102
Қазақ өнерінің антологиясы
Сұлу қыз шақырғанда шырайменен,
Қонақжайлық – ата салтын кімдер бұзар?
САРЫШОЛАҚ ПЕН БАҚИ СҰЛУ
Сарышолақ:
Қыздардың
қызығына біз жараған,
Жақсы сөз желдей есіп, тез тараған.
Сылқылдап, бәрің кербез көрінесің,
О несі түртіншектеп, жұрт қараған?
Бақи:
Ауылдың қонған жері – Тобылғылы,
Келесің ысылдатып сыбызғыны.
Аңдамай,
әлдеқалай қолдан тайған,
Сырғамды іздеп жүрмін күн ұзыны.
Сарышолақ:
Ауырды өлшейтұғын безбен еді,
Сырғаңыз күміс пе еді, жез [ден] бе еді?
Құдайым сәтін оңдап тұрғанында,
Бақ орнап, жігіт қызға кез келеді.
Бақи:
Жүрегім бір пәлені сезген еді,
Бар шығар әркімнің де көздегені.
Сұңқылдап
тұра қалдың ат-жөні жоқ,
Ел құртқан дәруіш пе, кезбе ме едің?
Сарышолақ:
Жақсыны әрқашан да көз көреді,
Айтар сөз неге ғана өзгереді?
Қалқам-ау, сырғам жоқ,
деп жыланасың,
Дүниеден ақылдылар безген еді.
Бақи:
Қаракер атың бар да, өзің сары-ай,
Келесің сыбызғылап, жөнің қалай?
Өзіңді таныстырсайшы сарнағанша,
Дегенше сөйлер сөздің бәрі солай.