Дәулеткерей:
Айналайын, ағайын,
Бақытың сенің ашылғай.
дәулеткерей сөйлесін,
мына тапалға бас ұрмай.
енді ағайын болмайды,
Шабытымды шақырмай.
Кеміте сөйлеп келгенмен,
тебіте сөйлеп келгенмен,
Жалыныңды көрмедім,
Көктен түскен жасындай.
түйілесің әр кезек,
Көжек көрген лашындай.
ораз ақын, байқағын,
тау суындай тасынбай.
Қыңыратқып барасың,
Жылқыға жиен – қашырдай!
«Күн батысқа көз салмай,
Күн шығысты еске алмай,
Бізді алатын жау жоқ деп,
Бізден мықты дәу жоқ деп,
Алды-артыңды аңдамай,
маған не бар дескенсің,
Болашақты болжамай,
97
Айтыс VI том
Жол сауданы олжалай,
Ақ бөкендей алданып,
Жылқыдай делбе сандалып,
отарына кәпірдің
Аңдамай келіп түскенсің».
Ағайын жыры осылай –
Әулие жырау дулаттың.
Бұл жырдан сырды таратып,
Келеді былай тіл қаттым:
ежелден елге ақиқат –
Кәпірге қоныс болғаны,
сарыарқа далам, сымбаттым.
Жарлығы жүрмей жалғанға,
Кенекем кетті арманда.
есіл де есіл құндақтың.
Қадірі қашып қоныстың,
отары боп орыстың,
Құлдықта халқым зар қақтың.
Бұғауға түскен құлындай,
Шыбын да жаным шырылдай,
Қай жаққа бетті бұрмақпын?!
Асылдарымды атқызып,
Абақтыға жапқызып,
ұлардай жұртты шулаттың.
Босқанда халық шетелге,
Аузыңнан дәмі кетер ме,
Аштықта жеген тулақтың.
рухын түгел түгесіп,
Атасын білмей ұл өсіп,
Баяғы бақты бұлдаппын.
Қызымның қашып қылығы,
Бетіне шығып былығы,
Баба рухын былғаппын.
сексен алтыда серпіліп,
рухтанып желпініп,
тартысқа шығып жең түріп,
тамырда қанды тулаттың.
Арқаға салып Астана,
Айбарым тасып басқаға,
Әнұранымды тыңдаттым.
98
Қазақ өнерінің антологиясы
Баянды бағым басымда,
ораздай досым қасымда,
Айтысып былай жырғаппын.
Қараөткелдің бойында,
дулат жыраудың тойында,
Аллаға айтып тәубәмді,
Көзімнің жасын құрғаттым!
өсиет айтып балдарға,
Атағы жеткен заңғарға,
заманның зарын мұндаған,
Алтын бастарын бұлдаған.
үмітін артып таңдарға,
дулат пен мұрат, Шортанбай,
Шабысы бөлек шалдар да.
түркінің пірі – Көкбөрі,
Жылқының пірі – Қамбар да.
Азаттығыңа бас ұрып,
Айтарын айтқан ашынып.
Айтпаған сыры қалған ба?
солардың сөзі ақиқат.
Ал, тыңдағын оразым:
«еділді келіп алғанда,
етекке қолын салғанда,
Жайықты келіп алғанда,
Жағаңа қолын салғанда,
ойылды келіп алғанда,
ойындағысы болғанда,
есілді келіп алғанда,
сарыарқа – жұмақ сары алтын,
төсіңді келіп алғанда;
Ақиқатыңды айтқызбай,
Аузыңа құлып салғанда;
Құдағайыңның қасына,
сасығын әкеп салғанда;
ұлы Абайыңның қасына,
Атомын әкеп жарғанда;
тәңірге жылап зарлауға,
Күрмеліп тілің қалғанда;
Азаттық бер деп қазаққа,
Жалбарынбап па ең Жаппарға?!
99
Айтыс VI том
тағдырдың тартқан азабын,
тәубеңе келгін, қазағым,
осы бір сөзім жалған ба?!
Ал, ораз, енді дайындал,
сөзімді менің жалғауға.
Астана жұрттың алдында,
Қырандай биік самғауға.
Халықтың бағын жыр етіп,
ынтымағын ту етіп,
Абылай жолын жалғауға,
Қазаққа бірлік қамдауға.
Айналайын, ағайын,
осылай міне сөйледім,
Жалғанды тәтті демеңдер –
Боқ болмайтын бал бар ма?!»
осылай дәулет айтады,
ораз секілді балдарға.
Достарыңызбен бөлісу: |