Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет146/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   162
Шынберген Сүлейменов – 1975 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы, 
Қызылжар ауылында туған. Айтысқа 17 жасынан бастап қатысқан.
Қызылорда қаласында зейнолла Шүкіров атындағы жүлде үшін өткен ай-
тыста (1994), Байқоңырда өткен ақындар айтысында (2002), Шығанақ Берсиевтің 
құрметіне өткізілген айтыста (2006) бас жүлдені иемденген.
Қазіргі таңда қазақ сахнасында шырқалып жүрген көптеген әндердің авторы.
Жарқынбек Наушабеков – 1976 жылы оңтүстік Қазақстан облысы, сарыағаш 
ауданы, Ақтөбе ауылында туған. ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педогогикалық 
институтын бітірген (1997). 1992 жылы облыстық жас ақындар айтысының бас 
жүлдесін жеңіп алған. 2008 жылдың қорытындысы бойынша «оңтүстік Қазақстан 
облысының ең үздік айтыскер ақыны» атағын иеленген.
Қазіргі таңда сарыағаш аудандық тілдерді оқыту және дамыту орталығының 
директоры болып қызмет істейді.


382
Қазақ өнерінің антологиясы
«Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен наградталған.
Мейірбек Сұлтанхан – 1993 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында 
дүниеге келген. 
«Ақ сөйле» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «оттан да ыстық – отаным» 
атты облыстық ақындар айтысының, Кеңес одағының Батыры т.Көмекбаевтың 110 
жылдық мерейтойына арналған «сыр қыраны» атты облыстық ақындар айтысының 
бас жүлдегері.
Ақмола облысы, Ақкөл ауданының 80 жылдық мерейтойына байланысты өткен 
республикалық айтыста, талдықорған қаласында өткен «Жыр алыбы – Жамбыл» атты 
республикалық жас ақындар айтысында (2009), Астана күніне орай өткен дәстүрлі 
республикалық ақындар айтысында үздік өнер көрсетіп, жеңімпаз болған. 
Қазіргі таңда л.н. гумилев атындағы еұу студенті.
Серікзат Дүйсенғазин – 1974 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, 
тарбағатай ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Құу-нің филология факультетін 
бітірген (1999).осы университет жанындағы студенттер клубы директорының 
орынбасары, директоры (1999-2001), ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы 
директорының орынбасары (2001-2002) болып еңбек еткен. 2002 жылдан л.н. гу-
милев атындағы еұу қазақ әдебиеті кафедрасында ұстаздық жолда. Филология 
факультеті деканының орынбасары (2006-2011) қызметін атқарды. университет жа-
нынан құрылған «топжарған» жас айтыскерлер мектебінің жетекшісі. 
1990 жылдан бері айтысқа қатысып келеді. төлеу Көбдіковтің 130 жылдығына 
(2004), «Қорғалжын – құтты мекенім» тақырыбына (2006), Жамбыл Жабаевтың 165 
жылдығына арналған (2011) республикалық айтыстардың бас жүлдегері. Қытай, 
Қырғызстан, Армения, Әзірбайжан елдерінде қазақтың айтыс өнерін насихаттап, 
өнер көрсеткен. 
Жазба поэзияның өкілі ретінде де республикаға танылған ақын. өлеңдері «Жа-
лын», «Парасат» журналдарында, «Қазақ әдебиеті», «Жас қазақ» газеттерінде жа-
рияланып тұрады.
«Халық поэзиясы және ғабдіман игенсартов мұрасы» (2007) ғылыми 
монографиясының, «Шетел әдебиетінің тарихы» атты оқулықтың авторы. «наурыз 
айтысы» (2003), «Қазіргі айтыс» үш томдық жинағы (2004), «Астана көшелерінің 
атаулары» (2006), «Бізге де сөйлер кез келер» (2009) жинақтарының құрастырушысы.
л.н. гумилев атындағы еұу қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, филология 
ғылымдарының кандидаты (2006).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет