Қорытынды
"Қайта өрлеу дәуірінің философиясы 15 - 18 ғасырлар аралықтарын қамтиды бұл дәуір феодализмнің құлдырау буржуазиялық қатынастардың қалыптасу кезеңі қайта өрлеу термині, мағынасы антикалық құндылықтарды идеалдарды қалпына келтіру деген ұғым білдіреді. Сондай - ақ, инквизиция Джордано Бруноны (1548 - 1600) Рим алаңында тірідей өртеп өлтірді. Ол: "Не табиғаттың өзі - Құдай, не Құдай - заттардың өз ішінен ашылған құдіретті күш", -деді. Олай болса, Джордано Бруно табиғаттан тыс, одан жоғары тұрған Құдай жоқ. Жаратушының өзі - сол табиғат деп, Құдайды аспаннан жерге түсірді. Бұл өте қауіпті тұжырым болатын - ды. Өлер алдында Джордано былай деп өсиет қалдырды:"Мейлі, мені өртеп өлтірсін, бірақ менің өлімім адам баласын жарқын болашаққа апаратын жолдарға тосқауыл бола алмайды". Николай Коперник (1473- 1543) өлім табытына жатар алдында: "Бәрібір жер айналып түр" деген екен. Ол кезінде ғылымда Жер Күнді айналып қозғалатын дәлелдеп, гелиоцентрлік жаңалық ашты. Пантеистік, натурфилософиялық бағыттың негізін Николай Кузанский (1401- 14665)салды. Ол философияның негізгі мәселесін идеалистік түрғыдан шешті. Дүниенің бәрін, адамды да Құдай жаратты, деді, бірақ пантеистік пікірді дамыта отырып, сайып келгенде, ол Жаратушының рөлін жоққа шығарды. өйткені, пантеизм Қүдайды табиғатпен алмастырды. Ол кеңістіктің шегі бар, дүниенің жаратылған уақыты бар деген схоластикалық діни пікірге күмән келтірді, дүниенің шексіздігін уағыздады. Таным алдымен сезімнен басталады, одан соң оны ойлаумен толықтырады. Бұл екі процесс ұдайы бірлікте, сана (интеллект) бәрінен жоғары тұрады деп есептеледі.
Қайта өрлеу іс - жүзінде ескіні рестоврациялау емес жаңа ізденіске ұмтылуды білдіреді. Қайта өрлеу философиясының дүниетенымдық орентациясында басты ерекшелік адамға деген бет бұрыс егер антикалық философияда басты проблема табиғат космологиялық өмір болса, ал қайта өрлеу дәуірінде қайырлы қоғам дүниедегі адам қызметі, адам бақыты проблемалары көтеріледі. Философия ғылым ретінде түсіндіріледі және оның мақсаты адамның өмірде орнын табу. Осы дәуірдің философиялық ойлау бағыты антропоцинтристік болды. Яғни басты тұлға құдай емес ал адам. Құдай барлық заттардың бастауы, ал адам дүниенің ортасы, негізі. Қайта өрлеу дәуірінің ортасы негізі қайта өрлеу дәуірінің дүние танымы гуманистік бағытта адам ерікті өзінің болашағын жасаушы тұлға ретінде қарастырылды.
Дүниетанымдағы тағы бір ерекшелік шығармашылық қызметіне табыну әсемдік сұлулық символына деген құлшыныс.
Николай Кузанский өзінің "шындықты алдын ала болжау", "Білетін білместік туралы" деген еңбектерінде әлемде бәрі қайшылықтардан тұратынын дәлелдейді. Қайта өрлеу дәуірінде ғылым, әдебиет, сурет, мүсіншілік өнері керемет дамып, оның Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль, Сервантес, Данте сияқты атақты өкілдері дүниеге келді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Кішібеков .Қ“Философия” Алматы 1998
Алтай .Ж “Философия тарихы” Алматы 1995
Иманқұл .Н ,Бөрібаев .Т “Іліми философия”Астана 2009
Нысанбаев .Қ “ Қысқаша философия тарихы” Алматы 2002
Достарыңызбен бөлісу: |