м. Бөлмеде үш қабір бар. Ол да биік күмбезбен жабылған. Алайда күмбездің іші алебастрмен сыланып, геометриялық үлгідегі өрнектермен нақышталған. Әулиеге кірер есіктің екі жағында екі қабір орналасқан. Шырақшылар бұларды Лашын баб пен Қарға баб дейді. Олар әулие қабірімен салыстырғанда аса шағын болып келген. Лашын баб қабірінің көлемі 1,63м х 0,92м., Қарға бабтікі 1,70 м х 0,90 м. Осы қабірханаларға оңтүстік-батыс жақтан бірнеше бөлмелер қосылған. Екі қанаттағы бөлмелерді біріктіріп, байланыстырып тұрған дәліз-бастырма бар. Ол әдеттегі бастырма-айвандардан өзгеше, тұтасымен қыштан өріліп, төбесі иіліп жабылған. Оның көлемі 7,60м х 4,35м. Қабірханалар дәліз қышпен қаланып күмбезделсе, мешіт бөлігі негізінен қам кесектен тұрғызылып, төбесін жабуда ағаш кең пайдаланылған. Мешіттің ортасында В.В.Константинова жасаған жоба бойынша алты ағаш тіреу болған. Олардың үстіне қары қойылып, ағаштан қырлы күмбез қиыстырылған. Мешіт қабырғасында Мекке бағытын көрсететін ойық-михраб бар.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі