Қазақ өнерінің антологиясы Қабағыңды бағармын.
мақтандың деме бірақ та,
мақтанатын жөнім бар,
тәуелсіздік тойында.
еңселі қала көтердім,
есілдің мынау бойында.
Қарсы шығып патшама,
Жыққан жоқпын сойылға.
сабырлылығы бар өйткені,
сақ бабамның бойымда.
ешкімнің күші жетпейді,
Қазақтың атын жоюға.
Көп бейнет көрген қазаққа
тартуы осы тағдырдың.
он үш-ақ жылда көрдің бе,
Қандай Астана салдырдым?!
Шүкіршілік деп айтам,
Шыбығымды тал қылдым.
тұғырымды тау қылдым.
Жоқ нәрсемді бар қылдым.
Қайтейін, қайран, қырғызым,
сен барыңды дал қылдың.
ұрыны да хан қылдың,
Қарыны да хан қылдың.
ол аз болғандай соңында
Әйелге тізгін алдырдың.
ресей менен АҚШ қа
Жағымсынып жүрем деп,
Бәлеге басты шалдырдың.
Аалы дұрыс мені ұқсын,
Шындыққа болса берік шын.
мініңді айтсам ренжіме,
Көзіммен тұрмын көріп шын.
ельцинге салып ескерткіш,
Путинге бір тау беріпсің.
Кеудеңді қанша соққанмен
ит пен құсқа жем болған
Жапанда жатқан еліксің.
263
Айтыс VI том Айтайын сырды досыма,
Қалмаспын сірә, тосыла.
Қылмысың бар ғой көптеген,
ол сөзімнің расы да.
Ақырзаман орнаттың,
өзбектің де басына.
тірідей өртеп жатқанда
Қарадым соған шошына.
мұсылманмын деуші едің,
мұсылмандығың осы ма?
осы сәлемді айта бар,
Бішкегің мен ошыңа.
Желпіндің талай желпіндің,
маған да қырсық келтірдің.
отыз жастағы оғланым,
ерлан деген бауырымды
ыстықкөлге барғанда
Жабылып ұрып өлтірдің.
талайды көзім көріп жүр,
Айтарым іште толып жүр.
Қазақтан қырғыз мықты деп,
Қай бақсыңыз жорып жүр?
Ақиқатын ашайын,
осы ортада соның бір.
Ауыр болса да айтайын,
Шындыққа жасап шолу бір.
Қырғыздың тең жартысы
Базарында қазақтың
Аз тиынын тауып жүр.
Біраз қызың біз жақта
саудаға жанын салып жүр.
еркектерің ентігіп,
Құрылыста жанын бағып жүр.
Айтып айтпай не керек,
Бір талайы қырғыздың
осында күнін көріп жүр.
Қазақ жаман болса егер,
Бұл жақта олар не ғып жүр?
264
Қазақ өнерінің антологиясы Атымды бүгін баптаймын,
Айтарымды саптаймын.
Қырғыз бенен қазағым
Алаулаған оттаймын.
Қабанбай менен манасты
Бөле жарып жатпаймын.
тоқтағұл менен Жамбылдың,
османқұл менен Кененнің
Жырларын қатар жаттаймын.
елмірбек пенен Жеңішбек,
Қол алысқан қос досым,
олардан қалай аттаймын?
есіңде сақта, Аалы,
сен мақтасаң мақтаймын,
сен даттасаң даттаймын.
сен тоқтасаң тоқтаймын.
ұзын сөздің қысқасы
Айдалаға лақпаймын.
сен сияқты желпініп,
сыртыңнан сөз айтпаймын.
ғаламтордың төрінен
Қайдағыны шатпаймын.
Аалы: Айналайын, ринатым
Бай атам айтқан кезінде
Басыңа бұлт түнерді.
Кеше мен Шу арқылы
Пойызда жүріп келе жаттым.
оларды ринат біледі.
Жол бойында толған қазақ әйелдер,
олар да «семішке» сатып жүр еді,
саған сәлемін айтып жіберді.
Болмаса отырып алып қалада
Халқыңа ринат деп айттың,
Қырғыздардың барлығы бұл жақта
тентіреп жүред деп айттың.
ой, айналайын, ринатым,
Қырғыздар саған көңілін
Бұрып келген емес пе?
Қазаққа жәрдем берсек деп,
265
Айтыс VI том Қырғызстанның шетінен
Жылып келген емес пе?
Астананың жарымын қырғыздар
Құрып берген емес пе?
Айналайын, ринатым,
сөзіңді айтпай далаға
рахмет деген аға да.
одан қарсы шығып тұрасың
Қасыңда мендей балаға.
одан тиісіп жатқан шағың бұл
тізгін беріп қойды деп,
розадай анаға.
сен аналарға асылма,
Алпыс жастан асқан соң,
Әйелдің бәрі ана да!
Қарашы, қанша әйел тұрады
дәл бұл жерде, қалада.
Пайғамбарымыз мұхаммед
Хадисінде деп айтқан:
Білесің, бауырым, нені айтқан?
«Пейіш деген ананың
табанында» деп айтқан.
«Бір болмаса ананың
Қабағында» деп айтқан.
«Анаңызға ең жақсы
Қарағын да» деп айтқан.
ол болмаса неге айтқан?
Әлбетте,
ішің жанып отпенен,
екі көзің шоқ менен
Ананы жамандамағын сен,
Анадан туылған жоқ па едің?
сол үшін де айтарым,
Ардақтым, соны байқағын.
Біз қырғыздар осындай,
еш заңына көнбеген
Алатаудың қасқыры.
Ақиқатты айтып еркін жасаған,
Бұл өзі қырғыздардың дәстүрі.
Басшыдан қорықпайды қырғызым,
Қырғыздан қорқады бастығы.