Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет39/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   162
Дәулеткерей:
ордаңда оразалы жыр айтып жүр,
ойларын орайлап кеп тың айтып жүр.
Кейбіреу айтыс керек жоқ дегенде,
Бар қазақтың көңілін мұңайтып жүр.
Айтысты керек жоқ деп айтқан адам,
Қазақтық тіл мен ділден тұл айтып жүр.
Періште қоразға рас көрінгенмен,
оразға көрінді деп кім айтып жүр?
өнегелі жыр күтсең өрісті ұлдан,
ентікпей-ақ шабармын еңіс қырдан.
Астана Алматы боп айтыссақ деп,
Жолымызды айтасың тоғыстырған.
Айтысты керек жоқ деп айтқан адам,
Ата-баба құлағын кеміс қылған.
Біз иттің үргеніне не қыламыз,
оларға айтатұғын сөгіс құрбан.
Қазақта «қожанасырлар» да көп қой,
мәсінің қоншын кесіп кебіс қылған!
Жігітсің кірпіштей қып жыр қалаған,
Айтыстың тұғырына ту қадаған.
Жаңа жыл қарсаңында біз жүздестік,
Болған соң бауыр бүтін, іргең – аман.
Алматыны сен жүрсің жайлап, қыстап,
Жайсаңынан жастары сырғанаған.
нарынқол, Кеген, Шонжы – сіздің ауыл,
топырақ туған талай тұлғалы адам.
оқыс мінез танытып табиғат та,


94
Қазақ өнерінің антологиясы
Жұртымыздың жүйкесін жұлмалаған.
сіз жақта жер қозғалып жатыр деп ед,
Аман ба, ауыл-аймақ зіл-заладан?
Оразалы:
етеді ел үмітті саналы ерден,
саған да жаратушың сана берген.
сондықтан сізбен бізге сын болады,
тауықтай табан астын қаза берген.
дәл құлатып түсір сен нысанаға,
Жамбыны атып жарытпас шала мерген.
ел-жұртым аман - есен зіл - заладан,
Жақсылық хабар айтам саған елден.
Кешегі ер исатай, махамбеттер,
Кенесары, наурызбай халқымыздың
Азаттығы жолында адал өлген.
отаршылық саясатқа қарсы шығып,
Бабатайұлы дулат бабам да өлген.
Қазақ қайтсе азат ел болады деп,
өз көрін өлеңімен қаза берген.
Желтоқсанда өспірім өрен жастар,
елім деп ит қорлықта далада өлген.
Қайрат, ләззат, сәбит, ерболдардай,
Халықтың бағына Алла бала берген.
осылар ұлт жолында шаһит кешіп,
Қарызсыз орын тепті қара жерден.
солардың мәңгі жасар жасы болғай,
отаным он екіге жаңа келген!
Бас тіккен батырларша ұрыстағы,
Айтыстың басталғалы тұр қызық шағы.
Жазылып белдің құрыс-тырыстары,
сен едің сала –құлаш дәулет ақын,
Бойына бойламайтын құрық сабы.
Аш өңеш шөккен нардай жан екенсің,
Аңқиып қалып жүрме тұрып тағы.
ұрыдай ұрымталдан ұмтыласың,
сезіліп ойыңда бір былық бары.
Шошыған бала құсап селкілдейсің,
Шоршыған шортан құсап тұйықтағы.


95
Айтыс VI том
мүмкіндігін танытқан талабыңның,
табаныңның тұрмаса ұйып қаны.
Алманың қаласынан келгенімде,
Алланың өзің болдың бұйыртқаны!
Абай атамыз айтпақшы,
Көп сөйлеп бүгін созбайын,
Әдебімнен озбайын.
сорайған дәулеткерейдің
теректей бойын теңселтіп,
дауыл жырмен қозғайын.
даурықтырып торғайын,
онымен де қоймайын.
Бойының емес, ойының
тереңдігін болжайын.
сабырсыздау бір атаға,
Артық депті апамыз,
Айғайыңнан ойбайың.
түсіндің бе сөзімді,
танымыңды сыңға алып,
сабырыңды болжайын.
Аларың болса алып қал,
сағағын жезбен қынаған,
найзадай тілді толғайын.
одан да әрі асайын,
Адымымды ашайын.
тілегенім осы еді,
тілімнен аяп сөзімді.
Бүгін мен қалай сасайын?!
Жабы болсаң да жабулап,
Аламанға қосайын.
Арқаңа күміс ер салып,
Ақалтекедей жасайын.
Жабдығыңның түгендеп,
мүсейі мен асайын,
Алдыңнан бағып тосайын.
Шаптырмасам маған серт,
Шаба алмасаң саған серт,
Қазанға түгел асайын.


96
Қазақ өнерінің антологиясы
өткелді тауып өтіп көр,
өрттен шыққан ұшқындай,
өлеңді оттай шашайын.
Батыр батыр болар ма,
ту түбінен ту алмай?!
Ақын ақын болар ма,
Асқақ болмаса қырандай?!
ойларың оттай ақынсың,
оюлаған тұмардай.
менен үркіп отыр ма,
сөзің жатыр құралмай,
ойларың жатыр шыға алмай.
Ақсақ темірден қашып,
тентіреп кеткен сығандай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет