Құлмамбет пен Жамбыл. Айтыс, С.Мұқановтың анықтауынша, 1881 ж., ал
кейінгі зерттеушілер (С.Садырбаев) 1897 ж. болған деп санайды. Айтыстың шығу
тарихы: Ұзынкөпір деген жерде бүкіл Жетісу аймағының билері мен болыстары
жиналған. Сол жерде Жамбылды шақырып, Құлмамбетпен айтыстырған Есқожа
руының Құдайберген деген кісісі (болысы).
Ұсынылып отырған нұсқа филология ғылымдарының кандидаты Т.Әлібектің
«Құланаян Құлмамбет және оның ақындық ортасы» атты монографиясындағы
қосымша ретінде берілген «Текстологиялық саралаудан өткен мәтіндер» бөлімінен
(228−240-б.) алынды. Оған ОҒК қолжазбалар қорындағы 317-бумада сақтаулы
Ү.Кәрібаевтың нұсқасы негіз болған.
372
Қазақ өнерінің антологиясы
Ноғайбай мен Зылиқа. Айтыстың қай жылы болғаны белгісіз, Ноғайбай
ақынның өмірбаяндық деректері ескеріліп, осы басылымға енгізілді. Айтыстың
шығуы тарихы баяндалғанда, оны Қара Ертіс жағасында, Сарманақ деген жердегі
Әубәкір бидің үйінде өткен деп айтылады. Ақынның шығармалар жинағы соңғы
жылдары «Отырар» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен жарық
көрген. Антологияға осы орталықтың дайындаған «Ноғайбай Сүлейменұлы» атты
жинағынан (22–24-б.) алынды.
*Ескерту: Ақынның жинағын құрастырушылар: «Соңы табылмады. Қабанбай
батырдың аты аталып, аруақ шақырған соң ел іші бөлініп кетер деп, айтысты
тоқтатуы да мүмкін»,–деген түсінік берген.
Ноғайбай мен Айбала. Айтыстың қай жылы болғаны нақты анық емес, бірақ
ол Шілікті өңіріндегі Бұтабай қажының үйінде болған деп айтылады. Ұсынылып
отырған мәтін «Ноғайбай Сүлейменұлы» (24 – 28-б.) атты жинақтан алынды.
Айқын қыз бен Жарылқасын қожа. Жұмбақ айтыс. Айтыс 1880 ж. болған.
Айтысқа қатысты мәліметтерді 1964 ж. тауып, жариялаған Мардан Байділдаев.
1908 ж. Қазан қаласында Хұсайыновтар баспаханасында 17 беттік кітапша
болып шыққан. Айтыстың алғы сөзі мен соңғы сөзін өлеңмен жазып, баспаға
дайындаған Шәймерден Нұрахметұлы Бәйкиев. Оның айтуынша, бұл айтысты ол
1901 ж. Жарылқасын Сырманұлының өз аузынан жазып алған. Бұл айтыс 1908-
1913 ж. аралығында Қазан қаласында 4 рет жарық көрген. Кеңестік дәуірде айтыс
жинақтарында (1-том, 1965, 318-325-бб.; 2-том, 1988, 183-194-бб.) жарияланған.
Соңғы кездегі жарияланып жүрген нұсқа Қазан қаласында жарық көрген 1908
ж. басылым бойынша берілген. Оны дайындаған тілші ғалым Арынов Тоқтар.
Антологияға соңғы басылым, яғни «Айтыс» жинағы (2-том, 1988) бойынша
берілді. Алдыңғы (1965 ж.) басылыммен салыстырғанда, мәтінде кейбір сөздердің
қолданысында айырмашылықтың бар екендігі анықталды.
Сарышолақ пен Сәлім. Айтыстың қай жылы болғаны нақты емес. Алайда,
айтыстың шығу тарихы: «Жағалбайлы Дербісәлі − патшадан полковниктік шен
алған, бай, ел-жұртына белгілі адам. Оның Лайық, Барлық дейтін балалары болған.
Лайық Мырзағұл ауылындағы бір малшы қырғыздың келіншегін тартып алып,
дес бермейді. Қырғызды ортамызға келген қонақ деп сыйлап, Мырзағұл қасына
Сарышолақты ертіп, Дербісәліге келеді, әлгі келіншекті қайтарып алу үшін. Сол
жерде, Дербісәлі үйінде оның Сәлім деген ақыны бұларға тиісіп, айтыс бастайды»,
– деп, аңыздалады.
Ақтөбе обл., Шалқар қаласының тұрғыны Оңдасын Үсеновтен филология
ғылымдарының докторы Ж.Асанов 1997 ж. жазып алған. «Сарышолақ Боранбайұлы.
Шығармалары» атты жинақтан (276 –279-бб.) алынды.
Сарышолақ пен Тоқсұлу. Айтыс 1905 жылы өткен. Ұсынылып отырған нұсқа
«Сарышолақ Боранбайұлы. Шығармалары» атты жинақтан ( 280–293-бб. ) алынды.
Сарышолақ пен Бақи сұлу. Айтыстың қай жылы өткені белгісіз. Айтыстың
орын алу тарихы: Елдің алды жайлауға көшіп жатқан кез екен. Астында Қарагер
аты, қасында қасқыр алатын Топжар атты тазысы бар Сарышолақ келе жатса, ал-
373
Айтыс II том
дынан көшкен елдің жұртында жүрген бір топ қыз кездеседі. Қыздар жұрттан бір
нәрсе іздеп жүргенге ұқсайды. Олар Жекей руынан екен. Топ ішінде Жекей елінің
ақын қызы Бақи сұлу бар екен. Іздегенге сұраған дегендей, жас Сарышолақ топқа
жақындап, тиісе сөз қозғапты. Содан айтыс басталған.
Антологияға «Сарышолақ Боранбайұлы. Шығармалары» атты жинақтан ( 294–
300-бб.) алынды.
*Ескерту: «Сайрап қал бұлбұлдайын, замандасым»,деп басталатын шумақта
бір жол жетпейтін сиякты әсер береді, бірақ сілтеме жасалған кітапты
басшылыққа алып, осылай қалдырылды.
Сарышолақ пен Тама қызы. Айтыс 1884 жылы өткен. Айтыстың шығу та-
рихы: Сарышолақ жолаушылап, Жем өзені бойындағы бір үйге ат басын тірейді.
Жақындай бергенде, үйден бір бойжеткен қыз шығып, қайта кіріп кетеді. Хабар-
ласса, үйден жаңағы қыз шығып, есіктің жақтауына сүйеніп тұра қалады. Дәстүр
бойынша, үйден ер адам шығуы керек. Үй иесі сараң болса керек. Сондай келеңсіз
көріністі тілге тиек етіп, Сарышолақ өлеңдетіп жібереді. Қыз да өлең сөзге қара
жаяу емес екен. Айтыс осылай басталған.
Ұсынылып отырған нұсқа «Сарышолақ Боранбайұлы. Шығармалары» атты
жинақтан (301–303-бб.) алынды.
Сарышолақ пен Құлый. Айтыс 1907 жылы өткен. Айтыстың шығу тарихы:
Қазыбай тайпасының Қуат бөлімінің атақты байы Тотан жылқылы болған. Көп
жылқысын үлкен қос қылып ұстаған. Тілеу руының Мөңке тайпасының Әбу атты
пысық жігітін бас жылқышы еткен.
Әбу Сарышолақтан бір зергерлік бұйым алып, қысқа қарай ат берем десе ке-
рек. «Сүтті көлде» отырған жылқышылар қосына Сарышолақ шайыр мініске ат
сұрап барады. Сарышолақтан құтылғысы келген Әбу тұғыр ұстап береді. Әбудің
жақтырмағанын сезген Сарышолақ сол арада айтысты бастайды.
Айтысты Шалқар қаласының тұрғыны, журналист Мұханбетәли
Есмағамбетовтен филология ғылымдарының докторы Ж.Асанов 1997 ж. жазып
алған.
Ұсынылып отырған нұсқа «Сарышолақ Боранбайұлы. Шығармалары» атты
жинақтан ( 306–326-бб.) алынды.
*Ескерту: Бұл айтыстын екі жерінде бір-бір сөзден жетіспей тұрған сияқты,
бірақ айтыскердің өзіндік сөз қолданысы, т. б. жағдайларды ескеріп, өзгерту жа-
самауды ұйғардық.
Мәшһүр-Жүсіп пен бір қожа. Айтыстың қай жылы болғаны және қандай
жағдайда орын алғаны туралы мәлімет сақталмаған. Мәтін ОҒК қолжазба
қорындағы 1176-бумадан алынған. Антологияға ақынның коп томдық шығармалар
жинағынан (6-том, 177-б.) алынды.
Үкілі Ыбырай мен Құдайберген. Бұл жұмбақ айтыстың дәл қай жылы болғаны
белгісіз. Айтыстың шығу тарихы: Атығай Қожақмет отыз кісімен Көкшетауға
құдалыққа бара жатып, өлең айтқызуға бала болса да, Құдайбергенді арбаға
мінгізіп, ала барыпты. Жас та болса, ақын аты шыққан Құдайберген ақын, өлеңді
айтып-айтып, домбыраны қасына қойып отырғанда, Көкшетаудың елу жастағы
Ыбырай деген ақыны естіп, қолында үкілі домбырасы бар, есіктен кіре, айқай сала
кіреді, – деп баяндалады.
374
Қазақ өнерінің антологиясы
Айтыстың қолжазбасы ОҒК қолжазба қорындағы 256, 2396-бумаларда сақтаулы.
«Айтыс «жинағына (1965, 1 том, 256 – 259-б.) енген.
Антологияға «Гәкку» жинағы (156 – 158-б.) бойынша берілді.
Құдайберген мен Қадиша. Бұл айтыстағы Құдайберген – Әлсейітұлы. Айтыс
бұрынғы Көкшетау облысының «Қызыл Ту» ауданына қарасты Үлкен Қараой мен
Кіші Қараой аралығындағы Аққұдық деген жерде өткен. Өзге мәлімет белгісіз.
Алғаш рет «Айтыс» жинағында 1965 ж. (448 – 453-бб.) жарық көрген, антологияға
сол басылым бойынша ұсынылды.
Оңғар мен Ырысты қыз. Айтыс 1885 ж. шамасында болған, Қызылорда экс-
педициясы кезінде 1964 ж. Мардан Байділдаев жазып алып, ӘӨИ қолжазба қорына
тапсырған.
Антологияға «Айтыс» (1988, 1 том, 144 – 148-б.) бойынша берілді.
Қызыл жыршы мен Әкімгерей. Мырзабек Байжанұлы (Қызыл жыршы) 1916-
1917 жылдары Ақтөбе өңірінде үш жылдай тұрған. Ашаршылық болса да, ел ішінде
ақындығымен танылып, қиындық көрмей, тұрмысы түзелген. Осыдан соң туған
еліне қайтпақ болған кезде Ақтөбедегі белгілі дәулетті Шайқыслам деген бай оны
бірер күнге тоқтай тұруын өтініп, Әкімгерей Қостановпен айтыстырған. Бұл айтыс
сол кезде болған.
Антологияға «Қызыл жыршы» жинағынан (52 – 65-б.) алынды.
Болман мен Несігүл. Айтыс 1905 ж. өткен. Айтыстың орын алу тарихы ОҒК
(237-бума, 5-д.) және ӘӨИ қолжазба қорларына (244-бума) Болман Қожабайұлы
арқылы жеткен мәліметтерден белгілі болады. Атап айтқанда: ОҒК қолжазба
қорына айтыс мәтінін 1946 ж. Болман ақынның өзі тапсырған. Ал ӘӨИ қолжазба
қорындағы осы тақырыппен сақталған мәтін екеу болғанымен, негізі − бір, ол 1940
ж. Болман Қожабайұлының айтуынан жазылып алынған. Оның айтуынша, айтыс
Оспан тауында, руы Найман Толысбай байдың тойында өткен. Несігүл сол кезде
өзінің сіңлісінің күйеуімен қашып келе жатқан екен. Сол жиында Болман Қожабаев
пен Несігүл қыз айтысады.
Алғаш рет Ақылбек Шайхы құрастырған «Ақын Болман» атты жинағында
жарық көрген. Кейін «Айтыс» жинағында (1988, 1-том) жарық көрді. Антологияға
Қожабай Тоқсанбайұлы мен Болман Қожабайұлының шығармаларына арналған
«Бізге де сөйлер кез келер...» атты жинақтан (93-97; 373-бб.) алынды.
Болман мен Тайжан. Айтыс, Болман ақынның айтуынша, 1914 ж. болған. 1965 ж.
«Айтыс» жинағында тұңғыш рет жарияланған (2-том, 427-432-бб.). Осы басы-
лымды негізге алып, «Бізге де сөйлер кез келді...» жинағында жарияланды. Кейбір
сөздердің берілуінде өзгеріс қана болмаса, мәтін − біреу. Антологияға кейінгі
түзетілген мәтін бойынша Қожабай Тоқсанбайұлы мен Болман Қожабайұлының
шығармаларына арналған «Бізге де сөйлер кез келер...» атты жинақтан (107-111-
бб.) алынды.
Иманжан мен Бибіғали қыз. Айтыс, Иманжан ақынның айтуынша, 1916 ж.
шамасында болған. Айтыс мәтінін ақынның өзі ӘӨИ қолжазба қорына 1964 ж.
тапсырған. Алғаш рет «Айтыс» жинағында 1965 ж. жарық көрген, осы басылымда
375
Айтыс II том
мәтін соңында 1910 деген мәліметтің тұруы қолжазбаны баспаға дайындау бары-
сында байқаусызда кеткен қате болуы керек. Осы жинақ басшылыққа алынды (2
-том, 433-442-бб.).
Кеншімбай мен Ақсұлу. Айтыс, шамамен, 1890 ж. болған. Айтыстың мәтінін
және екі ақынға қатысты мәліметтерді ел арасынан іздестіріп, жинаған ӘӨИ
ғылыми қызметкері Мардан Байділдаев. Антологияға «Айтыс» жинағы (1-том,
1965, 326 −340-бб.) бойынша берілді.
Сауытбек пен Сыбанбек. Айтыстың қай жылы болғанын анықтауда әркелкі
пікірлер айтылған. Дегенмен филология ғылымдарының докторы, профессор
М.Жолдасбековтің зерттеуінше, ағайындылар ақын болғандықтан, олардың ара-
сында айтыстар жиі болып тұрған. Ал бұл айтыс 1895–1897 ж. болған. Айтыстың
шығу тарихы: Сауытбек алты ағайынды: Зәуірбек, Күсебек, Сауытбек, Іңкәрбек,
Тәтелбек, Сыбанбек. Сауытбек бес жасқа келгенде әке-шешеден бірден айрылып,
жоқшылықтың кесірінен Жеріндік деген бай әйелге жалданады. Сауытбек бұған
қатты намыстанады да, кенже інісі Сыбанбек екеуінің арасында айтыс туған.
Қаттылау сөздер айтылғанымен, ағайындылардың бұл сөз сайысында бір-біріне ой
салу бар. Антологияға «Айтыс» жинағынан (1-том, 1988, 158-160-б.) алынды.
Сауытбек пен Майса. Айтыс 1890 ж. болған. Мәтінді 1974 ж. халық ақыны
Смайыл Қалипановтан жазып алған Әбді Шынбатыров. 1977 ж. «Мәдениет және
тұрмыс» журналына жарияланған. «Айтыс» жинағына (1-том, 1988, 158–160-бб.)
енген, ұсынылып отырған мәтін осы басылым бойынша берілді.
Әсет пен Ырысжан. Айтыс 1849 ж. мамыр айында болған. Қарқаралы – Қызылжар
жолының бойындағы Қоянды бекетінде, орыс саудагерлері мен қазақтардың съезі
ашылған. ...Атақты Қоянды жәрмеңкесінде болып, әсіресе, Хамитжапар байдың
ақыны Ырысжан қызбен айтысып, оны жеңуі Әсеттің есімін елге танытқан.
Бұл айтыс «Қазақ әдебиетінің нұсқалары» (1931), «Айтыс» (1942, 1964, 1965)
жинақтарында басылған. Антологияға соңғы басылым (1-том, 341–356-бб.) бойын-
ша ұсынылды.
Мәулімбай мен Мұғлипа. Айтыстың нақты қай жылы болғаны белгісіз.
Айтыстың шығу тарихы: бастапқыда қыз бен жігіт айтысы ретінде басталғанымен,
сол замандағы әлеуметтік мәселелер көтерілген. Айтыстың, ақыры, қыздың намы-
сын қорғамақ болған мырзалар Мәулімбайға ұмтылғанында, айттырылған жері ан-
дас болғандықтан, олар осы сәтті пайдаланып, Мұғлипаны алып қашқан. Ұсынылып
отырған мәтін «Ақтөбе - шұрық мекенім» атты жинақтан (151-159-б.) алынды.
Мәулімбай мен Балаты. Қыз бен жігіт айтысы. Антологияға «Ақтөбе-шұрық
мекенім» атты жинақтан (164-167-б.) алынды.
Кәрібай мен Әсет. Айтыс 1916 ж. болған. Айтыстың шығу тарихы: сол жылы
тамыз айында Қаракерей түселіндегі (Көктұма сиязы) кезінде болған. Айтыс 3 күнге
созылған. Сол кезде Жайсаңға қарасты Саты, Сайболат, Жұмық, Тәуке руларының
болысы, руы Ақнайман Кәкім көзіқарақты адам болғандықтан, екі ақынның айтқан
сөзін түгел жазып отыруға адамдар тағайындаған. Бірақ съезд біткен кезде жазған
адамдар тарап кетіп, бас-аяғы түгел жиналмай, ел арасында үлкенді-кішілі бірнеше
376
Қазақ өнерінің антологиясы
түрде, яғни толық емес күйінде тараған. Бейсенғали нұсқасы көлемдірек, оны
1943 ж. Кәрібай ақынның үлкен ұлы Құнапияның жатқа айтуынан жазып алған.
Әріпжан ақынның үшінші ұлы Сапиолла 1974 ж. жатқа айтып, қағазға түскен.
1996 ж. Шатабай Кенжебайұлының айтуынан жазылған тағы бір шағын мәтін бол-
ды. Алтай өңіріне тараған мәтінді Асқар Татанайұлы 1960 ж. халық ақыны Бол-
мас Төлемісұлынан жазып алып, оны «Мұра» журналында (1983, №3) жариялаған.
Және 1985 ж. Шыңжаң «Жастар» баспасынан шыққан «Қазақтың байырғы айтыста-
ры» атты кітапқа енген.
Бұған қарағанда, көлемі шағындау, бірақ екі ақынның өз руын асыра мақтап,
екінші жақтқа және қарсыластың жекебасына тиісу жағынан мазмұны ұқсас нұсқа
«Айтыс» жинағына (1-том, 1988, 163 – 165-бб.) енген, бірақ ол ұсынылып отырған
айтыс мәтінін қайталамайды. Антологияға ақынның «Арман да, арман, шын арман»
атты жинағынан (158-189-б.) алынды.
*Ескерту: Кітапта «Күнін кес, мына дауды тез бітір - деп» берілген. Әңгіме
құн кесу туралы болып отыр, бірақ кітапқа сүйеніп, осы жолды қалдырдық.
Мансұр мен Дәме. Айтыс 1910 ж. болған. Қазақстанда кеңестік дәуірде 3 рет
жарияланған. Сондай-ақ бір нұсқасы Қарақалпақстанда, 1995 ж. Ә.Пахратдинов,
Х.Өтемұратова авторлығымен «ХIХ ғасырдың соңы − ХХ ғасырдың басындағы
қарақалпақ әдебиеті тарихы» атты хрестоматияда жарық көрген. Тағы бір нұсқасы
Өзбекстан ҒА Қарақалпақстан бөлімі Ғылыми кітапханасының қолжазбалар
қорында сақтаулы. Ұсынылып отырған айтыс мәтіні « Айтыс» жинағынан (2-том,
1965, 303−325-бб.) алынды.
Әжек пен Шәріпжамал. Айтыс 1913 жылдың жазында Бақай елінде, қазіргі
Алматы облысының Шелек өңірінде өткен. Бақай тауының етегін жайлаған Қаңлы
Құнанбай деген кісінің Шәріпжамал атты қызының атағы елге жайылған. Сұлу
қыздың айтыстағы алғырлығын Әжек те естіп, бақ сынау үшін арнайы Қарқарадан
іздеп барған. Бұл кезде Шәріпжамалдың Жәмила дейтін рулас сіңлісінің ұзату
тойында екеуі болған, сонда жүздесіп, айтысқан. Айтыс әжуа, қалжың, мысқыл
сөздермен басталған, қыза-қыза әлеуметтік жағдайларға ойысқан.
Шәріпжамал мен Әжек айтысының куәгері болған Әдия әжей (ол кісі өткен
ғасырдың 60-жылдарында қайтыс болған) жарияланып жүрген мәтін өмірде болған
айтыстың үштен біріндей ғана көлемін қамтиды (Нұрпейісов К. Заманның бір
әуреге салғаны-ай. //Ана тілі газеті, 1992, 18-қазан) деп ескерткен.
Айтыс 1942 ж. бастап академиялық жинақтардың бәрінде жарық көрген, бірақ
кейінгі басылымдарды шығарушылар жеке сөздерді өзгертіп, басқа жолдар қосқаны
анықталды.
Антологияға «Айтыс» жинағынан (1942, 65 –74-б.) алынды.
Қазақбай мен Нұрпейіс. Бұл айтыс Нұрпейістің 22 жасында, яғни 1882 жыл-
дары өткен. ОҒК қолжазба қорында 120-бумада, айтыстың машинкаға басылған
екі нұсқасы сақталған. Айтысты 1941 ж. Нұрпейіс Байғаниннен хатшысы Ахмет
Ескендіров жазып алған. Алғашқы нұсқаның көлемі – 587 жол, екіншісінің көлемі
2000-ға жуық. Екі нұсқа да кейінгі буын адамдар тарапынан өңделген. Сондықтан
айтыстың алғашқы нұсқасы ұсынылды.
Н.Байғаниннің 1991 ж. шыққан жинағында айтыстың көп жері қысқарып қалған.
Толық нұсқасы Алматыдағы мұрағатта сақтаулы.
377
Айтыс II том
Антологияға «Нұрпейіс Байғанин. Естеліктер. Таңдамалы шығармалары» атты
жинақтан (296 – 306-б.) алынды.
Жаңылдық пен Құдайберген. Құдайберген Қайырлапұлының сөзі бойынша,
ол Жаңылдық Әйтімбетқызымен екі рет − 1916 жылы және 1918 жылдың жазында
айтысқан. Антологияға ұсынылып отырған айтыс біріншісі болуы керек. Айтыс фи-
лология ғылымдарының докторы, профессор М.Жолдасбековтың жеке мұрағатынан
алынды.
Бақтыбай мен Мәйке қыз. Айтыс 1870 ж. болған. Шығу тарихы: Мәйкенің
айттырып қойған жігіті бар екен. Бірақ айтыс үстінде Бақтыбай мен Мәйке бір-бірін
ұнатып қалып, екеуін қосу мақсатында ел ағасы Жәлменде ауылдан 50 тиыннан
салық жинап, Мәйкенің атастырған жерінен қалыңмалын қайтарып, қыздың басына
бостандық алып берген. Солайша екеуі қосылған.
Айтыс 1965 ж. жарияланған. Қолжазбасы ОҒК 19-бумада сақтаулы.
Антологияға «Айтыс» (2-том, 1988, 128-143-б.) жинағынан алынды.
Бақтыбай мен Бәйімбет. Айтысқа қатысты мәліметтер әзірше белгісіз.
Айтыстың нұсқасын ӘӨИ қолжазба қорына (360-бума) тапсырған Ақжолтаев.
Қадырбай мен Байтоқ. Қай жылы болғаны белгісіз. Айтысты Тоқыш Қиданбеков
тапқан, ӘӨИ қолжазба қорында сақтаулы (327-бума). «Айтыс» жинағында (1-том,
1988, 255-б.) жарияланған. Антологияға осы басылым бойынша берілді.
Қараішік пен Қубала. Айтыстың қай жылы болғаны белгісіз. Айтысты 1957
ж. Гурьев (Атырау) экспедициясы кезінде Төлеген Бадырақовтан жазып алып,
ӘӨИ қолжазба қорына (312-бума) тапсырған Б.Адамбаев пен Ә.Омаров. «Айтыс»
жинағында (1-том, 1988, 166-168-б.) жарияланған. Осы басылым басшылыққа
алынды.
Заман мен Ұмсын. Айтыстың қай жылы болғаны белгісіз, бірақ жазып алу-
шы – М.-Ж.Көпейұлы. Ол 1915 ж. желтоқсан айында Айдабол, Тайкелтір Байба-
тыр абыздың баласы Шалқарбай қажыдан жазып алған. Айтыстың шығу тарихына
байланысты мәлімет ретінде М.-Ж.Көпейұлы берген ескертпе: «Ұлы жүз Үйсіннен
шыққан ақын Ұмсын қыз бен Заман қожаның айтысқаны. Қыз айтыпты:
− Бұл қожамен айтысқанда, үш түрлі сауал сұраймын. Екеуіне жауап берер,
біреуіне келгенде, тоқталар. Егер оған тоқтаса, шын қожа болғаны, онда пірлікке
жарайды. Егер шешендікке салып, оған да жауап беремін деп далбасаласа, өтірік
қожа болғаны. «Әділ биде ата жоқ, тура биде туған жоқ; туғанына бұрған биде иман
жоқ!» – деген. Көп жиылған әлеуметтің ішінде қыз айтысады деген ойында жоқ
қожа өлең соқты».
Антологияға М.-Ж.Көпейұлының көп томдық шығармалар жинағынан (6-том,
250-257-бб.) алынды.
Шернияз бен қыз. ОҒК және ӘӨИ қолжазба қорларында сақтаулы. ӘӨИ қорына
(700-бума) тапсырған Сапарғали Бегалин. Ол Ештай Сәлімов деген кісіден жазып
алған. Антологияға «Айтыс» жинағы (2-том, 1988, 91-95-б.) бойынша берілді.
Сейдәлі мен Алтын. Айтыстың нақты қай жылы болғаны белгісіз. Айтыс
жинақтарында 1965 ж. бері жарияланып келеді. 1988 ж. басылымда алғашқыдағы
378
Қазақ өнерінің антологиясы
кейбір сөздер түзетілген, мәселен, «Мен бір жүрген шабылған», «Жоқ қыдырып
мен жоқшы», «Айтысып көр, қазағым» дегенді «Мен бір жүйрік шабылған»,
«Жол қыдырып мен жоқшы», «Айтысып көр, қарағым» деп түзеткені дұрыс деп
қабылданып, осы жолдар берілді. «Іздеп келген адам ғой» деп басталатын қарасөз
кейінгіде алынып қалған. Сондықтан антологияға толық мәтін ретінде 1965 ж. ба-
сылымнан (2-том, 138 – 144-б.) ұсынылды.
Сейдәлі, молда Бәйім, Ділдә. Айтыс 1838 ж. шамасында, Сейдәлінің Сыр бой-
ын мекен еткен кезінде болған. Айтыстың шығу тарихы: «Сейдәлінің жиырма екі
жасқа келген шамасы. Жаз, қымыз піскен мезгіл. Әлімнің жұрттан озған Қанатбай
деген байы болыпты. Елге ат шаптырып, ас беріп, той қылады. Сол елге Сейдәлі
жиен болғандықтан, тойға тіккен үш жүз үйдің ең қадірлісін таңдап, кіріп келсе,
сол елдің сардары, билері отыр екен. Көрісейін десе, ешкім оның сәлемін елемепті,
орын да бермепті. Сонда ол босағаға отыра кетіпті. Көп кешікпей, ет тартылып, екі
кісіге бір табақтан бергенде, жалғыз болып, еттен құр қалыпты. Қымыз келіп, бір-
бір кеседен ішіп және қайталап, қызып отырғанда, төрдегі Иманбайдың көзі сон-
да түсіп, танып: − Жиен, мерекеге қызмет көрсет, өлең айт, – дегеннен-ақ Сейдәлі
өлеңді қоя беріпті», – деп, баяндалады.
«Айтыс» жинағында 1965 ж. жарияланған, 1988 ж. басылымда біраз жолдар
қысқарған. Сондықтан антологияға алғашқы басылымнан (2-том, 1965, 145 – 163-
б.) алынды.
Ешнияз бен Кенекес. Айтыстың қай жылы болғаны нақты емес. Алғаш рет
«Айтыс» жинағына 1965 ж. (2-том, 210 –212-бб.) жарияланған. Қолжазбалық негізі
ОҒК қолжазба қорында 270-бумада сақтаулы. Оны жинаушы Әбубәкір Диваев.
Антологияға «Айтыс» жинағы (2-том, 1988, 157–158-бб.) бойынша берілді.
379
Айтыс II том
СӨЗДІК
Азбан – бұрын үйірге, күйекке, келеге түсіп, кейіннен кестірілген еркек мал;
айғыр.
Арсы (ғаршы) – мифтік сана бойынша, жеті қат көк үстіндегі тақ орны. Құдайға
лайықты құрметті орын мағынасында.
Асай-Мұсай – шығыс елдерінде дінге байланысты айтылатын Мұса
пайғамбардың қасиетті таяғы; асатяқ.
Аткелдейін – актілейін /акт/. Ескерту: Ноғайбай Сүлейменұлының айтысына
қатысты осы сөзді филология ғылымдарының докторы, проф. Тұрсын Жұртбай дау-
шарға қатысты куәға тартып жасалатын «ісқағаз», акті болуы керек деп түсіндірген.
Әзәзіл – шайтан, Ібіліс қатарындағы қаскөй рух.
Әйкел − әйелдер мойнына тағатын алқа.
Әулекі − даңғаза, есерсоқ.
Әуірі – көңілдің құмары, желігі.
Баз, паз /п/ – қаршыға тектес асыл едім деген мағынада.
Батбан – батпан.
Баһар /п/ − көктем маусымы.
Без билет, безбелет /о/ − безбилетный – билетсіз, бұл арада: жөнсіз жүрсің де-
ген мағынада.
Достарыңызбен бөлісу: |