Айтыс II том


Бейпоз − кейбір нұсқаларда бейбоз, жанпоз бұлбұлы екен делінеді. Бейрәһім



Pdf көрінісі
бет22/23
Дата16.02.2017
өлшемі0,96 Mb.
#4186
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Бейпоз − кейбір нұсқаларда бейбоз, жанпоз бұлбұлы екен делінеді.
Бейрәһім – рақымсыз.
Бейхая /а/ − ұятсыз.
Беке − жаман су, шалшық.
Бексұлы − вексель /неміс/ − ақшалық міндеттемесі бар құжат.
Бент – бәнд /п/ – бекіту, байлау мағынасында. 
Бидайық – астық тұқымдас көпжылдық жабайы өсімдік; бұл арада: қаршыға 
тұқымдас ең қыран құс. 
Бұлдырық – құр тұқымдас, сұр түсті қарабауыр кішкентай дала құсы.
Бұт – пұт.
Градыспен – градус /латын/ − шама, деңгей.
Ғазал /а/ – 1) өлең; 2) үні.
Делбекезек – жылқы түлігінде кездесетін кесел.
Дорақ – дурак /о/ – ақымақ.
Дуан – бір уездік көлемдегі ауқымдық бекініс, аймақ. 
Дүр – күрт, қауырт, бірден.

380
Қазақ өнерінің антологиясы
Желқом  –  жауыр  аттың  арқасына  ер  батпау  үшін  желдік  үстінен  қабаттап 
салынған қалың киіз, жауыр атқа салынатын ортасы ойық тоқым.
Жүзтайлақ – ұзатылғанда төркінінен жүз ақ тайлақ.
Здавайттап /о/ − сдавать − ұстап беру.
Зәуіқайыр – кездейсоқ.
Зеңберек – зеңбірек.
Ителгі – сары шұбар, қанаты ұзын, мойны ақ жағал, кішкене қыран құс.
Калиматтай – Аллаға жалбарыну, Құрандағы бір аяттың аты. 
Кебенек – 1) сырт киім. Ертеректе жауынгерлер, малшылар жауын-шашыннан, 
бораннан қорғану үшін киген. Жұқа киізден тігіледі, шапан тәрізді болып келеді; 2) 
ешкі ғана ауыратын жұқпалы індет.
Кезқұйрық  –  ұсақ  жәндіктермен,  өлекселермен  қоректенетін  жыртқыш  дала 
құсы.
Көнек – Бие саууға арналған көннен жасалған шүмегі бар ыдыс. 
Көрдемше /жерг./ – некесіз туылған жас бала, нәресте. 
Күйкентай − орманды дала алқабын мекендейтін қырғи тұқымдас қыран құс.
Күпір /а/ – діннен шығу, дін жолынан адасу. 
Кірсиян, крестьян /о/ – шаруа. 
Кірісі – кіріс: садақтың керме бауы.
Қаукерім – қауқар.
Қашаған – қашып, ұстатпайтын бие.
Мағрұр − алданған; меншіл, мақтаншақ, тәкаппар.
Мәнжубас – топас, ақымақ.
Мәрту, мәрпу − ішірткі, дәрі. 
Мөңке – сазанның кішірек түрі; тұнық, таза суларда ең көп тараған балық.
Мұқам /а/ – мақам, сөзді ырғағына келтіріп айту. 
Мықдарыңа (миқдат, миқтар) − өлшем, шама, саны.
Намақұл – мақұл көрмей.
Нәтсіз – нәті: нәсілі, тегі.
Нығмет /а/ − бақыт.
Палитса – полиция /ежелгі грек/.
Панар – фонарь /ежелгі грек/ − жарық, сәуле.
Пар /о/ − тең.
Пружинасыз – пружина /о/− ширатылған темір сым.
Пірқадан /а/ − бұл арада: қай жіктен, қай бағыттасың деген мағынада.
Пітінә – аласа, қортық, мәстек.
Рас-Рап /а/ − биік, мәртебелі орынға ие болу.
Самсөз – сөз таппай, дағдару.
Сарыжа, саржа – сүйекпен әшекейленген әдемі садақ; жақ.
Сахи – жомарт.
Сиыр, барыс – бұл жерде: жыл аттары ретінде қолданылған.
Соқтадай, соқталдай – үлкен, дәу, ірі денелі адам.
Сүлей – жыршы, суырыпсалма.
Таңдасы − ертеңі деген мағынада.
Таһазір − кешірім сұрау сылтауы, себебі; болмайтынын, мүмкін емес екендігін 
мойындау, әлсіздік, дәрменсіздік.
Тәзір − сөгіс, ұрсу, кінәлау, айыптау; жаза, жазалау.
Топайы, топай – жылқының бақайшақ сүйегі; ірі қара малдың асығы.

381
Айтыс II том
Торғын − қымбат бағалы жұқа жібек мата, торқа.
Тулақ – төсеніш ретінде қолданылатын, жүні алынбаған мал терісі, кептірілген 
көнтері. Көбіне ірі қараның, құлынның терісінен жасалады.
Тұйғын – қаз, үйрек аулап, қоректенетін лашын тұқымдас жыртқыш құс.
Уажып /а/ – істеуге міндетті болған іс. 
Үкірдай – Қытайдағы ел билеушілердің болыс дәрежесіндегі лауазымы.
Часабай /о/ – часовой – күзетші. 
Шалығы – шалық – шала.
Шаһуат − аса күшті; тілек, арман; құмарлық, ынтызарлық; сезімталдық.
Шор – денеде қатып қалған ісік.
Шорағай – тайыз суларда мекендейтін шортан.
Штат – сайлау мағынасында.
Шұлғау – қонышты аяқ киімнің ішінен аяққа орайтын қалың мата.
Шүлен – мырза, дарқан, жомарт кісі. Шүлен таратты – барын мырзалық етіп 
үлестірді.
Шытыр − сортаңдау далада өсетін гүлі ұсақ шөптесін өсімдік.
Шығуана /а/ − мезі болу, ығыр болу. 
Ілескер Құсбегі – Қоқанның әскер басы, бегі деген мағынада. 
Янды – қайтты.

382
Қазақ өнерінің антологиясы
ТАРИХИ 
ЕСІМДЕР
Абай  (Ибраһим)  Құнанбайұлы  (29  шілде  (10  тамыз)  1845,  қазіргі  Шығыс 
Қазақстан обл. Абай ауд. Қасқабұлақ жайлауы – 23 маусым (6 шілде), 1904, сонда, 
Балашақпақ жайлауы, бейіті Жидебайда) – ұлы ақын, философ, ағартушы, компо-
зитор. 
Абылай хан – Әбілмансұр (1711/1713 − 23.5.1781, Оңт. Қазақстан обл., Арыс 
жағасы) − ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі – Жошы 
хан, бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң Еңсегей 
бойлы Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. 
Ағыбай (XIX ғ.) − Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтеріліс кезінде ерекше 
ерлік көрсеткен халық батыры. 
Ақшабай - шын аты Түгелбай.
Алтынсары  –  қазақтың  алғашқы  ағартушыларының  бірі  Ыбырай 
Алтынсариннің әкесі.
Атымтай  жомарт  –  Шығыстың  фольклорында  кездесетін  кейіпкер,  өзінің 
қайырымдылығы  мен  жомарттығына  сай  аты  жайылған,  VI  ғасырда  өмір  сүрген 
деген  жорамал  бар.  Түп-төркіні  тай  тайпасының  ақыны  Хатим  ибн  Абдаллаһқа 
(Хатим-тай) тіреледі. 
Аухат – пайғамбар.
Әжібай  Найманбайұлы  (1699  −  1779)  –  Албан  руындағылардың 
ұранына  айналған  батыр.  Дулат  Өтеген  батырмен  бірге  Жетісу  жерін  жоңғар 
шапқыншылығынан азат етуге атсалысқан. 
Әзірет  Әлі  −  Мұхаммед  пайғамбардың  күйеубаласы,  ислам  дініндегі  әділ 
халифалардың төртіншісі, аты аңызға айналған батыр. Әзірет Әлі қазақтардың ис-
лам дінін қабылдауымен батырлардың қолдаушы киелі піріне айналған. 
Әуелеке, Әуел – Сарының бір ұлы.
Байзақ, Байұзақ Мәмбетұлы (1789, Тараз − 1864, Шымкент) – Қазақстанның 
оңтүстік  өңірінде  Қоқан  хандығына  және  Ресей  империясына  қарсы  ұлт-азаттық 
күресті  ұйымдастырушы  батыр,  Тараз  қаласында  елді  отырықшыландыруға  көп 
күш жұмсаған. Тегі: Ұлы жүз, Дулат.
Батыраш  Әбутәліп  –  Мұхаммед  (с.ғ.с.)  әкесі  Абдуллаһ  ол  дүниеге  келме-
стен бұрын қайтыс болды. Атасы Әбдімүтәліп немересінің аты көкте де, жерде де 
мақтаулы болсын деп Мұхаммед (с.ғ.с.) деп қойды. Арабтарда бұрын-соңды мұндай 
есім болмаған еді. Кішкентай Мұхаммедті (с.ғ.с.) анасы Әмина күйеуінің қабіріне 

383
Айтыс II том
зиярат етуге және Мәдина шаһарында тұратын төркіні Бәни Нәжжар әулетін көріп 
қайту үшін сапарға алып шығады. Қайтарда ол кенеттен қатты науқастанып, көп 
ұзамай, жолда көз жұмады. Жетім қалған баланы атасы Әбдімүтәліп бауырына ба-
сады. Бірақ ол арада екі жыл өткен соң дүниеден озады. Осыдан кейін пайғамбарды 
(с.ғ.с.) сегіз жасында көкесі, әкесі Абдуллаһтың туған бауыры Әбутәліп бауырына 
басқан. 
Бәйдібек – Жетісудағы Сарыүйсін, Ошақты, Шапырашты, Ысты, Албан, Суан, 
Дулаттың бабалары. Үйсіннен – Ақсақал (Абақ), одан – Қараша би, одан Бәйдібек 
тарайды. 
Бәйтік – қырғыз манабы.
Бәтіш – М.Әуезовтің «Түнгі сарын» пьесасындағы Жүзтайлақтың прототипі, 
яғни  шығармаға  негіз  етіп  алынған.  Онда  Бәтіштің  калыңмалына  жүз  ақ  тайлақ 
берілген делінеді (филол.ғ.д., профессор Тұрсын Жұртбайдың анықтауынша).
Бекет  Мырзағұлұлы  (1750,  Маңғыстау  –  1813,  сонда,  Оғыланды)  –  батыр, 
әулие, ағартушы, сәулетші. Көпшілік Бекет атаны әулие тұтып, қабіріне түнейді. 
Ғайса,  Иса  (б.з.  30  ж.  шамасы.)  –  Құран  Кәрімде  оның  Мәриямның  баласы 
екені, оған Інжіл берілгені және Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың келетіні туралы 
хабар айтқаны және Алланың құлы екені айқын айтылған. Құран Кәрімде ең үлкен 
бес пайғамбардың бірі ретінде он бес сүренің тоқсан үш аятында Исаның есімі не-
месе сипаты аталған. 
Ғалы,  Ғали,  Әли,  Әли  ибн  Әбу  Тәліп  –  әділ  халифтердің  төртіншісі  және 
соңғысы. Шын аты-жөні – Әбу-л-Хасан әл-Мұртада. Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) 
немере інісі әрі күйеу баласы, қызы Фатиманың күйеуі. 656 ж. Осман өлтірілгеннен 
кейін  халиф  болып  жарияланады.  Тарихта  Әли  ибн  Әбу  Тәліп  сунниттер  үшін 
қарапайым  пенде,  батылдықтың,  қайырымдылықтың  өнегесі  ретінде  қалса,  ши-
иттер үшін ол Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) тікелей мирасқоры, оның аллаһпен 
байланысын жалғастырушы. Кейбір шииттік секталарда Әли ибн Әбу Тәліпті Құдай 
мәнді  адам  деп  біледі.  Қазақтар  арасында  Әли  ибн  Әбу  Тәліп  есімі  «Әзірет  Әлі» 
(Хазірет Әлі) тұрғысынан аталып, үлкен құрмет көрсетіледі. Бірақ Құдай мәнді деп 
қабылдамайды, сунниттердің ұстанымында Құдай − біреу, ол – Алла. 
Дереке (Дербісәлі) – патшадан полковник шенін алған, ел-жұртқа белгілі бай 
адам. Тегі: Кіші жүз, Жағалбайлы. Балалары: Лайық, Барлық. 
Домақ – адам аты.
Домалақ ене, Нұрила (1378, Түркістан қаласы – 28.5.1456, Қаратау, Балабөген 
өзенінің жағасы) – би әрі батыр Бәйдібектің кіші тоқалы, Ұлы жүзде әулие, көріпкел 
атанған. Түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немересі, әкесінің есімі − Әли Сы-
лан, шешесінің есімі − Нұрбике.
Жанақ Сағындықұлы (1770, қазіргі Шығыс Қазақстан обл., Абыралы ауд. – 
1846/1856, Қарағанды обл., Нұра, Төре ауылы) − «Қазақ әдебиетінің тарихында» 
Жанақ Сағындықұлының өмірбаяндық деректері 1770 –1856 ж. деп, ал туған жері 
бұрынғы  Семей  губерниясы,  Қарқаралы  уезі  Темірші  болысы,  қазіргі  әкімшілік-
аймақтық бөлініс бойынша, Қарағанды обл. Қарқаралы ауданы (4-том, 2005, 152-б.) 
деп берілген. 
Жарықшақ – Бәйдібектің кіші тоқалы Домалақ енеден туған ұл, шын есімі − 
Тілеуберді.
Жиренше (т.ж.?– қ.б.ж.?) – Қазақ хандығын құрған Жәнібек хан (XV–XVI ғ.) 
тұсында өмір сүрген атақты шешен. Жиренше шешен есімі түркі халықтарының 
арасында ақыл, парасаттың үлгісі ретінде қабылданды.

384
Қазақ өнерінің антологиясы
Шақшақ Жәнібек – Тоқал Арғын руынан шыққан атақты батыр, сардар. 
Исатай Тайманұлы (1791 − 12.7.1838) − Бөкей Ордасы мен Кіші жүздің ба-
тыс бөлігінде болған ұлт-азаттық көтерілістің (1836-1837) басшысы. Тегі: Кіші жүз, 
Байұлы, Беріш. 
Кенесары  Қасымұлы  (1802,  Көкшетау  өңірі  −  1847,  Қырғызстан,  Жетіжал 
жотасының  оңтүстік  алабындағы  Кекілік-Сеңгір  аңғары)  –  мемлекет  қайраткері, 
әскери  қолбасшы,  қазақ  халқының  (1837  −  1847  ж.)  ұлт-азаттық  қозғалысының 
көсемі,  Қазақ  хандығының  соңғы  ханы  (1841  −  1847).  Шыңғыс  ханның  27-ші 
ұрпағы, Абылай ханның немересі.
Қамбар  –  1)  қазақтың  наным-сенімінде  жылқы  малының  пірі,  иесі.  Кейбір 
аңыздарда Қамбар ата есімі Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың күйеу баласы Әзірет 
Әлінің атбегі болған Ганбар есімді тарихи тұлғамен байланыстырылады. 2) «Қамбар 
батыр» жырының бас кейіпкері. Оның тарихилығын дәлелдеу мүмкін емес. Халық 
қиялынан туған батырлардың жинақты бейнесі. 
Қасен, Хасан – Хасан бин Әли Мұхаммед әл-Мужтаба (669 ж.қ.б.) – Әли мен 
Фатиманың  үлкен  ұлы,  Мұхаммед  пайғамбардың  немересі,  шииттердің  екінші 
имамы.  Әли  қайтыс  болғаннан  кейін  661  ж.  Хасан  отбасының  үлкені  ретінде, 
пайғамбардың  алдында  ерекше  еңбек  сіңіргені  үшін  Ирактың  халифасы  болып 
сайланған.  Әлидің  Иракты  жақтаушы  достары  Хасанды  сириялықтармен  қайта 
күрес  жүргізуге  азғырады,  алайда,  ол  халифа  Муғаиямен  келіссөз  жүргізуге 
ұмтылады. Оны бұған қаражат мұқтаждығы итермелеген болуы керек. Ақырында, 
Хасанның қылығы Әли үйіндегілердің екіге жарылуына әкеп соқты: бірі мұны теріс 
десе, екіншілері дұрысқа жатқызды. Алайда, шииттердің бұдан кейінгі ұрпақтары 
Хасанның мұра боларлық бейнесін жасап шығарды. 
Қоршының Сүлеймені – қырғыз.
Құсайын, Хұсайын, әл-Хусаин бин Әли Әбу Абдаллах аш-Шахид (626 -10.10.680) 
– Әзірет Әлінің Фатимадан туған кіші ұлы. Ағасы әл-Хасан 669 ж. қайтыс болғаннан 
кейін әулеттің басшысы ретінде Куфадан Мединеге қайтып оралды. 
Лұд,  Лұт  –  Ибраһим  (а.с.)  туысқаны,  һарунның  ұлы.  Ибраһиммен  ұзақ  жыл 
қарым-қатынаста  болған.  Алла  Тағала  Лұтты  Иорданиядағы  Содум  қауымына 
пайғамбар етіп жіберген.
Маман – атақты бай.
Махамбет Өтемісұлы (1803, Батыс Қазақстан обл. Жәнібек ауд. −20.11.1846, 
Атырау  обл.  Махамбет  ауд.,  Қараой  ауылы)  –  ақын,  күйші,  Исатай  Тайманұлы 
бастаған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы. 
Мөңке  Тілеуұлы  (1675  –  1756)  –  Кіші  жүздегі  атақты  би,  әулие,  қазақтың 
болашағын болжаған дана. 
Мұса – Израиль халқына жіберілген пайғамбар, Алланың елшісі. Лауи тайпа-
сынан  шыққан.  Б.з.б.  XIII  ғасырда  Мысырда  дүниеге  келген.  Оған  қасиетті  төрт 
кітаптың бірі – Тәурат түскен. Інжілде Моисей атымен аталса, Құран Кәрімде есімі 
ең көп аталып, өмірі туралы ғибратты хикаялар баяндалған.
Мұхаммед – пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.), 571 жылдың 20-сәуірінде дүйсенбі 
күні дүниеге келді. Атасы Әбдімүтәліп немересіне атын көкте де, жерде де мақтаулы 
болсын  деп  Мұхаммед  (с.ғ.с.)  деп  қойды.  Арабтарда  бұрын-соңды  мұндай  есім 
болмаған.
Орынбай Бертағыұлы (1816, қазіргі Солтүстік Қазақстан обл. Айыртау ауд. 
−1891, Аягөз) − қазақтың көрнекті айтыскер ақындарының бірі, А. Янушкевичпен 
кездескен. Антологияның 1-томында айтыстары берілді. 

385
Айтыс II том
Сәрке Өмірқұлұлы (шамамен 1680 − 1724) – Сыр өңіріне белгілі батыр. Кіші 
жүздің Табын руынан шыққан. «Ақтабан шұбырынды» кезінде есімі белгілі болған, 
Сейіл батырдың бабасы. 
Саурық Ыстамбекұлы (1814, қазіргі Алматы обл. Жамбыл ауд. – 1854, сонда) – 
Қарасай батырдың алтыншы ұрпағы. Тегі: Ұлы жүз, Шапырашты, Есқожа. 
Сұраншы  Ақынбекұлы  (1815,  Алматы  обл.  Жамбыл  ауд.  –  1864,  Оңтүстік 
Қазақстан  обл.  Сайрам  қаласы)  –  Саурық  батырдың  немере  інісі.  Тегі:  Ұлы  жүз, 
Шапырашты,  Есқожа.  Аталары  Қарасай  батыр,  Түрікпен,  Мырзабек,  Кәшке  ел 
арасына  атағы  шыққан  шешен,  батыр  болған.  Ш.Уәлиханов  1863  ж.  14-шілдеде 
К.К.Гутковскийге  жолдаған  хатында  Сұраншы  батыр  туралы:  «...қазақтарды 
қоқандықтардың езгісінен құтқарушы» деп таныстырған. 
Саржала – Сырым батырмен замандас, Себек-Беріш руынан шыққан батыр.
Сарыбай  Айдосұлы  (1821  −  1864)  –  Ұлы  жүз,  Шапырашты  Екей  руының 
беделді биі. Жетісу жеріндегі Қоқан билігін құлатуда ерекше көзге түскен. Жамбыл 
Жабаевтың аталас туысы.
Сүйінбай Аронұлы (1815/1822, қазіргі Алматы обл., Жамбыл ауд. Майтөбе жай-
лауы – 1895/1898) − «Қазақ әдебиетінің тарихында»: 1822 –1895 ж. деп көрсетілген 
(4-том, 2005, 331-б.). Тегі: Ұлы жүз. Шапырашты, Екей.
Сыланды – Бәйдібек батырдың Жалмамбет атты ұлының кіші ұлы.Үйсіндегі 
Ысты тайпасы осы Сыланды анадан өрбіген.
Түбек  Байқошқарұлы  (1780,  қазіргі  Шығыс  Қазақстан  обл.,  Жарма  ауданы, 
Үшбиік – 1870, Жалғызтал). 
Шақшақ – Шежіре бойынша, Орта жүздегі Арғын тайпасының Момынынан 
тарайды. 
Фатима, Бибі Бәтима (635 ж.қ.б.) – мұсылман әлемінде ерекше қадір тұтатын 
әйел,  Мұхаммед  (с.ғ.с.)  пайғамбар  мен  Қадиша  анадан  туған  қыз,  Әзірет  Әлінің 
әйелі, Хасан мен Хұсейіннің анасы. 

386
Қазақ өнерінің антологиясы
РУ АТТАРЫ 
Арғын  –  шежіре  бойынша,  Орта  жүз  құрамына  енеді.  Қазақ  шежіресінде 
Арғындар Бәйбіше Арғын, Тоқал Арғын деп, екіге бөлінеді. Ергүл бәйбішеден өсіп, 
өнген  арғындар  бірлестігі  «Бес  Мейрам»  деп  аталады.  Олар:  Қуандық,  Сүйіндік, 
Бегендік  (Қозған),  Шегендік  (Қақсал),  Қаракесек  (Болатқожа).  Тоқал  Арғынға 
жататындар:  Момын  ананың  атына  байланысты  «Жеті  Момын»  аталады.  Олар: 
Қанжығалы, Тобықты, Бәсентиін, Қарауыл, Атығай, Сарыжетім, Шақшақ.
Аталық – Ұлы жүз, Ошақтының бір атасы.
Әлім – Кіші жүзге жататын рулардың бір құрамы.
Баба – Күшік елінің бір атасы.
Бағаналы – қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүздегі 
Найман тайпасынан таратылады. 
Бошан – Қаракесек руына кіретін аталық. 
Бөлек, Тілеу – Ұлы жүз, Дулат, Ошақты руынан тарайтын аталар.
Дүйсе-Құдас – Қаратоқай-Беріштен тарайтын бір аталық.
Екей  –  Шежіре  бойынша,  Ұлы  жүз  құрамындағы  Шапырашты  тайпасынан 
таратылады. Екей өз ішінде Бәйімбет, Жәрімбет болып, екіге бөлінеді. Сүйінбай, 
Жамбыл ақындар Екей руынан шыққан. 
Есқожа – шежіре бойынша, Ұлы жүз құрамындағы Шапырашты тайпасынан 
таратылады. Шапыраштыдан Малды, Екей, Еміл рулары тарайды. Емілден тарала-
тын Жайық пен Есқожа жасынан батырлығымен аты шыққан қолбасшы, көріпкел 
абыз болған. Есқожадан Алысай, Алтынай, Шуаш аталары тарайды. Есқожа руынан 
Қарасай, Әуез, Өтеп, Түрікпен, Көшек, Кәпике, Қараш, Саурық, Сұраншы, т.б. ба-
тырлар, билер, шешендер шыққан. 
Естек – Кіші жүздегі Әлім аталығынан тарайтын Кете руының бір тарауы.
Жалайыр  –  қазақ  халқын  құраған  тайпалардың  бірі.  Шежіре  бойынша,  Ұлы 
жүз құрамына енеді. Диқанбай батыр шежіресі бойынша (Н.Аристов жазып алған), 
Үйсіннен – Ақсақал (абақ таңбалы), Жансақал (тарақ таңбалы) таратылады. Жалай-
ыр соңғысынан тарайды.
Жамбол – ру аты.
Жетіру  –  Кіші  жүзді  құрайтын  үш  ірі  тайпаның  бірі.  Оған:  Төлеу,  Рамадан, 
Тама, Табын, Кердері, Керейіт, Жағалбайлы кіреді. 
Керей  –  қазақ  халқын  құраған  ежелгі  түркі  тайпаларының  бірі.  Шежіре 
деректері бойынша, Орта жүз құрамындағы Керей тайпасы Абақ Керей, Ашамайлы 
Керей деген екі бөлімге бөлінеді. 

387
Айтыс II том
Керейіт – шежіре бойынша, Кіші жүз құрамындағы Жетіру бірлестігіне кіреді. 
Керейіттен Ақсақал, Бозаншар рулары тарайды. 
Қаптағай − Найман тайпасы Матай руынан тарайтын аталық.
Қара қожа – Найманның Көкжарлы руының қара аталығы болуы мүмкін. 
Қаракесек – шежіре бойынша, Орта жүздегі Арғын тайпасының «Бес Мейрам» 
аталатын рулар бірлестігіне кіреді. Қаракесектен Қамбар, Майқы, Бошан, Таңас та-
райды.
Қасқарау – Дулат руының бір атасы.
Қуандық – Орта жүздегі ру аты.
Майлыбай – Кете руының ұраны.
Мейрам – Орта жүздегі Арғын тайпасының құрамындағы бес рудан құралған 
бірлестік.
Найман – қазақ халқын құраған ежелгі тайпалардың бірі. 
Оймауыт – Жаныс руының бір бұтағы. 
Ошақты  –  Ұлы  жүз  құрамындағы  тайпа.  Ошақты  тайпасының  ұраны  – 
«Бақтияр».
Сиқым, Сыйқым – Ұлы жүз, Дулат тайпасына кіретін рулар бірлестігі. Шежіре 
бойынша, Дулаттан Сиқым, Жаныс, Ботбай, Шымыр тарайды. 
Суан – Ұлы жүз құрамындағы тайпа. Шежіре бойынша, Бәйдібектің Жарықшақ 
(шын аты – Тілеуберді) деген баласынан Албан, Суан, Дулат тараса, Суаннан Бай 
мен Дай тарайды, оларды Байсуан және Дайсуан деп атаған. Бірақ Дайсуанды ешбір 
шежіре таратпайды. Ал, Байсуанның шежіресі белгілі. 
Сіргелі  –  Ұлы  жүз  құрамына  кіретін  тайпа.  Қазақтың  барлық  шежіре 
деректерінде Үйсілмен бірге туған Ойсылдың ұрпағы. 
Табын – Жетіруға кіретін бір ру.
Тоқтамыс  –  Кіші  жүздегі  Байұлы  тайпасындағы  Шеркештен  тарайды, 
Тыныштық ақынның ауылы.
Шапырашты – Ұлы жүз құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Абақтан тарай-
тын Бәйдібектің екінші әйелі Зеріптен Жалмәмбет (Жәлменде), одан Шапырашты, 
Ысты, Ошақты тарайды. Диқанбай батыр шежіресінде, Шапыраштыдан Асыл, Шы-
был, Екей, Еміл, Есқожа, Айқым өрбітіледі. 
Шымыр – Ұлы жүз, Дулаттан шыққан бір ру.
