Айтыс II том «КҮлтегін»


Созақ – Оңтүстік Қазақстан облысының солтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық  бөлініс.  Сүрелі



Pdf көрінісі
бет177/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   181
Созақ – Оңтүстік Қазақстан облысының солтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық 
бөлініс. 
Сүрелі – жер, өзен аттары. 
Тайсойған – Атырау облысындағы құмның аты.
Темір – Ақтөбе облысындағы қала типті мекен аты. 
Тербенбес — жер аты болуы керек.
Терісаққан – елімізде осы аттас үш өзен бар. 1) Жайық алабындағы өзен
Ақтөбе облысында Қобда ауданының жерімен ағады. 2) Сағыз алабындағы өзен
ол Ақтөбе облысы Байғанин ауданының жерімен ағады. 3) Есіл алабындағы өзен. 
Тор (Синай) тауы – Мұса пайғамбарға Құдай дауыс арқылы хабар берген тау.
Троицк – Ресей Федерациясындағы қала. Негізі 1743 ж. бекініс ретінде 
қаланған. Онда 1750 ж. Орта Азия мен Шығыс Түркістанмен сауда жүргізу 
мақсатында жәрмеңке ашылды. XIX ғ.-дан бастап Троицк қаласы қазақтардың 
өмірінде елеулі рөл атқарды. Мұнда татар зиялыларының атсалысуымен «Расулия», 


390
Қазақ өнерінің антологиясы
«Уазифа» атты медреселер ашылып, қазақ балалары көптеп қабылданды. Алғашқы 
қазақ баспасөздері: «Қазақ» газеті (1907−1918), «Айқап» журналы (1911 – 1915) 
осында шығып тұрды. 
Үргенішежелгі қала, ортағасырлық Хорезм мемлекетінің астанасы. Орны 
қазіргі Түрікменстан Республикасындағы Ташауыз уәлаятындағы Көне Үргеніш 
елді мекенінің жанында. 
Хабар асу – ақ патшаның Хабаров деген генералы 500 әскермен осы асудан 
асқандықтан, «Хабаров асуы» атанған. Кейін ел «Хабар асу» деп кеткен.
Шоқпар – Шу өзенінің шығысындағы жер аты.
Шу − Қырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен. 
Шыршық – Орта Азиядағы ірі өзендердің бірі, территориялық жағынан қазіргі 
Өзбекстанға тиесілі болғанымен, Сырдарияның оң сағасы. 
Шідерті – Шідерті өзенінің, Ертіс-Қарағанды каналының оң жағасында, Павло-
дар облысындағы Екібастұз қаласынан 50 км жерде орналасқан кент.


391


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет