Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет37/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   162
Оразалы:
Жаратқан Аллам, неткен құдіретті ең,
тілімді сүңгіден де сүйір еткен.
Астаналық ел-жұртым есенсіз бе,


89
Айтыс VI том
Жан-жақтан кеп құралған қызметпен.
Астанамыз ай сайын ажарланып,
Қалмай өсіп келеді ұлы көштен.
есілді емер емен де семен болып,
еске алайын бабамның ізін өткен.
Абылай кеңесіндей Көкше жақтан,
ескен желмен ескінің үні жеткен.
дүбірің дүниеге кетті, Астана, 
мақтаныш қып айтайын мұны да еппен.
Азаттықтың ақ туын желбіретіп,
Кенесары қолындай жүріп өткен.
Қызығыңды қыздырғалы келіп тұрмын,
Қырықтың бірін Алла Қызыр еткен.
Жақсы ырымға жорыдым бұл келгенді,
ыдырыстай бейішке тірі жеткен.
сәлем беріп өзіңдей жас данаға,
Ат ізін сап кеп қалдық Астанаға.
дәулет ақын, жүрсің бе аман-есен,
Жабағыдай ойнақтап жас қалада.
Бүгін сен бұл жарыстан үміттенсең,
тіліңмен темір илеп, ат тағала.
Қыңқ етпеске беліңді бекен буғын,
Қызыл тілім қылыштай шапса, бала.
Бірақ сенен шығар ма ондай ерлік,
Бұл өзі тән қасиет саққа ғана.
сені де сақ тұқымы дер едім мен,
Көзім онша жетпей тұр ақ-қараға.
өз аузыңнан естиін ел алдында,
Әкең аты гәп па, жоқ, Кәп пе, бала?
Кәрістердің атына ұқсайды екен.
Әйтеуір, қазаққа ақын боп жүргеннен соң,
Кінә тағып қайтейін жас балаға.
тезге салсаң, терідей тез иленер,
сондықтан да маған сенің зияның жоқ,
Арқалық жасасам да ат шанаға.
Ал, енді, барыңды сап, талпынып көр,
Басқаша шешер бәлкім, Хақ тағала.
Кең көсілген, дәулетім,
Керіп үрлеген қарындай,


90
Қазақ өнерінің антологиясы
Кепкен сайын тарылмай.
тірсегің тиіп тірсекке,
Шалынбас жерде шалынбай.
сабан сөзді сапырып,
созғылап кетпе сағыздай.
Аузыма Алла сөз салып,
елім қолдап бергенде,
екпінім қатты дауылдай.
Халқым, сен барда асқақпын,
талдысайдың талындай,
«тоқсан сала қосылып,
тоғыз өзен түйіскен
тарбағатайдың тауындай».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет