Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет48/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   162
Дәулеткерей:
Қолында қос батырдың садақ ойнар,
Хас шебердің қолында қалам ойнар.
ер исатай батыр мен дүр махамбет – 
Бұтағына бұлт қонған қарағайлар.
мэлс аға, айтпағым мынау еді,
Адамға көрсетпесін заман айбар.
елдігінен айналдым қазағымның,
Ақын емес едің ғой жаман ойлар.
махамбеттің бұл тойын жасап жатқан,
отан партиясында нар ағай бар.


116
Қазақ өнерінің антологиясы
Амангелдіге Құдай қуат берсін,
Жинаған жауқазыннан арадай бал.
«ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін»
дегенді айтқан данышпан, дана Абай бар.
Жұтқаны білінбейтін жұлын құрттай,
Көбейіп кетпесе екен Қарабайлар.
Жасырмай айтар болсам бар шыныңды-ай,
ысиды тамырымда қан суымай.
Экология өртінің өршіп кетіп,
Каспийдің бар аймағын шарпуын-ай.
Балтырдың сыздағаны ештеңе емес,
Қадалған қақ жүректен шаншуын-ай.
Көр қазғандай көл түбін үңгіп жатқан,
Келімсектер кеніңді аршуын-ай.
тіршіліктің тамырын қияды екен,
теңізге тамып кеткен тамшы мұнай.
Базарын мұнайыңның басқа көріп,
Азабын тартып жатқан Алшыным-ай.
Алматыға мэлс келді деп,
сарайда талай сайраған.
сырлы да сұлу сөздерін,
сіздерге арнап сайлаған.
сол мэлсті тыңдауға,
Қарттарым, аман келдің бе?
мұрттарын жырмен майлаған.
Әжелерім армысың,
Ақ жаулығын байлаған.
Ағаларым да, бармысың,
Халықтың қамын ойлаған.
Жеңгелерім де, келдің бе,
Құшағында ағаның,
Ақ сазандай ойнаған.
Құрбыларым да бар ма екен,
Қиылып та қасы жайнаған.
мэлс ағам – арғымақ,
табаны тастан таймаған,
Ақ жайықты жайлаған.
Айтысам деп мэлспен,
мен де келдім, ағайын,


117
Айтыс VI том
Қараөткел деген шаһардан,
Хан базары қайнаған.
Бәрін айт та, бірін айт,
рамазанның айында,
махамбеттің тойында,
Бір ғанибет емес пе,
сіздермен бірге тойлаған!
Жаратқан ием жебегін,
Пендеңе тисін көмегің.
сүгірдейін жыраудың,
сарқыты, мэлс, сен едің.
Шекерге толған шелегің,
Асықпағын, тұра тұр,
Кезегіңді беремін.
Айдын шалқар көл едің,
Арнаның соққан кемерін.
махамбеттей бабаңнан,
Қалған да сырлы жебе едің.
Ай, мен, мен едім, мен едім,
сарыарқадай көлемім,
еліме берген өлеңім – 
Бұршақты жырлы көгенім.
мэлс ағам – желмая,
соңында буыршын мен едім.
Шәкірт болып жүрген соң,
томпаңдап еріп келемін.
мэлс көкем қасымда,
Ақылға бай кемелім.
маржанды мұхит тереңім,
ізіңнен еріп жүрген соң,
ғибратыңды да теремін.
Жеті өзеннің бойында,
махамбеттің тойында,
Баршаңызға шашу ғып,
осындай жырды төгемін.
Мэлс:
Айналайын, дәулетжан,
Айтысқанда нөпірсің.
Басыңнан сенің бұл ағаң,


118
Қазақ өнерінің антологиясы
Қалай бүгін секірсін?
тойып алып өлеңге,
ұрпақтары кекірсін.
сүгірдің салып-ай сөзіне,
өзің де ұқсамай өзіңе.
Алдарында халқымның,
Концерт қойып отырсың.
Алдыңда сенің отырған,
салқар да салқар, салқар ел.
сол салқардың ішінде,
Бүгінгі мына айтыстың
Құланы менен маралын,
Жүйрігі менен шабанын,
Қиядан көріп, байқар ел.
Айналайын, дәулетжан,
махамбет пен исатай – 
солар туған заманның
сырын ашып жырласаң,
Қасы болған Жәңгірдің,
сынын ашып жырласаң,
мынау отырған ағайын,
Алғысын саған айтар ед.
дәулеткерей ініміз,
оралханның тойында
өскеменнің бойында,
салқын тиіп қалғанда
мұңайыпты байтақ ел.
Айналайын, келінжан,
Қазір естімесең де,
Хабардан кейін көрерсің,
дәулет үйге барғанда,
Бір кесе шай бергенше,
екі кесе сорпа бер.
Аузы да күйіп қалмасын,
сорпа берсең, орта бер.
содан кейін жазылып,
Шапқан ізің қазылып,
маңдайыңнан бу шығып,
таңдайыңнан жыр шығып,
тағы айтысқа тарта бер.


119
Айтыс VI том


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет