Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет4/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162
Мұхамеджан:
Айбегiм, аш бөрiдей жалақтайсың,
Қоғамның кемшiлiгiн дөп айтқайсың.
Қажы болған неңдi алған деп ағаңа,
Жан-жақтан демеу iздеп алақтайсың.


14
Қазақ өнерінің антологиясы
Жауға қосылып ел-жұртты сынағанша,
мысық мұрт миссионердi неге айтпайсың.
Айтыста бiрге жүрер сапың бар ма,
Жұмсайық бiлiмменен ақылды алға.
Қажының жүрегiне кiрмей тұрып,
Қалай ғана айтасың датыңды алға.
сәждеге Айбек маңдайың тимей тұрып,
мұсылманды сынауға хақың бар ма?
Ақынсың ел-жұртыңның сырын бiлер,
Әр сөзiне халықты жүгiндiрер.
Абайлар өз қазағын сынағанда,
исламның жолымен өзi жүрер.
содан соң ел-жұртына дат айтады,
Жапқандай-ақ көздi – сор, тiлiңдi – тер.
мектептен қалып қалған, үйден қашқан,
Балалар молда болар бүгiнгiлер.
Қазақтың молдалығы қайдан оңар,
Қашып жүрсе дәл сендей бiлiмдiлер.
Арнайы аттандырған мыстан елдер,
Көбейдi мысық тiлеу миссионерлер.
Ата дiнiн айырбастап кетiп жатыр,
тағдырдың тауқыметi қысқан ерлер.
Жетпiс жыл орыс сенi тiлге бөлдi,
тәуелсiз бола қап ең дiнге бөлдi.
дiңгегiңнiң түбiн кеп қазып жатыр,
Шайқалмай қалса жақсы iргең ендi.
уранмен қатар шыққан у секiлдi,
мың бәле азаттықпен бiрге келдi.
Хан Кенедей қазағым ерлер қайда,
осынау тоқтататын дүрбелеңдi.
Бiлсе де миссионерден сорлайтынын,
өкiмет жоқ өз елiн қорғайтұғын.
демократия дегенiн iстей берсе,
Бiлемiз тiршiлiктiң оңбайтынын.
Жүз сенiмде әр қайсысы жүрсе егер,
Айта алмаймыз бiр бағытты қолдайтынын.


15
Айтыс VI том
Әуелi бiзге мықты заңың керек,
Бапты көрiп тұрғам жоқ ондай бүгiн.
дүниедегi соғыстар дәлелдеуде,
дiнге салғырт қарауға болмайтынын.
дүние дiн болмаса қап-қара түн,
Жүрекке жылу бермес жаққан отың.
Атам қазақ әуелден мұсылман боп,
дiн ислам жолынан хақ табатын.
тақия төбелерде бұл күндерi,
тақуа бабалар көп мақтанатын.
дiн ислам болсын бiзге неге бөтен,
тектi елiмнiң тарихы терең екен.
Кешегi Күлтегiн мен тоныкөктер,
Жаратқанға сиынып келген екен.
өлу үшiн туғанбыз бәрiмiз деп,
тағдырды тәңір жасар деген екен.
«Ата даңқын көтерген тәңiрiм» деп.
Болыпты сенiмiне өте бекем,
ұрпақтары ұсақталып кетер ме екен.
Алшақтап ақиқаттың ақ жолымен,
Жасқаншақ боп кеткенi неден екен.
Ал, Айбек тудыр ендi бабаңды оңнан,
тарихқа көз салайық сағымданған.
Қараханид әулетiнде хақ ислам – 
мемлекеттiк дiн болып қабылданған.
сол иманды кезеңде кең даламыз,
Күркiреп тұрды емес пе дарындардан.
Фараби, Баласағұн, үгінеки
Құраннан қуат алып тамырланған.
ибн сина, Хорезми, Бухарилер
Шариғаттан нәр алып шамың жанған.
ғылыми негiздерiн дiннен тауып,
мәңгiлiк айтатұғын арың болған.
Бейбарыс бекер намаз оқымапты,
Көне мысыр елiнде әмiр болған.
самарқанды салдырған Жалаңтөс те,
намаз үстi қаза боп дамылдаған.


16
Қазақ өнерінің антологиясы
солардың барлығы да шариғатпен,
тауып берiп тұрушы едi арыңды алдан.
солардың ұрпағымыз, мақтанамыз,
Парызың жоқ әйтеуiр орындалған.
Аталарға тартып туған ұрпақ болып,
тiлегiң болса екен қабыл болған.
Айбек:
мұсылмандық бiз үшiн ту болды ғой,
дуалы сөздi естiп ел ду болды ғой.
Қажыны айтсам мен сенi айтқаным жоқ,
сол сөзiм әжептәуiр шу болды ғой.
сезiктi секiредi деген қазақ,
етегiң жаңбыр жаумай су болды ғой.
Бақ құмар, бедел құмар, билiк құмар,
Көбейдi бассыз дене, иықтылар.
рухты руменен шатастырған,
Бос мойын, көбiк кеуде, сияқтылар.
Ақшасы аз, банкiсi көп елге айналдық,
Пайдасы қандай мұның тиiп тұрар.
Компартия келмеске кеткенменен,
Көп партия көңiлдi күйiк қылар.
«Бас басына би болған өңкей қиқым»,
Жарытпас елдiң басын жиып бұлар.
заманның тегершiгi шыр айнала,
сұрқия саясатқа сынай қара.
Билiгiн басы бүтiн ұстатты ғой,
Қолдағы ие болмай мұнайға да.
Қазақтарды жұмысқа алмайды екен,
танытқаны жанашыр шырай ғана.
Бәрiн бiлгiш бiлiмпаз үкiметте,
Көзiн жұмып қарайды бұл айлаға.
Бiр кезде ең бақытты халық едiк,
Билiгiн жүргiзе алған құдай ғана.
маңдайым тасқа тиген мәңгi қотыр,
санаңда сайқал заман салды топыр.
Қазақ тiлiнiң қамын орысша ойлап,
мәңгүрттеу шенеунiктер жарлық оқыр.


17
Айтыс VI том
Iлгерi кеткен көштi керi сүйреп,
Қоғамның қол аяғын шандып отыр.
елiмiз үмiт күткен үкiметте,
Қарақан басын ғана қам қып отыр.
Жетпiс жыл шарап iшкен бiздiң қоғам,
Басын әлi жаза алмай мәңгiп отыр.
Қазақтың қамын ойлар қасқаларым,
спальный парламентте қалғып отыр.
тас маңдай, тайқы маңдай, қайран маңдай,
тайлақша күнiң бар ма тайраңдардай.
Күйкi тiрлiк қойды ғой күбеңдетiп,
Қазыққа мұрындықтап қойған нардай.
Қарызға белшемiзден батып тұрмыз,
Кiмдер бар бұл қаржыны қайтарғандай.
Кiр ақшаға кешiрiм жасап жатыр,
өзiмiздiң нар қасқа байларды алдай.
Бiз түгiл үрiп iшкен үкiмет те,
сыпайы қайыршыға айналғандай.
осыны айтпайсың ба мұхамеджан,
уағыз айта бермей пайғамбардай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет