Айтылым дағдысының ішкі кезеңдері



Дата30.04.2022
өлшемі15,93 Kb.
#32912
Байланысты:
Айтылым дағдысының ішкі кезеңдері


Айтылым дағдысының ішкі кезеңдері.
Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан көптеген оң өзгерістер  қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған айқын.

Бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктерді пайдалануды көздейді. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу (таным) әрекетін орындауға дағдыланады.

Алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталынуын дағды деп атайды. Дағды санасыз қайталау нәтижесінде де қалыптасатын іс-әрекет болуы мүмкін. Соның нәтижесінде ол автоматталған әрекетке айналып, оңай, шапшаң әрі дәл орындалып отырады. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар және ресурстар арқылы жүзеге асырылады.  

  Белсенді сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады.

Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Бұл тәсілдеме пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады. Соңғы уақытты табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет деген ойдың жақтастары көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін жəне əртүрлі салада қолдана білуін талап етеді.

Білімді дəл осылай қолдану оқушыларға соңғы кезде ХХІ ғасыр дағдылары деп аталып жүрген кең ауқымды құзыреттіліктерді меңгеруге мүмкіндік береді. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (2011) білім беру бағдарламаларын

əзірлеу барысында оқушылардың бойында қалыптастыру қажет рухани құндылықтар мен дағдылар тізімін құрды:


Рухани құндылықтар

Дағдылар

- шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау

- коммуникативті дағдылар;

- өзгелердің мәдениетіне және қөзқарастарына құрметпен қарау;

-жауапкершілік;

- денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық;

- өмір бойы оқуға дайын болу.



• сын тұрғысынан ойлау;

•білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу;

проблемаларды шешу қабілеті;

•ғылыми-зерттеу дағдылары;

• коммуникативті дағдылар (тілдік дағдыларды қоса алғанда);

• жеке және топпен жұмыс істей алу дағдылары;

• АКТ саласындағы дағдылар.

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Жан дүниесінде тіл үйрену басты жұмыс емес, жанама жұмыс болғандықтан, бала әуелі тәжірибеге талпынып, нәрсемен танысып, сонан кейін сол нәрсе туралы сөйлесін, тыңдасын, жазсын, оқысын, тілге үйренсін», — деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай.Мұны әрбір мұғалімнің жадынды сақталуы тиіс.


Білім беру мазмұны өзгертеліп жатқан қазіргі кезеңде заман талабына сай бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындау міндетіміз. Жаңартылған бағдарламаның мазмұны жеке тұлғаны өмірге бейімдеу, функционалды сауаттылығын арттыру.Бүгінгі оқушы – ертеңгі маман. Бәсекеге қабілетті маман - креативті ойлай алатын, таптауырынды ойдан алыстаған, кез-келген тақырыпта өзіндік ой-пікірі бар, кез-келген жағдайға сыни тұрғыдан қарап, ұтымды жауап бере алатын адам. Сондықтан біз мектеп табалдырығынан бастап оқушының бойына аталған қасиеттерді сіңіре білуіміз керек.

Әлемдік тәжірибе бойынша бастауыш білімді тиімді меңгерту төрт дағды арқылы жүзеге асырылады. Оқылым, тыңдалым, жазылым, және айтылым дағдылары коммуникативтік дағдылар болып табылады. Аталған дағдылардың әрқайсысының өзіне тән ішкі дағдылары мен оны үйрету жолдары, яғни ерекшеліктері бар. Сабақты аталған дағдылар ерекшелігін ескеріп құру, тілді тиімді меңгертуге септігін тигізеді. Коммуникативті дағдыларды басшылыққа алып оқыту – функционалды сауаттылықты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Граматикалық білім тілдік төрт дағдыны қалыптастыру барысында жүзеге асып отырады.

Айтылым тілдік төрт дағдының бірі және ол жазылым сияқты продуктивті дағдылар қатарына жатады. Яғни тілді қабылдап үйренуден гөрі оны қолдану, сөйлеу көрініс тауып отырады.

Сқйлесу барысында кейбір әрекеттерді жиі қолданамыз және олар мыналар:



Сөздерді дыбыстау, сұрақтарға жауап беру, интонацияны қолдану, бірнәрсені түсінбеген жағдайда түсіндіріп беруді өтіну, сөйлеген сөзін бақылау және өзін-өзі түзетіп отыру, пікірталасқа қатысу, жест, мимиканы қолдану, оқиғаларды баяндап беру т.б. Айтылымның ерекшелігін білу мұғалімге оны терең дамытуға, әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып сабақты жоспарлауға мүмкіндік береді. Айтылым әртүрлі ішкі дағдыларды қамтиды. Оқушылардың айтылымдағы жетістігі олардың әрқайсысын практикалық жаттығулар арқылы дамыту арқылы көрініс табады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет