Айтбаев Нуралы Жанарсович Орта мектеп оқушыларына стереометриялық есептерді шығаруда векторлық әдіске үйрету әдістемесі 7M01510 «Математика» білім беру бағдарламасы



бет13/14
Дата20.12.2023
өлшемі0,95 Mb.
#141767
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Айтбаев Нуралы Жанарсович

Қорытынды

XXI – ғасырдаға жоғарғы білім беру үздіксіз білім алуға дайын, өзінің сана-сезімін жан-жақты жетілдіріп, кәсіби қорын толықтыруға қабілетті, қоғам дамушылық нарық қатынасының құбылмалы саясатына тез бейімделетін шығармашыл, еңбекқор жастарды тәрбиелеп, білімді де білікті мамандар дайындауды мақсат тұтады.


Ал қазіргі таңдағы оқу ағарту саласында жүргізіліп жатқан реформалар, оқыту үрдісінің, үздіксіздігін қамтамасыз етуде оқушы білімі мен біліктілігін сапасын арттыруда әр түрлі әдіс - тәсілдері қолданудың ең тиімді жүйесін қалыптастырып, жетілдіруді қажет етеді.
Сол себепті математика сабағында оқушылардың материалды дұрыс ұғынуы пәнге деген танымдық қызығушылығының артуы, білімнің берік қолдануы мұғалімнің сабақ жеткізуіндегі шеберлігіне, әр түрлі әдіс-тәсілдерді орнымен қолдана білуі жолындағы ізденімпаздығына байланысты.
Мектеп геометрия курсында векторлар және оған байланысты есептерге қолдануларына кең көлемде орын берілмеген. Ал, қазіргі кездегі векторлардың кең қолданысын ескерсек, бұл- оқушыларға тиімсіз.
Сонымен қатар қазіргі мектеп математикасындағы білімнің мазмұнын меңгеру үшін оқыту үрдісінің нәтижесін жоғарылату бағытында оқушылардың алған білімдерін практикада өздігінен орындауға үйрету керек.
Математика ғылымын табысты дамыту үшін оқушылардың математикалық қабілеттерін қалыптастырып, олардың бойындағы дарындылықты жетілдіру қажет. Оқыту процесіндегі басты мақсат- оқушыларға дайын білімді беру ғана емес, сондай-ақ оларға дербес ойлауды үйрету. Осы мақсатқа орай оқушылырадың ой қызметтеріне азық бола алатын білім беру міндеті туып отыр. Оқушыларға вектор тақырыбын ұғындыру- математика пәні мұғалімдері үшін қиын, күрделі меңгерілетін тқырып болып табылады. Себебі, аталған тақырыпқа байланысты әдістемелік құралдар аз жетілдірілген. Егер векторларды геометрияның түрлі деңгейдегі есептерін шығрылуының тиімді тәсілдері қатарына қосатын болсақ, уақытты едәуір үнемдейміз.
Қорыта келгенде оқу үрдісінде әр түрлі тәсілдерді пайдалану сабақтың сапасын арттыруға, оқушылардың белсенділігінін, пәнге деген қызығушылығы қалыптастыруға , ең негізгісі-оқушылардың білім
апасының артуына апаратын бірден-бір жолы деп түсінеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет