182
Қазақ өнерінің антологиясы
Әуелі Алла, бір Құдай,
сонан соң елдің тілеуі,
Қалықтап көкке ұшқаным.
мен айтысқа алғаш ұшқанда,
туған күні болатын,
Жыр алыбы Жамбылдың.
Көз алдында халықтың,
Жүз жасаған алыптың,
Жырындай болып, жаңғырдым.
Айтысқанда сарамен,
туған күні болатын,
Алдыңдағы Балғынның.
сара
қыз мені құттықтап,
сақалымнан қытықтап,
сахнада сән құрдым.
Кездескенде мэлспен,
туған күні еді Пушкиндей,
Поэзиядағы алыптың.
еркін Жаппар ағамның,
туған күні қатар кеп,
Арнасы толды ән-жырдың.
Амангелді дінұлы,
туылыпты бүгіні.
мен айтысқа шыққанда,
той болады әр күні.
60-қа келген ағамыз,
өлеңмен шапан жабамыз.
Аман да
келіп, сау жүргін,
туған күн болған сайын мен,
Халқымды жырмен таң қылдым.
Көмбенің алдын шаң қылдым.
Бәрінде жеңіс сыйлаған,
Қиянатқа қимаған,
Жазуы шығар тағдырдың.
Айналайын ағайын,
Жүздескенім өзіңмен,
183
Айтыс VI том
Жазуы шығар тағдырдың.
Балғынбекті тағы да,
Ақтық сынға алғыздың.
сахнада тағы бір,
сүгірдің әнін салғыздың.
Кезегін беріп ал енді,
тыңдайық сөзін балдыздың.
Ринат:
Жақындап бұл қалғаны көмбе ме еді,
Балғынбек ақ тілегін селдетеді.
осы айда нұртайдайын ағаңыз да.
Алланың бір жасына келген еді.
оны сен қалай білмей қалдың екен,
Жараспас бұл қасиет ерге тегі.
Бүгінде
болса-дағы қайнағаң ғой,
Құттықтай салсаң, күйеу, нең кетеді?
Біссміллә, болған екен сөз басы үлгі,
Қиқуың шабытымды қозғасын-ды.
Шапалақ соғатұғын халқым қайда,
Пейілі балқытатын қорғасынды.
Ассалаумағалайкүм, ағайын-жұрт,
танимын бір өзің деп жолдасыңды.
Ақ бата қылып жатсаң бұл балаңа,
Әр сөзің сапарымды оңдасын-ды.
Алдыңа жүйрік балаң қайта келді,
Білесің алмастайын тозбасымды.
Шапқанда шаң боратып қазақ үшін,
өлең қып парлатайын көз жасымды.
іздеген балаң едім өнімді өлең,
Кезім жоқ ел дегенде егілмеген.
семей мен Аягөздің жалғызымын,
Қарайды
маған елім сенімменен,
ұстассам Боранбайлап жүз ақынмен,
намысым ешкімге де берілмеген.
Жырым – нұр, бір Алладан тамған маған,
өлеңмен келе жатыр өмір деген.
Жасқанар Балғынбектен мен емеспін,
Ақынмын «атомға»да жеңілмеген.
184
Қазақ өнерінің антологиясы
Көргенде жездем дейін баталы ұлды,
салайын балдыз болып шатағымды.
Жолыңнан адастырып, айландырып,
Басыңа кигізейін шапаныңды.
өзіңсің
сау басыңа тілеп алған,
Құрметті «Жезде» деген атағыңды.
Жұлқысам құлағыңнан еркелікпен,
демессің балдыз мені қапа қылды.
Құрайын қырық жерден қақпанымды,
Жұлайын бір-бір талдан сақалыңды.
Алматым айтыс үшін мәңгі мекен,
сақалды қарсыласым Балғын екен.
сұлбасы айнымаған бай баласы,
тұлғасы елестетер нарды бекем.
нар деп мен мақтап жатсам асқақтама,
Кім асар мендей нардан, ол кім екен.
мен
едім Шұбартаудың бір көкжалы,
нар болсаң өркешіңнен қарғып өтем.
Ал ендеше екеуміз,
Қанаттанып самғалық.
Ағайын жұрт қол соғып,
таңдай қақсын таңданып.
Жездемнің бірі сен едің,
Қарамайтын паңданып.
Айлаңа бірақ қалмаспын,
осы күні алданып.
Жекпе-жектің басында,
Айтыспаймын деп менен
сараға қаштың сандалып.
Бәрібір келдің алдыма,
Қырандайын қомданып.
Баратын
жерің қалмады,
Алғаның дұрыс қамданып.
Шымшылассам өзіңмен,
Жарылмассың шамданып.
Қармағыма түстің бе,
есілде жүзген нән балық.
Достарыңызбен бөлісу: