300
Қазақ өнерінің антологиясы
Қасында кесенесі жоқ демесең,
директордың үйі де Ақшатау ғой.
Шынберген:
Бекең сөзі кетіпті майдаланып,
мен де қалдым біртүрлі ойға қалып.
сені басқа жігіт деп есептеуші ем,
нең бар ед Ақшатауға, шайға барып?
мені ешкім көрген жоқ деп айтады,
осы
жағын ағайын, ойланалық.
сен де отырсың қасымда Бекарыс-ау,
тапқан табысымды есептеп, тойға барып.
сол жерде арнау айтқан мен емес пе ем,
Келген құрметті қонақты жайлап алып.
Батасын алып келдім ағаш үйден,
Әбдіжәміл ағамды жайғап алып.
Біздің ел қалай енді арман емес,
Қонағын жайсыз күтіп алған емес.
Қандай қонақ еліме келген кезде,
ықыласына кімнің көңілі толған емес.
Шынында
жаңа шыққан сегіз ақын,
олардың ешқайсысы да барған емес.
Бір-бірін өлеңменен баптап жатыр,
дәстүрін қазағымның сақтап жатыр.
Біреуі батырымыз, би болды деп,
өз әлінше соларды жақтап жатыр.
тағы бірі шығып ап ортамызға,
Ақшатауға бармай-ақ мақтап жатыр.
ой түйесің, ағайын, одан қалай,
Жүргенді жақсы көрем оңайламай.
Көргенді
айту керек ақын деген,
Халықты өйтіп, бүйтіп көп алдамай.
Айтпасқа болмас бұл күні,
түспесін енді жыр құны.
Ақшатаудың ыстық-ау,
Жантағы менен жыңғылы.
301
Айтыс VI том
Атамыздан тараған,
Жаманақұлы Шыңғыстан
Жақайым деген бабамыз
Көрсеткен көпке үлгіні.
сол атамнан тараған,
Ағыс, Көгіс, Ақбура,
тоқбура деген төрт ұлдың
Кесілген дейді кіндігі.
сырлыбай
ханды кім білмес,
Қай ханнан кем дер кім мұны?
Байымбетқұл мен Жылқыайдар,
Жылқаман менен толыбай,
Жауына сұққан сүңгіні.
тайжан, Құрым, Байсалбай,
Билердің болған білгірі.
үш жүз түгел таниды,
Жетес бидей тілдіні.
мың баланы ерткен кешегі
сартай биден қалған ғой,
Аңырақайдың да қырғыны.
Болған
жағдай бұл дағы,
Аңыз деп жүр-ау бұл күні.
рамберді мен Қосыбай,
Кім білмес мұндай пірліні.
Аллаға болған құлдығы.
нұрмағамбет, нұртуған,
Жаңаберген, еспембет,
елімнің болған дүлдүлі.
Айтпақшы Қыз Жібек апамның
осы жерден естілген
Шолпысының да сыңғыры.
Әбдіжәміл атаммен танылған,
тарлан теңіздің тірлігі.
Құлақта қалған әуенмен,
Кешегі
Бекұзақ ақынның
домбырасының күмбірі.
оңталап ақын шығарған,
талай елге құндыны.
Бүгін де жүр жыраулар,
Берік ағам Жүсіпов,