Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет137/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   162
Еркебұлан:
Айеке, торғай жақтан сен келіпсің,
Атамыз үлкен ед деп желденіпсің. 
Қазақты бөліп-жарды деп ойлама,
мына жастар шежірені жөндеп ұқсын.
Бағанадан қарасам сөзіңізге,
Бұл елді мен емес-ау, сен бөліпсің.
«Керейге күйеусің» деп ел бөліпсің,


372
Қазақ өнерінің антологиясы
«Шымкетский подход» деп жер бөліпсің.
енді келіп жалаңды маған жауып,
өлеңіңе өзгеше өң беріпсің.
Бұл да болса арқасы-ау қарындастың,
тәп-тәуір термин жаттап, өзгеріпсің.
сынықтан басқа бәрі жұғад деген, 
«Подходты» менен жақсы меңгеріпсің!
есілдің арғы жағы, бергі жағы
Айтысқа елеңдеп тұр ел құлағы.
Айеке, күңіренбей сәл сабыр ет,
еліңнің естілмесін енді зары.
Бір ауыз жақсы сөзің қайырлы боп,
Бір ауыз жаман сөзің ел бұзады.
Бірақ бұл айтыстағы стилің ғой,
сізге ақыл айтпаймын ендігәрі.
Айекенің айтысы – үнді кино,
Көргендер көздің жасын көл қылады.
Бас жағы комедия боп басталад та,
трагедия боп бітеді соңғы жағы.
Басылса ашуыңыз қайнап тұрған,
Бауырыңды бір тыңда сайрап тұрған.
Жәнібектің айттың-ау ерліктерін,
тілі жоқ хайуандарға қайрат қылған.
Жауға қылған ерлігін мен айтайын,
өзім де осылай деп ойлап тұрғам.
Жәнібектің болыпты ақ жалауы,
Көтерсе жоңғар-қалмақ жайрап тынған.
сол ақ туды аманат қылатындай,
тәңірім ізбасарын сайлы-ақ қылған.
ұлт азаттық майданда оспан батыр,
сол жалауды жұртына байрақ қылған.
Қос дәуірді қосқандай сол ақ жалау,
талайлардың үстінде ойнақ қылған.
Бабалар ерлігіне қайран қалдым,
ел үшін өлімге бас байлап тынған.
Бір жарым құлаш қана шүберекпен
«Бір жарым миллиардқа» айбат қылған!


373
Айтыс VI том
Атағы асып шығып кіл майданнан,
еділ, Жайық, іле, ертіс, сырды айналған.
Қазақ деген тәңірдің тарысы ғой,
дәнін егіп, егінін жимай қалған.
тарихқа қарап тұрсам жер көп екен,
Біздің ұлттың ізімен шимайланған.
ташкент те қазақтың өз жері еді, 
төле би төрге шығып биге айналған.
орынбор мен омбы да қазақтікі,
Арыстар білім алар үйге айналған.
Байөлке мен Қобда да қазақтікі,
мал бағып, топырағы қиға айналған.
Алтай менен Шынжаң да қазақтікі,
Қандастар көшер кезде қимай қалған.
осыны қарап тұрып ойға қалдым,
мекеніміз көп екен мидай болған.
Әлемде қазақ дейтін жалғыз ұлт бар,
Жаратқан жерді аямай сыйлай қалған.
Жерінің молшылығы соншалықты,
ішіне шекараның сыймай қалған!
Айеке, болмасақ та зарлағандай, 
сөз қылмасақ болмайды тар заманды-ай.
Біреу жүр көптігінен мал баға алмай,
Біреу жүр жоқтығынан жан баға алмай.
Бұл күндері көбейді жалған ақпар,
Жұмысына Алдарды жалдағандай.
100 қойдан 150 дей қозы алдырған,
Кешегі социалистік сор қоғамдай.
Пәлен жерге ауыз су бердік дейді,
Барып көрсең бір тамшы тамбағандай.
түген жерге табиғи газ бердік деп,
Айтқанменен қалады ол да жанбай.
Біздің елде алаяқ фирмалар көп,
Аңқау елге арамза молдалардай.
Адам емес, ақша үшін еңбек етіп,
тендердің теңгесіне малданардай.
Пәлен кәсіп жандандырып жатырмыз деп,
тексеріп бара қалса зар қағардай.


374
Қазақ өнерінің антологиясы
Жоғарыдан тексерсе әкім қара,
Көзін байлап, көңілін арбағандай.
үлкен қоян өсіріп жатырмыз деп,
Көк есекті көрсетіп алдағандай!
Бұндай жайлар болса да маңайымда,
тойда енді зар-мұңыңа қанайын ба?!
Айеке, сен тоқтасаң мен тоқтайын,
Ағамның қабағына қарайын да.
Қиянатқа қимайтын жігіт едің,
селдіреп қапты біраз самайың да.
Қасқа басын қасқитып күйеу демей,
Құрысын, шәкірт болып қалайын да.
Бұл айтыс тұңғыш рет өтіп отыр,
«Бейбітшілік, келісім сарайында».
Абайдың затына сай болғаннан соң,
сарайдың атына сай болайын да.
Ал аға, бауырыңды бауырыңа бас,
мен де сенің арқаңнан қағайын да.
елдегі татулықты көрсетейік,
Алыстан келіп жатқан ағайынға!
 2014 жыл.


375
Айтыс VI том


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет