104
Қазақ өнерінің антологиясы
Бақи:_Өзің_сары,_көрінер_көзің_шегір,_Ұқсайсың,_саудагерге_нағыз_жебір._Сұлудан_дәмең_бар_ғой_Бақи-сынды,_Қор_болар_сендейлермен_қандай_өмір_Сарышолақ'>Бақи:
Үлкендерден болатын қалған нұсқа,
Ән айтып, келіп қапсың біздің тұсқа.
Асаудай
бас білмейтін бір езулеу,
Жігітсің-ау, шамасы, алып-ұшпа.
Сарышолақ:
Қыздарға жарасады берік ұстам,
Көңілім сіздейлерге алып ұшқан.
Дариға-ай, арман бар ма, жалғаншыда,
Өзіңді айдалада жеке құшсам?
Бақи:
Өзің сары,
көрінер көзің шегір,
Ұқсайсың, саудагерге нағыз жебір.
Сұлудан дәмең бар ғой Бақи-сынды,
Қор болар сендейлермен қандай өмір?
Сарышолақ:
Саудам бар қыздарменен оңашада,
Батар ем оңашада тамашаға.
Кірпідей жиырыласың, түгің шығып,
Сұлуым, бұл өзіңе жараса ма?
Шегір
болар жігіттің арыстаны,
Қалушы ед өлең сөзде жарысқаны.
Түніменен дөңбекшіп, іздегеннің,
Жақсы емес пе оңаша табысқаны?
Бақи:
Қалмады-ау,
мына Тілеу соңымыздан,
Күн орнына түн туар оңыңыздан.
Сөзіңді естіп қалса ағаларым,
Таспа тілер, шырқыратып жоныңыздан!
Сарышолақ:
Сол ма еді келетіні қолыңыздан,
Таспа емес, арқан шығар қоңымыздан.
Ауылың, қорғаштаса ағаларың,
Қалайша құтылмақшы кәрі қыздан?!