Балғынбек: маңмаңкерім, мэлсім,
мен айтпасам білмейсің,
Айтқаныма көнбейсің.
сеніменен айтысқан,
Айбек деген аты бар,
Ханға айтқан даты бар.
естіп тұрып естімей,
Көріп тұрып көрмейсің.
Әкімге сілтер сойылды,
ініңе неге сермейсің?
сөзіңе халқың сенгенмен,
өзіңе өзің сенбейсің.
мэлс, мэлс дегенге,
мастанып қызып терлейсің.
өткен жолғы жарыста,
Берілмей жалған намысқа,
Айбек деген арысқа,
торғайдан шыққан барысқа,
Жолыңды неге бермейсің?
Патшаға Айбек дат айтты,
Алып-қосқан түгің жоқ.
Жәңгір ханға махамбет,
дат айтты деп айтасың,
оған да тартқан түгің жоқ.
Патша түгіл Парламент,
өкіметке үнің жоқ.
Парламенттің арқасы,
Батыраштың балтасы,
Жаназасын шығарды,
менің де енді тілім жоқ.
тілімсіз енді күнім жоқ.
Шендінің бәрі парақор,
Шенсіздің бәрі жалақор.
ұлтым дейтін ұлым жоқ,
ұлт деген тіпті ұғым жоқ.
Жаңа байлар көбейді,
Шалағайлар көбейді.
Астарында «мерседес»,
Бастарында білім жоқ.
162
Қазақ өнерінің антологиясы ұлтым деген ұлың жоқ,
Қыздарыңда қылық жоқ.
сен жайбарақат отырсың,
секілді бір мінің жоқ.
осылай көсіп айтпасам,
Ақындық менің құным жоқ.
Айтысты көріп отырса,
сенгені елдің бір құдай,
Жалғыз сенің мінің жоқ.
үкімет шықты білесің,
Байлықтың бәрін сатам деп.
сен отырсың мақтанып,
махамбет менің атам деп.
Жәңгірге дат айтқандай,
нұрсұлтанға дат айтқан,
Айбек қой нағыз махамбет.
Қатты айтты деп ренжіме,
Басыңды неге шайқайсың?
Балғынбектің шабысын,
енді бүгін байқайсың.
інілер келсе алдыңа,
Қуып жүріп жайпайсың.
Жайпай бермей ініңді,
дінім менен ділімді,
осылай неге айтпайсың?
Мэлс: Қалайша бұл айтқанға көп шыдарсың,
Ағайын енді сөзді естіп алсын.
Ақиқат іздейтін тек сен екен ғой,
Беліңді сол жолда сен бес буарсың.
мен саған махамбетпін деген жоқпын,
Қуалап ертедегі көш қуарсың.
Аталардың ақырған орны бөлек,
Аруағын тек өзіңе дос қыларсың.
Басыңды шайқай берсең түсінбеген,
сен қазір исатаймын деп шығарсың.
Бері қара Балғынбек,
Айтысар болсаң мэлспен.
163
Айтыс VI том табысқандай боларсың,
өлеңдегі өріспен.
Жеріңді сатып жатырса,
Желіңді сатып жатырса,
Қайда кеткен азамат,
Әділ сөйлеп келіскен?
Астанада сен жүрсің,
өлеңнің суын тең ішкен.
үндемей қалып сол жақта,
осы жерге келгенде,
сыбырлай ма періштең.
Шынымен енді сынассаң,
Желмен бірге өріліп,
сырмен айтып кетеміз.
ойға салып өлеңді,
Шапқылатып әрі-бері,
Қырмен айтып кетеміз.
Жеті-сегіз буынды,
Атадан қалған нұсқа бар,
солардан бүгін жаңғырып,
үнмен айтып кетеміз.
Бастағанды тоқтатпа,
үзіліске шыққанша,
сен осыған келіссең,
Жырмен айтып кетеміз.