Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет9/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   162
Мұхамеджан:
Жаратқан естімейме жасырғанды,
Әр сөзің құныменен асылданды.
ұялмай ақын болып жүрміз дейсің,
Ауызға алып кешегі асылдарды.
ұялмастан біздер ақын болып жүрміз,
Жоқтатпастан сол кешегі Қасымдарды.
Келбеті күз секілді күрең елім,
өзіңсің қай кезде де тіренерім.
Хатқа ғана қалдырған халық едік,
Хақтағала дарытқан сый-өнерін,
Азаттық алғаннан соң енді міне,
Келеміз ұлттық рух боп түрегеліп.
Адам көпке, мал шөпке тоқтайды екен.
тағы келіп сөзімді жүйеледім.
Қасиетті қарттарым бармысыңдар,
түймедей сөзі жыққан түйе белін.
өздерің жаратушы Алладан соң,
Қолтықтан демеп жүрген ием едің.
Жез құманның мойнындай жерге иілген,
Жыр құмар жұртқа басты ие келдім.
Көрегендей боп отқан көрерменге, 
Керегемдей мен бүгін сүйенемін.


28
Қазақ өнерінің антологиясы
Айбекте де інілік жалын бардай,
Ағасына ілтипатпен бағынғандай.
Қасиетті халқынан негіз алған,
інімнің жүрегіндегі сабыр қандай.
ертең тұлпар боп шығар елестетері,
осы отырған қалпынан танылғандай. 
ел алдында ентелеп қайта шықтық,
Бірге бүгін жарасқан бауырлардай.
енді екеуміз түлейік ел алдында,
тоқтап-тоқтап соғатын дауылдардай.
дәрежең өссін інім, шынардай боп,
Жүрсең де жұрт көзіне сыналмай көп.
Қорықпа Біржан құсап қуылам деп,
Бұл жерде қырын қарар Құнанбай жоқ.
Әрбір сөзің айтылсын жұрт алдында,
Жүректі жарып шыққан ұрандай боп.
самғашы Алматының аспанында,
Жұмыртқа жарып шыққан қырандай боп.
өзіңе кезегіңді ұсынайын,
Құландай теп, өлеңді құмандай төк.
үйіріліп бұл ағаң отырғанда,
Жиырылып қалма тек жыландай боп.
Айбек:
Айтыста сенсің дара шапқан дарын,
Басыңда тұрған шақта батпан бағың.
мемлекеттік сыйлықты алғанан соң,
«дарынмен» орындалды тәтті арманың.
Жас Жамбылдың бейнесін сомдаған соң,
Белгілі актер деген атты алғаның.
Бұл күнде қараөлеңнің көкжалысың,
ешкімнің табанында тапталмадың.
Журналист болып жүрсің жұрт алдында,
Бұл дағы ұлы көшпен аттанғаның.
Алайда, мақтағанға аса бермей,
Жөн болар сауысқанша сақ болғаның.
Айбекті сыпайы деп отырғанда,
Шайнауда қап қалмасын бас бармағың.
«Көп асқанға – бір тосқан» деген қазақ
ұмытпа қасқырға да қақпан барын.


29
Айтыс VI том
Біз едік айтыстағы арда құнан,
тілекші жұрт қолдаған жан-жағынан.
Кезінде төрде отырған төре, билер,
Ақынды ада қылған бар бағынан.
Қасымға пәтер бермей қаңғытыпты,
Бірақ, ол түңілмеген шаңырағынан.
Ал бүгін заман түзу, халық тыныш,
Шұғыла арай күткен таңдарынан.
Бүгінгі Қасымдарда арман бар ма,
тұрғанда мырзекеңдей саңлақ ұран.
Атымтай жомарт сынды сахилықпен,
мәрттіктің мәнін ұқтым талғамынан.
Астанада өнер мен мәдениет
мырзекеңнің бал емді бармағынан.
Біздің де басымызға пана берді,
сөзімнің сырын ұғып салмағынан.
Алайда, бұл бақытқа қуанғанмен,
ұялып жүрмін Қасым әруағынан.
тағдырдың татты кімдер тұнық дәмін,
Білеміз аш қасқырдай ұлытқанын.
Қанша жерден тақуа болсаң-дағы,
Қазақтың сақтағайсың ғұрыптарын.
Жасың үлкен болса да, жолың кіші,
мұқажан сөйлесеңші біліп бәрін.
інім деп бұл Айбекті үндеу салмай,
Қайнағаң екенімді ұмытпағын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет