209
Айтыс II том
Жүрерсің отын жағып,
суын құйып,
Жығылып, сары ала ғып жамбасыңды.
Келтіріп тәубә-тәупиықты ауызыңа,
Күң қылар бәйбішелер хан басыңды.
Мұғлипа, түспес жолға түсіпсің ғой,
А, Құдай, аман қылсын мал-басыңды.
Мұғлипа:
Андасты сүймегенім, сүйгенім не,
Ноғайға тимегенім, тигенім не?
Араз
боп андас, мырза шабысса да,
Күшіктің арадағы күйгені не?
Алқынып, арыныңмен тойға кепсің,
Өсекті қатын құсап сүйредің де.
Айтысып,
ерегісіп, қызда нең бар?
Құдайың қуат берсін үйдегіңе.
Тәуір-ақ андас сөзін сөйлеп бақтың,
Қу сөзбен өй дедің де, бүй дедің де.
Мәулеке,
мұндай сөзге барыспаушы ең,
Бір пәле түртіп келді-ау бүйрегіңде.
Мәулімбай:
Бәле жоқ саған деген бүйрегімде,
Бар ма еді сенің өшің үйдегімде?
Көпестің байлығына көзді тіктің,
Шешеңді әкеңмен [ен] биледің де.
Қышуы екі қолдың қанбаған соң,
Пұшпағын кәрі терінің иледің бе?
Өзеуреп, Мұғлипа, обықпағың,
Мені де лай суға тоғытпағын.
Арасын Андас, Мырза шу ғып жүрсің,
Құдайдан жақсы шығар қорыққаның.
Жалғыз үй
кәрі көпесті арқа тұтып,
Екі елдің әруағына жолықпағың.
Алғандай алтын тауып арындадың,
Күйдіріп, әркімдерді жалындадың.
210
Қазақ өнерінің антологиясы
Қояды
әркім теке өз лағын
Қыстырып әйелімді не ғылғаның?
Сұлусың, Мұғлипа, маған ти деп,
Дәл саған жерім жоқ қой шағынғаным.
Несіне кәрі байға қызығасың,
Жемейсің оның, бәрібір, қалыңмалын.
Әкең жүр
бір басыңды саудаға сап,
Әйтеуір, көбейтсем деп алым жағын.
Көкпарға тартылатын лақ құсап,
Екі елдің додасына салынбағын.
Туардай келер жылы бала көпес,
Жуандап қалған екен қарын жағың.
Достарыңызбен бөлісу: