88
Қазақ өнерінің антологиясы
сол бабамның тойында топқа түсіп,
Қылыштай қызыл тілді жанып алдық.
Айтысқа аман-есен жеттің бе, ораз,
мінгендей тұлпарыңа тағы қарғып?
тойларың құтты болсын,
арда қазақ,
Құрсағына құдайдан дарыған құт!
Жасымнан уыз өлең ұртқа жаққам,
сыбаға дәметпеймін сырт табақтан.
Қош келдің, ораз досым, алқамызға,
Пейілінің пердесін тұтқан ақтан.
Бабамызды
танысын байтақ қазақ,
Қобыландының атындай Құртқа баққан.
ежелгі ақындардай екпіндейік,
екпіні Алатауға бұлт қамалтқан.
Астана – бар қазақтың бақ ордасы,
Көктегі ай күмбезіне сүт жалатқан.
Ақуыз
өлеңге елді жарытайық,
Қойдың егіз табары – құт қонақтан.
Бұл айтыс халықтың бай қазынасы,
Жас ұрпақтың жанына рух таратқан.
Халықтың сүйіп тыңдар оразы едің,
Қазақтай қабырғалы ұлтқа мақтан.
Аталы
сөздер айтсаң, Аллам ырза,
Атамның қазығындай жұртқа қаққан.
Жұртыма жеткізейін сондай хабар,
тозған елдің тауығын торғай талар.
озған
елдің ұлдары біз болайық,
Жүректен шыққан сөзді елге айта бар.
тұсауын тұлпар аттың шешіп тастап,
Құшағын жігіт едің кеңге айқарар.
соңғы жұптың сапына шығып қалсақ,
Жүрісі жорғамыздың тең байқалар.
Кел, енді, ал,
тәуекелмен тартысалық,
деген бар желдің бетін жел қайтарар!
Достарыңызбен бөлісу: