180
Қазақ өнерінің антологиясы
махамбеттің тойында жолды бермей,
Кәдімгі қамал құсап берілмеп ең.
мен сенің жолыңа еш таласпаймын,
өзімнің кете берем жөнімменен.
сен
маған көңіліңді берсең болды,
мен саған жүрегімнің төрін берем.
Мэлс:
Көз көріп, естігенді құлақ демер,
Балғынбек, інім едің су ап келер.
Жалғыз деп неге маған тиісесің,
мұныңды естіген жұрт уақ көрер.
студенттер менің шәкіртім ғой,
сабақта топырлатып сұрақ берер.
мен
себебі өзіңдей мұғаліммін,
Жерім жоқ, жастарымды жырақ көрер.
Бәйгеге қалың жылқы қосылғанда,
Құдайым жүйрігіне қуат берер.
ей, ағайын, түсінсеңдер сол сияқты,
мың аттың ішінен де бір ат келер.
Ақындар қайғыратын күрсінгенде,
Жүрегі мына жұрттың дүрсілдеуде.
Халық бар, қазысы бар өзі шешсін,
не жетсін жүректерге жыр сіңгенге.
екеуміз айтысамыз, тартысамыз,
тұрғанда тыпыршумен тылсым кеуде.
мен ешкімнен
жол сұрап таласқам жоқ,
мұны да болады ғой мүмкін деуге.
Айтыс сайын жағадан аласыңдар,
немене жолға сыймай жүрсіңдер ме?
отырған қалың қауым ел сияқты,
Бұл-дағы шабыттанған жер сияқты.
Бұйырғаны болады Балғымбекжан,
Көңілі көрерменнің көл сияқты.
Жылжысын
таңдайыңнан маржан сөзің,
Құйылған маңдайыңнан тер сияқты.
Бірінші Алла, екінші ел шешеді,
өзіңдей мен де ақынмын сен сияқты.
2004 жыл.