187
Айтыс VI том
сақалдың жолы үлкен деп айтасың-ау,
нұсқайды ол сөзіңнің жөні нені?
Адамды маймыл деген маркстің де,
сақалы иегінде толып еді.
озғайсың, ал жездеке, құтың әрі,
демессің балдыз менен ұтылады.
менен де зор адамдар жеңбеді деп,
сөйлейсің басқаларды нұқып әрі.
Кейбіреу түйедейден құтылдым деп,
Біздейін түймедейге тұтылады.
Қасыңа келген жоқ қой басқа бала,
сен мені айдалаға тастама, аға.
Қаншама айтсаң-дағы қатты-қатты,
ринат сөзіңізден жасқана ма?!
Келген соң Алматыға шындық дейсің,
тығылған бейкүнәдай тас қораға.
Балғынбек, шыныңды айтшы осы неге,
үндемей жүре бердің Астанада.
Астана күннен-күнге жайнап жатыр,
той түгел қойнауында қайнап жатыр.
мысалы, кеше ғана Арқа жақта,
«Астана күнін» жұртың тойлап жатыр.
ол жерге шетел жақтан әртіс келіп,
Жасанды бұлбұл құсап сайрап жатыр.
Қазақтың миллиондаған ақшасына,
осылай қанжығасын майлап жатыр.
Ал енді ауылдағы ағайындар,
Айлық қашан алам деп ойлап жатыр.
Балғынбек, неге астана әлі күнге,
Ауылдың тағдырымен ойнап жатыр?
Достарыңызбен бөлісу: