259
Айтыс VI том
Жонында жөн ғой тұрысы.
өзіңе мәлім емес пе?
Қалмақ пенен қырғыздың,
Шоң қазақтардың ұрысы.
сонда қазақты қорғаймын деп
Хан манастың
киген қалпағының
Шекесін білесің,
Қытайдың тиген қылышы.
енді осыншама жерден келген соң,
мен саған бір әңгіме айтайын:
Алдыңда тұрып мен сенің,
Жырламай қайтып қайтайын.
еркек болған адамда
үш аяғы бар болад.
Ал, енді әйел адамда
екіден аяқ бар болад.
Бұған дәлел, мынауым,
елдің бәрі шам болад.
Қазақтың домбырасын қарасаң,
екі қылды аяғы,
Қырғыздың қомызын қарасаң,
үш қылды қатар таяғы.
мәлім болсын бүгін бір,
Аалының саған сауалы.
демек,
қомыз деген бұл еркек,
ер екенін білемін.
екі аяқты домбыра
«Женский родқа» келеді.
Бауырым, осыны жақсы біледі.
екеуі шығып бір жерден
Бет келісіп қалып тұр.
Алатаудың қобызы
Кең қазақтың даласынан
домбыраны тауып тұр.
Көрген жерде домбыра
Бұл қобызға жағып тұр.
екеуі сөйтіп бас қосып,
260
Қазақ өнерінің антологиясы
тұрмыс қылып салып тұр.
одан
кейін домбыраның мына жағы
Қосқойлы болып қалып тұр.
Бұл дағы шындық, тарып тұр.
енді осынша жерге келген соң,
мен айтпайды деген келмейді.
Бұхар жырау жөнінде
Әзір-дағы деп айттың.
Қырғыздар батырлардың басын алғанда
Қазақтар барған деп айттың.
Қайдан таптың сен мұны,
Білмеймін мұны неге айттың?
Бұхар жырау деп айтып,
Қырғыздарға жортуылға
Шық бауырым деп айтып.
сонда
Абылай хан деп айтқан,
Білесің бе нені айтқан?
мен қырғыздар деп аттанбаймын,
Жалғыз саяқ, содыр деп,
Жолға шығам деп айтқан.
осының барын тарихтан
ұмытқан ба едің шырағым?
Қасыңда жырлап тұрамын.
Бергі жақтан ішіңе
ниетіңе ой бұрамын.
түсінбесең егер де,
онда мен қандай қыламын?
төріңе келген кезімде,
еліңе келген кезімде,
Астанадай қарашы,
Жеріңе келген кезімде
Аалы
ақын айтқан деп,
Ал елім қалсын есіңде.
ол туралы бұл жерде
мақтанып жатқан уағың.
өз төріңе келгенде
Шаттанып жатқан уағың.
Аалы айтқан бұл сөзді
Азырақ ұққан құлағың.
Желөкпе дедің сен мені,
өз төрінде мақтанған
261
Айтыс VI том
сені желөкпе деп тұрамын.
Жаңа дағы деп айттың,
интернеттің Аалы
Жұлдызы болды деп айттың.
Жаныма бірге келерсің,
Жақынмын деп әрдайым.
тазамын
деп жұптасып,
мақсатың бейіш дейсің ғой.
Жалаңды сол маңдардан ұстасып.
интернетте жұлдыз боп
Жүресің ғой өзің де
Жалаң ит байларменен ұстасып.
Ринат:
мен саған түсіндірсем бекіп әлі
мұның да бұрылмады-ау беті дағы.
Қалпағыңның айыр болған себептерін,
отырсың ба әңгіме етіп әлі.
ол рас қалмақ-қазақ соғысқанда,
Бір жақта қырғыздар да қопырады.
Біздің қазақ басын беріп жатқан кезде,
сендердің қалпақтарың тоқырады.
Бабамның басы кетіп қалған кезде
Жаман ақ қалпақтарың не тұрады.
сөзіңді
отырғам жоқ уайым көріп,
Жасаймын жақсылыққа дәйім жорық.
сен менің домбырама тиісе берме,
Қаншама отырсаң да шайыр болып.
Қос ішекті мұңлық пен зарлық дейді,
дәлелдерге болсыншы ойың толық.
Әйтпесе, аузың менен көзің кетер,
Қалпағың сияқтанып айыр болып.
Қонақпын десе, Аалы,
мен құшақ жая алармын.
Қонақ үйді бермеген
Қатесі қай ағамның?
ол менен кеткен қателік,
Кешір деймін саған мың!
сен қонағым болған соң,