217
Айтыс II том
Жеріне тоқты сойып,
топыр қылған,
Бұлбұлы Орта жүздің мен – Кәрібай.
Біздің ел өсіп-өнген Қалба жайлап,
Сонылап, ел үдерер малын айдап.
«Тамызда Көктұмада сияз бар», – деп,
Бұл істен хабар тапты түгел аймақ
Бойында Көкпектінің көк шалғында,
Отырған Әуелекең бие байлап.
Сол кезде жиырманың төртіндемін,
Асыр сап жүрген кезім, құлынша ойнап.
Жетекте жас тайлақша жүрген кезім,
Кете қойған жоқ едім шығып бойлап.
Жайсаңға біздің болыс қарайтұғын,
Ояз деп он бесінші санайтұғын.
Десетін Нарын елі – Жанболатты,
Хабарасу болысын жанайтұғын.
Молайып,
Байжігіттің өскен кезі,
Өзінен екі болыс тарайтұғын.
Жарымы – Байжігіттің арғы бетте,
Қытайға екі үкірдай қарайтұғын.
Осылай үлкендерден ұғуымша,
Санатқа кезім емес жарайтұғын.
Сиязға жүрмек болды болыс, билер,
Әр жерге дайындық қып тігілді үйлер.
Бәрінде тамашашы, әнші, күйші,
Әр жерде сыбызғы мен тартқан күйлер.
Көктұма жалғас екен Еміл, Бақты,
Жігітке жердің жөнін білген жақсы.
Қытаймен шекаралас орын – дейді,
Мәлімсіз сияз күні қанша, уақыты.
Байжігіт араласып Мұрынменен,
Санасып ерлер жағы білімменен.
Жүруге бір жүз
кісі дайындалды,
Біреуден біреу естіп, білуменен.
218
Қазақ өнерінің антологиясы
Жүз кісі тәуекел деп түстік жолға,
Кейі аяң, кейі мінген кекек жорға.
Жүйріктен тұлпар шауып, бәйге алатын,
Будақтатып шығарған кез шаңды аспанға.
Жаңадан жүрген кезім өлең дарып,
Қолыма екі ішекті домбыра алып.
Атақты Көктұманың сиязына,
Дәм тартып, мен де бірге қалдым барып.
Көргенім
сиязды осы қадам басып,
Именіп көрмеп едім, көңілім жасып.
Жылында мың сегіз жүз жетпіс екі,
Келіппін дүниеге есік ашып.
Келгенде он жетіге өлең айтып,
Үн қостым, домбыраға перне басып.
Ел жайын, ата жөнін, халық салтын,
Үйретті көп өнеге ақылдасып.
Алаңдап,
бойым қызып тоқтамаймын,
Тұрғандай бір керемет жақындасып.
Келіпті Әсет деген ақын жігіт,
Мүмкін, – деп, – айтысуың болса нәсіп.
Барып ем Тоқжігіттің қасына еріп,
Атын баптап күтемін, бағып беріп.
Қажеті кезегінде боп қалар, – деп,
Үйреткен ата жөнін маған теріп.
Қазақша дәл тамыздың он бесінде,
Бойына Көктұманың түстік келіп.
Қатарлап тігілген үй, қайысқан қол,
Қарасаң, таңғажайып көз жіберіп.
Найманның өскен жері –
Қаракерей,
Дұшпанның көңілін басқан теңдік бермей.
Бәйгеге Найман баптап сан қосқанда,
Жері жоқ Кәрібайдың қалған келмей.
Болғанда атам – Байыс, анам – Мұрын,
Жеті атам Жолымбетке құйған нұрын.