ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті
ӘОЖ-514(023) қолжазба құқығында
Айтбаев Нуралы Жанарсович
Орта мектеп оқушыларына стереометриялық есептерді шығаруда векторлық әдіске үйрету әдістемесі
7M01510 – «Математика» білім беру бағдарламасы бойынша
педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертация
Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Кошанова М. Д
Ш
ымкент 2022
Мазмұны
|
Кіріспе
|
3
|
1
|
Вектор ұғымының теориялық сипатталуы
|
6
|
|
Вектор ұғымы және оның шығу тарихы
|
6
|
|
1.2 Векторлар туралы жалпы түсінік
|
9
|
2
|
Стереометрияны оқытудың әдістемесі және стереометрия есептерін шешуде векторлық алгебра элементтерін пайдалану
|
16
|
|
2.1 Көпжақтар тақырыбын оқыту әдістемесі
|
16
|
|
2.2 Көпжақтар тақырыбына берілген есептерді векторлық алгебра элементтерін пайдаланып шығару
|
24
|
|
2.3Айналу денелері тақырыбын оқыту әдістемесі
|
46
|
|
2.4 Айналу денелері тақырыбына берілген есептерді векторлық алгебра элементтерін пайдаланып шығару
|
52
|
|
Қорытынды
|
58
|
|
Пайдаланылған әдебиеттер
|
59
|
Кіріспе
Қазіргі қоғамда қалыптасып келе жатқан ғылым және оқытушылық ақпараттардың даму қарқынына сәйкес мектеп математика курсының бағдарламасына көптеген талаптар енгізілуде.
Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құруларэкономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар , қоғамның ашықтығы ,оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуыбілім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпщілігінің білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарай бағалайтын болды.
Жас ұрпақты жан – жақты жетілген, ақыл – парасаты,өресі биік өз Отанын сүйетін азамат етіп тәрбиелеудеғі басты тұлға ол – ұстаз. Қазіргі таңда жемісті еңбегімізбен шығармашылық ізденісіміз арқылы ғана реалды жаңару жолына шыға аламыз. Елімізге қажет болып отырған мамандарды бүгінгі күні мектеп партасында отырған математика, физика пәндерінен бейімділік танытқан оқушылардан тәрбиелеп, өсіріп шығаруға болатыны түсінікті. Бұл тұрғыда математика бағытында білім беріп жатқан мектептердің маңызы ерекше. Өйткені, осындай мектептердің түлектерінің басым көпшілігіөз білімдерін жоғарғы оқу орнында математика, техника салаларында жалғастырыатыны белгілі. Еліміздің жоғары оқу орындарымыздың физика- математика және техника салары бойынша мамандар дайындайтын факультеттерінің талапта да талантты студенттерінің бірқатары математиканы тереңдетіп оқытатын аталмыш мектептердің түлектері. Сондықтан жоғарыда айтылған математика мен физиканы тереңдетіп оқытатын мектептерге тиісті көңіл бөлу – уақыт талабы.
Математика ғылымын табысты дамыту үшін оқушылардың математикалық қабілеттерін қалыптастырып, олардың бойындағы дарындылықты жетілдіру қажет. Оқыту процесіндегі басты мақсат- оқушыларға дайын білімді беру ғана емес, сондай-ақ оларға дербес ойлауды үйрету. Осы мақсатқа орай оқушылырадың ой қызметтеріне азық бола алатын білім беру міндеті туып отыр. Оқушыларға кеңістіктегі вектор және координаталық әдіс тақырыбын ұғындыру- математика пәні мұғалімдері үшін қиын, күрделі меңгерілетін тақырып болып табылады. Себебі, аталған тақырыпқа байланысты әдістемелік құралдар аз жетілдірілген.
Математикада және оның қолданылуында кеңістіктегі вектор және координаттар әдіс ұғымы маңызды роль атқарады. Көп жағдайда координаттар жүйесін және векторларды қолдануға енгізілуі геометриялық есептерді шешуді жеңілдетті. Сонымен қатар мектеп курсындағы векторлық алгебра және аналитикалық геометрия элементтерін оқыту өте маңызды, өйткені, олардың жоғары математиканы оқуда білімдері өте қажет. Геометриялық теоремаларын дәлелдеу мен есептерін шешудегі барынша тиімді әдістердің бірі векторлық әдіс болып табылады. Есептерді жалпы түрде шешуде де векторлардың мәні зор.
Кеңістіктегі векторлық әдісті пайдаланып есептерді шешу кезінде берілген өрнектегі барлық белгілі, белгісіз шамаларды вектор тіліне ауыстыру қажет. Осылай жазу қиын болмаған жағдайда геометриялық есептерді кеңістіктегі вектор және координаталық әдісті пайдаланып шешуге болады.
Мектептің геометрия курсында кеңістіктегі векторды оқу арқылы, векторлардың көмегімен көптеген геометриялық есептер шешіледі. Есептерді шешудің белгілі тиімді әдістері қатарына енді векторлық әдістер де енеді.
Достарыңызбен бөлісу: |