Уақ – шежіре бойынша, Шоға, Сарман, Байназар, Сарыбағыш, Сіргелі, Еренші, 
Әлімбет, Бидалы, Жансары, Баржақсы, Шәйкөз руларына бөлінеді. 
Үйсін – қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ежелгі түркі тайпаларының 
бірі.  Қазақтың  дәстүрлі  шежіресінде,  Үйсінді  Шыңғыс  хан  заманындағы  Майқы 
биден  таратады.  Ботбай  руынан  шыққан  Диқанбай  батырдың  шежіресінде, 
Н.Аристовтың  жазбасында  Майқы  биден:  Қаңлы,  Бақтияр,  Қырықжүз,  Мыңжүз. 
Бақтиярдан: Үйсін, Ойсыл. Үйсіннен: Ақсақал Абақ, Жансақал Тарақ. Абақтан – 
Қараша, одан Бәйдібек, Байтулы. 
Ұлы  жүздің  негізін  құраған  тайпалар  Бәйдібектің  балалары  болып  саналады. 
Олар: Албан, Дулат, Суан, Шапырашты, Сарыүйсін, Ошақты, Ысты. 
Ысты – Ұлы жүз, Жалмамбеттен тараған.

388
Қазақ өнерінің антологиясы
ЖЕР-СУ 
АТАУЛАРЫ
Ақмешіт – Қызылорда қаласының бұрынғы атауы. 
Ақыпта – жер атауы.
Арқа – Каспийдің теріскей бетіндегі Ойыл, Орынбор аймағы да осылай аталған.
Атырау – мәтін бойынша: Каспий теңізінің қазақша ескі атауы. 
Бесқала  –  Қоңырат,  Ходжейлі,  Шымбай,  Нөкіс  және  Төрткүл  қалаларының 
XVIII−XIX-ғасырлардағы  жиынтық  атауы.  Бесқала  атауын,  негізінен,  Кіші  жүз 
қазақтары қолданған. 
Елек – Қазақстанның батысындағы өзен.
Ертіс – Павлодар облысының Ертіс ауданындағы ауыл, аудан орталығы, өзен 
айлағы. Ертіс өзені Солтүстік Мұзды мұхит алабында жатқан өзен, Обь өзенінің сол 
жақ саласы. Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары арқылы ағады. 
Жолабала – жер атауы.
Кемпір – Жамбыл облысындағы жер аты.
Көкөзек – Ертіс алабындағы өзен; Шығыс Қазақстан обл. Үржар ауданындағы 
ауыл, ауылдық әкімшілік округінің орталығы. 
Қазбек  –  Алматының  солтүстік  батысындағы  тау  аты,  батырдың  есімімен 
аталған.
Қараөткел  –  Сарыарқа  қазақтары  Есіл  өзенінің  қазіргі  Астана  қаласы 
орналасқан, көшкен ел аттылы-жаяу өте беретін тайыздау тұсын ежелден Қараөткел 
деп атаған. 
Қарқаралы – Қарағанды облысының солтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік; 
Қарқаралы қаласы да бар. 
Қиыл – Ойыл алабындағы өзен. Ақтөбе облысының Ойыл, Қобда аудандарының 
жерімен өтеді. 
Қобда – Елек алабындағы өзен. Ақтөбе облысының Алға, Қобда аудандарының 
жерімен өтеді. 
Қоқан – Қоқан хандығы – XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың бас кезіндегі 
Орталық Азиядағы мемлекет. Орталығы – Қоқан қаласы болды. Қоқан қаласының 
негізін  салушы  Шахрук  би,  шамамен,  1710  ж.  Бұхара  әмірлігіне  тәуелсіз  шағын 
иелік құрды. 1813 −1814 ж. Сайрам мен Түркістан қалалары бағындырылды. XIX 
ғасырдың бірінші жартысында Қоқан хандығына қазіргі Қырғызстан мен Оңтүстік 
Қазақстанның көпшілік аумағы бағындырды. 1876 ж. 19 ақпанда Ресей өкіметінің 
жарлығымен Қоқан хандығы жойылып, оның орнына Ферғана облысы құрылды. 

389
Айтыс II том

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет