18
Қазақ өнерінің антологиясы
Бас жаза алмай отырған үкiметiм,
Қалай өтер бiз қойған сұрақтардан.
Басталып бала сату бизнесi,
Қулар жүр оны қолдап қуаттаған.
ел емес пе ек жесiрiн қаңғыртпаған,
ешқашанда жетiмiн жылатпаған.
мейiрiмi
төгiлген бiздiң елге,
мейірiмсiздiк қалайша тұрақтаған.
дүниенiң бәрiн сатып болған жандар,
Бұл күнде мейiрiмнен жырақтаған.
ұлағатын сақтаған ұлт емес пе ек,
ұл түгiл құл сатуды ұнатпаған.
сақтайды балапанын сауысқан да,
тастамас жұмыртқасын тауыстар да.
Алшақтап кiсiлiктен кетпейiкшi,
Аңсап кеп азаттықпен қауышқанда.
дүниенiң
бәрiн сатып тауысқандар,
ендi адам сатуға ауысқан ба?
Бұл заман көп нәрсенi ойлатқызбай,
Келедi баланы да ойнатқызбай.
Жетiмдердiң тағдырын ойлайықшы,
Құр бекер желiккенге той баққызбай.
Бұл шындыққа үкiмет аузын ашпас,
сойдақ тiсiн жасырған бойдақ қыздай.
Жалпы
жұрт жанашырын таба алмайды,
Бұл жайлы ақындардың хабарлайды.
Қойын құрттап, айранын ұрттауменен,
Әрекет қып әйтеуiр амалдайды.
уәзiрлер уәдесiне сенiп қалған,
Жыл сайын жұмыскерлер арандайды.
егiн орақ алдында Шнос-тың да,
Көтеретiн әдетi жанармайды.
Шенеунiктер шiренген бүгiндегi,
Шерменде
ғып өз халқын неге алдайды,
өкiмет өтiрiктi қоймаса егер,
ешқашан ел жағдайы оңалмайды.
19
Айтыс VI том
Жүрсе де жақсылықтың жолын бұзбай,
Болып тұр көпшiлiкте көңiл мұздай.
Ауылдағы ел абдырап айтып жатыр,
Жоғарыны қайтем деп жоным қызбай.
сөйтiп ел өкiметке сенбей жатыр.
Жiгiтiнен алданған момын қыздай.
Айбек:
Шамырқанып сөйлейiн шырайлана,
мұқажан, мен көнбеспiн бұл айлаңа.
дұрыс
айтқан сөзiмдi терiс бұрып,
мұқажан тұнығымды лайлама.
Құдайға билiк еттiк деген жоқпын,
Балаймын тағы да мен мұны айлаңа.
Халыққа көз алдымда жалған айтып,
Күпiр болдың, маған да, құдайға да.
естiмесең
қайтадан қайталайын,
Ал, ендi көңiлiңмен құлай қара.
Бiр кезде бiз бақытты халық едiк,
Билiгiн жүргiзе алған құдай ғана.
Жан бар ма замананың жайын аңдар,
мұнымды бәдiктiкке сайымаңдар.
Боз биенiң сүтiне шомылушы ед,
Шампанға шомылып жүр байығандар.
Қыздардың
махаббатын саудаға сап,
Қойнында қалталының тайраңдар.
өмiрге нар ұрпақты әкелмейдi,
резеңке күйепенен қайығандар.
Ал, мұқа сөзден әлi танбайсың ба,
Айбектi ары қарай жалғайсың ба.
Жетiмдер деп жанымыз шырқырайды,
Бұл өмiрдiң көшiнен қалмайсың ба?
Айтыс
сайын бәйге алған жiгiт едiң,
Асырап бiр-екеуiн алмайсың ба?
Достарыңызбен бөлісу: